400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Көркем сөздің тәрбиелік мәні " 5сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Көркем сөздің тәрбиелік мәні оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру. ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу. оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары.

Күні: I топ- III топ-

II топ- VI топ-

Сабақтың  тақырыбы:  Көркем сөздің тәрбиелік мәні

Сабақтың максаты:

Білімділік: оқушыларға сөз құдіретін, әдеби сөйлеу, әдебиеттің оқырман алдында алатын орны жайлы түсінік беру.

Дамытушылық: ой - өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігі, тіл мәдениетін дамыту, шығармашылыққа баулу.

Тәрбиелік: оқушыларды елін, жерін, Отанын қадірлей білуге, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, суреттеу, салыстыру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: көркем әдебиеттер, бүктемелер, рефераттар, суреттер.

Пәнаралық байланыс: тіл,тарих, сурет

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі. а)Оқушылармен сәлемдесу.
ә) Кезекші мәлімдемесі.

б)Журнал бойынша түгелдеу.

ІІ.Оқушының білімін тексеру.

Көркем әдебиет нешеге бөлінеді?

Әдебиет не туралы ғылым?

Әдебиеттің өнердің басқа түлерінен айырмашылығы неде?

Көркем әдебиет туралы А.Құнанбаев не деген?

Көркем әдебиет бізді неге үйретеді?





ІІІ.Жаңа сабақ мақсаты.

Көркем сөз– қарым-қатынастық тұлға. Тілдік қатынас төмендегі аталған қатысымдық тұлғалар арқылы жүзеге асатының балалардың түйсігіне жеткізу.

IV.Жаңа сабақты түсіндіру.

Көркем сөз дегеніміз не: от па, су ма? Шынында да «поэзияны біреу — су десе, біреу — от дей-ді» (Белинский).
Әрине, көркем сөз — су да емес, от та емес. Ол — өнер.
Өнердің, түрі көп емес пе: кескін өнері (живонись),
сымбат өнері (скульптура), сәулет өнері (архитектура) т. б. Ал көркем сөз қандай өнер?
Ол— сөз өнері.
Неге?
- Мүсіншінің құралы — саз, суретшінің құралы — бояу, әншінің құралы — үн, бишінің құралы— қимыл болса, әдебиетшінің құралы — тіл. «Сөз — әдебиеттің құрылыс материалы» (Федин).
Қоғамдық сананың айрықша саласы — көркемөнер десек, мұның жалпы адамзат мәдениетінен алар орны өзгеше, адамдардың парасат дүниесінде атқарар қызметі орасан зор. Фиди статуясы, Рафаэль картинасы, Шекспир трагедиясы, Глинка музыкасы, Абай лирикасы мезгіл межелерінен аттап өтіп, уақыт сынына мүдірместен, көрген, тыңдаған, оқыған адамдар жанын сусындатумен келеді және сусындатқан үстіне сусындата бермек.
Көркемөнердің көп салаларының ішіндегі ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі — көркем әдебиет. Оның өнердің өзге түрлерімен әлгідей бірлігі бола тұра өзгешелігі де мол. Сөз өнері сурет пен музыка секілді жалпыға бірдей жетімді деу қиын: сөз — бояу немесе дыбыс емес, барлық халыққа бірдей түсінікті бола алмайды. Әр ұлттың өзгеден ерекше өз тілі бар; әдеби шығарма сол тілде ғана туады. Бұл — көркем әдебиеттің халықаралық өрісіне біраз бөгеу, тіпті түсау екені рас. Бірақ, мұның есесіне, әдебиеттің тілі музыка тілінен гөрі нақты, театр тілінен гөрі затты: симфонияны тыңдаушының бәрі нақты түсіне бермейді, театр сахнасында бүгін кеште жүріп жатқан спектакльдің ертеңгі ұрпаққа мұра боп қалғандай қолға ұстар затты дерегі бола бермейді, ал әдебиетте екеуі де — нақтылық та, заттылық та — бар. Кескін, сәулет, сымбат өнерлері затты, нақты болғанмен жансыз, қимылсыз, ал әдебиет кез келген шындықты қимыл, қозғалыс үстінде құбылта, құлпырта көрсете алады. Дәл осы тұрғыдан алғанда, сөз өнерін — бар өнердің басы, «өнер атаулының ең қиыны және күрделісі» (Бальзак), «ең жоғарғы түрі» (Белинский) десек, асырып айтқан болмаймыз. Қазақ халқының «өнер алды — қызыл тіл» деген білгір тұжырымы да тегіннен тегін тумағанды.



V. Жаңа сабақ түсінгенін тексеру.

1. Көркем сөз - белгілі нәрсеге айтылған сөйлеу ме?

2. Мәтінде сөйлеушінің ниеті (түпкі ойы) жүзеге асады.

3. Әр түрлі көлемді мәтіндер — бұл біршама түгелденген сөйлеу; 4.Мәтін тақырыбын таңдап алуға болады, бұл оның мазмұнын және негізгі ойын білдіреді;

5. Дұрыс дайындалған мәтіннің басы және соңы бар.

VІ. Жаңа сабақты бекіту.

Көркем сөз — құдіретті нәрсе! Оны әзілге салу да, оны әжуалау да — ақылдан кенде пенденін, қылығы. Тарих мұнары бұлдыратып тастаған заманалар мен дәуір-лерге қараңыз! Парасат дүниесінің биік шыңдары ғана ақыл мен ой аспанының алып тіреулеріндей қадау-қадау шаншылып тұрып қалған. Олар кімдер? Хан ба, патша ма? Жоқ, білім мен өнер иелері — ғалымдар, жазушылар…

VІІ. Үйге тапсырма. Түсінік айту. Бағалау





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 наурыз
1272
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі