Көркем әдебиет

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көркем әдебиет

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық сабақ қамтылған .
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Бөлім: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп: ЖНМ

Күні: 12.03.2020 жыл

Мұғалімнің аты-жөні:Аманғалиев Б.М.

Сынып:


Қатыспағандар:

Қатысқандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ш.Құдайбердіұлы «Еңлік- Кебек» дастаны

Оқу мақсаты

Т/Ж2. Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Сабақ м мақсаты

Оқушылар:

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып түсіндіреді.

Бағалау критерийі

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар қолдана алады:

Дастанның идеясы мен ерекшелігін түсінеді;

Ауызша шығармада көтерілген мәселе мен ақын жайлы ойларын айтады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: идея, пафос, ұлттық мүдде,ықтиярсыз кету, арыз айту, бағы жанбау, т.б.

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада жайында былай ойлаймын...

Ақын көзқарасы мына жолдардан анық байқалады:

Дастанның маған ерекше әсер еткен тұстары:

Құндылықтарды дарыту

Адамгершілік, жастардың бас бостандығы, махаббат

Пәнаралық байланыс

Дастанның идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан ашып талдау кезеңінде тарих, география пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім


Алдыңғы сабақта оқушылар «Еңлік- Кебек» дастанынң жанрлық ерекшелігі мен сюжеттік желісі, мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушылар түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін қолдану арқылы сыни ойлау, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы



1.Миға шабуыл


Оқушылар «Емтихан сұрақтары» тәсілі арқылы алдымен дастандағы автордың көзқарасы, ойы нақты көрінетін шумақтарды тауып оқып, жұбымен талдайды. Талдап болғаннан кейін шумақтар бойынша сұрақтар құрастырады. Құрастырған сұрақтарын екінші жұпқа береді. Екінші жұп сұрақтарға жауап бере отырып дастандағы негізгі идеяны анықтайды. Жауаптарын сұрақ құрастырған бірінші жұпқа көрсетеді. Бірінші жұп екінші жұптың жауаптарын өз жауаптарымен толықтырады да, екі жұп бірігіп топ құрайды. Топ мүшелері «Шығарма идеясы мен пафосы» бойынша құрастырған сұрақтары мен жауаптарын постерге түсіріп, келесі топқа береді.Олар өз ойларын айтады. Оқушылар сұрақтар мен жауаптарын постерге түсіріп жатқанда Әли Оқаповтың орындауындағы «Еңлік – Кебек» әні баяу ойнап тұрады.


Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың идеясы мен пафосын ұлттық мүдде тұрғысынан түсіндіре алады.

1.шығарманың идеясы мен пафосын анықтайды;

2. ұлттық мүддемен байланыстырады;

3.дастан идеясы негізінде сценарий жазады;

3.заман сипатын бағалайды;




Сабақтың ортасы


2.Қызығушылығын ояту

1- оқушы:Білу – оқиға алдындағы жағдай қалай берілген?

2-оқушы: Түсіну – дастанның идеясы не?

3-оқушы: Қолдану – шығармадағы оқиға желісінің дамуын ой картасына түсіріңдер.

4- оқушы: Анализ – Еңлік пен Кебек арасындағы диалогқа талдау жасаңдар.

5-оқушы: «Синтез- Еңлік пен Кебектің аяусыз жазалануының себебін дәлелде.

6-оқушы: «Бағалау- Дастанда заман сипаты қалай көрініс тапқан?

Деңгейі жоғары оқушыға кубтың «анализ, синтез, бағалау», деңгейі орта оқушыға «білу, түсіну, қолдану» қырлары беріледі. Талдау жұмысы аяқталғаннан кейін топ мүшелері бағалау критерийі бойынша бірі -бірі бағалайды.

4. Бекіту

4-тапсырма

«Ұшқыр ойлар кілемі» әдісі

«Ұшқыр ойлар кілемі» әдісі бойынша оқушылар жұппен дастан үзінділеріндегі жер атаулары бойынша Еңлік пен Кебектің жүрген жерлерге болжау картасын сызады. Бірінші жұп өз жұмысын екінші жұпқа көрсетеді. Екі жұмыстан бір жұмысты таңдап алады. Сызған карталарын сынып қабырғаларына апарып іледі.

6.Бағалау

6 - тапсырма «Маған үш нәрсені айт...» әдісі

Оқушылар алдыңғы тапсырма бойынша бөлінген үлкен топтан шағын топқа бөлінеді. Бір топта үш адам болады. Топ мүшелері «Маған үш нәрсені айт» әдісі бойынша «Еңлік- Кебек ғашықтық трагедия ма?», «Ру адамдары неліктен екі жасты өлімге бұйырды?», «Кебексіз қанатымды  қалай  жаям?!» тақырыптарын шығарма идеясы мен пафосындағы ұлттық мүдде тұрғысымен байланыстырып шағын топта талқылайды. Топ мүшелері бірінші оқиға желісі бойынша тақырыптарды жұппен, екінші ойлары мен пікірлерін топ ішінде талдайды. Топта үш тақырыпты біріктіріп тұтас оқиғалы әңгіме құрастырады да, әңгімелерін келесі топқа оқуға ұсынады. Басқа топтар тапсырмаларды «Біз бүгін білдік...», «Біз жақсы меңгердік...», «Топ жақсы меңгерді...», «Біз 50 минут бұрын білмегенімізді білдік...» деген кері байланыс парағы арқылы бағалайды.


Сабақтың соңы



Кері байланыс: «Сенің сұрақтарың...»

1. Cенің сұрақтарың...

2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...

3. Сенің бүгін білгенің… кері байланыс парағын толтырып, өзін- өзі бағалайды.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.03.2025
232
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі