«Көркем еңбек пәнінде оқушылардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Көркем еңбек пәнінде оқушылардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін қоғамның әрбір азаматының ой-санасы дамыған, өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылық тұлға болуы талап етіледі. Өйткені, мемлекетіміздің келешегінің кемелдене түсуі – тек шығармашыл адамдар қолынан келетін іс.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Көркем еңбек пәнінде оқушылардың эстетикалық көзқарасын қалыптастыру»

Еліміздің өркениетті елдер қатарына қосылуы үшін қоғамның әрбір азаматының ой-санасы дамыған, өзіндік ой-пікірі бар, шығармашылық тұлға болуы талап етіледі. Өйткені, мемлекетіміздің келешегінің кемелдене түсуі – тек шығармашыл адамдар қолынан келетін іс.

Халықтық эстетикалық тәрбие адам өмірінде үлкен орын алады. Қазіргі кездегідей бұрынғы өткен заманда да адамдар өз тұрмысын өздері әсемдеуге ұмтылған. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру –тәрбие барысында зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Адамға тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.

Адам өмірінде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты күш ретінде көрінеді.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы зор. Эстетикалық таным, бұл – өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықты ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою.

Эстетикалық тәрбие беруде халықтық эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.Өйткені оқушылардың көпшілігі өзіміздің түркі тілдес халықтар, соның ішінде қазақ болғандықтан, өз халқымыздың және өзге ұлттың өнері мен тарихын, этномәдениеттің ерекшеліктері мен оның әсемдікке, өркениетке ұштасуын, кірігу жолдарын теориялық тұрғыдан қарастырудан басталады.

Халық әрдайым әсемдікті іздеді, қолдан жасады және оны өмірде, тұрмыста, еңбекте бекітуге тырысты.

Қай халықтың болмасын ұлттық мұрасы, халықтық қазынасы-қолөнері болып табылған. Халық шеберлері өз елінің ұлттық қолөнері бұйымдарын жасау арқылы сол халықтың этикалық және мәдени ұлттық дәстүрін көрсете білген. Зерттеліп отырған жұмыста халқымыздың қолөнерінің бір ғана қырын ала отырып, қазақ қолөнерінің ұлттық ерекшелігі мен сол қолөнердің заман ағымымен дамып келе жатқандығы негізгі арқау болған.

Қазіргі жағдайда біздің өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі – эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу.Эстетикалық сезім- адам өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре білу, түсіну, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғарғы рухани ләззаттануға мүмкіндік береді.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты қалыптастыру- тәрбие барысында зейін салуды күн санап өсіруді талап ететін мәселе. Адамға тек қана өмірдің емес, еңбек, қоғамдық қатынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді.

Адам өміріне эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты күш ретінде көрінеді.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы зор. Эстетикалық таным, бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғарғы талап қою. Эстетикалық тәрбие беруде халықтық эстетикалық тәрбиенің маңызы зор.

Ел арасына, білім ордасына бірте-бірте тамаша үлгілермен еніп, оқушыларға жан-жақты білім мен тәрбие беруге, жаңаша еңбек етуге талпындырып отырады. Әрине бұл халықтық педагогика негізі болып табылады.Қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халықтық педагогика-бұл кезде педагогтар қауымына емес, бүкіл қауымға ортақ әлеуметтік қозғалыс. Халықтық педагогика кешегі ойшылдар мен сал-серілерден,шешен-билерден, ақын-жыраулардан мирас болып қалған тәрбие құралы. Ұлттық педагогика жаңалық емес,ол ежелден халықпен бірге өмір сүріп келе жатқан тәлім-тәрбие мектебі.

Болашақ ұрпақтың сана-сезімін, ұлттық психологиясын,оны ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Ұлттық педагогиканы насихаттауға қай пәннің болса да ыңғайы мен мүмкіншіліктері мол. Сонымен бейнелеу өнері және технология сабақтарында қолөнерге үйрету арқылы тәлім-тәрбие процесіне арқау ету қажеттігін күн тәртібі туындатты.

Басты мәселе - күнделікті өмірдегі әсемдіктің ең алғаш адам мен табиғаттың бірлескен әрекетінің күшімен пайда болғандығын ұғындыру. Халқымыздың тұрмысына енген қолданбалы қолөнер бұйымдары, олардың

әшекейленіп жасалуы, эстетикалық тәрбиеде өз алдына бір сала. Ағаш, тері, металл өңдеудегі өнері әлемге әйгілі.

Сонымен оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық процесті тәрбиелеу жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық өн бойындағы әсемдік нышанын анықтап, оны әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдыру.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер.

Қай халықтың болмасын өзінің қазынасының бірі сәндік қолданбалы өнері. Киіз басу, сырмақ сыру, текемет, алаша, шым-ши, құрақ көрпе және ұлттық киімдер мен кілем тоқу сияқты күні бүгінге дейін өз маңызын жоғалтпай келе жатқан сондай дәстүрлі қолөнер үлгілерін үйрету – адамды еңбексүйгіштікке, әсемдікке талпындырып, халқының тарихын біліп, мәдени мұрасын қадірлеп, дәстүрін жалғастыра білуге баулиды. Оның үстіне ұлттық қолөнер өзінің тарихы терең, мазмұны сан қилы ерекшеліктерімен болашақ жастарға рухани, эстетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және салалық қасиеттерін дамыта түсері сөзсіз.

Сәндік қолөнерге үйреткенде белгілі шеберлердің туындыларына талдау жасап, мүмкіндігі болса еңбектерін көрсетіп, мұражайларды аралатып немесе шеберлердің жеке көрмелеріне апарып, оқушылардың қызығушылығы мен ой-өрісін ояту қажет деп санаймыз.

Оқушыларға тәрбиелік мәні бар халықтық мұралар аз емес. Қазақ халқының өнерін, іскерлігін, өнер шеберлерінің қолынан шыққан алуан түрлі заттар мен бұйымдарды айтып, бұрынғысымен бүгінгісін салыстыра отырып, өнерді сүюге, құрметтеуге баулу, бүгінгі шәкірттерді ертеңгі еңбеккер, жан-жақты жетілген азамат етіп тәрбиелейді, оқушылардың жүрегіне жол тауып, олардың бойында еліне, жеріне, өнерге деген сүйіспеншілігін, пәнді оқып үйренуге деген ынтасын, құштарлығын арттыру, қолөнерін жас-жеткіншектердің санасына жеткізудің құралы.

Ою - өрнекке мән беру, үйрену арқылы қабілетіміз қалыптасады.

Қолөнерді игеру арқылы кез келген істі төзіммен аяқтауға жаттығамыз және еңбек етуге үйренеміз.























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2025
190
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі