400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДА ҰЛТТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРДІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада көркем әдеби шығармаларда ұлттық салт-дәстүрлердің бейнеленуі туралы баяндалған. Негізінен мектеп бағдарламасындағы әдеби шығармалар талданған. Мектеп мұғалімдеріне әдістемелік көмек болады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

А.К.Амирбаев,

Қарасай ауданы,Шамалған бекетіндегі жаңа қазақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог - зерттеуші

КӨРКЕМ ӘДЕБИ ШЫҒАРМАЛАРДА ҰЛТТЫҚ САЛТ – ДӘСТҮРЛЕРДІҢ БЕЙНЕЛЕНУІ

Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық салт – дәстүрлерін жас ұрпақтың бойына сіңіре отырып, ұлтжанды, сыпайы, әдепті,адамгершілігі мол,жанжақты дамыған ұрпақты тәрбиелеу.

Өзектілігі: қазіргі таңда ұлттық салт –дәстүрлерімізді жастарға насихаттау,қазақ халқының ұлттық тәрбиесіндегі,салт – дәстүрлеріндегі өсиеттерді жас ұрпаққа үлгі ету

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің жарқын болашағын айқындап берген бағдарлама болды. Мақалада Елбасымыздың алысты болжай білетін көрегендігі, сындарлы саясаткерлігі көрінеді. Ел дамуының барлық саласында қазіргі кезде рухани сілкініс керек болып тұр,ұлттық сана - сезімді жаңғырту қажеттігі туындап отыр.Біз барлық ынта – жігерімізді осындай игілікті іске бағыттаймыз. Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ екені белгілі. Біз,педагогтар,жас ұрпақтың жан – жақты дамыған,рухани бай,бәсекеге қабілетті тұлға болып жетілуіне жауаптымыз.

Елбасымыз үшінші қағидасында ұлттық код, яғни халқымызға тән салт-санамыз, асыл мәдениетіміз бұлардың барлығы бойымызда жалындап, үні шырқалып тұруын баса айтты, сонда ғана алға басулар болатының ескертті. Қазіргі таңда білім бағдарламаларының елімізге ұтымды үлес қосып келе жатқанын айта келіп, табыс тізгіні – білімді болашақ жастардың қолында екеніне баса назар аударды.

Жас ұрпақты отаншыл рухта тәрбиелеудің технологиялары өте көп,көркем шығарма солардың бірі ретінде тамаша құрал бола алады. Көркем әдеби шығармаларда бейнеленген ұлттық салт – дәстүрлер жастардың бойында ізгілік, ұлтжандылық, отаншылдық сезімдердің пайда болуына игі әсерін тигізеді. Бұл жерде әдебиет пәнінің тәрбиелік мәні көзге түседі.

Әдебиеттің ең басты қызметі – тәрбиелік қызмет. Үлкенге ізетті, кішіге қамқор, талапты, еңбекқор, білімді тағы басқа адами құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақтың әдеби шығармадан алары мол. Ол жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Жақсы қасиеттерді біртіндеп оқушы бойына сіңіре береді. Ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарының қайнар көзі – әдеби шығарма. Сыныпта талданған шығарма арқылы оқушының аталмыш құндылықтар төңірегіндегі білім қоры молайып, өз ұлтын тани түседі. Ал, ауыз әдебиетінде қамтылатын қазақ халқының салт-дәстүрлері бастауыш сынып оқушыларын әдепке тәрбиелейді».

Баланың болашағы үшін балалық шақтың мәні зор. Себебі, оның негізгі қасиеттері осы кезеңде қалыптасады. Олай болса, қазіргі уақытта бастауыш сыныпта берілетін білімнің тәрбиелік жағы басты назарда болуға тиіс. Өйткені, тәрбиесіз берілген білім – білімнің қас жауы. Жалпы, оқушы бойынан табылуға тиісті ұлттық қасиеттер:

✓ адамгершілік;

✓ ізгіліктің;

✓ қонақжайлық;

✓ сыйласымдылық;

✓ кішіпейілділік:

✓ кеңпейілділік;

✓ сөзге шешендік;

✓ жанашырлық;

✓ қайырымдылық;

✓ кешірімділік т.б.

Еліміз егемендігін алғаннан бері ұлттық тәрбиенің тағлымдарына деген қызығушылық молайып келеді. Себебі, ұлттық тәрбие – ұлттығымыздың қалыптасуы үшін нағыз қажетті алғышарт. Ұлттық тәрбие – бүгінгі күннің қажеттілігі. Оның қайнар көзі қазақтың бай ауыз әдебиетінде, идеялық мәні жоғары шығармаларда жатыр.

Көркем әдеби шығармаларда ұлттық салт – дәстүрлердің бейнеленуі бойынша негізінен үш бағытты басшылыққа алуға болады:

1. Сабақ барысында ұлтық салт – дәстүрлеріміз туралы кең түсінік беру

2. Слайд түрінде иллюстрациялар,бейнекөріністер,кинофильмдерден үзінділер көрсету

3. Оқушыларды осы тақырыптарға арналған ғылыми – шығармашылық жұмыстарға тарту.

Салт-дәстүр — әр ұлттың, халықтың діні мен сеніміне, тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық құрылым ерекшелігіне сәйкес ғасырлар бойы жинақталып, өмірдің өзі туғызған ғұрыптардың жиынтығы; қауым мен қоғамда қалыптасқан мінез-құлықтың үлгілері. Күнделікті қолданыста бір мәдени топты екіншісінен айыратын және бейресми жолмен реттейтін қабылданған мінезкұлық ережесіне немесе әлеуметтік әрекеттерді жөнге келтіретін терминге жатады.

Әр халықтың ғасырлар бойы көздің қарашығындай сақтап,қастерлеп, ұрпақтан – ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ұлттық салт – дәстұрі бар екені белгілі. Сол ұлттық салт – дәстүрдің негізінде ұлттық тәрбие қалыптасады. Бұл сол халықтардың рухани,мәдени құндылықтары болып табылады.

Салт-дәстүр ұлт үшін өмір, қоғам заңы болып негізделіп, сана, тағылым, тәрбие, тіршілік ережесі ретінде ел зердесіне рухани байлық — өнеге тәжірибесін құраған. Бұл талаптар мен ережелерді халық бұлжытпай орындаумен бірге оны құрметтемеген, сақтамаған адамдарды сол заң негізінде жазалап та отырған. Өткен заманда қазақ қоғамы үшін салт - дәстүр бұлжымас заң рөлін атқарды. Мысалы, той, наурыз көже, қыз ұзату, қонағасы, шашу, ерулік ата салты болып саналады. Салт-дәстүрдің ел арасындағы тәлімдік, тәрбиелік, халықтық мәні зор. Халықтың атадан балаға көшіп, дамып отыратын тарихи әлеуметтік, мәдени-тұрмыстық, кәсіптік, салт-сана, мінез-құлық, тәлім - тәрбие және рухани іс-әрекетінің көрінісі дәстүр арқылы танылады. Салт-дәстүр байлығы — мәдениеттің байлығы. Мысалы, ата-ананы, үлкенді құрметтеу, байғазы, көрімдік, сүйінші, кәде сұрау, сәлем беру, ат тергеу, құрдастық қалжың, т.б. салт-дәстүрге жатады.

Қазақ халқы – салт-дәстүрге өте бай ел. Бұл – оның мәдениетті әрі тәрбиелі ел екендігінің айғағы. Салт-дәстүрлі ел – мықты әрі тұғыры берік ел. Біздің халқымыз өз ұрпақтарына ғасырдан ғасырға ұлт қасиетін салт-дәстүрмен, өнегені әдет-ғұрыппен, үлгіні жөн-жосықпен, әдепті ырым, тыйыммен тәрбиелеп, ұлағатты ұл, инабатты қыз өсірген. Ұлттық тәлім, салт-сана сабағы адамгершілік тәрбиесінің аса сенімді әрі ғажайып жол екенін көрсетті. Отаншылдық, ерлік, мәрттік, жомарттық, қайырымдылық, жоғары адамгершілік қасиеттер осы жол арқылы дарыған. Батыр жазушы Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы жылдарында: «Мен өзімнің ұрыстағы тәжірибемнен солдаттың басында жауынгерлік қасиетті тәрбиелеуде халықтардың басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық дәстүрлердің маңызы зор екеніне көзім жетті», - деп жазды. Олай болса, әдет-ғұрып – қазақ халқының мызғымас заңы деп қабылдаған жөн.

Мен қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығарманы жанжақты талдауды жүргізуге көп көңіл бөлемін. Әсіресе,халқымыздың салт – дәстүрлері көрініс тапқан шығармаларды талдау арқылы жастардың бойында рухани құндылықтарымызды қастерлеу,оларға құрмет сезімін,адами жақсы қасиеттерді тәрбиелеуді мақсат етемін.

Мысалы,7-сыныпта «Қыз Жібек» жыры, Т.Әбдіковтің «Қонақтар» әңгімесі, 8-сыныпта Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік- Кебек» дастаны, М. Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, Б. Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі, Д. Исабековтың «Әпке» драмасы, , 9-сыныпта І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы , Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» романы,Б. Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты сынды шығармаларда қазақ халқының салт – дәстүрлері аөркем бейнеленген

Қазақ халқына кеңінен танымал көркем жырлардың бірі — «Қыз Жібек» жыры. Бұл жыр қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын, дүниеге көзқарасын, ұғымын білдіретін көркем туынды.

«Қыз Жібек» жыры қазақ хылқының сол кездегі көшпелі салтын білдіреді, сондай салт- дәстүр орнаған қоғамда туып-өскен адамның көзқарасы қандай екенін көрсетеді. Ескі көшпелі өмірдің сұлу табысы деп бағалауға сай жырлардың бірі- «Қыз Жібек» екені даусыз. Жырда бейнеленген ұлттық салт – дәстүрлердің арасында ұмытылып бар жатқандары да кездеседі:

1. Төлегенге анасының бата беруі

2 .Сансызбайға Базарбай мен Шегенің бата беруі.

«Алыс сапарға шығарда,аса жауапты істі бастарда,басқа ақ ниетті асыл арманда алдында тұрғанда,бата алу халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі.» («Келін келтір,қыз ұзат»,99 – бет.) Қазақ дәстүрінде батаның түрлері көп болып,оны көпті көрген,жасы үлкен ата – әжелеріміз береді. Сондай – аузы дуалы би – шешендеріміз,жырау – ақындарымыз ақ батасын береді. Сондықтан да «Жаңбырменен жер көгереді,Батаменен ер көгереді» деген даналық сөз бар.

Батаның түрлері: Ақ бата, сертті бата, теріс бата .Теріс бата Қолды теріс қаратып айтылатын қарғыс түрі. «Егер де біреуің қошемет қылып ерсең мен тұзыма салып, теріс батамды беремін» (69-бет) Төлегеннің Жібек еліне кетуіне риза болмауы . Әмірге ара түскен Абайға әкесі Құнанбайдың теріс бата бергені

3.Бата аяқ. Екі жақ уәделескен соң, жігіт тің әкесінің беретін сыйы«Осының бәрін бата аяққа берсем де құда болармын»Қыз Жібек сөйлеспеген кездегі Төлегеннің ойы

4.Қалыңдық ойнау .Күйеу жігіттің қалыңдығымен жасырын кездесіп жүруі . «Төлеген үш ай қалыңдық ойнап, бір күні еліне қайтпақ болып ...»

Сондай – ақ ұмытылып бар жатқан салт- дәстүрлер қатарына арыздасу, естірту, жұбату, жоқтау, әмеңгерлік сынды әдет ғұрыптар кезденседі.

Белгілі ғалым, зерттеуші Р.Бердібаев жырға өзінің мынадай әділ бағасын береді: «Қыз Жібек» — қазақ халқының даналығы туғызған асыл жырлардың бірі. Мұны эпикалық суреттеу өнерінің ең жетілген кемел нұсқасы десе де болады.»

«Ұшқан ұя» - Бауыржан Момышұлының балалық шағы туралы жазған кесек туындысы. «Ұшқан ұя» сан қырлы, алуан бедерлі, айтарлықтай күрделі шығарма. Бір қарағанда ол анау айтқандай көлемді дүние емес, бірақ «кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» дәл өзі. Бауыржанның өзі оған ен тақпаған, жанрын да анықтамаған, «Біздің отбасы» деген де қойған. Оны орыс тілінен қазақша аударған Тұтқабай Иманбеков «Ұшқан ұя » деп атаған.

Повестің ұлттық сипаты оның алғашқы беттерінен-ақ аңғарылады. Бауыржанның атасы Имаштың, әжесі Қызтумастың нағыз қазақы қалпымыздың қалыбынан шыққандығын байқауға болады. Повесте көзге түсетін салт – дәстүрдің бірі – бесік жыры немесе ана әлдиі. Бұл туралы жазушы өзінің ойын білдіріп өтеді: «Біздің қазіргі балаларымызға әжелері не шешелері ертек айта бермейді. Содан қорқам. Менің қазіргі келіндерім немерелеріме бесік жырын айта білмейді.Бесікте жатқанда құлағына анасының әлди әні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең боп қалмаса екен деп қорқамын.» Соңынан өзінің әжесі айтқан бесік жырын келтіріп өтеді:

- Балам менің қайда екен?

- Қыздарменен тауда екен.

- Тауда неғып жүр екен?

- Алма теріп жүр екен.

- Алмасынан қәнеки?

- Жаңа теріп жүр екен.

- Қызыл алма қолында

Қыз – бозбала соңында.

Бұл жерде біз батыр Бауыржанның қазақтың бесік жырының маңызына ерекше көңіл бөлгенін аңғарамыз.

Хикаяттағы ерекше аталып өтілетін салт – дәстүріміздің бірі бата – тілек болып табылады. «Алыс сапарға шығарда,аса жауапты істі бастарда,басқа ақ ниетті асыл арманда алдында тұрғанда,бата алу халқымыздың ежелден келе жатқан дәстүрі.» («Келін келтір,қыз ұзат»,99 – бет.) Қазақ дәстүрінде батаның түрлері көп болып,оны көпті көрген,жасы үлкен ата – әжелеріміз береді. Сондай – аузы дуалы би – шешендеріміз,жырау – ақындарымыз ақ батасын береді. Сондықтан да «Жаңбырменен жер көгереді,Батаменен ер көгереді» деген даналық сөз бар.

Бауыржан дүниеге келгенде,әулеті қуанышқа бөленген. Өйткені қазақ халқы ұл баланы мұрагер деп санаған, «ат ұстар келді» деп қуанатын болған. Имаш бабасы былай деп бата берген екен:

« Алатаудың қыраны көп еді –

Қырағы болсын құлыным.

Қойнауы суға мол еді –

Бұлағы болсын құлыным.

Елінің тілегі зор еді –

Шырағы болсын құлыным.

Ата тілегі оң еді –

Құмары болсын құлыным.

Бұл жер батырлар төрі еді –

Сыңары болсын құлыным .»

Повесте ғасырдан-ғасырға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүріміздің көрінісін Үбиянның ұзатылу тойынан аңғарамыз. Ұрын келу, ұзатылып жатқан қыздың ел – жұртымен қоштасуы,қалың мал,қыз жасауы,отау тігу,бата беру,той бастар,той беру,бет ашар,көкпар,құдалық сынды толып жатқан,кейбірі ұмытылып бара жатқан ұлттық дәстүрлеріміз көркем тілмен айшықталып көрініс тапқан.

Шығармада ұлттық тәрбиенің бір көрінісі – әжесі мен көкесі Момынқұл арасындағы жағдай. анасына «Қойшы,апа!» деп дауыс көтерген Момынқұлды ағасы Момыш жазалайды. «Анау інің көргенсіздеу болып бара жатыр. Жөнге сал туысқаныңды» дейді әжесі Момышқа. Оны басқа бір ауылға бір аптаға аттандырып жібереді. Бірақ сол арада анасы баласын сағына бастайды. Бұл жерде біз қазақ халқына тән ұлттық менталитетті көреміз.

Повесте Бауыржан Момышұлы өзінің балалық шағы туралы әңгімелеп,сол кездегі ұлттық салт – дәстүрлерді бейнелейді,шұрайлы көркем тілмен жеткізеді.Бұл дәстүрлердің кейбірі қазір де өз жалғасын тауып келмекте. Ал кейбірі ұмыт бола бастаған.

Мен осы тақырыптар бойынша дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргіздім. Бахытова Жайна «Қыз Жібек» жырында ұлттық салт – дәстүрлердің бейнеленуі» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап, аудандық «Дарын» ғылыми жобалар байқауында ІІ орын алды. Ал өткен оқу жылында Жайлғанова Сандуғаш «Ұшқан ұя» повесінде ұлттық тәрбие мен салт – дәстүрдің бейнеленуі» тқырыбында ғылыми жобасын қорғап,аудандық кезеңде ІІІ орын алды. Ал ағымдағы оқу жылында Жайлғанова Сандуғаш «Құлагер» поэмасында ұлттық құндылықтардың бейнеленуі» тақырыбында ғылыми жобааға дайындалып жүр.

Қорытынды

Ұлтты ұлтты ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани термірқазығы саналатын асыл қазынасы, яғни – САЛТ ДӘСТҮРІ. Уақыт өтіп, заман мен адам өзгерген сәтте, бабалардан қалған осы «Дала заңдарын» біреу білсе, біреу біле бермейді. Жалпы халқымыз ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән береді. «Бала бауыр ет», «балалы үй базар» халқымыз салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын ұрпағына «бесік жыры» арқылы сіңдіріп отырған. Бұдан көшпенді халықтың тыныс-тіршілігінен туындаған халық педагогикасының қайнар көзі салт-дәстүрімен астасып жатқанын аңғаруға болады.

Бүгінгі мектеп партасында отырған жас ұрпақ – ертеңгі еліміздің болашағы. Болашағымыз жарқын болуы үшін бірінші кезекте терең біліммен бірге тәрбиені де қатар алыр баруымыз керек. «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың хас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» деген «Әлемнің екінші ұстазы» атанған данамыз,философ,ойшыл Әбу Насыр Әл-Фараби. Біз әрбір сабағымызда оқушыларды адамгершілікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа, имандылыққа, патриоттыққа тәрбиелеуіміз керек. Міне, біз осындай жұмыстар жүргізу арқылы ұлттық қасиеттер қалыптасқан, ұлтжанды, сыпайы, әдепті, адамгершілігі мол,жанжақты дамыған тұлғаны тәрбиелей аламыз..

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. «Қыз Жібек» жыры,толық нұсқа.

  2. Момышұлы Б. Ұшқан ұя. Алматы: Санат 2005.

  3. Мырзахметұлы М. Айналған аты аңызға Момышұлы ,Тараз:«Сенім», 2000.

  4. Момышұлы Б. Қанмен жазылған кітап, Алматы: «Қазақстан», 1991. – 384б.

  5. Мырзахметұлы М. Бауыржан батыр ,Алматы: «Жалын», 1991.

  6. С.Қалиев,М.Оразаев,М.Смайылова, Қазақ халқының салт – дәстүрлері, Алматы, «Рауан»,1994.

7.Күйеу келтір,қыз ұзат. Алматы «Ана тілі»,1992















































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
1242
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі