Материалдар / Көркем жазу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Көркем жазу

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларды көркем жазуға баулу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қаңтар 2019
586
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ң тақырыбы:    А а  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Сабақты  жұмбақтың  шешуін  табумен  бастау.

Менің  үшін  жақсы  адам,                                                                                                      Артық  көрем  басқадан,                                                                                              Апа, ата сөздерін                                                                                                            Қайсы  әріптен  бастаған?  (А)

  • А  дыбысы   қандай  дыбыс?

  • А дыбысынан  басталатын  сөздерді  ата.

  • Сыныбымызда кімнің  есімі  А  дыбысынан  басталған?

  • Көзімізбен көріп,  қолымызбен  жазсақ  бұл  не  болады? (Әріп)

А әрпінің  таңбалану  элементтерімен  таныстыру.                                     Тақтаға  бас  және  кіші  элементтерінің жазылуын  түсіндіру.                         Қолды  ауада  жаттықтыру.                                                                               Дәптермен   жұмыс:      Қолға  қалам аламыз

Дәптерімізді  ашамыз

Салақтықтан  қашамыз

Әдемі  етіп  жазамыз.

Сергіту  сәті:

Алатаудыңаясында                                                                                                          Алма  терді  Алмагүл.

Алуан бала арасында                                                                                 Артта қалмай, алда жүр.

Сабақты  қорыту:     А дыбысы  қандай дыбыс.

Буын  жалғасын  тап.

Ал- ..

  Ар-..

  Ай-..

Ап-..

 

А дыбысынан басталатын  қала аттарын ата.

Күні:

 

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Т т  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Суреттердегі  берілген  жануарларды  атау.    Түлкі,  тарақ  табақ, тауық,   тырна, тиін.

.Суреттердің  қандай  ұқсастығы  бар?   а/  барлығы екі  буындық  сөздер.  ә/  барлығы  Т  дыбысынан  басталған.

Т  дыбысы  — дауыссыз  дыбыс.  Сөздің  барлық буындарында келеді.

Бастайды ол  «таңды» да,                                                                               Бастайды ол «талды» да.                                                                                          Келіп  тұрған  қай  әріп,                                                                                           «Тау» мен «тастың»  алдында?  (Т)

Дәптермен  жұмыс:

Т  дыбысының  элементтерін  тақтаға  жазып түсіндіру.

Қолды   ауада  жаттықтыру.

Буындық  диктант.  Ат   та  А-та  ат-та

Ауызша  сөзжұмбақтың  жауабын  табу.

Т

а

1.       Далада  болатын қатты зат2.       3 пен 5 сандарының арасындағы сан

3.       Жыл құсының  бірі

с



т

ө

р

т



т

ы

р

н

а

 

Сабақты  қорыту: Есте сақтау  жаттығуы

Т  кәдімгі телеграф бағаны,                                                                                Кейде  оған  ұқсатасың балғаны.

Т  дыбысына  сөздер  айтып жарысу.

 

 

 

Күні:18.01

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    П п әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Жұмбақты  шеш:

Ата-анаңмен барып сен,                 Әр үйде бір қақпабар,                                                                            «Пілді» көрдің «парктен».                П- аумаған тап солар.                                                                               Осы атаулар , зер салшы,

Басталған  қай  әріптен?  (П)

«Пілдер»  мәтінін  оқу,   мағынасын  әңгімелеу.

«Сөз тізбек» ойыны:  (п) дыбысынан басталған  сөздерді  есіткенде  оң  қолмен  белгі  беру.   Пластилиннен жасадым: парашютті, пәуеске арба,парта, пеш,параходты,пианино,піл,пингвин,папханы,пышық, пияз,помидор,панаманы.

Дәптермен  жұмыс.   П  әрпінің  кіші,  бас элементтерінің  жазылу  үлгі

бойынша, орындалу тәртібін түсіндіру.

Қолды  ауада  жаттықтыру.

Буындық  диктант  орындау.  Ап, па, ап-та, а-па

 

Сергіту  сәті:

                            Қатуланса  қыс  күні,

                            Қарауылдап  суатты,

                           Фрак киіп үстіне,

                           Ән сап  тұрған  сияқты.

Жаңылтпашты кім тез  жаттай алады?

Пеш үстінде бес мысық,

Бес күзетші – бес пысық

Сабақты   қорыту:   Бүгін  қандай  әріппен  таныстық?

Қандай   сөздерді  үйрендік?

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Н н  және   ң  әріптері

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту, ерекшеліктерін аңғарту, дыбыстарды ажырата білуге,сауатты  оқуға,  жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Ас  біткенннің  анасы-                                Мен жүремін таңда да,

Қасиетті «нан»  осы.                                  Іңірде мен бармын.

Қайсы әріптен басталған,                         Мен жүремін шаңда да,

Соңғы әрпін де қарашы?(н)                      Сіңірде де мен бармын. (ң)

Н, ң  әріптері  дауыссыз  дыбыстар.  Н – дыбысы сөздің  барлық буындарында  келеді.  Ң — дыбысы  сөз  басында  келмейді.

Сөз  тізбек:    Н- Нан,  нар, нағашы,  нұр, намыс,  нау                                      Ң-  аң,  таң шаң,  маң,  жаңбыр, қоңырау,  іңір,  сіңір

Дәптермен  жұмыс.    Әріптердің  жазылу  емлесін  түсіндіру.

Қолды  жаттықтыру жұмыстарын  жүргізу.

Сөздік   диктант   орындау.                                                Нан, ана,  ар-на,  аң,  таң,     на,   ан

Жаңылтпаш  айтамыз.   Нау ма,  дау ма?

Нау  да  —  дау,

Дау  да —  нау.

 

А —  буынынан  басталатын  сөздерді  ата.1.Ана  сөзімен  мәндес  сөз.

2.Бала үшін  асыл жан

3.Әкеңнің әкесі саған кім болады?

4.Бал жинайтын еңбек қор жәндік.

Сабақты  қорыту:  Н,  ң  дыбыстары  қандай  дыбыстар?

Қандай  сөздерде  кездеседі?

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Ғ  ғ  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Жаңылтпаш  айту.  Ерекше  дыбысты  аңғару,  атау.

Талғат,  балға  тап,

Тағы да жаңғақ  шақ,

Шақсаң, сақ шақ.

Жұмбақтың  шешуін  тап.  Ұқсайды  өзі  шалғыға,

Елестет көз алдыңа.

Кәне , ойланып  табайық,

Болды екен бұл қай  әріп? «Ғ»

«Ғ»  дыбысына  сөздер  атау:   ғарыш,  Ғалым,  Ғабит  Ғазиз, ғылым,  ағаш,  таға,  жаға,  сағат,  қолғап.

Дәптермен  жұмыс:

Ғ  әрпінің  таңбалануын  түсіндіру.

Бас  және  кіші  элементтерінің  жазылуын  түсіндіру .

Қолды ауада  жаттықтыру.

Сөздік  диктант  орындау:  таға,  аға,  ана,  ата,  апа,  нан,  аң  таң

Адасқан  буындар

та

шы

аң

та

ап

ға

 

Сабақты  қорыту:   Ғ дыбысынан  басталатын  сөздерді  ата.

Ғ  дыбысы  қандай  дыбыс.

 

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Р  р әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  дыбыс ерекшелігін  ұқтыру. сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты оқуға, жазуға,  көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

  • Балалар  иттің  қалай  дыбыстайтынын  білесіңдер ме?

-Р-Р-Р-Р

Р – дыбысы  қандай  дыбыс?  Сөздің  қандай  буындарында  келеді?

«Ақылды  күшік»  мәтінін оқу.   Сұрақ  арқылы   түсінігін  толықтыру.

Тізбек  сөздер.

Раушан  гүлі  жамағат,                    Рауғашқа  аттанды,                                         Расында  ғажап-ақ!                         Рүстем  мен  Рауан.

Дәптермен  жұмыс:   Әріп  таңбалануын  түсіндіру.   Қолды  ауада  жаттықтыру.

Көшірме  диктант  жазу.  Дауысты  дауыссыз  дыбыстардың астын  тиісті  түстермен  сызу.

Сергіту  сәті:    Баратыным  —  қыр.

Қонатыным  —  гүл.

Теретінім  —  нәр.

Беретінім  —  бал.

Түсіп  қалған  әріпті  тап.

Тал  *  ат,      ар*а,       та*,    та* а,   пар*а,  ан * р,

Жұмбақ  шешуін тап

Зу  етіп  жоқ болған,

Соңында  от қалған.  (Ға*ыш)

Сабақты  қорыту:      Р  дыбысынан   басталатын  сөздерді  ата.

Р дыбысынан  басталатын кісі  есімдерін  айт.

 

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Л  л  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту, дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Мынау  —  доға  ,  қарайық,

Ұқсайды  оған  қай  әріп (л)

-Доп  қандай?   —  Ала, үлкен.

-Ешкінің  төлін  не  дейміз?   -лақ

Есте  сақтап,  жатқа  айту : Тастан  тасқа секірген

Ұзын , салпаң құлақты.

Қойдан маза  кетірген

Кім білмейді…?

Дәптермен  жұмыс:  Л әріп  элементтерінің жазылуын  түсіндіру

Қолды ауада  жаттықтыру.

Сөздік  диктант:   Ала, алға, арала, арша, алаша,

Ал, тал, пал, алға

Жұмбақ  шешу.  Балықта  бар да, нанда  жоқ,

Халықта  бар да, ханда  жоқ.  (л)

Лаулап жанған  ….Желбіреген  …

Балада да мен  …

Біледі  мен әр …

Керекті сөздер: бармын,жалауда,аула,алауда.

Түсіп қалған  сөзді  тап.

 

 

 

 

 

Сабақты  қорыту: тізбек сөздер: лашын,лама,Лана,ЛомбардЛайла.

                                 Л дыбысынан  басталатын  құс аттарын ата.

Л  қандай  дыбыс?

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:   У   у   әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Уық деген  немене?                          Уыз  жегің  келе  ме?                                       Қай   әріптен  атаулар                      Басталып  тұр  атаңдар? (У)

Тізбек  сөздер:Уәли, Уәлихан, Уфа, Украина,  уық,  уыз.  Хормен қайталау.  Жаңа  дыбысты  дыбыстау.

У  дауыссыз,  дауысты  дыбыста  болады.  Дауысты дыбыстан  бұрын және кейін  келсе  дауыссыз  дыбысты, ал дауыссыз дыбыстан кейін келсе дауысты дыбыс болып өзгеріп тұрады.

Су,  тау,  ауа,  тас,  ау,  аула,  науа,  тауар,

а ла

у

АС

та

Табиғат сырлары  сөзжұмбағын  шешу

 

 

 

 

 

Буын  жалғасын  тап:   та-   рау,   па- лау,  а- лау

Дәптермен  жұмыс:     У  әрпінің  жазылуын  түсіндіру.

                                       Қолды  ауада  жаттықтыру

Жұмбақ  шешуін  тап, жауабын  жаз:  Балықшының құралы,

                                                                Екі әріптен тқрады.

                                                               Бір әріпті жалғадым,

                                                               Содан тыныс алғаным. (Ау — ауа)

Сабақты  қорыту.   У дыбысы  қалай  өзгеріп  тұрады?

                                   У  әрпі  бар  сөздерді  атау.

 

 

 

 

Күні:

Көркем   жазу

Сабақтың тақырыбы:   Ш  ш  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Үрлеп  алып  ойнауға  болады,

Жинап алып,байлауға  болады. (шар)

Шар сөзін  қайталау, жаңа дыбысты  ажыратып  алу, сипаттама  жасау.

Ш әрпін айтсақ жасырмай,

Үш аша айыр басындай.

Сергіту сәті; Отырып – ақ орнымда                    Сен білмесең, егерде

Айдын  көлді кешемін                     Былай ескек есемін.

ш

а

р




Доп тәрізді

ш

а

р

а



Қыз  есімі

ш

ы

р

ш

а


Қысы –жазы бір түсте

ш

а

ғ

а

л

а

Су жағасындағы  құс

 

 Дәптермен  жұмыс.   Ш  әрпін  дәптерге  үлгі  бойынша  орындау.

  Көшірме  диктант      ал-ша ,  шала,  арша,  ура,  тула,  шар,

Дауысты дыбыстардың  астын  сыз.

Жаңылтпаштан  Ш  әрпі бар  сөздерді  атау.

Шаңқ – шаңқ етіп шағала,                  Шахматшы  болсаң  келешекте          Шабақ ілер жағада                              Шоқанды қане жеңе  ғой.

 

Сабақты  қорыту:   Ш  дыбысы  қандай  дыбыс

Ш дыбысы  кездесетін  сөздерді ата.

Шаттық, шалғы,  шырша  т б сөздерді буынға бөлу.

 

 

 

 












Күні:12.01.2018ж

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:  Ии  әрпін жазу

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін қалыптастыру

Жаңа   сабақ:

Ағайынды бала батыр,

Шомылуға бара жатыр.

Иінағаш.


Қылдырықтай бір нәрсе иретілген,

Басында арқаны бар сүйретілген.

Ине.

Ине , иінағаш  сөздері  қандай дыбыстан  басталып  тұр?

И  — дауысты дыбыс.  Ит, инелік, Игілік, Иса, Ибат, Ибалы т.б  сөздерді атау.

Келесі жұмбақты шешу Бір тілім боп туады Күннен күнге толады Дөп-дөңгелек болады

Түнде туады,. Суда дірілдейді.  (Ай)

Топтық тапсырма

1-топ. И дыбысына байланысты сөздерді ата.

2-топ Сөздерді буынға бөл

3-топ. Сурет бойынша әңгімелеу

Дәптермен  дұмыс:  И.й әріптеріне  мысалдар  жазу.

Қай әріпті   қоямын?

Т * ін

Та *

*не

К*ім

Т*ын

С*ыр

Ша*

И    й

И    й

И    й

И    й

И    й

И    й

И    й

Жаңылтпаштарды  есте сақтау, тез айту

Бар, май шайқа, Ителгі алмас күшті аңды, Байқа, жай шайқа. Ителгі аулар тышқанды.

Сабақты  қорыту:      И  әріптері келетін сөздерді  ата.

И әрпі сөздің   басында  келе  ме?



 

 

 

 


Күні:

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   О  о  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Орақ,  ожау, ошақ, орындық  сөздеріне дыбыстық  талдау  жасау,  жаңа дыьысты  атау.

О-  дауысты  дыбыс.  Сөздің  бас  буындарында  келеді.

Отан –Ана,   Отан – жер,    Отан- дана,    Отан – ел.

Жұмбақтар  шешу.

Оспан да өлең жаттады

Омар да.   өлең   жаттады

Қай әріптен басталған

Екеуінің аттары   О әрпі



Отта бар,

Барда жоқ,

Жоқта бар.    О  әрпі                       

Дәптермен жұмыс:     Әріптің  таңбалануын  түсіндіру.

Қолды  ауада  жаттықтыру.

Отар,  орал,  орау,  тор,  шолу, ой,  той, сай,  тай

Сабақты қорыту:    О дыбысынан  басталатын  сөздерге  мысал келтір.

Отан  туралы  мақалдар  айту

 

 

 

 

 







Күні:

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:  Қ қ   әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Оңға  қарай,                                                                                                                       Оқысаң да  —  бір  халық.

Солға  қарай                                                                                                             Оқысаң да  сол  халық  (Қазақ)

Жұмбақ  шешуін  талдау  арқылы  жаңа  дыбысты  бөліп алып Қ қ әрпімен  танысу.

Қ әрпіне  байланысты сөздерді атау.  Қала, қалам, калақ,  қамшы, құлып, қуыршақ, қамыс,  қайрақ,  қайық.  Қарындаш.

Сергіту  сәті;    Отырып – ақ орнымда                Сен білмесең, егерде

Айдын  көлді кешемін                     Былай ескек есемін.

-ра,  —  лам, — рындаш, — сық,

Дәптермен жұмыс.  Ө әріптерінің  жазылуын  түсіндіру.  Қолды  ауада  жаттықтыру.  Тақтаға   сөздер  жазу,  дыбыстық  талдау  жасау.

Жұмбақтар  шешу.

Кішкентай ғана бойы  бар,            «Қ» — дан бастап оқысаң,                                    Айналдырып киген  тоны  бар.      Қызыл  отқа табынам.                                  (Қой)                                                      (Қазан)

Сабақты  қорыту.  О  дысына  байланысты  сөздерді  ата.

О дыбысы  қандай  дыбыс.

 

Күні:

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   Д  д  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Дың – дың  қоңыраумын,                              Дың- дың соғыламын,

Дың – дың мектепке                                     Дың-дың шақырымын.

-Қоңырау  дыбысын  қайталау.  Бірінші  дыбысты  анықтау.

Д    дауыссыз  дыбыс.

  • Д дыбысынан басталатын қандай  сөздерді  білеміз?

Жұмбақтар  шешу

Алыстағы  қоянды,                         Тиіп  кетсе  ән  салған,                                 Алдыңа  әкеп  қояды.                     Даусына ел тамсанған.

(Дүрбі)                                               (Домбыра)

Дәптерімізді ашамыз,                                   Қолға  қалам аламыз.                      Салақтықтан  қашамыз                                 Тап-таза етіп  жазамыз.

1.Д  әрпінің  жазылуын   түсіндіру

2.Сөздік  диктант   жазу.   Дос,  доп,  дала,  доға,  Дулат,  Досай,

Дастарқан,  Дана,  Данажан.

-бол-ға

-пан

ҚарШол

Дос

Адасқан  буындар

 

 

 

 

Сабақты   қорыту. Жаңылтпаш  Дегелек-ау, дегелек

Дамылдасын деген ек

Дауысты дыбыстарды  ата.

 

 

Күні:

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   М  м  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Үстінде  үйдің                                        Бас  салмақ болып,

Тұр еді мысық,                                       Ыршыды мысық.

Қасына келді                                          Жөнелді торғай                                         Бір торғай ұшып.                                   Пыр  етіп  ұшып.

Мысық   қандай  дыбыс  шығарады?

Оқушылардың жауабын тыңдап болып М дыбысының таңбасын көрсету, жаңа әріппен таныстыру.

Дәптермен  жқмыс;   а/ М әрпінің  баспа,  жазба  түрлерін  көрсете отырып жазба элементтерінің орындалуын түсіндіру.   ә/ Қолды  ауада  жаттықтыру.

ратнас

 

маша

қа

тарал

са

Буындарды  байланыстырып  орындау

 

 

 

 

 

Жұмбақ шешуін табу. Титтей егесің,               Темір  қалып,

Қаның төгесің.              Іші толған әріп.

(маса)                  (машинка)

Сабақты  қорыту:  М дыбысынан  басталатын  қандай  сөзденрді  білеміз.   Мақалдар  айту.  Мағынасы туралы  әңгімелеу.

 

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   Б  б  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Қарсы  алғанда  мамасы                                                                            Мектебінен  Қошайды,                                                                                              «Бес»  алған  -ау, шамасы,

Бес саусағы   шошайды.

Бес,  бір  сандарының  бірінші  дыбысын   тап.  Балық, бесік,  бал  т.б сөздерді  атау, дыбыстық талдау  жасау.

Дәптерге  Б дыбысының  таңбасын  түсіру.  Сөздік  диктант  орындау.  Бақыт  Бауыржан.Берік  Балауса. Бану  Батыр Балжан,балық бақа,бауыр,бұлбұл,

Жұмбақтар   шешу.

Қызықтырып  әркімді-ақ,                       Иесі  оның  сәби,

Суда жүзер жалтылдап.                          Әрі  төсек,                                              «Б» әрпінен  басталған,                           Әрі  үй.  (бесік)                                        Сол жәндіктің атын  тап?  (балық)

Тізбек  сөздерді  бірге  қайталау

Бүгін Бекен,Берік,Биғаш,Биғайша бәріміз балар бақшасына барып бүлдіршін балдырғандарға бауырсақ бүлдірген бердік.

Сабақты  қорыту:     «б»  дыбысынан  басталатын  қандай  сөздерді  білеміз.   Б  дыбысы   қандай  дыбыс.

Сөздың  қай  буындарында  келеді?

 

 

 

 

 








































Күні:22.04.2016ж

Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   Цц  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Сабақты    әңгімемен  бастау.

Самат секіріп  ойнап, өзенге қарай келе жатты. Жол  бойында өзіне қарай айбат шегіп тұрған жыланды  көріп, тоқтай  қалады. Жылан басын көтеріп, ысылдап  тұр. Баллар, сонда жылан  қандай дыбыс  шығарып  тұр?   Оқушылардың  жауабын  есту  арқылы  «С» дыбысына  байланысты  сөздер айту.

Сара  келіп сабақтан,                            Сексеуілді сындырды.                            Сан шаруаны тындырды:                     Сазан балық қуырды,                                      Самауырға салатын                               Сауды сары сиырды.

Дәптермен  жұмыс:   С  дыбысының  таңбасымен  таныстыру.  Жазылу  элементтерін  түсіндіру.  Қолды  ауада  жаттықтыру.

Буындық, сөздік  диктант  орындау.  Дауысты,дауыссыз дыбыстарды  табу,астын сызу.

Са,  су, со,  ас, ос, ус, асу, осу, салу,  сту,  сат,  сап,  суат,  сула. Саламат. Сайлау.Сағила. Сара. Самат. Сабит .Сағи

Жұмбақ шешу.

Тілі  бетінде,                                Аспанға   да ұшады,                      

   Сөзі шетінде.(сағат)                 Жергеде сіңіп батады. (су)

Сабақты  қорыту:   «С» дыбысына  байланысты  қандай сөздерді  білеміз?     С  дыбысы  қандай  дыбыс?

 

 

 














Күні:










Тексерілді:

19.11.2015.



Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:   Ы  ы әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Сабақты  жұмбақтың  шешуін табумен  бастау.

Кесе, шыны,  пиала.                                                                                                             Оларсыз шай құя ма?                                                                                                                 Қасықсыз тамақ жемейміз.                                                                                       Бәрінің  атын  не дейміз?   (ыдыс)

Сөзді  бірнеше  рет  созп  айту.   Ы  дыбысының  таңбасымен  таныстыру.  Баспа,  жазба  түрлерімен  таныстыруһып,  жазылуын  тақтаға  жазып  түсіндіру.

Дәптермен  жұмыс:   Қолды  ауада жаттықтыру.

Сөздік диктант  орындау.Ыдыс, ықылас, ылғи,  қасық,  табыс,  дыбыс, ырыс,  шырша

Бес    саусақ                                                                              Бас бармақ, қойды  баға  ғой,                                             Сұқ саусақ, шөпті шаба ғой,                                                   Ортан қол, суға бара ғой,                                                    Аты жоқ  қолға жұмыс жоқ,                                                   Шынашақ ұйықтап қала ғой!

Жаңылтпаштар  айту.Ықылас пен  Жасыбай,                           Ыбылжыған  қимылы                     Ыдыстарын тасымай,                          Ығыр қылды  сыйлы  іні.                             Ырыскүлден үлгі алма                           Ысқырығын жоғалтып                                    Ынтасыз жүр тілді алмай.                  Ыдыс іздеп бір күні.                           Сабақты   қорыту:   Қандай  дыбыспенен  таныстық?     Ы  дыбысынан  бастаталын қандай сөздерді  білеміз?





Көркем  жазу

Күні: 28.11.2015 жыл

Сабақтың тақырыбы:   Ж  ж әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Сабақты аңыз  әңгімемен  бастау.

Ертеде орманда бір жолбарысс тіршілік  етіпті.жолбарыс аяңдап келе жатса,ағаштың қасынды жираф жайбарақат  шөп жеп  тұр екен.жолбарыс бұған дейін жирафты көрмеген екен.өзін аң патшасы санайтын жолбарыс қорыққанын білдірмей, жөн сұрайды      -Ау,сорайған,сен  кім  боласың?

Оқыс дауыстан шошыған жираф аятары дірілдеп: — «Мен бе, ж-ж-ж-ж-ж-ж-жи-жи-жирафпын ғой»,-деп әрең тіл қатыпты. «Атың қызық екен, ж-ж-ж-жи-жи-жираф», деп қайталап  жолбарыс жөніне кетеді.

Жолбарысқа жираф  не деп  жауап  берді?

Буындарды оқу  Жу,  жы,  жа,  жо,  жи

Дәптермен  жұмыс:  Ж  дыбысынын   таңбасымен  танысу.  Жазба, баспа  түрлерінің  жазылуын түсіндіру.    Қолды  ауады  жаттықтыру.

Абасқан  буындар

Жа


ын

Жу


лын

жи


сан

Жұмбақ  ,  жаңылтпаштар   айту.  Ж  дыбысынан  басталатын  сөздерді  теріп  айту.

Жазда  тұрып жоғары,                         Жағажай,                                                               Күзде   жерге  қонады.                         Жағажайда  Қамажай.

«жапырақ»                          Жағажайды жағалай

Жүгіреді  Қамажай.

Сабақты  қорыту:    Ж  дыбысына  басталатын  кісі  аттарын  ата.

«Жайлау»  тақырыбына  байланысты  әңгіме  құрастыру.

 

 








Көркем  жазу

Сабақтың тақырыбы:    Ұ+ ұ,Үү   әріптерін жазу

Сабақтың мақсаты:   Әріптерді таныту,  ерекшеліктерін ұқтыру дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыра білуге,сауатты оқуға,  жазуға,  көркем , таза орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:    әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс   әріп  ұғымы бойынша  түсінігін қалыптастыру

Жаңа  сабақ:

Темір  құсты алып  батпан Көк аспанда қалықтаған,

Алдымен тез тауып мақтан.  Ағаларды кімдер дейді

(Ұшқыш)                                                                                 

а/ Ұшқыш сөзіндегі  бірінші дыбысты  бірге  атау. ә/ Ұ дыбысы  дауысты  дыбыс.   б/ Сөзді  буынға  бөлу  дыбыстық  талдау  жасау.

«Үйрек» десе бірінші, Бұл қайсы әріп екенін,

«Үйрек» десе екінші Біреу айтып берсінші.

Ү – үйрек,  үлкен,  үстел, үтік,  үкі, түлкі, түс,  үн.

Жоғалған  дыбысты  тап.

Үст *  л,  қ * с ,   т * лкі ,  қас * ыр,   бар * с,  жа * быр.

Дәптермен   жұмыс:   Ұ,ү  әрпінің  жазылу  емлесімен  таныстыру .  Қолын жаттықтыру  жұмыстарын  өткізу.Буындар  жалғасын табу.


Жұмбақтың  шешуін табу,дыбыстық талдау  жасау


Қанатсыз құсмаңып барады, Құрғақ жерде сақтайсың,

Көзіненжас тамып барады. Менсіз тамақ татпайсың.


(бұлт)                                                     (тұз)

Баласын тізіп соңына, Сүңгіп жүріп үйретті,

Су жұқпайтын тонына. Бұны кім біледі?

(үйрек)

Сабақты қорыту:    Бұгін  қандай дыбыспен таныстық?

Бұл  қандай дыбыс?

 





«Үйрек» десе  — бірінші,                          Бұл  қайсы  әріп  екенін                         «Бүйрек»  десе – екінші,                          Біреу айтып берсінші.

Ү – үйрек,  үлкен,  үстел, үтік,  үкі, түлкі, түс,  үн.

 

Дәптермен жұмыс:   а/ Ү дыбысының  таңбасын ,  жазба, баспа  түрлерін таныстыру.  ә/  Қолды  ауауда жаттықтыру  жаттығуларын  орындау.   б/  Берілген  үлгі бойынша  жазба жұмысын  орындау.

Жұмбақтарды  көшіру,  дыбыстарды  ажырату.

Баласын тізіп  соңына                        Халық қу  деп                                                      Сүңгіп жүріп үйретті.                        Қылған  күлкі,                                                            Су жұқпайтын  тонына                      Айласы көп                                                     Кім біледі…?  (үйрек)                        Бұл не?… (түлкі)

 

Жоғалған  дыбысты  тап.

Үст *  л,  қ * с ,   т * лкі ,  қас * ыр,   бар * с,  жа * быр.

 

Сабақты  қорыту.











Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    Е    е  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Жарға шығып ойнайды,                                Ойынға бір тоймайды.                              Болса – дағы  сақалы,                                    Секеңдеуді  қоймайды.

Е дыбысынан  басталатын сөздерді  атау .  Елік, есік, еден,  екі. Шеге, кесе,

Е дыбысы  дауысты  дыбыс.

Сергіту  сәті:

Есті  бала   ер  жетіп,                                    Ессіз  бала  кері  кетіп,                         Елдің қамын ойлаған.                                 Есерлігін қоймаған.

Дәптермен  жұмыс.   Е  дыбысының   баспа,  жазба  таңбаларының  жазылуын  түсіндіру.    Көркем  жазуын  қадағалау.

Көшірме  диктант.

Еңбек ерлікке жеткізер,                                 Ел қазынасы  — ескі сөз,                    Ерлік елдікке  жеткізер.                                Ел шырағы – екі көз.

Түсіп  қалған  дыбыстарды  тап.

1.        Бірден кейінгі  сан.2.        Берік  ағаш

3.       Балалар сүйіп тыңдайтын шығарма

4.       Ұн тазалаушы құрал.

Бал * қ,     ша * ғы,    к * се,    е * ек,     ем * н, ес * п.

е

к

і


е

м

е

н


е

р

т

е

к


е

л

е

у

і

ш








 

Сабақты  қорыту:    Е дыбысы  қандай  дыбыс.  Сөздің  қай буындарында  келеді.  Е  дыбысынан басталатын  кісі  есімдерін  ата.

 

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:    К  к әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Қызыл , сары, қоңыр , көк,                Торға түсіп  қалмашы,                             Алуан-алуан көбелек,                      Торғайға жем болмашы.

-Бұл  өлеңде  не  туралы  айтылып  тұр?   Көбелек.

Көбелек  сөзіндегі  бірінші  дыбысты  атаңдар.  Ол  қандай  дыбыс.

  • К дыбысы дауысты  дыбыс.

  • К дыбысынан басталатын  қандай  сөздерді  білесіңдер?

Кітап,  кеме,  көмір,  кірпі,  кілем,  кесе,  кептер,  көбік  т.б.

Дәптермен  жұмыс:   а/  К дыбысының  таңбалануын  түсіндіру.  Баспа  жазба  түрлерін таныту.   ә/  Қолды ауада  жаттықтыру  жұмыстарын  жүргізу.

Буындық  диктант  орындау:  -ке,  -ки, -ку, -ка, -ко, -ок, -ак, -ик, -ек.

Жұмбақ  шешуін  табу,  дыбыстық  талдау  жасау.

Айғайы  жоқ,                          Кеткен әбден  еті  өліп,                                            Айтады  көп,                          Жатпайды  ол жол таңдап.                                              Айтқанына,                            Көп найзасын көтеріп,                                                    Қайтары  жоқ. (кітап)            Барады өзі томпаңдап. (кірпі)


   ме

 се

ше

те

зек

кіл

 

Сабақты қорыту:   К  дыбысы   қандай  дыбыс?    Қандйа  сөздерді  үйрендік?

Жаңылтпаштар  жаттау.  Кекілік ау , кекілі

Кетіп  қалма  секіріп.

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:      І  і  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Ірімшікті  жедің  ғой,                       Оның  аты  біз  жазған                                                                               «Тәтті  екен» дедің  ғой.                   Қайсы әріптен басталған?

Ірімшік  сөзіндегі  ерекше   дыбысты  тап.

І  дыбысынан  басталатын  қандай  сөздерді  білесіңдер?

Жұмбақ шешу,  і дыбысы бар сөздерді  ажырату.

Есікте  бар,                                        Кірпі  де  бар,                                                     Үйде  жоқ.                                        Құста  жоқ.                                                           Бесікте   бар,                                    Түлкіде  бар,                                                          Шиде  жоқ.   (І)                               Мысықта  жоқ (І)

Дәптермен  жұмыс:   а/  І і дыбысының  таңбасының жазылуын  түсіндіру.

ә/  Қолы  ауада жаттықтыру

б/  Буындық, сөздік  диктант  жазу.  Дауысты, дауыссыз

дыбыстарды белгілеу.

Іс,  іл,   ір   ті,  тіс,  тіл,  рі,  іні,  ін ,  тірі,  кірпі,  кілем,  кітап, ерін.

Түсіп   қалған   дыбысты  тап.

Ілг  *  ш

Кі  *  і

 Ер  * ек

 К *  тап

 Ел  * к

І , е , а

 Ш ,  с ,

Т , п , н

Е , і ,

Е , и , і

 

Жаңылтпаштардан  і  дыбысының  санын  табу.

Ізгі түсті Ізмұрат,                            Ізмұратты біз бірақ.                                                  Іздеп-іздеп таппадық,                   Ізім- қайғы ,  қызық-ақ.

Сабақты қорыту:  І  дыбысы қайсы дауысты дыбыс түріне жатады?

І дыбысынан басталатын  кісі есімдерін  ата.

 

Күні:

 

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:      Ә  ә  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

 

Таныстырар  әріппен                    «Әліппе» деген  аты  оның                                    Мынау  кітап – Әліппең                 Басталған қай әріптен?

Ә  дыбыс  қалай  айтылып  тұр?

Әдыбысынан  басталатын   сөздерді  ата.

Әже, әке,  әтеш, әйнек, әшекей,  әкім, әділ,  әсем, әдемі,  әдеп  т.б.

Есте сақтап  жақа  айту.

Әжем – күйші,         Әпкем – биші,     Асқан шебер     Ағам  -үйші.                                        Ісі  — нұсқа,               Әкем  — ұста.       Үй салады          Жаз бен қыста.

Дәптермен  жұмыс.   Ә дыбысы таңбасы, жазба баспа түрлерімен танысу.

Көшірме диктант.  Әжем  ертіп әкелді,            Әкем  сатып  әперді.

                                Әйнек  салды  әйнекші,      Әдемілеп  пәтерді.

Қате  жазылған  сөздерді  тап:Асем,  атеш,  кытап,  кылем,  аспан, тәза,бәспа, табақ, шаңа, терек.

Ә дыбыс бар сөздерді  теріп атау, буынға бөлу.

 

Сабақты  қорыту:   Ә дыбысы дауысты дыбыстың қай түріне жатады?

Дауысты, дауыссыз дыбыстарды  сөздерден бөлектеп

теру.  Ә дыбысына  сөздер  атау.

 

 

 

Күні:

 

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:     З  з  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Сабақты  «Маса»  мәтінімен  бастау.

  • Маса қандай дыбыс шығарады?

З дыбысының қалай дыбысталуына қайталап, жаттығулар  орындау.                       Зу- зу- зу   —  жазу.                                                                                                                 Зы- зы- зы-   қозы.                                                                                                            За-  за-  за —   ауа қандай таза.                                                                                                        Аз-  аз —  аз   — келді,  міне  , қаз.                                                                                    Ыз —  ыз  —  Анар  жақсы  қыз.

Дәптермен  жұмыс.    З з  дыбысының  таңбалануын  түсіндіру.  Қолды ауада  жаттықтыру.   З   дыбысына  байланысты  өздерді  жазу,  дыбыстық  талдау  жасау.

Адасқан  сөздер

А  — Ә

*ке,  * теш

Ы -І

*дыс.  *шік

И -У

*нелік, * ық

қозы

кісінейді

сиыр

мөңірейді

жылқы

маңырайды

 

Есте сақтау  жаттығуларын  орындау.

Білесің  бе  бұл  істі  —                          Балқытып  ап  күмісті,

Зергерлікке  кім  дайын?                    Сапырады судайын.

 

Сабақты қорыту:   З дыбысы  қандай  дыбыс?  Сөздің  қай буындарында

келеді?

Зауза,  заман,  залдары,  зергер,  зымыран  сөздерін

буынға  бөлу,  дыбыстық  талдау  жасау.

 

 

 



































Күні: 4.03.2016ж

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:         "Х,Һ" әріптері

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

«Өрікте»  — сөздің  басында,      «Бөрікте»  — «б-ның»  қасында.                               Бұл қай  әріп, көріңдер,               Енді  айтып  беріңдер.

 

Ө дыбысы – жауысты  дыбыс.  Ө дыбысы  сөзде  жіңішке  буын құрайды.

Өрік.  Өгіз,  өрмекші,  өмір,  өсімдік,  өзен.  Өркен.

Дәптермен   жұмыс:     Ө  дыбысының  таңбалануын  түсіндіру.

Қолды  ауада  жаттықтыру.

Сөздік   диктант  жазу.   Ө  дыбысы  бар  сөздердің астын  сызу.

          Өмірбек  мектепке  барады.  Ол  өнерлі  оқушы.  Өмірбектің   Көршібек,  Өміргүл деген  достары бар.  Олар  әдепті,  тәртіпті оқушылар.

 

Жұмбақ  шешуін  тап.

 

Өрде өскен  өрікті,                          Көктемде  ерте  гүлдеймін,                                 Өмірсерік көріп тұр,                       Кешгуді  білмеймін,                                             Сөйлемде бұл қай әріп,                   Піспей тұрған кезімде,                                Бірнеше рет  келіп  тұр. (Ө)           Мене аулақ жүр! – деймін. (Өрік)

 

Өсімдік түрлерін   атаАғаш,  бұта,  шөптектес  өсімдіктер

Сабақты  қорыту:   х,һ дыбысына  сөздер  айт.   Ө дыбысы дауысты дыбыстың  қай  түрін  жатады.  Ө  дыбысы келетін сөздерді  ата.





Күні:12.02.2016 ж

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:      Г  г, Ғ ғ әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Аналарға  сыйлайтын,            Аралар  бар  жинайтын,                                     Бұл немене, балалар,              Ұзуге адам  қимайтын?  (Гүл)

 

Гүл  сөзіндегі  бірінші дыбысты  бөліп атау.   Г  дыбысына  сөздер  айту,  буыынға  бөліп  дыбыстық  талдау  жасау.

Жұмбақтар  шешу.

Көшеде    құдық  —

Қарайық –

Ұқсайды оған  қай  әріп? (Г)

 

Дәптермен  жұмыс.  Г дыбысының  таңбасы  жазба,  баспа  түрлерімен  танысу.   Г дыбысын  ауада  жазба  түрін  жазып  жаттығулар  жасау.

Буындық,  сөздік  диктант  орындау.

-га,  -гу, -ге, -ги, — гі,  ше-ге,  е-гін,  кі-лем,   е-тік,  газ,  

К – г    өзгеруіне  жаттығулар  орындау.

Күрек – күрегі.    Шелек —  шелегі.     Терек – терегі.

 

«Гүл  өсірем  үйде»  өлеңді  жатқа  ,  мәнерлеп  айту.

Гүл өсірем   үйде,                                       Гүл  күткенді  біледі,                        Су құямын күнде.                                       Бойын сылап күледі.                                              Күнде гүлін ашады,                                   Жұпарынмаған шашады.

 Сабақты  қорыту.   Г  дыбысы  қандай  дыбыс?   Сөздің  қайсы  буындарындакеледі?   Г  дыбысынан  басталатын  қандай  сөздерді

үйрендіңдер?

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:        Ү   ү  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Үскірік ышқынып,                                 Үскірік  сұп-суық,                                                  Үйіріліп соғады                                      Үсіктей сорады.

Ү дыбысынан   басталған  сөздерге назар аудару,  қайдалап  айту,   Ү  дыбысының  дыбысталуын  үйрету.

«Үйрек» десе  — бірінші,                          Бұл  қайсы  әріп  екенін                         «Бүйрек»  десе – екінші,                          Біреу айтып берсінші.

Ү – үйрек,  үлкен,  үстел, үтік,  үкі, түлкі, түс,  үн.

 

Дәптермен жұмыс:   а/ Ү дыбысының  таңбасын ,  жазба, баспа  түрлерін таныстыру.  ә/  Қолды  ауауда жаттықтыру  жаттығуларын  орындау.   б/  Берілген  үлгі бойынша  жазба жұмысын  орындау.

Жұмбақтарды  көшіру,  дыбыстарды  ажырату.

Баласын тізіп  соңына                        Халық қу  деп                                                      Сүңгіп жүріп үйретті.                        Қылған  күлкі,                                                            Су жұқпайтын  тонына                      Айласы көп                                                     Кім біледі…?  (үйрек)                        Бұл не?… (түлкі)

 

Жоғалған  дыбысты  тап.

Үст *  л,  қ * с ,   т * лкі ,  қас * ыр,   бар * с,  жа * быр.

 

Сабақты  қорыту.

Ү  дыбысы   қайсы  дыбысқа  ұқсайды?    Жіңішке  буын  құрайтын  дыбыстарды  ата.

Мақал   қатарарынан  ү дыбысын  тап.

Үндемеген – үйдей пәледен құтылады.

 

 

 

 

Күні:

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:           Я  я  әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Ақ қоян-ау,ақ қоян,                                Қалың шидің тасасын.                            Үркек  қоян, сақ қоян,                           Ақ қоян-ау, ақ қоян,                           Дыбыс шықса қашашың,                      Үркек  қоян, сақ қоян,                       Белден бір-ақ асасың.                            Қаша берсең  қалыңға,                   Отырасың паналап,                                «Қорқағым» деп ат қоям.

 

Қоян  сөзіндегі  ерекше  дыбысты атау.    Я  дыбысы  дауысты   дыбыс.

Қос  дыбыстарға   жатады.   Й+А   дыбыстарының  бірігуінен  пайда  болады.

 

Тізбек  өлеңді  бірге   оқу.

Жая, мая, сая,                                                Шаян, қоян,  ұя,

Аяз, пияз, сия,                                               Бәрінде  бар «Я»                           Аяқ, таяқ, қия,                                               — Иә ?!

Дәптермен   жұмыс:      Я  дыбысының  таңбалануын  түсіндіру.  Қолды  ауада  жаттықтыру.   Үлгі  бойынша  жазба  жұмысын  орындау.

Есте  сақтау  жаттығуларын  орындау

Кең  пейілін  ұқтырып,

Көрсетті деп мықтылық,

Барлық әріп «Я»  ны

Құрметтейді   тік   тұрып.

Сабақты  қорыту:   Я дыбысын  қандай  дыбыс  дейміз?   Я  дыбысы  келетін  тағы  қандай  сөздерді  білеміз?

 

 

 





































 

Күні:26.02.2016ж

Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:        Ю  ю   әрпі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Үй  жабдықтарын  көрсете  отырып  барлығында  қандай ұқсастық  барын  табуды  тапсыру.

Барлық  жиһазда  ою   бар.    Ою   сөзінде  неше  дыбыс,  неше  буын  бар?   Ою  сөзіндегі  екінші  буындағы  дыбысты  атау.

Ю   дауысты  дыбыс.   бұл да  қос дыбысты  әріпке  жатады. Й+У.

Суреттерді  пайдаланып  Ю  дыбысынан  басталатын,  келетін  сөздерді  қайталау.

Дәптермен  жұмыс:     Ю дыбысының  баспа,  жазба  түрлерін  таныту,   жазылуын түсіндіру.   Қолды  жаттықтыру  жұмыстарын   орындау.  Үлгі  бойынша   жазба  жұмысын  жүргізу.

Жұмбақтар шешу,  дыбыстарға  ажырату.

Тәтті көрсе бас салар,                          Аюда  бар,                                              Айнымайды  баладан,                          Тиінде  жоқ,                                              Үп- үлкен  бос  жасқанар,                    Оюда  бар,                                               Кіп-кішкентай арадан. (аю)                 Түйінде  жоқ. (Ю)

 

Ю  дыбысы  бар  сөздер  айтып  жарысу:   Аю.  Ою.  Юбка,  Юнга, Юпитер, Юрист,  Юбелей.

 

Сабақты  қорыту:  Ю  дыбысы  қандай дыбыстардың бірігуінен

пайда  болады?      Жаңа қандай  сөздермен

таныстыңдар?

 Күні:


Көркем  жазу.

Сабақтың тақырыбы:           ь.ъ белгісі

Сабақтың мақсаты:   Әріпті таныту,  сөз буындарынан ажырата білуге,сауатты  жазуға,  каллиграфиялық талаптарға сай жазуға,көркем орындауға  дағдыландыру.  Сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу қабілетін  дамыту.

Жабдығы:  әріп ,  кеспе  әріптер, суреттер.

Сабақ  барысы:       Ұйымдастыру  кезеңі

Дыбыс  ,  әріп  ұғымы бойынша  түсінігін

қалыптастыру.

Жаңа   сабақ:

Элеватор маңына                        Эрик  ағай  тағы да,                                             Экскаватор  тоқтады.                  Электрикті  жоқтады.

Осындағы  эеватор,  экскаватор, электрик  сөздерін  таңдап алу,  дыбыстық  талдау  жасату,   Э  дыбысын  бқліп  айтқызып  әріппен  таныстыру.

 

Жұмбақтар  шешу.  Э дыбыстарын  анықтау.

Кішкентей күн ішінде,                     Топырақ жемей жата алмайды,        Жарқырайды түн ішінде.                 Тас шайнап та қақалмайды.

(Электр  шамы)                                     (Экскаватор)

 

Дәптермен  жұмыс:    Э  дыбысының  таңбалануын  түсіндіру.

Баспа  жазба  түрлерімен таныстыру.    Қолды

жаттықтыру  жұмыстарын  орындау.  Үлгі

бойынша  жазба  жұмыстарын  орындау.

Көшірме  диктант.

Біз элеваторға бардық.элеватор қырман басына орналаскан.біз элеватордың ішін  аралап  шықтық.элеваторға  астық  тиеген  машиналар  ағылып  келіп-кетіп  жатыр.

 

Сабақты  қорыту:  Э дыбысы  қандай  дыбыс.   Сөздің  қай

буындарында  келеді?   Э дыбысынан

басталатын 

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!