Қашықтықтан оқуда тиімді
сабақ ұйымдастыру
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім жүйесінде
жаңа ақпараттық технологиялар кеңінен қолданыла
бастады.
Оқыту процесінде қолданылатын жаңа әдістердің
бірі қашықтан оқыту әдісі болып
табылады
Қашықтықтан оқыту – білім алушы мен педагог
қызметкерінің жанама (алыстан) немесе толық емес жанама өзара
іс-қимылы кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және
телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын
оқыту.
Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдана
отырып, біз сапалы білім беруге оқушылардың мүмкіндіктерін кеңейту;
олардың білім қажеттіліктерін тұрғылықты жеріне, әлеуметтік
жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне
қарамастан қамтамасыз етуіміз қажет
Қашықтықтан оқыту технологиясының
артықшылықтары:
-
Заман талабына сай ақпараттық-телекоммуникациялық
технологиялар мен құралдарды қолдану;
-
Интерактивті әрекеттесу
формалары;
-
Сапалы білім алу;
-
Уақытты үнемдеу;
-
Ыңғайлы уақытта оқу;
-
Территориялық шектеулер жоқ;
-
Денсаулық күйі бойынша шектеулер
жоқ.
Мен осы қашықтықтан оқыту
барысында өз тәжрибемді айта кететін болсам, маған қашықтықтан
оқыту оқушыларға тиімді, білім беруге өте қолайлы екенін
түсіндім.
Себебі ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып,
уақытты тиімді пайдаландым, және де сабаққа байланысты
материалдарды оқушыларға көрсетіу арқылы олардың қызығушылығы
оянып, сабаққа деген белсенділігі артты. Сабақта тапсырмаларды
көрсеткенде бірнеше тиімді тәсілдерді интернеттен көрсету арқылы
олар өздеріне қолайлы тәсілді таңдап,тапсырмаларын
орындайды.
Өзім көркем еңбек пәнінен
сабақ беретін болғандықтан практика сабағында
оқушылар үй жағдайындағы қол
жетімді заттармен тәжірибе жасап, видеоға түсіріп кері
байланыстарын жасады. Әрі олар өздерінің жасаған жұмыстарымен
бөлісіп, өз-өздерін бағалайды. ZOOM платформасы арқылы оқушыларды
топқа бөліп, топтық жұмыстар әр-түрлі кейстер, ойындар арқылы
сабақтар өте көп болды. Топқа бөлу барысында әр топ өздерінің
берген тапсырмаларын нақтылау үшін әр-түрлі фото, видеоларды
интернет желісінен іздеп тауып ортаға пікірлерін толықтырып отырды.
Бұл әдіс оқушыларға тіптен уақыттың қалай өтіп кеткендігін білмей
де қалып жатты. Әрине уақыты шектеулі болғандықтан олар топпен тез
жылдам шешім қабылдап отырады. Сабақты қорытындылау кезінде Google
Chrome арқылы жасаған тесттер, сұрақ- жауаптар өте тиімді болды.
Мұндағы бір байқағаным сыныпта көп ашыла бермейтін оқушылардың
белсенділігін байқадым. Әрине, кез келген оқыту түрі біржақты бола
бермейді. Яғни, оның өз артықшылықтары мен кемшіліктері де болады.
Мысалы: менің сабағымда қиналған кездер де болды.Әсіресе практика
сабағында, оқушылардың жасап жатқан жұмыстарының кемшіліктерін
түзетуде мұғалімнің көмегі қажет ететін тұстары болды, сол кезде
ата-аналарға рақметімді айтқым келеді.Өткені ата-анамен тығыз
байланыс жасау арқылы баласына көмектескен кезер де болды. Мен
оқушыларға сабақ беру арқылы өзім де ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды және телекоммуникациялық құралдармен жұмыс жасауда
білімімді толықтырдым.