Бастыр және көшіріп жаз

Бiрлiк
Данияр мектептен келсе, үйдiң алды омбы қар боп қалыпты. Ол тамағын iштi, аздап демалды да аулаға шықты. Қорадан қол шанасын алып, оған талдан тоқыған қорапты таңып бекiттi. Қолына күрек алды. Ауланың қарын тазартуға кiрiстi. Қорапқа қар толтырып, шанамен сырғытып, оны алысқа апарып төгедi. Жалғыз өзi қанша қимылдаса да, iсi өнбедi.
-
Данияр! Кел, мен саған көмектесейiн, - дедi көршi үйдегi досы Нариман. Нариман да қол шанасын сүйреп шығыпты.
-
Содан кейiн бiрiгiп бiздiң үйдiң алдын тазалайық, жарай ма?
-
Жарайды, - дедi Данияр қуанып.
Екеуi екi шанамен қар толтырып тасып, жұмысты тез аяқтады. Осыдан кейiн Нариманның үйiнiң алдына келдi. Бұлардың жанына көмекке көршi үйдегi Берiк пен Серiк келдi. Төртеуi ойнап - күлiп жүрiп, қызу еңбекке кiрiстi. Олардың бұл iстерiне үлкендер сүйсiне, қызыға қарайды.
-
Алақай! Екi сағатта бәрiн бiтiрдiк! – деп айқайлады балалар. Осылайша, төрт дос күш қосып, төрт үйдiң алдын лезде - ақ қардан тазалап шықты. Мұның аты – бiрлiк едi.
Бастыр және көшіріп жаз
Керексiз сұлулық (Аңыз әңгiме)
Бұғы шөлдеген соң, бұлаққа еңкейiп, су iшiп жатып, өзiнiң әсем мүйiзiн көрiп шаттанады, сөйтiп денесiнiң басқа мүшелерiне көз салады. Бұғыға аяқтары келiсiмсiз, жiңiшке әрi арық сияқты көрiнедi. Сөйтiп тұрғанында арыстан шыға келiп, бұғыны қуа жөнеледi. Бұғыны арыстаннан жаңа ғана өзi жақтырмай тұрған аяқтары ажыратып алады, солардың арқасында бұғы орманға арыстаннан бұрын жетедi. Бiрақ, орманда бұғының мүйiзi әр бұтаққа бiр оратылып, кiбiртiктей бастайды. Сол кезде арыстан оны ұстап алады. Сонда бұғы «Менiң көркiм – менiң сорым болды, онша жақтырмаған, әлсiз санаған аяғым менi құтқаратындай мықты екен. Дұрыс бағалауды бiлмеген екенмiн» дептi.
Бастыр және көшіріп жаз
"Хеймей аралы"
Жыл сайын қызыл сары тұмсығы бар қара ала құстар. Хеймей атты исланд аралына ұшып келедi. Олар тупиктер. Тупиктердi тағы «теңiз сайқымазақтары» деп те атайды. Толық денелер мен қысқа қанаттарының кесiрiнен бұл құстарға ұшумен қону өте қиын. Халла деген қыз Хеймей аралында өмiр сүредi. Ол күнде биiк жартастың үстiнде тұрып, биылғы алғашқы тупиктi көру үшiн теңiз жаққа қарайды. Көп кiшкентай олар бүкiл аспанда көрiнедi. Олар қыстаудан теңiзге оралады да, араладарға жұмырқа салып, балапандарын басып шығарады.
«Теңiз сайқымазақтары» жылдан жылға өз ұяларына
қайтып ұшып келедi. Олардың жағаға шығатын жалғыз уақыты осы.
Жаз бойы балапан-тупиктер өз ұяларын тастап. Алғашқы ұшуларын орындайды. Құстардың жартысын ауылдағы шамдардың жарығы шатастырады. Құстар бұл жарықтарды, су бетiндегi ай сәулесi деп ойлайды. Сондықтан әрбiр күнi жүздеген тупиктер ауылға келiп қонады. Олар жер бетiнен көтерiле алады.
Халла достарымен балапандарды құтқарудан жарысады.
Қолдарына фонарик алып, олар ауылдың қараңғы жерлерiн қарайды. Тапқан тупиктердi арқырын картон қорапқа отырғызып, үйлерiне алып келедi. Келесi күнi күндiз олар жағаға барып, балапандарды суға жiбередi.
Бастыр және көшіріп жаз
Мейiрiм
Сабақ түстен кейiн басталатын. Күздiң жайма шуақ күнiнде мектепке жайбарақат келе жатқам. Көшеден өте бергенде жылаған баланың дауысын естiп жалт қарадым. Құлағы салпиған қара күшiк үш-төрт жасар қыз баланың жолын бөгеп, шәуiлдеп жүргiзер емес. Күшiктi қуып жiбердiм.
-Үйiңдi тауып ааласың ба?-, дедiм.
Көз жасын қолының сыртымен сүрткiлеп, күшiк жаққа қарады. Қолынан жетектеп, өзi нұсқаған жаққа алып келе жаттым. Ол үйiнiң жанына жақындаған сәтте қуанып кеттi.
-Аға анау үй, көп рахмет!-деп томпаңдап жүгiре жөнелдi.
Мектепке келсем сабақ басталып кетiптi. Есiк қағып сыныпқа кiрдiм. Оқушылардың барлығы мұрындарынан шаншылып сабақ орындап отыр екен. Оспан ағайға кешiккен себебiмдi айттым. Ол кiсi үндеген жоқ. Аяғын дыбыссыз басып қасыма келдi. Мейiрiм жүзiнен күлiмсiрей қарап, аялы алақанмен басымнан сипады да:
«Орныңа отыра ғой! Тақтада берiлген тапсырманы орында»-дедi жұмсақ үнмен. Төбем көкке жеткендей болды.
Бастыр және көшіріп жаз
Аралар қалай бiрiктi
Ертеде бал аралары қазiргiдей топ-тобымен тұрмайды екен.
Әрқайсысы жеке-жеке күн көрiптi. Бал жинайын десе, балын кез-келген жеп кетiптi. Жалғыз ара жауына қарсы тұра алмағандықтан:
-Бұлай жеке дара жүргенiмiз дұрыс емес екен, бiрiгiп ортақ жауымызға қарсы тұрып, қорғанайық,- дейдi. Олар сөйтiп үлкен күшке айналады.
Бiрақ дұшпандары бұлардың шаршап, ұйықтап қалған кездерiн аңдып, балын ұрлап, ұясын бұза бередi.
Бұдан кейiн аралар ақылдасып:
-Күн сайын күзетшi қойып отырайық, басқамыз ұйықтағанда, күзетшi ара ұйықтамасын. Дұшпанның келегенiн сезсе, бiрлесе шабуыл жасап, жаудың үрейiн ұшырайық,-деп келiседi. Бiр ара күнi-түнi ұя басына күзетте тұрады. Оны күзетшi ара деп атайды. Ол бiр дыбыс сезсе –ақ болды, барлық ара жиналып, дұшпанын сәйгел тигендей етедi. Осыдай былай бал арасын алып аю да талқандай ала алмайды. «Бiрлiкшiл болсаң, арадай бол» деген сөз осыдан қалған.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көркем жазу 1-4 сынып

шағым қалдыра аласыз