Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту (Жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал)
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Алматы облысы білім басқармасының «Еңбекшіқазақ ауданы бойынша

білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

«Бөлек батыр атындағы орта мектеп»коммуналдық мемлекеттік мекемесі















Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту

(Жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне әдістемелік құрал)

Көркем еңбек пәнінің мұғалімі: Джуманова Айман Омантаевна

Picture 2 Shape1











Ақши ауылы 2026 жыл





«Бекітемін»

Мектеп директоры: Г.Д.Джанпейсова

«______» ____________2026жыл

















Көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту

(Жалпы білім беретін мектептердің көркем еңбек пәні мұғалімдеріне)

Автор:Джуманова Айман Омантаевна





























«Ұсынылды»

Сараптау комиссиясының шешімі

«______» ____________2026 жыл



Алғы сөз!

Қазіргі білім беру кеңістігінде оқушыларды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу – аса маңызды міндеттердің бірі. Ұлттық мәдениет пен рухани мұраны жас ұрпақтың бойына дарыту арқылы ғана елін, жерін сүйетін, саналы әрі шығармашыл тұлға қалыптастыруға болады. Осы орайда мектептегі көркем еңбек пәні ұлттық тәрбиені жүзеге асырудың тиімді құралы болып табылады. Көркем еңбек сабағы оқушыларды еңбекке баулумен қатар, халқымыздың бай мәдени мұрасымен, дәстүрлі қолөнерімен, ұлттық ою-өрнектерімен және эстетикалық құндылықтарымен таныстырады. Сабақ барысында орындалатын практикалық жұмыстар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық өнерге деген қызығушылығы мен құрметін арттырады. Осы әдістемелік құрал көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналып, ұлттық құндылықтарды оқу үдерісіне жүйелі түрде енгізуге әдістемелік көмек көрсету мақсатында құрастырылды. Құралда сабақта қолдануға ыңғайлы әдіс-тәсілдер, тапсырма үлгілері мен практикалық ұсыныстар берілген. Материалдар мұғалімнің күнделікті жұмысында тиімді пайдалануға бағытталған.

Ұсынылып отырған әдістемелік құрал мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттырып, көркем еңбек сабақтарының тәрбиелік мәнін күшейтуге және оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеуге ықпал етеді деп сенемін!













КІРІСПЕ

Қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу. Осы тұрғыда көркем еңбек пәні – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытумен қатар, ұлттық мәдениетке, салт-дәстүрге, эстетикалық талғамға баулитын маңызды пәндердің бірі.

Бұл әдістемелік құралда көркем еңбек сабақтары арқылы оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды дарытудың тиімді жолдары, нақты әдіс-тәсілдер мен тапсырма үлгілері ұсынылады. Құрал жеңіл тілде, тәжірибеде қолдануға ыңғайлы етіп құрастырылды.

1-БӨЛІМ. ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МАҢЫЗЫ

1.1 Ұлттық құндылық ұғымы

Тәуелсіз еліміздің оқушыларын отансүйгіштікке тәрбиелеудің сан алуан жолдары бар. Солардың бірі – салт – дәстүрімізді дәріптеу жұмыстарын пайдалану арқылы тәрбиелеу. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінің оқу – тәрбие үрдісінде, сыныптан тыс іс – шараларда отансүйгіштік сезімді дамытуға, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, туған жер, атамекен, атадан келе жатқан әдет ғұрыптарды оқушылардың бойына қалыптастырып, жүзеге асыру керек. Елбасы «Мәңгілік Ел жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек» екенін атап көрсетті.

«Мен халқымның тағылымы мол тарихы мен ықылым заманнан арқауы үзілмеген ұлттық салт-дәстүрлерін алдағы өркендеудің берік діңі ете отырып, әрбір қадамын нық басуын, болашаққа сеніммен бет алуын қалаймын. Бұл ретте, тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтер едім» деп жолдап еді Елбасымыз «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы жолдауында «Мәңгілік Ел жас ұрпақтың тұла бойына ұлттық құндылықтың ұрығын себу бүгінгі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін мектеп қабырғасының әр сабақ әр іс-шарасында түрлендіріліп, жаңа заман талабына сай қолдана алған жағдайда ғана біз бере аларымыз сөзсіз. Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына ада қызмет етуге ұмтылады».  Пәндерді оқыту окушылардың рухани-адамгершілік қасиеттерін және патриоттық сезімдерін, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде жүзеге асыруға деген ұмтылысын, азаматтық жауапкершіліктерін қалыптастыруға, ұлттық өзіндік сана мен төзімділікті дамытуға, зайырлы құндылықтарды нығайтуға және жастардың терроризм мен экстремизм идеологиясын саналы түрде қабылдамау, этносаралық және мәдениетаралық байланыс жағдайында қарым-қатынас жасау біліктілігін қалыптастыруға бағытталған. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту процесі оқу қызметінің барлық түрлерінің нәтижелілігін оқу материалын меңгерудің процесуалды жағын және жеке тұлғалық қасиеттердің пайда болуын есепке алатын бағалаудың жаңа жүйесін енгізуді айқындайды. Функционалдық сауаттылық біліммен, іскерлікпен және дағдылармен ғана шектелмей, солардың негізінде әр елдің өзіндік ерекшеліктері ескеріле отырып, қалыптасатын құзыреттіліктермен анықталады. 


1.2 Көркем еңбек пәнінің тәрбиелік мүмкіндіктері


Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік (Отанға және халқына деген сүйіспеншілік, елінің жетістіктері үшін мақтаныш, Қазақстан мүддесіне қызмет ету) бірінші құндылықты біз өз көркем еңбек сабағымызбен байланыстыратын болсақ, қазақтың ұлттық тағамдары, ұлттық ойындары, салт – дәстүрлері мен ою – өрнектерінің өзінде тұнып тұрған тәрбие бар. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Осы тұрғыда мен мектеп оқушыларымен бірге “Қазақтың сәулет өнері” атты көрме ұйымдастырдық. Көрменің мақсаты оқушыларға қазақтың салт дәстүрлері, батырлары, аспаптары, ою – өрнектерін қайта жаңғырту арқылы оқушылар бойында патриоттық сезімді ояту.

Жалпыға бірдей еңбек қоғамы бұл біздің екінші құндылығымыз. Еңбек және шығармашылық (өз жүмысын ұйымдастыра білу, белсенділік, бастамашылдық, адалдық, жұмысқа құлшыныс, үздік нәтижелерге жету). Еңбек адам баласы жер шарында пайда болған кезден бастау алады. Біздің пәнмен ұштастыра айтылған құндылығымыз біз баланы әр сабақ барысында түрлі тапсырмаларды орындату арқылы еңбекке шығармашылыққа баулып жатырмыз. Мен әр сабақ барысында оқушының білім, білік, дағдысын қалыптастыру мақсатында әр түрлі әдіс тәсілдерді пайдаланымын. Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз.


1.3 Ұлттық тәрбиенің сабақтағы орны

Мектепте көркем еңбек сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.


2-БӨЛІМ. КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ДАРЫТУ ӘДІСТЕРІ

Көркем еңбек пәнін өткізуде көптеген жаңа технологияларды пайдаланып, оқушының жаңа материалды толық игеруіне баса назар аударудамыз. Бұл жаңа технологияларды негізгі үш топқа бөліп қарастыруымызға болады: 1. Ойындық технология - мәнді өмір жағдаяттарын үлгілеу және оның шешімін іздестіруге құрылады. Жетекші әдісі – ойын. Оны ұйымдастыру түрлері: іскерлік, рөлдік, оқиғалық және білімдік ойындар. 2. Коммуникативтік технология – мүмкін болған барлық ақпарларды қатыстыра отырып, оқу үрдісі оқушының өзара белсенді әрекетіне, қатынасына құрылады. Жетекщі әдісі – қарым – қатынас. Оны ұйымдастыру түрлері: өзара, жұптық, топтық оқу т.б. 3. Зерттеу технологиясы – проблемалық ізденіске, жаңалықтар ашуға құрылады. Жетекші әдісі – проблемалық оқыту әдісі. Осылармен бірге саралап, жеке дара, жеделдетіп оқыту, оза оқыту, деңгейлеп оқыту, оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар көп қолданыс табуда. Бұл технологиялардың бәріне ортақ, негізгі мақсаты – жеке тұлғаны дамыту, оқуға шығармашылық ендіру, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық, өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастың пайда болуы, т.б.

Қазақ халқының қолөнерінің арнасы кең, түрі сан алуан. Халқымыздың өмір тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын. Өнердің басқа да түрлері секілді қолданбалы қолөнері технология пәнінде ұлттық ою-өрнекті қастерлеуге жол ашады. Дәстүрлі қазақ өнерінің ерекшелігін айтқанда, қазақ өміріндегі ежелден дамыған ою-өрнек ерекше эстетикалық сезімді үнсіз айғақтайды. Ою-өрнектің көнеден келе жатқанын дәлелдейтін бұйымдар мұражайларда сақталуда.Адамдар ертеден-ақ өздерін қоршаған айнала дүниені тасқа бейнелеген, бертін келе киім-кешектеріне, қолданатын бұйымдары меныдыстарға қарапайым сурет ретінде салған, осылай бірте-бірте ою-өрнек пайда болды.

Ою-өрнек халықпен бірге жасасып, оның рухани материалдық игілігіне айналып келеді. Бүгінгі таңда қайта дамып, бай мазмұн, жаңа түр тауып, өнер саласында биік деңгейде дамуда. Өнер өшпейді, сөнбейді, көнермейді. Әрбір сабақта кәсіпке оқыту әрбір оқушының өмірі үшін өте қажет деп санаймын. Өйткені талаптанған бала әрқашан өз мақсатына жетеді. Қазіргі заманғы мектептің алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі-оқушыларда білім мен шеберліктің қалыптасуы болып табылады. «Жасөпірімнің дербестігі педагогикалық мақсатқа бағытталса, жақсы нәтижелерге жеткізеді, жауапкершілік сезімін арттырады, шығармашылық бастаманы дамытады, оны белсенді етеді»,- деп жазды.

Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты-мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт-дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігімен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздардың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұрмыс –тіршіліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата-бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау-баршамыздың парызымыз. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана-сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу-ұлтжанды ұлғатты ұстаздардың абыройлы ісі.

Ұлттық тәрбие беру бесігіндегі оқушылардың ата-баба дәстүрін, мәдениетін, қолөнерін және азаматтық арнадағы асыл қасиеттерін еңбекке баули отырып, жан-жақты эстетикалық тәрбие беру, мәдени мұраны жүйелі меңгеруге, рухани мұрасын бағалай білуге тәрбиелеу мүмкіндіктері қарастырылады. Сондықтан оқу-тәрбие жұмысының барысында, технология сабағында оқушыларға кәсіби технология пәнінің үйірме жұмыстарында халқымыздың ұлттық қолөнерін халқымыздың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен таныстыра отырып, оқушының іскерлігін, дағдысын, еңбекке деген ынтасын қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қою- біздің міндетіміз. Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу- қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылады. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады. Өнер мен білім беру ісін бір-бірімен ұштастырып, бала санасына ұялатуда үлкен жүрек , мол іждағат, мейірімділікпен қоса, кәсіби дарын ізденімпаздық, іскерлік керек екендігін баса айтуымыз керек.


2.1 Көрнекілік әдісі

Сабақта ұлттық бұйымдар, суреттер, бейнематериалдар қолдану оқушының қызығушылығын арттырады.

Мысал:

  • ұлттық киім үлгілерінің суреттері;

  • қазақтың ою-өрнек түрлері;

  • қолөнер бұйымдары.

Көрнекілік әдісі көркем еңбек сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырып, оқу материалын жеңіл әрі тиімді меңгеруіне мүмкіндік береді. Ұлттық мазмұндағы көрнекі құралдар оқушылардың қабылдауын жақсартып, олардың ұлттық мәдениетке деген танымын кеңейтеді. Сабақ барысында көрген ақпарат оқушының есте сақтау қабілетіне оң әсер етеді және шығармашылық жұмысқа ынталандырады.

Көрнекілік әдісін қолдану арқылы мұғалім оқушыларға халқымыздың дәстүрлі өнерін, тұрмыс-салт бұйымдарын, ұлттық киімдер мен ою-өрнектердің ерекшеліктерін нақты үлгілер арқылы түсіндіреді. Бұл әдіс әсіресе бастауыш және орта буын сынып оқушылары үшін өте тиімді.

Көрнекілік құралдарының мысалдары:

Қазақтың ұлттық киім үлгілерінің суреттері (сәукеле, камзол, шапан, тақия т.б.);

Қазақтың дәстүрлі ою-өрнек түрлері («қошқар мүйіз», «сыңар мүйіз», «түйе табан», «ирек»);

Ұлттық қолөнер бұйымдары (алқа, білезік, тұскиіз, алаша, кестелі бұйымдар);

Бейнематериалдар мен слайдтар (қолөнер шеберлерінің жұмысы, бұйым жасау кезеңдері).

Сабақта көрнекі материалдарды қолдану кезінде мұғалім әр бұйымның шығу тарихына, қолданылу мақсатына және мағынасына қысқаша тоқталып өтсе, оқушылардың қызығушылығы арта түседі. Сонымен қатар көрнекілік әдісі оқушыларды өз бетінше ойлануға, салыстыруға және шығармашылық жұмыс орындауға жетелейді.

Көрнекілік әдісін жүйелі қолдану көркем еңбек сабағының мазмұнын байытып, ұлттық құндылықтарды оқушылардың санасына тереңірек сіңіруге мүмкіндік береді.

2.2 Практикалық әдіс

Практикалық әдіс – көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылардың бойына дарытудың ең тиімді тәсілдерінің бірі. Бұл әдіс арқылы оқушылар теориялық білімді тәжірибемен ұштастырып, ұлттық өнер элементтерін өз қолымен жасап көру мүмкіндігіне ие болады. Практикалық жұмыс оқушының қызығушылығын арттырып, шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал етеді.

Сабақ барысында оқушылар ұлттық қолөнерге тән элементтерді орындау арқылы халқымыздың тұрмыс-салт мәдениетімен жақынырақ танысады. Өз қолымен жасаған бұйым оқушыға ерекше әсер қалдырып, ұлттық өнерге деген құрметін қалыптастырады.





Практикалық әдісті қолдану жолдары:

  • қағаз, картон, мата, киіз сияқты материалдардан ұлттық нақыштағы бұйымдар жасау;

  • ұлттық ою-өрнектерді қиып, жапсыру немесе бояу арқылы бейнелеу;

  • табиғи материалдарды (жүн, ағаш, тас, дәндер) пайдаланып шығармашылық жұмыс орындау.

Тапсырма үлгілері:

1.Қағаздан «қошқар мүйіз», «түйе табан» оюларын қиып, композиция құрастыру;

2.Матаға немесе қағазға ұлттық ою-өрнек салып, оны бояу;

3.Картоннан немесе киізден шағын ұлттық бұйым (дорба, білезік макеті, тұмарша) жасау.

Практикалық жұмыс барысында мұғалім оқушыларға бағыт-бағдар беріп, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертуі қажет. Сонымен қатар оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріп, шығармашылық еркіндігін шектемеу маңызды.

Практикалық әдісті жүйелі қолдану нәтижесінде оқушылардың еңбекке деген ынтасы артып, ұлттық құндылықтарды тәжірибе арқылы тереңірек меңгеруіне жағдай жасалады.

2.3 Әңгімелеу және түсіндіру әдісі

Әңгімелеу және түсіндіру әдісі көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтардың мән-мағынасын оқушыларға жеткізудің маңызды тәсілі болып табылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларды ұлттық қолөнер бұйымдарының шығу тарихымен, қолданылу ерекшеліктерімен және олардың тәрбиелік мәнімен таныстырады.

Сабақ барысында мұғалім әрбір ұлттық бұйымға немесе ою-өрнекке қысқаша сипаттама беріп, оның қандай мақсатта қолданылғанын, қандай мағынаны білдіретінін түсіндіреді. Мысалы, «қошқар мүйіз» оюының молшылық пен берекені білдіретіні, ал «түйе табан» оюының төзімділік пен күштің белгісі екені туралы мәлімет беру оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтеді.

Әңгімелеу әдісі оқушылардың тыңдау, ой қорыту және сұрақ қою дағдыларын дамытады. Сонымен қатар бұл әдіс көрнекілік және практикалық жұмыстармен қатар қолданылғанда сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың қызығушылығын арттырады.

2.4 Шығармашылық жұмыс әдісі

Шығармашылық жұмыс әдісі оқушылардың жеке қабілеттерін ашуға, өз ойларын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл әдіс арқылы оқушылар ұлттық нақыштағы элементтерді пайдалана отырып, өз қиялымен жаңа туындылар жасайды.

Сабақта оқушыларға еркін тақырыпта ұлттық мазмұндағы шығармашылық жұмыс ұсыну олардың дербес ойлауын, эстетикалық талғамын және өнерге деген сүйіспеншілігін қалыптастырады. Мұғалім оқушының жұмысын шектемей, тек бағыт-бағдар беруші рөлін атқарады.

Шығармашылық жұмысқа ұсынылатын тапсырмалар:

  • ұлттық ою-өрнектерді пайдаланып, ашықхат немесе панно жасау;

  • «Менің ұлттық бұйымым» тақырыбында сурет салу;

  • заманауи бұйымға (қаламсауыт, сөмке, дәптер мұқабасы) ұлттық өрнек жобалау.

Бұл әдіс оқушылардың өзіндік ерекшелігін дамытуға, ұлттық өнерді заманауи тұрғыда қабылдауына ықпал етеді.

2.5 Топтық жұмыс әдісі

Топтық жұмыс әдісі оқушылардың бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, ынтымақтастық пен ұлттық бірлік сезімін арттырады. Топпен жұмыс барысында оқушылар бір-бірінің пікірін тыңдап, ортақ шешім қабылдауға үйренеді.

Көркем еңбек сабағында топтық жұмыс ұлттық мазмұндағы тапсырмаларды орындау кезінде тиімді нәтиже береді. Әр топқа белгілі бір ұлттық тақырып немесе бұйым ұсынылып, оны бірлесе орындау тапсырмасы беріледі.

Топтық жұмыс тапсырмаларының үлгілері:

  • әр топқа әртүрлі ою-өрнек түрін зерттеп, оны жұмыс барысында қолдану;

  • «Ұлттық бұйымдар» тақырыбында топтық композиция жасау;

  • киіз үй макетінің бөліктерін топпен құрастыру.

Топтық жұмыс оқушылардың өзара қарым-қатынасын нығайтып, жауапкершілік сезімін арттырады. Сонымен қатар бірлескен еңбек арқылы оқушылар ұлттық құндылықтардың маңызын тереңірек түсінеді.

3-БӨЛІМ. САБАҚ БАРЫСЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР

Бұл бөлімде көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды дарытуға бағытталған нақты тапсырмалар үлгілері берілген. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қарапайымнан күрделіге қағидасы бойынша құрастырылды.

3.1 Ою-өрнек салу және мағынасын ашу

Мақсаты: Оқушыларды қазақтың дәстүрлі ою-өрнек түрлерімен таныстыру, олардың мағынасын түсіндіру және бейнелеу дағдыларын дамыту.

Тапсырманың мазмұны: Оқушыларға қазақтың кең таралған ою-өрнек түрлері таныстырылады. Мұғалім әр оюдың атауына, шығу тарихына және мағынасына қысқаша тоқталады. Оқушылар берілген оюларды қағаз бетіне салып, бояу арқылы безендіреді.

Қолданылатын ою-өрнектер: «Қошқар мүйіз», «Сыңар мүйіз», «Түйе табан», «Ирек».

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық ою-өрнектерді ажырата алады, олардың мағынасын түсінеді және шығармашылық жұмыс барысында қолдана алады.

3.2 Ұлттық бұйымның макетін жасау

Мақсаты: Ұлттық тұрмыс бұйымдарының құрылымын түсіндіру және практикалық жұмыс арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тапсырманың мазмұны: Оқушылар картон, қағаз және түрлі қолжетімді материалдарды пайдалана отырып, ұлттық бұйымның макетін жасайды. Сабақ барысында мұғалім киіз үйдің немесе басқа ұлттық бұйымдардың бөліктері туралы түсінік береді.

Тапсырма үлгілері:

Киіз үй макетін жасау;

Сандық немесе домбыраның қарапайым үлгісін құрастыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық бұйымдардың құрылысын біледі, ұқыпты жұмыс жасауға үйренеді.

3.3 Ұлттық киім үлгісін жобалау

Мақсаты: Ұлттық киім түрлерімен таныстыру және сәндік жобалау дағдыларын қалыптастыру.

Тапсырманың мазмұны: Оқушыларға қазақтың ұлттық киімдері туралы мағлұмат беріліп, олардың ерекшеліктері түсіндіріледі. Әр оқушы немесе топ ұлттық киімнің эскизін салып, оны ұлттық өрнектермен безендіреді.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық киім элементтерін таниды, сәндік талғамы дамиды.

3.4 Табиғи материалдармен шығармашылық жұмыс

Мақсаты: Табиғи материалдарды тиімді пайдалану арқылы ұлттық нақыштағы бұйым жасау.

Тапсырманың мазмұны: Оқушылар жүн, ағаш, кепкен жапырақ, дәндер сияқты табиғи материалдарды қолданып, шағын композиция немесе бұйым жасайды. Мұғалім экологиялық тәрбиеге де назар аударады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар табиғатты аялау, материалды тиімді пайдалану дағдыларын меңгереді.

3.5 Сюжеттік композиция құрастыру

Мақсаты: Ұлттық мерекелер мен дәстүрлерді бейнелеу арқылы шығармашылық ойлауын дамыту.

Тапсырманың мазмұны: Оқушылар «Наурыз мерекесі», «Қазақ ауылы», «Ұлттық ойындар» тақырыптарының бірін таңдап, сюжеттік композиция салады.

Күтілетін нәтиже: Оқушылар ұлттық дәстүрлерді бейнелеу арқылы өз ойын еркін жеткізе алады.

4-БӨЛІМ. САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСТАНЫМДАР

1. Жас ерекшелігін ескеру

Тапсырмалар оқушының жасына сай болуы қажет.

2. Қарапайымнан күрделіге қағидасы

Алдымен жеңіл элементтер, кейін күрделі жұмыстар орындалады.

3. Ұлттық және заманауи бағытты үйлестіру

Ұлттық элементтерді заманауи стильмен ұштастыру.

4.Қауіпсіздік ережелерін сақтау

Қайшы, ине, желім қолданғанда қауіпсіздік нұсқаулығын сақтау.

5. Бағалау және мадақтау

Оқушылардың еңбегін бағалау арқылы ынталандыру.


5-БӨЛІМ. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ҚОЛДАНУ АЯСЫ

Бұл бөлімде көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды дарытуға бағытталған әдістемелік жұмыстың күтілетін нәтижелері мен оны қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Ұсынылған әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар оқушылардың тұлғалық дамуына, ұлттық сана-сезімінің қалыптасуына және шығармашылық қабілеттерінің артуына ықпал етеді.Әдістемелік құрал мазмұнын жүйелі қолдану нәтижесінде оқушылар:1.Қазақ халқының ұлттық құндылықтары, салт-дәстүрі, қолөнері мен мәдени мұрасы туралы білімін кеңейтеді;2ұлттық ою-өрнектер мен бұйымдардың мағынасы мен ерекшеліктерін ажырата алады;3 көркем еңбек сабағына деген қызығушылығы артып, шығармашылық белсенділігі дамиды;еңбекке ұқыптылықпен қарау, бастаған ісін соңына дейін жеткізу дағдыларын қалыптастырады;эстетикалық талғамы артып, әсемдікті сезіну қабілеті дамиды;ұлттық өнерге, мәдени мұраға құрметпен қарауға үйренеді;4топпен және жеке жұмыс жасау барысында өз ойын еркін жеткізе алады.

5.2 Мұғалім үшін күтілетін нәтижелер

Әдістемелік құралды пайдалану мұғалімге:

көркем еңбек сабақтарының мазмұнын ұлттық бағытта жүйелі жоспарлауға;

сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға;

оқушылардың шығармашылық қабілеттерін ашуға және дамытуға;

оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық тәрбиені мақсатты түрде жүзеге асыруға;

сабақ сапасын арттырып, оқушы белсенділігін көтеруге мүмкіндік береді.












ҚОРЫТЫНДЫ


Қорытындылай келе, көркем еңбек сабағында ұлттық құндылықтарды оқушылар бойына дарыту – жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеудің маңызды әрі тиімді жолдарының бірі болып табылады. Ұлттық мәдениет пен өнер элементтерін сабақ мазмұнына жүйелі енгізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеті дамып, ұлттық сана-сезімі қалыптасады.Ұсынылған әдістемелік құралда берілген әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар мұғалімнің күнделікті жұмысында пайдалануға ыңғайлы және тәжірибеде сыналған. Көрнекілік, практикалық, шығармашылық және топтық жұмыстарды үйлестіре қолдану сабақтың мазмұнын байытып, оқушылардың қызығушылығын арттырады. Бұл әдістемелік құрал көркем еңбек пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек көрсетіп қана қоймай, оқу-тәрбие үдерісінде ұлттық құндылықтарды тиімді жүзеге асыруға бағыт береді. Мектепте көркем еңбек сабағын халықтық педагогикамен ұштастырудың маңызы зор. Еңбек оқушылардың ең бірінші өмірлік қажетіне айналу үшін, еңбек ету талабын адамның бойында тәрбиелеудің зор маңызы бар. Бұл міндет- адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігімен мүддесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек.


Болашақ ғасыр иегерлерінің дені сау, терең білімді, жат қылықтардан аулақ болғаны, ұлттық құндылықтарымызды ұмытпай, жаһандық жаңашылдыққа жетелейтін біз үшін үлкен бақыт. Сондықтанда осы тақырып аясында әрбір сыныптың танымдық қызығушылығының тәжірибесі мен даму дәрежесі әртүрлі. Ал әрбір сыныптағы әдіспен тәсіл оқушылардың танымдық қызметінің белгілі бір деңгейіне есептелінеді. Сондықтанда да оқушылардың танымдық, қабілеттерін дамыту үшін ілім – білімге ұмтылып, жан –жақты жетілген жөн. Осы тұрғыдан, қазақстандық қоғамда ынтымақтастық, бірлік пен келісім құндылықтарының, толеранттылық, инновацияларға ашық болудың дәстүрлерінің,

сондай-ақ орташа прагматизмнің болуы реформаларды іске асыруға берік негіз болады. 



































ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:


1. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты». Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан. 2012. 15 желтоқсан.
2. Қазақстан ғылымы: талдамалық шолу. Наука Казахстана: аналитический обзор. Астана, 2013. -3-бет

3. Қабдықайырұлы Қ. Оқытудың педагогикалық жаңа технологиясы: Оқу құралы. - Алматы: РБК, 1999. 5-бет

4. С. Нұрпейісов «Қазақ халқының ою-өрнегі»

5. С.Қ. Қасиманов «Ою-өрнек кешені»


12


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.03.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі