Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркем мінез-кемелділік белгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
Санақ Аяжан
Материалдың қысқаша нұсқасы

«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»ММ

«ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК











АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


Пәні: «Өзін – өзі тану»

Тақырыбы: «Өмір әдебі»

Мамандығы: «Бастауыш білім беру»




Оқытушы: Тұрсынова С.Ш.




Есік,2018ж


«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ»ММ

«ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ – ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ»МКҚК




https://www.instagram.com/p/CEMb1sKnlgj/?igshid=n2s8xqnsst92https://www.instagram.com/p/CEMb1sKnlgj/?igshid=n2s8xqnsst92






АШЫҚ САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ


Пәні: «Өзін – өзі тану»

Тақырыбы: «Көркем мінез – кемелділік белгісі»

Мамандығы: «Негізгі орта білім беру»



Оқытушы: Тұрсынова Сымбат Шынасовна



Есік,2018ж

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Оқу орны: Есік гуманитарлық – экономикалық колледжі

Мерзiмі: 21.09.2018

Тақырыбы: Көркем мінез – кемелділік белгісі

Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттері:
Мейірімділік, қайырымдылық, қоғамға риясыз қызмет ету.

Топ:202

Оқытушы:Турсынова Сымбат Шынасқызы Оқушылар саны:23

Сабақ мақсаты: Жалпыадамзаттық құндылықтардың адам мінезінде қандай қасиеттерін жарыққа шығаратыны туралы алған білімдерін тиянақтап, бекіту; адамның кемелденуіне көркем мінездің ықпалын ұғындыру арқылы жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Ақпаратты дұрыс, оң қабылдай білу керек екендігін,өмірден тек ізгілік іздеп, кемелденуге талпынудың мәнін ұғындыру.

  2. Жақсылыққа ұмтылу, қоғамға риясыз етуге, өмірді сүйе білуге үйрету.

  3. Жауапкершілікке, әдептілікке, әлемді жақсы көре білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер күнделік, дәптер, оқулық, пенал, бейджик.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

«5Т»-ның сақталуын еске түсіру:

  • Тәртіп

  • Талап

  • Тазалық

  • Тыныштық

  • Татулық

Тыныштық сәтi.

Жағымды көңіл – күй орнату.

-Ыңғайланып отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Денеңізді бос ұстаңыз. Көз алдыңызға енді атып келе жатқан шуақты таңды елестетіңіз. Сіз тауға алып барар жалғыз аяқ жолмен келе жатырсыз. Таза ауа, сылдырлаған мөлдір бұлақ суы, құстардың сайраған даусы естіледі. Сіз жеңіл демалудасыз. Сіз күш – қуатқа толысыз. Жер – Анаға, табиғатқа деген махаббат, сүйіспеншілік бойыңыздағы ізгі қасиеттермен ұштасып, тамаша үйлесім табуда. Күн шуағы сіздің денеңізге сәуле шашуда. Самал жел шашыңызды тербетіп, сізге көрік беруде. Бүкіл әлем сізге өз махаббатын сыйлап, сізді таң нұрымен қарсы алады. Ал енді бұл күш сіздің бүкіл денеңізге қуат беріп тұрғанын сезініңіз. Осы қуатпен өзіңізге жақын адамдармен, достарыңызбен, ұстаздарыңызбен бөлісіп жатқаныңызды елестетіңіз. Сіз бағындырмайтын белес жоқ. Сіз әлемдегі ең көркем жансыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

В.А.Сухомлинский

Кішкентайыңнан-ақ уәдеге, антқа берік болуды үйрен.Уәдеге берік болу-сенің жеке басыңның абыройы.

Өзіңе-өзің ие бол. Өзіңе-өзің әмір етуді кішкентайыңнан үйрен. Мойның жар бермейтін, бірақ істеуге керек нәрсені атқаруға өзіңді-өзің үйрете біл.

Адамдарға залымдық ойлама, адамдарды ренжітпе, адамдардың жанын ауыртпа, мазасын алма, тыныштығын кетірме.

Кінәңді сезіну-тәрбиелі адамның инабатты сезімі. Ол - арының ұяты, адамгершілік тазалықтың, көрегенділіктің белгісі.

Сенің ақылсыз, дөрекі әрі немқұрайды айтылған бір ауыз сөзің оны өкпелететінін, жанына бататынын, абыржу туғызып, таң қалдырып, әбігерге түсіретінін білген дұрыс.

Екіжүзділік, жағымпаздық, ырымшылдық - бұл үлкен бәле. Құбылып тұратын бұл бәлелерді тани білуді үйрен, оларға төзбе, олармен келіспе.

Жамандықты көргенде,оған қарсы күрессем бе немесе көзді жұмып өте шықсам ба екен деп ойланып жатпа. Жүрегің мен ар-намысың қалай әмір етсе, солай қимылда. Игі сезімдер – ар – намыстың сенімді қорғаны.

Адамның адамшылдығын қорлау, өзін ғана құрметтеуге тұрарлық адамға санап, ал басқаны шыбын құрлы көрмеушілік - жамандықтың зоры осы.

Біздің кейбір азаматтардың жалқаулығы, салақтығы, ауырдың үстімен жүруге ұмтылатыны -жамандықтың ең зоры осы. Бұл бәлемен де келісуші болма!

Пайдакүнемділік - зор бәле. Пайдакүнем адам шыншыл да бола алмайды, принципті де, өз борышына адал да бола алмайды. Кішкентайыңан қанағат қылып үйрен.

Өзіңнің дана емес, өзгенің де, қоғамның барлық адамдарының, сондай-ақ жеке адамның бақыты мен қуанышына бола жасалған бүкіл қоғамға тән байлық сен үшін де қымбат болуға тиіс.

Зор бәленің бірі - қызғаншақтық, жолдасыңның қол жеткен табыстарын қызғанба,қайта қуан. Бірақ қуана отырып,одан озуға тырыс.

Әңгімені ұғынғанын талдау сұрақтары:

  1. Ұлы педагог Сухомлинский бізді неге шақырады?

  2. Жаманнан жиренуге, жақсыдан үйренуге тағы қай ұлы ұстаздарымыздың өсиеттерін білесіңдер?

  3. Көркем мінезді – кемел тұлға болуға талпынған адамға өз тарапыңнан қандай кеңес – ұсынысың бар?

Студенттердің айтқан ойларынан сон, пікірлерін талдап қорытындылаймын.

Амандасу.











Жағымды күйге енудің физиологиялық ұстанымы:

  • Арқаларын тік ұстап;

  • Еркін отырады;

  • Көздері жұмулы;

  • Денелерін бос ұстайды;









Талдау сұрақтары.

3.Дәйексөз.

«Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші басым болып, екуі біріккенде, адамшылық қасиеттерге айналады»

Әл-Фараби

Талдау сұрақтары:

  1. Дәйексөзді қалай түсіндің?

  2. Әлем данышпандарының адамның мінез – құлқы жайлы айтқан пікірлерімен кім бөлісе алады?

Қорытынды ой.

-Дәйексөздің мән-мағынасын талқылап, өз пікірлерін ортаға салады.

Сабақ тақырыбы мен дәйексөзін дәптерге түсіреді.

4.Әңгiмелеу.

«Мұғалім сыйы»

Көрініс. «Ата мені бір сұрақ мазалайды?»

Оқытушы сөзі: Философтар мен данышпандар өзін – өзі тану үшін ой мен іс әрекеттің бірлігінде саналы түрде үйлесімді жақсылық ойлау, жақсылық жасау арқылы мінезді қалыптастыруға болады деп түсінген. Біздің колледжіміздің миссиясының өзі адам бойында дұрыс мінезді қалыптастыруға жетелейді екен. Ал дұрыс мінезі қалыптасқан адамның кемелденуі де дұрыс болмақ. Қане миссияны еске түсіріп, хормен айтамыз.


Слайд – шоу.

«Колледж тынысы» әдісі

Колледж миссиясы:

Білімгерлер: «Әлемдік деңгейдегі жаһандану үдерістеріне сай, жаңа форматтағы көшбасшы болуға лайықты, ойы, сөзі, ісі бір, бәсекеге қабілетті кәсіби мамандар даярлау.»

5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

«Зерттеушілер аллеясы»

  • Топ үш топшаға бөлінеді.

  • Әр топта жұмыс жасауға керекті құрал-саймандары болады.

  • Тапсырма: Әр топ өз қиялдарымен сабақтан алған әсерлерін пайдалана отырып шығармашылық тапсырма орындайды.

  • Әр топ өз туындысын аяқтаған уақытта көрсетіп, қорғайды.

Қорытынды:

1-топ. Постер жасау. «Көркем мінезді, кемел қазақ қызының бейнесі»

2-топ. Постер жасау. «Көркем мінезді, кемел қазақ жігітінің бейнесі.»

3-топ. Модель жасау. «Кемел адам» моделін жасау.


6.Топпен ән айту


7.Үй тапсырмасы.

Құдіретті жапырақ

«Әлем халық ер тегілері І том» 126-128 беттер


8.Соңғы тыныштық сәтi.

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бар жерде,

Тыныштық, тыныштық, тыныштық, тыныштық бүкіл әлемде.

  • Ал, бүгінгі сабақтан алған әсерлерімізді жүректеріңізге салып сақтап жүріңіздер.

Рахмет, сау болыңыздар!




















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.10.2020
382
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12