КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ «ӘКЕ» БЕЙНЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ «ӘКЕ» БЕЙНЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала әлемі отбасынан басталады. «Босағасын алтыннан соқсаң - дағы, Перзент сүймей адамның мейірімі қанбас» деген Шал ақын. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне бей – жай қарамаған. Тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін жырлап, шежірені тарқата айтатын дана қариялар қазақтың маңдайына біткен кең де дархан даланың қасиетін сезіндіріп, бабалардың ерлігі мен көреген саясатының арқасында оның ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалғанын бала жүрегіне жеткізе білген еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы
КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДАҒЫ «ӘКЕ» БЕЙНЕСІ
Жакупова Назия ҚазымовнаҚазақстан Республикасы
Ақтөбе қаласы. Фариза Оңғарсынова атындағы №41мектеп - гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. naz_41@mail.ru
Бала әлемі отбасынан басталады. «Босағасын алтыннан соқсаң - дағы, Перзент сүймей
адамның мейірімі қанбас» деген Шал ақын. Қазақ халқы қашанда бала тәрбиесіне бей – жай
қарамаған. Тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін жырлап, шежірені тарқата айтатын дана
қариялар қазақтың маңдайына біткен кең де дархан даланың қасиетін сезіндіріп, бабалардың
ерлігі мен көреген саясатының арқасында оның ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалғанын бала
жүрегіне жеткізе білген еді.
Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі
ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала
әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы.
Бала бойындағы жақсылы - жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата
тәрбиесінен көреді, тегіне тартқан дейді. "Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді
бала" деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені әкесінің баласына қалдырған ең үлкен
мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. Ал әке мектебінен өткен бала сол мұраға қиянат жасамауға
тырысқан.
Баласы 14-15 жасқа келгенде атқа мінгізіп, алыстағы аузы дуалы ақсақал қарттарға сәлем
беріп кел деп жіберетін дәстүрдің бала тәрбиесіне ықпалы зор болған.
Біріншіден, баланы сынға салып, екіншіден, көпті көрген көнекөз, көкірегі қазыналы
қарттардың әңгімесіне қанығудың берері мол еді.
Тарихта болған жайларды, бабалар ерлігін жырлап, шежірені тарқата айтатын дана
қариялар қазақтың маңдайына біткен кең де дархан даланың қасиетін сезіндіріп, бабалардың
ерлігі мен көреген саясатының арқасында оның ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалғанын бала
жүрегіне жеткізе білген еді.
Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында тәрбие алған қазақ баласының әкеге деген құрметі
ерекше болатын. Жүзінен мейірім төгіліп тұрмағанмен, қас-қабағынан бәрін түсініп өскен бала
әке қаһарынан сескеніп жүретін. Әке тәрбиесі – деген осы.
Бала бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру олардың алатын рухани азғы кітап оқумен
тікелей байланысты. Жеке тұлға қалыптастыруда кітап кейіпкерлерінің алатын орны зор. Бала
көркем шығармалардығы кейіпкерлер арқылы өзінің ой – өрісін, қиялын, мінез – құлқын,
рухани дамуына қуатты құрал ретінде пайдаланады. Ананың аялы алақаны мейірімділкке
тәрбиелесе, әкенің қамқорлығы баланы адамгершілігі зор тұлға болып қалыптасуына зор ықпал
етеді. Ер бала әкенің мінезіне, іс – әрекетіне қарап еліктеп өседі. Әке
– бала үшін асқар тау. Әке қамқорлығы дегеніміз – отбасы мүшелерін әртүрлі пәле-жаладан
қорғап отыратын қасиетті ұғым. Сондықтан әкені сыйлау, оған үлкен құрметпен, ілтипатпен
қарау баланың перзенттік парызы болмақ.
Ауыз әдебетіндегі аңыз әңгімелерге сүйенетін болсақ: «Бірде баласының мазасыздығынан
әбден мезі болған Қожанасырдың әйелі ашуға беріліп: «Отағасы, бұл менің ғана балам емес.
Сен де оның әкесі саналасың. Олай болса, бала бағуға сенің де көмектесуің қажет. Оған 12
сағат мен қараймын, 12 сағат сен қарайсың» деп шарт қояды. Қожанасыр амалсыздан келіседі.
Ұйқыда жатса әйелі иығынан түртіп: «Тұр, сағат 12 болды, менің кезегім аяқталды, енді сен
қарайсың» деген екен. Сонда ол: «Сен өзіңе тиесілі бөлікті қарап біттің бе? Онда менің
бөлігімде жылай берсін» деп жауап береді».
Иә, бұл бір сәттік әзіл болғанымен, астарында ащы ақиқат жатыр. Бала бір нәрсені бүлдірсе,
бұзықтық жасап қойса әке тараптан анаға айтылатын: «Балаңа қарамайсың ба?», «Осы сенің
тәрбиеңнен!», «Осыған ие болмай не істеп жүрсің?» сынды айыптарды құлақ шалуымыз соның
айғағы. Еркектің тұрмыс қамымен түзде жүретіндігі рас. Бірақ, оның бұл әрекеті
жауапкершілікті әйелдің мойнына артуын ақтамайды. Өйткені, «әйел беретін дәруменді еркек,
еркек беретін дәруменді әйел ешқашан бере алмайды екен» (Б. Тілеухан).[3.23] Су оттегі мен
сутегінің қосындысымен ғана кемелдігіне жететіндігі секілді, әке мен ана өз орнында болғанда
ғана бала тәрбиесі, отбасы иммунитеті жақсы көрсеткішке жетеді. Балаға теледидардағы біреу
емес, өз әкесі үлгі болса – ең үлкен жетістік.
– Бұхар жырау "Әкелі бала – жаужүрек, жиын тойға барады, төрден орын алады, бітіреді

жұмысын, тастан да өткізер жебесін" дейді. Өзіне қорған болған әкесінің арқасында алшаң
басып, бар шаруасын бітіріп, алдына кездескен кез-келген қорғанды бұзуға дайын болады.
"Әкесіз бала – сужүрек, жиын тойға барады, босағада қалады" дейді. Яғни, жасқаншақ
болатынын меңзеп тұр. Сондықтан біз бала тәрбиесінде әкенің қаншалықты маңызды рөл
ойнайтынын білгеніміз жөн. Бірақ қазақ өз құндылықтарына қайтып оралмайынша, әкенің
отбасындағы рөлі төмендей бермек. [3.31]
Ертеректе еркекті көк тәңіріне теңеген. Ал әйелді жерге теңеген. Күлтегіннің үлкен
жазуында "Тәңірідей тәңіріден жаралған бабам Күлтегін истемін қаған" деген жазу осының
дәлелі.
Әйел ерге қараса, еркек көкке қараған. Өйткені ер адам энергияны тәңіріден алып отырған.
Айырмашылығы жер мен көктей деп босқа айтылмаған. Өйткені әйел мен еркек ешқашан
теңелмейді дегені. Көктен найзағай ойнап, жаңбыр жауса да, жер бірқалыптығын сақтаған.
Өйткені жер мен көк арасындағы үйлесімділіктің негізін жер қалап отыр. Яғни, жер мен көк
қалай гармония тапса, әйел мен ер адам да солай бір гармонияда өмір сүру керек.
Қазақта әкесін көке деп атайды. Ол сөздің түпкі мағынасы көк деген ұғымнан пайда болған.
"Көкеңді танытайын ба, көрсетейін бе, ұмытайын деген екенсің, көкем бар" дегенде әкесін
шексіз күш-қуат иесі санаған. [8.74]
Тәрбие берудің ең көрнекті құралының бірі, амал-тәсілі әдебиет үлгілері, көркем
шығармалар болған. Онда көрініс табатын авторлық суреттемелер, жасалған образдар
оқырманды ойға жетелейді, түрлі әсерге бөлейді. Тағылымдық, танымдық қасиеттер бой көрсетеді. Бұл орайда өзінің ағартушылық мақсатына сәйкес әдеби шығармаға тәрбие құралы
ретінде қалам тартқан Абай өнегесі орасан зор.
Ұрпақтар сабақтастығы, әсіресе, әке мен баланың ара қатынасы мәңгілік мәселе екені аян.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Абай жолында» қос дара тұлға - Құнанбай мен Абайдың қарымқатынасын шырқау биікке, шын мәнінде әлемдік деңгейге көтерді.
Қазақ мінезі, болмысы қалай өзгерді десек те, қазақ елі қандай бағытқа бұрылды десек те,
өзгерістер мен бұрылыстардың осынау екі Ереже аралығы - Құнанбай заманы сағасына құяры
сөзсіз. Демек, «Абай жолы» романының кейіпкер бейнесін толық ашуға сол заманның қырысырын, қат-қабат қалтарысын түгендеу керек . Құнанбайдың «тобықтыны ел қылған»
қайраткерлігі, Абай, Шәкәрім тәрбиесіне тигізген ықпалы және мұсылмандық бейнесі деген
қырларын демдеп көрсек те жеткілікті.
Ел жадында сақталғаны - Құнанбайдың жас жігіт Абайға үлкен сенім арта отырып, «ата
салтынан адаспа, балам» дегені оқырманның бойына әкенің балаға деген қамқорлығының
айғағы. Сол сияқты Абайға таққан үш түрлі міні мынау: «Ең әуелі - сен жұрттың бәрімен күліп
сөйлейсің. Жайдақ су сияқтысың, жайдақ суды ит те, құс та жалайды, кісілерге қадірі
болмайды. Екінші, кім көрінгенге жақын боласың, кісі талғамайсың. Желбегей жүрген кісінің
қасына ел үйірілмейді. Елді алатын қылық ол емес. Үшінші, орысшылсың, орыстың
дұшпандығын ұмытасың», - депті. Оған Абайдың берген жауабы: «Қолында құралы бар біренсаранға тиетін шыңыраудағы судан да, қойшы-қолаңшы, жалшы, жақыбайдың күллісі бірдей
мейірін қандыратын жайдақ су артық деп білемін... Орысшылсың дегенге: «Заман орыстікі, ол
жеңген, біз жеңілген елміз. Ендігі күнде алысатын дұшпанның айласы мен әдісін білу керек.
Мен орыстың өзін сүймесем де, өнері мен ебінен үлгі аламын» депті (М.Әуезов. Абайдың
туысы мен өмірі).
«Кезінде Құнанбайдың Абайға таққан үш міні, - деп жазады әдебиетші ғалым Серік
Қирабаев, - тарихи шындықтан алынған. Соған қарап, Құнанбайды тек ұнамсыз жағынан ғана
көру көбірек байқалып жүр. Шындығында, Құнанбай өз заманының ең ақылды, көреген,
қайырымды, батыр адамдардың бірі болғаны белгілі.
Абай әкесін қоғам қайраткері ретінде аса жоғары бағалаған. Романда Абайдың әкені
сыйлауы, әкеге деген құрметі өте жақсы көрсетіліп жазылған. Оны ақынның мына өлең
жолдарынан көреміз: Мысалға «Арғы атасы қажы еді» өлеңінде:
Ол сыпатты қазақтан Дүниеге ешкім келмепті, дегенін айтсақ та жеткілікті.
Бірде қарт Құнанбай баласы Абайды шақырып: "Балам, сен әкеңе жете туғансың ба, өте
туғансың ба?" деп сұрайды. Сонда Абай: "Әке, мен өте туғанмын, өйткені мен ақын болдым"
деген екен. Аз ғана ойланған дана Құнанбай: "Жоқ, сен маған жете тудың. Өте туу үшін Абай

секілді бала тәрбиелей алуың керек" деп жауап қатқан деседі.
«Әкеге тартып ұл туар», «Әке көрген оқ жонар» дейді халқымыз. Абайда болған
ақыл-парасат, елім-жұртым деп Едігедей ел қамын жеген халықшылдығы мен қайраткерлігі,
сөз жоқ, әке көргендігі.
Ыбырай Алтынсарн жас ұрпақға дұрыс тәрбие беру, оларды жас кезінен дұрыс
баулу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Баланы дұрыс күт, түзу тәрбиеле, қисығын түзе, адасса
айқын жолға сал деді. Бұл жөнінде де елге үлгі боларлық көп әңгімелер жазды.
Ыбырайдың «Әке мен бала»- деген шығармасында мынадай мәселе қарастырылады: «Бір адам
он жасар баласын ертіп, егістен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп,
баласына айтты: «ана тағаны, балам, ала жүр», - деп. Бала әкесіне: «Сынып қалған ескі тағаны
не қылайын», - деді. Әкесі үндемеді. Тағаны өзі іліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде
темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң әкесі қайырылып, тағаны соларға 3 тиынға сатты.
Одан біраз өткен соң, шие сатып отырғандардан 3 тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен
шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірлеп алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре береді.
Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артынан келе жатқан бала да тымақ қызығып келеді екен. Жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан
соң және бір шие, одан біраз өткен соң және бір шие, сонымен, бала әрбір шие тастаған жерге
бір еңкейіп, шие теріп жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып, баласына шиені орамалымен беріп
тұрып айтты: «Көрдің бе, бағана тағаны жамансынып, жерден бір ғана іліп көтеріп алуға
еріндің. Енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп, бір еңкеюдің орнына, он
еңкейдің. Бұдан былай есіңде болсын, «аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың,
азға
қанағат
етпесең,
көптен
құр
қаларсың»,
деді».
Кейде сәл нәрсені қомсынып, оған көңіл бөлмеушілік, «аз жұмысты қиынсынып»,
бойкүйездікке салынушылық өмірде көп кездеседі. Бұл - жақсы әдеттің нышаны емес.
Сондықтан балаларды жастайынан-ақ бойкүйездікке, жалқаулыққа қарсы еңбекке тәрбиелеу
мәселесіне Ыбырай ерекше көңіл бөлген.
Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармалар халықтың бостандығы, бақыты үшін алысқаны
саналы күрескер, ержүрек жауынгер адам ер азаматтың образын жасап, сомадағаны
әдебиеттен белгілі. Қазір типтес қаһармандардың саны қазақ әдебиетінде үлкен бір галерея
боларлық екенін мақтанышпен айтуға болады. Олар: С.Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”
пьесасындағы Еркебұлан және оның жолдастары, “Тар жол, тайғақ кешу” романындағы
Сәкеннің өзі және оның замандастары, Б.Майлиннің “жалбыр”, “Біздің жігіттер” пьесасындағы
Жантас, І.Жансүгіровтің “Жолдастар” романындағы Сатан, Мардан, Мәмбет, С.Мұқановтың
“Ботакөз” романындағы Асқар, Ботакөз, Амантай, А.Тоқмағамбетовтің “Әке мен бала”
романындағы Аманжол, Х.Есенжановтың “Ақ Жайық” романындағы Әбдірахман сияқты
кейіпкерлерді жатқызуға болады.
Ал, ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап қазақ әдебиеті тарихында әр кезеңде өмір сүрген
ұлы тұлғалардың өмірі мен кейінгі ұрпаққа қалдырған мұрасын,
қоғамдағы алған орны суреттелген көптеген көркем шығармалар дүниеге келді. Бір қатар қазақ
романдарында кешегі өткен соғыс пен соғыс кезіндегі ел өмірінің шындығы сөз болды.
Әсіресе, адам тағдырына әлеуметтік және адамгершілік тұрғыдан қарау және оның
философиялық сырын ұғыну соғыстың шындығы арқылы танылатын шығармалар қатарында
Т.Ахтановтың «Қаһарлы күндер», «Шырағың сөнбесін»
ауылдағы соғыс жаңғырығын
бейнелейтін Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»
романдарында ел намысын
қорғаған жандардың ер – азаматтық адамдық кейпі жайындағы туындыларын айтуға болады.
Қазақ әдебиетіндегі көркем шығармаларды «Әке» бейнесін берудегі ерекшілік – Отанға
деген шексіз сүйіспеншілік. Қазіргі таңда туған жерінің топырағын уысынан тастамай, жат
елде жарымның күнін кешкендей күңіренген азаматтарды кезіктіріп жатамыз. Туған жерді
толғата ғұмыр кешкен қаншама жыршылар тарихқа аян. Солардың санатында, елін, жерін бір
көру үшін өз өмірін бәйгеге тіккен Қабдеш Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің
басты кейіпкері Байтас қарттың атамекеніне деген шексіз сүйіспеншілігі де тамсандырмай
қоймасы анық. Ержүректігі мен қайсарлығына сүйеніп туған елге жол тартқан оралман қария
кез-келген оқырманның жүрегін жылытып қоймай, қазақтың еріне тән тағы бір тамаша қасиетті
таныс етеді.
Абайтанушы Омар Жәлел дәстүрлі тәрбиеде бала анасынан мейірімділік пен даналықты

сіңірсе, әкесінен өжеттік, батылдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіріп өскен дейді.
– "Әке – асқар тау, ана – баурайындағы бұлақ, бала – жағасындағы құрақ" деген бір ауыз
сөзге бүкіл тәрбиенің бастауын қазақ атамыз сыйғыза білген.
Қазақта бір мақал бар: "Көре-көре көсем болады, сөйлей-сөйлей шешен болады, баулыған
соң батыр болады". Біз әдетте алдыңғы екеуін айтып, үшіншісін білмейді екенбіз. Баланы
балапан құстай баулу туралы айтып отырмыз. Қазақ даласында әсіресе, ер балаларды ерлікке,
батырлыққа баулитын әкелер мектебі болған. "Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер"
деген мақал соның айғағы.
Ерін сыйламайтын әрбір әйел сол отбасында желкілдеп өсіп келе жатқан ұл мен қыздың
болашақ тағдырына кері әсерін тигізіп жатқанын білуі шарт. Әйел қанша жерден ақылды
болсын, білімді болсын, қызмет дәрежесі жоғары болсын балаларының болашағы үшін ерінің
алдында иіліп тұруы керек. Сонда ғана қазаққа ғасырлар бойы мүлтіксіз қызмет қылып келген
отбасы институты қалпына келеді.
Сыйлауға тұрмайтын еркек болмайды, сыйлай алмайтын әйел болады. "Жақсы әйел жаман
еркекті хан қылады, жаман әйел жақсы еркектің басын даң қылады". Бұл мақал ай мақал емес,
бабалардан жеткен асыл сөз. Қасиетті сөз. Сондықтан, ұлым ұлықты болып өссін десеңіз,
қызым қылықты болып өссін десеңіз, Құдай қосқан қосағыңызды ұлықтаңыз! Сонда ғана
қазақтың маңдайына басатын ұлағатты ұрпақ өсіп шығады, – дейді Омар Жәлел.[4.9]
Ата-бабалармыз көшпенділердің заңы бойынша ұлдарын «батырлық» мектебінде
тәрбиеледі. Қазақ – «батырлық» мектебінде оларды мергендіктің құпиясын білуге үйретті.
Жауының осал тұсын жіті байқау, 7-8 жасынан бес қарудың қыр - сырын ұғындырды. Ер
баланы 5 жасынан атқа отырғызып, тұлпарды таңдады. Себебі қазақтың жалпақ даласын сақтап
қалудың жалғыз жолы соғыста тек жеңіске жету ғана болатын. Сондықтан да бабалар
ұлдарынан жауына мейірімсіз, елін сүйген, ержүрек қырандар өсіруге мәжбүр болды. «Әке –
балаға сыншы» деп балаларды сынап отыруды естен шығармаған. Атамызды 13 жасынан
бастап ел басқару ісіне араластырғаны мәлім. Уәли хан Шоқанды 3 жасынан хат танытып, 5
жасынан білімге баулаған. Ғұлама ақын Мәшһүр-Жүсіп 8 жасында «мәшһүр» (білгіш) атанды.
Кенесары үміт артқан ұлы Сыздықты 5 жасынан құмға пышақ қадап қойып ержүректілігін
сынаған. Батыр бабалар Қабанбай 16-ға толмай, Райымбек әулие 15 жасында ерекше ерлік
жасады. Қазыбек би, Абылай хан бабаларымыздың 12-15 жасында - ақ ақыл мен алғырлығы
дүйім жұртқа тарапты.
Данышпан Жүсіп Баласағұнның көзқарасы бойынша, ер бала тәрбиесінде әкенің орнын
ешкім алмастыра алмайды. Оның «Бейбастақ қып өсірсе ұлдың қылығын, кінәлі әке, жазығы
жоқ ұлының» деген өлең қатары осыны дәлелдеп тұр емес пе?!
Қазақ халқының ұлттық отбасылық тәрбие дәстүрлерінің қасиет тұтар үлгілерінің бірі ата
мен әженің орны, ата мен әжеге деген немере, шөберелердің көзқарасы қалай болу керектігі
туралы тағылым. М.Мақатаевтың «Тоқта, ботам! Атаң келеді артыңда!» деп басталатын
өлеңінде баласына айтқан әке өсиеті арқылы осы ұғымның жақсы бір тағылым болар үлгісі
бейнеленген. Өлең астарында өткен өмір қайта оралмайтыны, бүгінгі жастық шақ алдағы
күндерде қарттыққа айналатыны, өмір баспалдағы осылайша кезегімен келіп отыратыны
пайымдалып, соған орай ұрпақ алдындағы қасиетті парыздың бірі кейінгі буынның қарттарға
әке мен баланың бір - біріне деген көзқарасы түзу болып, оларды кейітіп алмай, керісінше
ерекше құрмет көрсету керектігі түйінделеді
Тоқсан ауыз сөзді тобықтай түйіндей келе, қазақ әдебиетінің қай дәуіріндегі көркем
шығармаларды алсақ та қазақ ер азаматының қанына жақын тік мінез,қылыштың жүзіндей
қиып түсер өткір көз,өлімнен жалтармай басын тігетін өшпес өжеттілік, сүйгені үшін сан алуан
сынақтан сүрінбей өтуге
даяр шексіз сүйіспеншілік, қасық қаны қалғанша күресуге әзір
қайтпас қайсарлық, жақындары мен туып өскен топырағына деген кіршіксіз адалдық секілді
асыл қасиеттерге жан бітірген «Әке» бейнесіндегі кейіпкерлерімен ұрпағына тәрбие беріп
отырғаны көңілге қуаныш ұялатады.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. М.Әуезов «Абай жолы» романы
2.Кенжеахметов С. Жеті қазына. 1-2 кітап. Алматы: Ана тілі, 20033
3."Ана тілі" газеті № 2 2021ж
4.Ы.Алтынсарин "Өнер білім бар жұрттар"
5.О.Жәлелұлы "Харекет"
6.«Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы №2 2013ж
7.Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл 8.
«Жалын» жұрналы №9, 2012ж
Қосымша дереккөздер: Абай.кз

ӨТІНІШ
Қатысушының аты – жөні
Ғылыми дәрежесі, атағы
Жұмыс орны
Қызметі
Мекен – жайы
Телефоны
Баяндама тақырыбы
Секциясы
Бейнебайланыс түрі

Жакупова Назия Казымовна
Фариза Оңғарсынова атындағы № 41
мектеп – гимназиясы
Қазақ тілі, әдебиеті пәні мұғалімі
Ясное селосы, Есет батыр көшесі 12 үй
87077398683, 87074351945
Көркем шығармалардағы әке бейнесі
Көркем мәтіндердегі «Әке» бейнесі
Ватсап 87077398683
Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
15.11.2023
599
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі