Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 18 материал табылды

Көркем әдебиет Айтшы, әжетай!

Материал туралы қысқаша түсінік
мектепалды даярлық сыныбына арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ:

Айтшы, әжетай! (өлең)

(Жақан Смақов)

Мектеп/МҰ:

Күні:

Педагогтің аты-жөні:

Сынып/ топ:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ оқытылу мақсаты

0.1.2.1 Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айту

0.1.1.2. Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізу

0.2.1.1. Жанрларды ерекшеліктері бойынша тану (жұмбақ, ертегі, тақпақ т.б.)

0.2.2.1 Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айту (ұнайды, неліктен ұнамайды)

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер орындай алады:

Өз әулеті туралы айта алады. Жанрларды ерекшеліктері бойынша таниды.

Көпшілік тәрбиеленушілер орындай алады:

Шағын өлеңдерді, фольклор жанрларын мәнерлеп жатқа айтады.

Өзінің эмоциялық жағдайын сөзбен жеткізеді.

Кейбір тәрбиеленушілер орындай алады:

Кейіпкердің қылығы туралы пікірін айтады.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: талқылау барысында қандай? қайсы? қалай? қай? Деген сұрақтары бар сөздерді пайдалана алады.

Әдеби жанрды ажыратады.

Көптілділік: апа – бабушка – grandmother,

ата – дедушка – grandfather

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: қаракөл қой, табын, жылқышы, нағашы.

Пікір алмасу сұрақтары:

Отбасы болу адам бойындағы жақсы қасиет пе?

Отбасы болу үшін адам бойында қандай ерекшелік болуы тиіс?

Сенің әжең, атаң бірге тұра ма?

Әкең, анаң қайда жұмыс істейді?

Өткен ҰОҚ-де алған білім Татулық, достық туралы айтып береді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл

күй орнату.

0–2 мин.

II. Өмірлік

тәжірибені

маңыздандыру.

Мақсатты болжам.

3–5 мин.

Педагог балаларды шеңберге тұрғызады.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Достықты үлгі санаған,

Бір үйде біз тұрамыз.

Әр адамның өз отбасы болады. Олар кез келген істі бірігіп

атқарады.

Отбасында біз апамызға, атамызға көмектесеміз.

Балалар әңгімелесу арқылы не жайында болатыны туралы

болжамдайды.

Шеңбер құру

III. Тақырып

бойынша жұмыс

6–27 мин.

Педагог Жақан Смақовтың

«Айтшы, әжетай!» өлеңін ұсынады.

Сөздік жұмыс:

Қаракөл қой – қойдың бір түрі.

Табын – көп жылқы.

Өлең мазмұны бойынша сұрақтар:

Балалар, өлең сендерге ұнады ма?

Өлеңде кімдер туралы айтылған?

Өлеңдегі қай кейіпкер саған ұнады?

Бала әжесінен нені сұрады?

Әжесі қалай жауап берді?

Атасы кім болып жұмыс істейді?

«Жылқышы» деп кімді айтамыз?

Анасы кім болып жұмыс істейді?

Сендердің аналарың қандай жұмыс істейді?

Көптілділік: әже – бабушка – grandmother,

ата – дедушка – grandfather

Сурет бойынша Әліппе-дәптермен жұмыс:

Әжесі мен немересі не туралы әңгімелесіп отыр деп

ойлайсың?

Жылқышы нені бағады?

Бақташы нені бағады?

Комбайншы не істейді?

Тәрбиеші балаларға не үйретіп жатыр?

Сенің ата-анаң кім болып істейді?

Саусақ жаттығуы: «Менің отбасым»

(балалар саусақтарын бүге отырып орындайды)

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз.

Cуретті материал

Саусақ жасайды.

ҰОҚ-де не ұнады?

Өлең қалай аталады?

Атасы кім болып жұмыс істейді?

Жылқышы деп кімдерді айтамыз?

Рефлексиялық бағалау – өз жұмысын бағалап қорыту.

Тәрбиеленушілер ҰОҚ-дегі өзінің жұмысына баға береді.

Ештеңе түсінбедім – қызыл түспен,

Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары түспен,

Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл

түспен.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2019
2941
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12