Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көпұлтты Қазақстан

Материал туралы қысқаша түсінік
Балабақша тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Білім беру саласы:Қатынас.

Оқу іс әрекеті: «Көпұлтты Қазақстан»

Мақсаты:Еліміздің көпұлтты республика және жергілікті ұлт-қазақ халқы екенін түсіндіру.Әр ұлттың ерекшілігі,өздерінің салт-дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін саналарына жеткізу.Ұлтаралық татулыққа,достыққа,сыйластыққа баулу.

Көрнекілігі :Карта,суреттер, слайд.

Әдіс- тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, ойын ойнату, ғажайып сәт .

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық-қозғаушылық

Балалар бізге көптеген қонақтар келген екен,олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайықшы.

Алдымыздан кезіккен,

Көп танысты көреміз.

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз.

Жарайсыңдар балалар . Бүгінгі күнімізді тамаша, жақсы көңіл күймен бастау үшін шаттық шеңберін жасап жіберейікші.

Шаттық шеңбері:

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Біз балдырған баламыз,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз тыныштық

Ашық болсың көк аспан

Жарайсыңдар балалар .


Балалар келген қонақтармен амандасады.






Шеңберге тұрып шаттық шеңберің жасайды.

Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

Дұрыс айтасыңдар, қазір жылдың көктем мезгілі,көктем мезгілінде біз қандай мерекелерді тойладық?

Балалар осы көктем мезгілінің соңғы айында тойланатын тағы бір мереке бар.Ол мереке Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесі.

-Балалар біз қай елде өмір сүріп жатырмыз?

-Біздің ұлтымыз қандай?

-Қазақ ұлты қандай тілде сөйлейді?

Дұрыс айтасыңдар.Қазақстан халқының өзіміздің қазақ тіліміз,ұлттық киіміміз,салт-дәстүріміз бар.Сол сияқты біздің Қазақстанда басқада ұлт өкілдері тұрады.Балалар сендер қандай ұлт өкілдерді білесіңдер?

(слайд арқылы өзге ұлттарды көрсету) Қазақстан ынтымағы жарасқан ел.






























































































Балалар біз еліміздің жас қаласы және еліміздің көне қаласының ғимараттарын білдік.Қане балалар бәріміз ортаға жиналайықшы.

Ғажайып сәт.

(Есік қағылады. Топқа Жолсерік кіреді)

Жолсерік:Сәлеметсіңдер ме балалар?

Пойызда жолсерік деген қызметкер бар.Сол жолсерік мен болам.Мен жолаушыларға қызмет көрсетемін. Бүгін сендермен бекеттерге саяхатқа шығамыз.

-Балалар сендерге саяхатқа шыққан ұнайды ма?

Балалар біз бекеттерді аралағанда төрт бекетке тоқтаймыз.Әр бекетте тапсырмалар болады.Сол тапсырмаларды орындағанда ғана келесі бекетке жолға шығамыз. Саяхатқа шықпас бұрын Қазақстан қалаларында не бар екенің,не өңдірілетінің біліп алайықшы.

-Балалар біз Қазақстан қалаларында не бар екенін,не өңдірілетінің біліп алдық.Олай болса саяхатқа шығайық.Балалар саяхатқа шығуға дайынбызба?







Жолсерік:Құрметті жолаушылар біздің бірінші «Қазақстан Республикасының рәміздері» бекетіне жолға шығамыз.Абай болыңыздар «Болашақ» поезд жүргелі түр.

(поездға мініп жолға шығады,поезд паусы естіледі)

Жолсерік: Құрметті жолаушылар «Қазақстан Республикасының рәміздері» бекетіне«Болашақ» поезді келіп тоқтады.Абай болыңыздар. Тоқтау уақыты 5 минут.

І-бекет тапсырмасы. Қазақстан Республикасының Елбасысы, рәміздері туралы не білесіңдер?



Жолсерік:Құрметті жолаушылар келесі бекетке шығуға дайындалайық.Келесі бекетеміз «Дыбыстар» бекеті.Абай болыңыздар жолаушылар,поезд жүргемі тұр.

Жолсерік: Құрметті жолаушылар «Дыбыстар» бекетіне келіп «Болашақ» поезді келіп тоқтады.Абай болыңыздар.Тоқтау уақыты 5 минут.

ІІ-бекет тапсырмасы.Дауысты дабысты қандай түспен белгілейміз,ал дауыссыз дыбысты ше?Суреттегі сөздерді ата,бас әрпі дауысты дыбыстан басталса қызыл үйге,дауыссыз дыбыстан басталса көк үйге орналастырыңдар.

Жолсерік:Құрметті жолаушылар келесі бекетке шығуға дайындалайық.Үшінші бекетеміз «Достық» бекеті.Абай болыңыздар жолаушылар, «Болашақ»поезді жолға шығуға дайын.

Жолсерік: Құрметті жолаушылар «Достық» бекетіне келіп «Болашақ» поезді келіп тоқтады.Абай болыңыздар.Тоқтау уақыты 5 минут.

ІІІ-бекет тапсырмасы.Өздерің білетін ұлтарың туралы не білесіңдер?Өзге ұлттың тілінде тақпақ айтып беріңдерші?

Жолсерік:Құрметті жолаушылар төртіңші бекетке шығуға дайындалайық.Төртіңші бекетеміз «Логика» бекеті.Абай болыңыздар жолаушылар «Болашақ»поезді жүргелі тұр.

Жолсерік: Құрметті жолаушылар «Логика» бекетіне келіп «Болашақ» поезді келіп тоқтады.Абай болыңыздар.Тоқтау уақыты 5 минут

ІV -бекет тапсырмасы.Логикалық есептерді шығарыңдар?

Балалар біздің топқа қайтатын уақытымыз болды.Олай болса біз осымен саяхатымызда аяқтап топқа оралайық.

Жолсерік:Құрметті жолаушылар топқа оралуға дайындалайық. Құрметті жолаушылар Абай болыңыздар «Болашақ»поезді жүргелі тұр.

Жолсерік: Құрметті жолаушылар «Қарлығаш» тобына «Болашақ» поезді келіп тоқтады.Абай болыңыздар.

-Балалар сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар біз қандай бекеттерге саяхатқа шықтық, есімізге түсірейікші.

Жолсерік:Балалар менің қайтатын уақытым болды.Басқа топтың балаларын саяхатқа алып шығайын. Сау болыңдар!

Балалар 4 топқа бөлініп алайықшы.Әр топ оқу іс-әрекетінен алған әсерлерін берілген тапсырмалар арқылы жасап көрсетіңдерші.

І-топ.Қазақстан Респубикасының қалалар арасын байланыстыру.

ІІ-топ.Құм терапиясы Күн сәулесін салу.

ІІІ-топ. Әр ұлттың киімдерін киіндіру.

IV-топ Бәйтерек жапсыру арқылы жасау.


Қазір жылдың көктем мезгілі.

8 наурыз аналар мерекесі,22 наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойладық.



-Қазақстан елінде

-Қазақ

-Қазақ тілінде




Қазақ,орыс, өзбек, қырғыз,татар,түрік,ұйғыр.

Тілші Қымбат:Сәлеметсіздерме құрметті көрермендер?Тікелей эфир жүргізушісі Байжол Қымбат.Қазақстан ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекет ретінде дүние жүзіне танымал.Өзге ұлт өкілдері Қазақстан елінде ынтымақты,тату-тәтті өмір сүріп жатыр.Қазақстан қалаларының әсем ғимараттарын таныстыруға Астана қаласы мен Түркістан қаласының тілшілерін тікелей байланысқа шығарайықшы Астаналық тілші Арнұр: Сәлеметсіздерме? Астана қаласынан сөйлеп тұрған Тасболат Арнұр.Біз Түркістан қаласына тілшісі бізді тыңдап тұрсызба?

Түркістандық тілші Айерке: Сәлеметсіздерме? Түркістан қаласының тілшісі Оразбек Айерке сізді тыңдап тұр!

Астаналық тілші Арнұр:Рахмет Айерке ханым.Біз Түркістан қаласымен танысып,білгіміз келеді.Сіз бізге айтып берсеңіз?

Түркістандық тілші Айерке: Арнұр мырза біз сіздерге Түркістан қаласы туралы айтып береміз.

Айерке.Түркістан-Оңтүстік Қазақстан құрамына кіретін тарихи қала,діни туризм орталығы.Қазақстандағы ең көне қалалардың бірі.

Ақберен:Біздің қаламыз 1500-жылдық көне тарихымен танымал. Қаламыз Қожа Ақмет Йасауиға арнап тұрғызылған кесенесімен әйгілі.

Қ.Ерасыл:Түркістан қаласында көптеген ақындардың атымен аталған көшелеріміз бар.

Бибарыс:Қаламызда Халықаралық Қазақ-Түрік атындағы жоғары оқу орнымыз бар.26 елден көптеген ұлттар білім алады.

Бекасыл:Біздің қаламызда 46 ұлттың өкілі тұрады.

Аңсар.Мен Түркістан қаласымен мақтанамын.

Түркістандық тілші Айерке:Құрметті Астаналық қонақтар Түркістан қаласына қонаққа келіп келіңіздер.

Астаналық тілші Арнұр: Біз сіздердің қалаларыңызға міндетті түрде

барамыз.

Түркістандық тілші Айерке: Біз Астана қаласы туралы білсіміз келеді.

Астаналық тілші Арнұр: Әрине біз сіздерге Астана қаласы туралы айтып береміз.Астана Қазақстан Республикасының-Астанасы.Еліміздің жас қаласы. Астана қаласында көптеген әсем ғимараттар бар. Олар: Бәйтерек, Ханшатыр, Ақорда, Думан,Пирамида.

А.Ерасыл:Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Астана қаласында тұрады.Ақорда ғимаратында отырады.

Ақниет:Біздің қаламыздың ең биік әсем ғимаратының бірі-Бәйтерек.Оған көптеген қонақтар келеді.Бәйтерегіміздің алды түрлі-түсті гүлдермен безендірілген.

Бағдаулет:Ойын-сауық орталығымыз Думанымыз бар.Ол жерде көптеген ойындар бар.

Әмина:Бізде 100 ден аса ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады.

Жәңгірхан:Біздің қаламызға саяхат жасап келіңіздер.

Түркістандық тілші Айерке:Біз тәрбиешілерімізбен бірге Астана қаласына барғымыз келеді.

Тілші Қымбат: Құрметті Айерке ханым мен Арнұр мырза тікелей байланысқа шаққандарыңыз үшін көп-көп рахмет.Құрметті көрермендер осымен бағдарламамыз аяқталды.Келесі тікелей эфирде кездескенше қош сау болыңыздар!








Сәлеметсізбе?






Ия ұнайды.










Петропавлда-жылқы,Астанада-бәйтерек,Қостанайда-бидай,Ақтөбеде-сиыр,Оралда-ешкі,Ақтау-сиыр,Атырауда-мұнай,Ақтауда-кеме,Қызылордада-күріш,Шымкентте-мақта,Таразда-қой,Алматыда-алма,Қарағандыда-көмір.

Ия дайынбыз.











Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Жәңгірхан: Елімде бейбіт тыныш заман болсын

Тілеймін әр адамға бақыт қонсын

Елімнің ел ағасы,елбасшысы

Нұрсүлтан Назарбаев аман болсын.

Тудың түсі көк,пішіні төрт бұрыш,ортасында күн сәулесі,астында қыран құс,шетінде ою-өрнекпен көмкерілген.

Ерасыл:Айнымайды аспаннан,

Біздің тудың бояуы

Оны халық қашанда

Биікке іліп қояды

Елтаңбаның пішіні дөңгелек,екі шетінде қос тұлпар,ортасында Қазақстан деген жазуы бар.

Әмина: Елтаңбасы елімнің,

Неткен әйбәт әдемі.

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

Әр мемлекеттің өзінің Әнұраны болады.Оны салтанатты жиындарда орындайды.Әнұранды орындаған кезде міндетті түрде орнымыздан тұрып,оң қолымызды жүрегіміздің тұсына ұстаймыз.

Бекасыл:Әнұраны елімнің

Шақырады биікке

Егеменді халқымның

Болашағы бірлікте




























Ия ұнады.

«Қазақстан Республикасының рәміздері бекетіне»

«Дыбыстар бекетіне»

«Достық бекетіне»

«Логика бекетіне» саяхат жасадық Сау болыңыз!І-топ Біз Қазақстан Республикасының қалаларын бір-бірімен байланыстырдық.Біз Қазақстанмен мақтанамыз.Біздің Қазақстанда көптеген ұлттар тұрады.Олар бәр-бірімен тату-тәтті тұрады.

ІІ-топ.Біздің күнді салғанымыз аспанымыз арқашан ашық, шуақтарын ардайым шашып тұрсын.

ІІІ-топ.Балалар өздері киіндірген қуыршақта қай ұлттың киімдері екенің айтады.

ІV-топ.Біз бәйтерек жапсырды.Бәйтерек астана қаласының символы


Рефлексиялық-түзетушілік

Балалар оқу іс-әрекетін қорыта келе,өз Отанымызды жерімізді жылы лебізімізбен шер жарына алақанымызды жапсырайықшы.

(Балалар өз алақандарын қиып шер шарыға жапсырады)

Балалар менің сендерге арналған сыйлығым бар.Ол төсбелгілер. Қазақстан елінің үлкен азаматы болыңдар. Бүгінгі оқу іс - әрекетіміз аяқталды. Барлығыңа үлкен рахмет. Енді келген қонақтармен қоштасайық.

Аспанымыз ашық болсын!

Күніміз жарық болсын!

Бала – бақшамыз көркейе берсін!

Мейірімді болайық!

Еліміз тыныш болсын!

Аналарымыз аман болсын!





Сау болыңыздар қонақтар!


Күтілетін нәтиже:

Орындайды:сұрақтарға толық жауап беруды,бекеттердің тапсырмаларын орындауды;

Түсінеді: Еліміздің көпұлтты республика және жергілікті ұлт-қазақ халқы екенін түсіндіру.Әр ұлттың ерекшілігі,өздерінің салт-дәстүрлері бар екенін және Қазақстан олардың Отаны екенін;

Қолданады:Алған білімдерін шығармашылық тапсырмаларды орындау кезінде.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.01.2019
708
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12