Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек пәнінің маңыздылығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы,Талдықорған қаласы Еркін ауылындағы Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Мұратбеков Қайрат Мұратбекұлы

КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс- әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады. Бұл тəсілдеме пəндік білімді, əлеуметтік жəне коммуникативтік дағдыларды ғана емес,сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де меңгеруге ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу жəне серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады. «Көркем еңбек» пəні оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық түрде қабылдауларын қалыптастыруға бағытталған. Көркем еңбек сабағында оқушылардың оқуға деген қызығушылықтары артып қана қоймай, алған білімдерін іс-әрекетте, рухани өмірде, қоғамдық қатынастарда қолдана алады деп ойлаймын. Сол себепті де осы көркем еңбек сабағында іске асқан іс-әрекеттердің бәрі дерлік тұлғаның барлық қажетті сапаларын қалыптастыруға көмектеседі.

«Көркем еңбек» пәнінің маңызы

«Көркем еңбек» пәні адам санасының білімнің басқа салалары қамтымайтын қырларына қатысты: визуалды нысанды эстетикалық қабылдау».

«Көркем еңбек» пəні бағдарламасы:

- өнер түрлерін кіріктіру арқылы пəндік білімдерін, дағдылары мен түсінігін дамытуға;

- ұлттық жəне əлемдік көркем мəдениеттегі өнерінің шығармаларымен таныстыру арқылы адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға;

- еңбекті жоспарлау жəне ұйымдастыру дағдыларының дамуы мен алғашқы технологиялық білімдердің қалыптасуына;

- сенсориканың, қолдың моторикасының, байқағыштықтың, елестетудің, қиял мен шығармашылықтың дамуына;

- бірлескен шығармашылық жұмысты орындау барысында ұжыммен жəне топпен жұмыс істеу дағдыларын меңгеруге бағытталған;

Бағдарлама бойынша оқу арқылы оқушылар келесілерге қол жеткізеді:

- ұлттық жəне əлемдік мəдениетінің көркем өнер шығармаларын, ондағы берілген идеялар мен құндылықтарды зерттеу жəне талдау;

- өз жұмысын ұйымдастыра білу: мақсатын анықтау, жұмыс кезеңдерін айқындау, қажетті құралдарды табу, өз жұмысының нəтижесін бақылау жəне бағалай алу;

- көлемді жəне жазықтықтағы көркем жұмыстарды шығармашылық тұрғысынан жасау үшін алынған білім мен дағдыларды қолданады;

- зерттеу, эксперимент жүргізу барысында əртүрлі ресурс түрлерін, оның ішінде АКТ құралдарын қолдана білу;

- шығармашылық өнімді жасау үшін материалдар мен құралдарды дербес жəне сенімді қолдану, материал қасиеті мен жұмыс нəтижесінің ерекшелігі арасындағы байланысты түсіну;

- алған тəжірибесінің негізінде өнердегі түрлі техникалар мен тəсілдерді дербес қолдану;

- өз идеясы мен жұмысына қатысты түсініктеме беру жəне конструктивті ұсыныс қабылдау;.

Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні оқушылардың функционалды сауаттылығын қалыптастырады. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі — «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған деп ойлаймын.

 










































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.10.2018
2243
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі