400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көркемдік стиль және әдеби ағымдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қосымша тапсырма

Көркемдік стиль және әдеби ағымдар

Әдеби мектеп отандық және әлемдік әдебиетте өз орнын тапқан. Атап айтқанда, бүгінде қазақ әдеббиетінде Абайдың ақындық мектебі деген ұғым қалыптасқан. Орыс әдебиетінде натуралдық мектеп деген ұғым бар. Әр түрлі маңызды тақырыптарға жазылған қуанышты өлеңдер олардан кейін де болған және күні бүгінге шейін бар.

XIX ғасырдың бас кезінде орыстың дворян әдебиетіндегі оданы шетке қаға бастады. Элегия деп өзінің жай өмірімен байланысты, басында болған күйініш-сүйініштерді (сүйіспендік, табиғат күйін т.б.) суреттеген шығармаларды айтады. Элегияда көңілдің қайғысын суреттеу өте жиі ұшырайды. Сондықтан элегия қайғылы өлең деген түсінік туды.

Қазақ әдебиеті тарихын алсақ, элегияның күшейген кезін XIX ғасыр деп айтуға болады. Мысалы, Шәңгерей ақынның көп өлеңдері де элегияға жатады. Сатиралық лирика (грекше – satura – қосылды.).

Сатиралық эпос сықылды, сатирамен жазылған лирикалык шығармалар да болады. Сатира дворян әдебиетінде де болған.

Бірақ сатиралық лириканың төтенше дәуірлеген кезі тап күресінің күшейіп, нағыз шиеленіскен дәуірде болды.

ХІХ ғасырдағы қазақ ақындарының ішінде сатиралық лириканы көп жазған адам Абай болды. Ол елдегі болыс, билерді шенеп-мінеп, сынға алып, мысқылдап жазған «Дүтбайға», «Болыс болдым мінекей» деген өлеңдері сатиралық лирикаға жатады.

Қазақ және әлемді әдебиеттегі әдеби мектептер бүгінде әдеби дәстүрді емін-еркін меңгерген. Әдебиеттің түрлі жанрында осы мектептердің әдеби дәстүлерін айқын табуға болады. Бүгінгі әдеби үдеріс отандық және әлемдік әдебиетттегі әлемдік мектептердің дәстүрлерін шығармашылықпен игеруде. Ән өлені деп әнге салып айтуға арналып шығарылған өленді айтады. Ән өлеңі ауыздан-ауызға көіпіп жүреді. Әнмен айтылатын елеңдер лириканың қай түріне болса да, көпшішкке жакын түрады. Ән жүртшылыкка тезірек тарайды.

Әдебиетте әдеби бағыттар мен әдеби ағымдар көптеп саналады. Классицизм, сентиментализм, авангардизм, символизм, экзистенциализм секілді әдеби бағыттардың әрбіреуі ерекше зерттеуді қажет етеді. Бұл бағыттар әдебиеттің проза, поэзия, драма жанрында көптеп кездеседі. Лирикалық жанрлардың да өзара түрлері бар. Бұл түрлер көрсетпек болған өмір құбылыстарын қалай суреттеуі, ақыннын көңіл-күйі қалай берілуіне байланысты. Бұл жанрға тән ақынның дүние танушылығы, көзқарасымен өзінің ішкі сезімін, күйініш-сүйінішін дайым ұштастыра жырлау десек, айырмасы, қалай жырлауында ғана. Кейде шаттық, қуаныш, асқақтықты білдірсе, кейде мұң, зарды, кейде көңілдің бижай қоңыр күйін сездіруі мүмкін. Бар адамды бір адамның (ақынның) «қуанышымен қуантып, қайғысымен қайғыртар, шаттығына бөлеп, үмітімен таныстырар, құлағымен есіттіріп, тілімен сөйлер…» (Белинский) лирика дегеніңіз осы ғой!.. Тек ақын талантты болсын да … ірі болсын, қолынан келсе, ұлы болсын! «Ұлы ақын, – дейді Белинский, -өзі туралы, өзінің жеке мені туралы айтса, – жалпы жұрт туралы айтса, – жалпы жұрт туралы, бүкіл адам баласы туралы айтқаны; өйткені оның тұлғасында жалпы адам баласына тән күллі қасиеттің бәрі бар».

Әдеби бағыт көбінесе көркемдік әдіс, стиль орнында қолданылады. Әдеби ағым – әр бағыттың ішінде орын алатын әдеби құбылыс.Еуропалық әдебиет тарихындағы болған белгілі бағыттар: ренессанстық реализм бағыты, барокко, классицизм, ағартушылық реализм, сентиментализм, романтизм, сыншыл реализмы, модернизм, соцреализм постмодернизм. Натурализм, символизм, маньеризм, рококо, импрессионизм, экспрессионизм, экзистенциализм әдеби ағымдар болып саналады. Аталған бағыттардың ұлттық әдебиеттерде орын алуы мойындалған тұжырым. Әр бағыттың өзіне тән стилі болады. «Бағыт» деген түсінік алғаш рет Белинский, Чернышевский, Добролюбов еңбектерінде қалыптасты. Әр бағыттың өзіне тән мазмұнды негіздері бар. Мысалы, романтизм бірден үзілмей жалғасып жатты. Қазақ жазба әдебиетінде реализм Абайдан бастап қалыптасты. Реалистік бейнелеу тәсілдері жыраулар поэзиясында да орын алғанын ескерсек, қазақ сөз өнерінің о бастан реалистік бағытқа жақын екені белгілі. Жыраулардың толғауларындағы нақтылық пен өмірдің шынайылығын баяндау қазақ әдебиетінің басты көркемдік бағыты болып табылады.

Классицизм (лат. classіcus – ең үлгілі) – 17 – 19 ғасырлардың басында әдебиет пен өнерде өріс алған көркемдік бағыт. Әдебиеттегі Классицизм Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің классиклық әдеби шығармаларын үлгі тұтты. Классицизм үрдісіндегі туындылардың тек тақырып, кейіпкерлерді таңдап алуында ғана емес, сонымен қатар қатынасушы адамдардың іс-әрекеттерін суреттеуінде де өзіндік өзгешеліктері бар. Классицизмге тән негізгі ерекшелік – көркем шығарманың құрылысын бір тәртіпке бағындыру. Мысалы, драмалық шығармаларды “үш бірлікті” сақтай отырып жазу талап етілді: уақыт бірлігі (оқиға бір тәулік – 24 сағат ішінде ғана өтуі керек), орын бірлігі (оқиға тек бір орында ғана өтуі керек), оқиға бірлігі (оқиға бірінен-бірі туындап, бір ізбен дамып отыратын бір ғана сюжеттік желіге құрылуы шарт).

Классицизм ХУІІ ғасырда Италия әдебиетінде туып, француз әдебиетінде кең қанат жайған ағым.

Классицизм теориясының негізінде мәңгілік туралы ілім, әдемілік идеалының кемелдігі туралы түсінік жатыр. ХІХ ғасырда Стендаль «Расин және Шекспир» атты памфлетінде классицизмнің принциптерін терістей отырып, осы ілімді керіге шығарады. Ол әдемілік ұғымының қатыстылығын, өзгермелілігін, тарихилығын дәлелдейді Әдеби жанрлардың да қатаң деңгейленуі (эпопея, трагедия, комедия және т.б.) осы ілімнен туындады. Әрбір жанрдың нақты шекаралары, оның ерекшеліктері көрсетіліп, әрбір жанрға тиесілі тілі мен кейіпкерлері бекітілді (трагедия үшін – биік патетикалық тіл, асқақ сезімдер, батыр тұлғалар; комедия үшін – төмендетілген тірліктегі персонаждар, ауызекі сөйлеу тілі т.б.), себебі классицистердің пікірінше, әрбір жанрдың үлгілі шығармалары әу-баста дүниеге келіп қойған, ал жаңа кезеңдердің еншісі тек (біржола) табылған кемел идеалдардың ізімен жүру.

Классицистік әдебиеттегі көркем образдардың дерексіздігі де осыдан туындайды. Олар сананың қатаң есебінен туындап, онда жалпы, әмбебап, «мәңгілік» қасиеттер суреттелді (мизантроп, сараң т.б.). Классицистер өмір құбылыстарының өткінші, кездейсоқ, дара сипатына қарағанда «мәңгілік», әмбебап, абсолютті жақтарын сипаттауға ұмтылды. Классицистер көркем образ дерексіз схема түрінде емес, шынайы тірі жан ретінде көрінуі үшін даралық, кездейсоқтық сипат керек екенін түсіне бермеді. Сонымен классицизм теориясындағы мәнді бір элемент өнердің тәрбиелік мәні туралы ілім.

Көркем шығарманы тудыру үстінде классицистер өздеріне қаншалықты дәрежеде жамандықты әшкереледік, жақсылықты қаншалықты паш еттік деп сұрақтар қойып отыратын. Классицизмнің ең мықты шеберлері өнердің үйретушілік, дидактикалық принципін жеткілікті көркем тактпен бере алды, ал дарыны аздаулары жалаң уағызға жүгініп, жауыздар мен батырлардың арасын қақ бөліп суреттеді.

Орыс ғалымы Н.А.Жирмунская 1630-1650 жылдардың аралығын драмалық жанрларда классицизмнің принциптерінің әбден орныққан кезі деп көрсетеді. Классицизм теоретиктерінің ойынша сананың қарапайым талаптары сахнадағы оқиғаны жиырма төрт сағат бойына сыйдыруға (уақыт бірлігі), бір орында өтуіне драматургты міндеттейді (орын бірлігі), эстетикалық әсер заңдылықтары драматургтен сюжет сызығының бірлігін талап етеді дейді (әрекет бірлігі). Осыдан келіп орын, уақыт, әрекет – үш бірлік «ережесі» пайда болады.

Классицизм теорияшылары өзінің жоғары этикалық идеясы мен эстетикалық талғам биігіне сай әдебиеттегі жанрларды “жоғарғы” және “төменгі” деп бөлді. “Жоғарғы” жанрға трагедия, эпопея, ода, т.б. жатса, “төменгі” жанрға комедия, сатира, мысал, т.б. жатқызады. Классицизмнің алғашқы әдеби негізі ретінде Ежелгі дәуір әдебиетіндегі Аристотель идеялары, Горацийдің (б.з.б. 65 – 8 ж.) поэтикалық шығармалары алынғанмен, оның кемелденген ағым ретінде ең дәуірлеп өркендеген кезі 17 – 18 ғ-ларда Францияда болды. Бұл кезеңдегі Классицизмның ең ірі өкілдері – Н.Буалоның (1636 – 1711) поэтикалық толғаулары, П.Корнельдің (1606 – 84), Ж.Расиннің (1639 – 99) трагедиялары, Ж.Б. Мольердің комедиялары, т.б. кең танымал болды. Классицизм Ресейде 18 ғ-дың 2-ширегінен бастап өрістеді А.Д. Кантемир (1708 – 44), А.П. Сумароков (1717 – 77), В.К. Тредиаковский (1703– 68), Д.И. Фонвизин, т.б.

Өткен ғасырлар үлесіндегі әлем әдебиетінде көптеген әдеби ағымдардың болғаны баршаға аян. Сол ағымдардың ішіндегі 18-ғасыр дың екінші жартысы мен 19-ғасырдың басында дамыған ағым – сентиментализм. Сентиментализм (французша сезім, сезімталдық деген сөздерден алынған ). Бұл көркем әдебиеттегі ағым Ағылшын және басқа Еуропа халықтарының әдебиетінде кеңінен өріс алған. Ағылшын әдебиетінде сентиментализмді орнықтырған жазушы Л.Стерн. Оның «Франция мен Италияға сентименталдық сапар» атты романы Еуропа елдерінде кең қанат жайды, орыс тілінде аудармасы да жарық көрді. Сентиментализм жеке адамдардың жан дүниесін, көңіл - күйін суреттеуге ерекше мән береді. Бұл бағыттағы қаламгерлердің шығармаларында жанұялық тұрмысты, күнделікті тіршіліктің жеке көріністерін баяндауға, ұсақ және орта буржуазия, қолөнершілер өмірін сипаттауға көп орын береді. Әдебиетте психологиялық роман, повесть, естелік, сапарнама секілді жанрлық түрлер көбірек қолданылатын болды. Шығармалардың комппозициялық өрнегін, сюжетін құрғанда да жазушы баяндалатын оқиға-жайларды адамға қаншалықты әсер етіп, қандай сезім туғызатынын алдымен ескереді. Яғни жазушы әр түрлі өзара тікелей байланысы жоқ оқиға-жайларды, егер соларға ерекше мән берген болса, бір-біріне жанастырып, еркін баяндап отырады. Айтылып отырған оқиғаға табиғат суреттерін, жазушылардың өзінің әр түрлі сезім-әсерін және сондай басқа жанама жайларды қосарлап береді. Орыс әдебиетіндегі сентиментализмнің ең көрнекті өкілі Н.М Карамзин болды. Карамзиннің «Бедная Лиза» атты повесінен сентиментализмнің негізгі сипат-өзгешеліктерін көреміз. Жазушы өз еңбегімен күнелткен кедей қызды жан ашырлық сезіммен суреттеп оның жан дүниесінің нәзіктігін, тереңдігін бейнелейді. Төменгі таптың өкілі қарапайым адамды былай суреттеудің өз дәуірінде қоғамдық рөлі зор болғаны сөзсіз. Алайда осы шығармадан сентиментализмнің осал тұстарын да көреміз. Карамзиннің төменгі тап өкілдерін суреттегенде олардың ауыр халін, қатты қанау, қыспақ көріп отырғанын дұрыс ашып көрсетпейді. Мұны егер Карамзин шығармаларын сол кездегі патша үкіметінің озбырлығын әшкерелеп көсететін төңкерісшіл жазушы Радищевтің шығармаларымен салыстырсақ анық аңғарамыз. Көркем әдебиеттегі сентиментализм ағымына өз үлесін қосқан қазақ ақын-жазушылары мен сал-серілерінің туындылары нағыз ішкі сезімнен туған шығармалар екенін байқау қиын емес. Солардың ішінде Ақан сері Қорамсаұлы, Біржан сал Қожағұлұлы сынды тағы да басқа сал-серілер мен ақын-жыраулардың туындыларын сентиментализм ағымына жатқызуға болады.

Қазақ әдебиетінің 20-ғасырдағы даму жолы халқымыздың сол тұстағы тарихи-әлеуметтік жағдайына байланысты болды. Бұл ғасырда қазақ қоғамы бұрынғы дәуірлерге қарағанда біраз өзгерістерді басынан өткеріп, ілгері өрлеуге бет бұрған-ды. Халыққа Еуропалық өнердің есігі ашылып оқу, өнер-білім самалы қазақ даласына жайылды.

Қазақ ақын-жазушыларының шеберлігі бұл тұста арта түсті. Олар ұлттық әдебиеттің дәстүрлі жетістіктерін жете игеріп қана қоймай, ілгері іздене берді. Батыс пен Шығыс поэзиясына қолдары жетіп өрісін ұзартты. Қазақ поэзиясы бұрынғы өсиет өлең, арнау, толғау, жыр сияқты басым болып келген ескі жанр түрлеріне жаңалықтар қосты. Қазақ лирикасының өзі сан түрлі жаңа жүйелермен байи түсті. Лириканың бұрын дидактикалық сарыны басым болса, енді оның суретті, пейзажистік, образдылық жақтары бой ала бастады. Адамның арақатынасы, махаббат сезімдері, ішкі психологиялық дүниесі нәзік лиризммен әсерлі бейнеленіп, адамның іші мен сырты бірдей әдемі, жоғары адамгершілікпен ұштасуы көкселді. Адам өмірі жан-жақты жырланып, қоғамдық сана,философиялық ой-тұжырымдары, дәуір жаңалықтары кеңінен жырға қосылды.

Ұлы Абай қазақ поэзиясында жаңалық жыршысы болып, оның реалистік бетін ашса, музыка өнерінің қазақ топырағындағы жаңа бағытын Біржан мен Ақан бастап берді. Бұлардың өнерімізді дамытудағы әсерлері, олардың өскен орталары, алған өнегелері, творчестволарының қайнар көзі-бәрі сабақтас. Қазақтың сал-серілері атанған Біржан мен Ақан шығармашылығы біз тілге тиек етіп отырған сентиментализмнің озық үлгілері десек те болады. Олар өзінің дер шағындағы талант табыстарын түгел дерлік жас ұрпаққа арнап, солардың жүректерін тебірентер тамаша туындылар жасады. Жоғары адамгершілік идеяларға толы өміршең поэзия, асқақ та әсемән әуендерін қалдырды. Жастық дәуреннің кеудені кернеген армандарын, басына түскен мұңын, адамның жан сұлулығы, мөлдір махаббат сезімдерін жылуы мол жалынды жырмен толғап, әсем әуенмен аспандата әндетті. Көптеген сазды, сәнді лирикалар қалдырды. Мәселен Біржан өлеңді ән үшін, әнді өлең үшін шығарған. Сондықтан олар өзара біте қайнасып, бірігіп кеткен туындылар. Ғашықтық лирикаларындағы нәзік сезім дүниелерін ол асқан ақындық шабытпен жүрек тебіренте жырлап берді. Жастар жүрегінің қылын шертіп, іштегі жасырын сырларын ақтара ашады. Махаббат күйігіне душар болғандар характері, олардың эмоциялық сезім-серпіндері қоғамдық-әлеуметтік шындықтарға байланыстырылып, биік идеялы сатыға көтеріледі... Осылайша, лирикалы реалды өмірден туып, әлеуметтік қорытынды жасайды. Адамгершілік ақылдар ұстанады.






Қосымша тапсырма

«Ана» тақырыбына қатысты әңгімелер:

Оралхан Бөкей

«Ана қуанышы» әңгімесі

Ғабит Мүсірепов

«Өлімді жеңген ана»

Жолтай Әлмашұлы «Ана мен бала»



Тақырыбы: Анаға қуаныш сыйлау

Тақырыбы: Ананың балаға деген сүйіспеншілігі

Тақырыбы: Ананың қадірі

Идеясы: Ананы құрметтеу,бағалау, әрқашан қуанта білуге шақыру.

Идеясы: Ананы құрметтеу,қадірлеу.


Идеясы:

Ана қадірін көзі тірісіндe түсіне білу,қадірлеу.



Кейіпкерлері: Қалима, Жеңіс, Есімбай.

Кейіпкерлері: Жәңгір, Ана, Баязит сұлтан, Ақсақ Темір, Кермене ақын

Кейіпкерлері: Жасын, Жарқынбек, Балым – Ана, Әлібай

Әңгіменің басталуы:

Есіктен атыла шыққан Жеңіс табалдырықта жатқан аламойнақтың аяғын басып кетті. Ауырсынып қалған ит жасынан бірге өскен иесіне бір рет қаңқ ете түскеннен басқа шағым айта алмай қала берді. Жеңістің аялдауға мұршасы болған жоқ. Жүгірген бойы Бұқтырма өзенін жағалап кете берді.


Әңгіменің аяқталуы:

Мұндай сөзді күтпеген Жеңіс қуанғанынан анасын қапсыра құшып сүйе берді, сүйе берді...


Жеңіс әкесімен бірге жылқы баққанына дәл бір ай болды. Ол бүгін өте көңілді келе жатыр үйіне. Жүрегі лүпілдеп үйге тез жетуге асық. Оны қуантқан тұңғыш еңбек ақысы еді.


Өмірдің дәмін енді ғана татқандай. Жас балаша қуанышпен жүгірген бойы үйге енді. Анасының қолына сексен сомды ұстата беріп:


— Міне, ана менің адал еңбегімнің нәтижесі, — деді. Анасы Қалима оның күлімдеген жүзіне қарап:


— Балам, қайырымен болсын, ержеткеніңді енді білдірдің. Азамат болдың, — деп мейірлене ұлының басынан сипады. Осы сәтте ана жүрегінің балаға деген қуанышы шексіз еді...

Әңгіменің басталуы:

Мақтасақ — әйелді мақтайық та, құрметтейік те әйелді. Әйел — ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!..

Азияның ақсақ барысы Темір жер бетін қанға бояп, ойды қырға теңеп, жоннан жол салып, жер шарын асықтай үйіргісі келген адам. Бұл, сансыз елді өзіне бағындырып, шексіз жерді қанға суарған, айбатынан ай жасырынған Темір.


Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!

Бас иейік те, құрметтейік те ұлы адамдарды тапқан ананы! Аристотельді де, Фирдоусиді де ана тапты. Ескендір мен соқыр Гомер де ананың баласы. Бәрін де дүниеге жетектеп әкелген ана. Ананың ұлы орны қашан да өзінікі!


Әңгіменің аяқталуы:

— Мен тәңірі құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен адамша сөйлесіп отыр, өтінбейді — бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар. Мүмкін, жерді жылытып, бақыт себетін адам болар… Мен жерге өлім егіп, қанмен жақсы суардым. Жер қазір майы сорғалап тұр, қыртыстанды. Енді семіз жерге бақ екпей, бақыт егетін адам керек шығар…

Барлық байбатшалар жаңа ғана сықақтап күлген әйелге қарап «ана!» деп танданды да қалды.


Бұл шындық қой. Үйткені қай анадан сұрасаң да:


— Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын кебейттік! — демей ме!..

Әңгіменің басталуы:

Жасынның сурeтші дoсы Жарқынбeк сoл жoлы Балым-Анамeн бір кeш oтырып сөйлeсіп, сан түрлі сауалдар бeріп, көп әңгімeнің тиeгін тoқтаусыз бұрап, мoлынан ағытып eді. Жасын бoлса қалжырап, қажып, ұйқысы кeліп, eнді бoлмаса дoсына ым қағып «Әй, дoғарсаңшы eнді, дeмалмаймыз ба» дeмeкші-тін.


Әңгіменің аяқталуы:

«Бұл сағыныштан!» дeп oйлады. «Анамды oсынша сағынам дeп oл кeздe oйлаппын ба! Нe дeгeн қымбатты eдің, нe дeгeн құдырeтті eдің, o, Анашым-м!...Бұлай сағындырарыңды бір кeздeрі қалайша сeзбeгeнмін!... Нeгe білмeгeнмін мeн...»


Таң ата көзі ілініп кeткeн eкeн. Түсіндe Анасын көрді. Oл әуeлдe дoсы Жарқынбeк салған үлкeн сурeт бoлып eлeстeп eді, артынша тірі бeйнeгe ауысып, бұған қарай баяу алаңдап кeлe жатты.

Баласының басынан сипап, eркeлeтe сөйлeп тұр. Сoл баяғыдағыдай. Кәдімгі қалпы. Үні дe сoл. Биязы үн.







Shape1

Әңгімелердің ұқсастықтары:

Үш әңгіменің тақырыбы – ортақ, тіпті идеясы да бір – біріне ұқсас.



















Shape2

Айырмашылықтары:

Автордың шығармада қолданылып тұрған көркемдік ерекшіліктері, стилі, өзіндік кейіпкерлерімен ерекшеленіп тұр.











***

Оралхан Бөкейдің «Ана қуанышы» әңгімесі «Жеңіс» атты кейіпкерімен ерекшеленеді. Өйткені, алдымен ата –анасының тілін алмай, қарсы шығып жүрген бала соның да өзі жұмыс жасап анасына көмектесіп, қуанта білді.

Оны әңгіменің мына жерінен көре аламыз:

Жеңіс әкесімен бірге жылқы баққанына дәл бір ай болды. Ол бүгін өте көңілді келе жатыр үйіне. Жүрегі лүпілдеп үйге тез жетуге асық. Оны қуантқан тұңғыш еңбек ақысы еді.

Өмірдің дәмін енді ғана татқандай. Жас балаша қуанышпен жүгірген бойы үйге енді. Анасының қолына сексен сомды ұстата беріп:

— Міне, ана менің адал еңбегімнің нәтижесі, — деді. Анасы Қалима оның күлімдеген жүзіне қарап:

— Балам, қайырымен болсын, ержеткеніңді енді білдірдің. Азамат болдың, — деп мейірлене ұлының басынан сипады. Осы сәтте ана жүрегінің балаға деген қуанышы шексіз еді...

Әңгімеде Жеңістің әкесін жанама суреттеуі: Шынында да Жеңіс әкесін өте сыйлаушы еді. Айтқанынан шықпайтын. Бірақ Жеңістің әкесі қытымыр кісі емес, ауыр мінезді, өткір сөзді адам. Жеңістің әкемдей болсам, әкемдей сөйлесем деп арман етуі де осыдан.

***

Ғабит Мүсірепов «Өлімді жеңген ана»

Бұл шығарманың қай-қайсысының да көркем əдебиеттің басты талаптарына сəйкес жазылған сəтті дүниелер екендігін əдебиеттанушы ғалымдар кезінде атап айтқан болатын. Осы шығармаларда əр қырынан алынып жазылған аналар бейнесі қазақ əдебиетінің үлкен табысы болып саналады. Әңгіменің басты кейіпкерлері Ақсақ Темір, Ана, Баязит сұлтан қай-қайсысы да ерлік жасауға даяр тұрады. Жазушы бұл кейіпкерлер тағдырын мейілінше қызық штрихтармен бейнелей отырып, қайсар, қайтпас рух иелері етіп көрсетеді. Кейіпкер нəзік жанды болғанымен, рухы күшті, күрескер əйел бейнесін көрсетеді.

«Мақтасақ – əйелді мақтайық та, құрметтейік те əйелді. Әйел – ана, барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, көзді бұлақ емес пе!». «Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да болмайды, батыр да болмайды». Жазушы əңгімесінен осындай қанатты сөздерді молынан кездестіруге болады.

Ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті, баласы үшін қара басын өлімге қиятын жанды көреміз. Мәселен:

  1. Мен тәңірі құлы Темірмін, тиісті сөзді ғана айтам! Міне, менің алдымда әйел отыр. Бұл әйел бүгінге дейін өзім білмеген сезімді қозғап, мені жеңіп барады. Бұл әйел менімен адамша сөйлесіп отыр, өтінбейді — бұйырады. Бұл әйелдің неге мұнша күшті екенін түсіндім деп ойлаймын. Бұл өмірдің иесі, бұл ана, бұл ұлын сүйеді. Ұлын сүюі, ол ұлы өмірдің бір ұшқыны ғой. Кім біледі, мүмкін, ол ұшқыннан әлденеше ғасырға кететін жалын туар. Мүмкін, жерді жылытып, бақыт себетін адам болар… Мен жерге өлім егіп, қанмен жақсы суардым. Жер қазір майы сорғалап тұр, қыртыстанды. Енді семіз жерге бақ екпей, бақыт егетін адам керек шығар…

  2. Бұл шындық қой. Үйткені қай анадан сұрасаң да:

— Біз өлімнен күштіміз: біз дүниеге ақын да, ақылды да, данышпан да, ер де береміз. Өлім адам баласын құртуға тырысса, біз оны жеңіп, адам баласын кебейттік! — демей ме!..

  1. — Мен бір-ақ теңізге ұшырадым. Онда арал да көп екен, балықшы да көп екен. Адамды айуандай сорған сен секілді патшалардан қашқан адам тамағын теңізден тауып жүр. Балықшы болса қайықта болады ғой. Сүйген ұлыңды іздесең жел артыңнан шығады, теңізден қайықпен өттім… Ал, енді өзенге көп ұшырастым. Теңіз жағасында өскен анаға өзеннен өту қиын ба? Тау дейсің ғой? Тауды мен елең де қылғаным жоқ, байқағаным да жоқ! Орман отын бергеннен басқа тоқтау қылған жоқ! — дейді.

  2. — Аю, қабылан, арыстан, басын жерге салбыратқан тағы өгіздер көп ұшырады. Көзі сенің көзіне ұқсап оттай ойнап, өлім шашып тұрған барыс та екі рет маған қарап тұрды. Бірақ әрбір аңнын жүрегі бар емес пе? Олармен осы сенімен сөйлескендей сөйлесіп жүрдім. Қанішер аңдарды, қан ішкіш патша, сенімен салыстырғаныма ашуланба! Олар да менің ана екенімді біліп, иланды: ауыр күрсініп, мені аяп жөндеріне жүре берді. Аңның да баласын сүйетінін сен білмейтін бе едің? — дейді әйел Темірге төніп.

Әңгіменің түп төркіні, шығарманың идеясы әңгіме ортасында көрініс табады:

Құрметтейік, көтерейік те әйелді! Ана әйелді құрметтейік! Оның сүюі таусыла ма, бүкіл дүние соның емшегін еміп, ер жеткен емес пе? Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет. Ананың құрметі әлі жеткен жоқ!

Әңгіме оқырман қауымды ананы сыйлауға құрметтеуге шақырады. Өйткені, ана – біреу. Автордың кейіпкерді сөйлетуі, қолдануы жүйелі.

— Тында, елімнің егіншісі Темір! Сен менің алдымда қүнәлысың. Менімен есептеспей тұра алмайсың да. Менің алдымда күнәңды жусын деп келдім. Сенің бағынғаның «Күш әділдікте!» деген ұран дегенді айтты. Мен бұған иланбаймын. Бірақ сен маған еріксіз әділ боласың. Үйткені мен — ана! Сен өлім сепсең, мен дүниеге өмір себем. Сені жеңем! Сондықтан сен маған әділ бола аласың! — деді.

Ананың баласы үшін басын қатерге тігуі көрініс табады:

Ананы шынжырлауға бұйрық берді. Сол кезде батылдықтың көрінісі орын алды.

— Жоқ, жоқ! Нағыз сұлу, нағыз ақылды бала менікі еді. Сенен туған бала, адам баласының өкінішін ақтай алатын ба еді! — деді ана әйел тіксініп. — Теңіздің жағасында отырған бізге талаушылар келгенде ұлым алты-ақ жаста еді. Талаушылар әкемді де, байымды да, тағы да көп адамды өлтіріп, ұлымды тартып әкетті. Өмірді талаушы сенің жолдастарың қайда болса да толып жатыр. Міне, енді сол ұлымды жер бетін шарлап, іздеп жүргеніме төрт жыл толып барады. Ұлым қазір сенде екен, оны анық білдім. Үйткені, әлгі талаушыларды Баязит сұлтанның әскері ұстапты. Баязитті сен жеңіп алдың да, қолында барын түгел тартып алдың ғой, соның ішінде менің ұлым да бар. Ұлымның қазір қайда екенін сен білесің. Өзіме қайтарып беруге міндеттісің! — деді.

Біз бұл әңгімені басқа шығармалардан қалай ажыратамыз деген сұрақ туындаса:

Біріншіден, әңгіменің өзіндік кейіпкерлері арқылы;

Екіншіден, әңгімеде ананы суреттеу, оны қадірлеу туралы жазушының қолданған көркемдік ерекшеліктерінен ажыратамыз. Сонымен қатар, бұнда диалог басым.

Ақсақ Темір мен Ана арасындағы:

— Даусында өлім көлеңкесі елестеген неткен адам? Шақырыңдаршы! — деді Темір мұрньша қан иісі келгендей жан-жағына алақтап.

— Қайдан екені белгісіз бір әйел пайда болды. Үш арысты билеп тұрған арыстан, сізді көрем деп бой бермей тұр! — десті қасындағылары.

— Арапша сөйлейді. Үсті-басы кір, шаң. Өзі есалаң болса керек… — десті біреулері.

— Әкеліңдер! — деді Темір өз сезіміне ғана бағынып.

***

Жолтай Әлмашұлы «Ана мен бала» әңгімесі

Жазушы асқақ ана бейнелерін қиын тартыстар үстінде көрсете отырып, қоғамдағы алатын орнын, рухтарының мықтылығы мен анаға тəн тамаша қасиеттерін қызғылықты оқиғалар үстінде əсем бейнелейді.

Бұл әңгіме Балым-Ана мен баласы Жасынның арасында көрініс табады.

Әңгімеде диалогтардың кездесуі:

1. – Мeн сeнің анаңның пoртрeтін салам.

– Нe дeдің?



– Пoртрeтін салам дeймін.

– E-e...

– Нeмeнe, күдігің бар ма?

2. – Сeн дeнсаулығы сыр бeріп, Әбдeн ауруы мeңдeгeн кeздe кeздeстің. Ал, баяғыда-а...

– Сoл кeздe нeгe мeні eртіп әкeлмeгeнсің?

– Oның сәті түсті мe! Қу тірлік...

– Oл сылтау eмeс, – дeп Жарқынбeк қатты қынжыла сөйлeді. – Oндай сылтауды мына маған айтуға қалай ұялмайсың?

– Жoқ, расы сoл ғoй.

Әңгімеде кездесетін бата беру үлгісі:

1.Асың, асың, асыңа,

Бeрeкe бeрсін басыңа!

Бөдeнeдeй жoрғалап,

Қырғауылдай қoрғалап,

Қыдыр кeлсің қасыңа! –

2.

Нe бeрсe дe, нақ бeрсін!

Қырда жүргeн Қыдырды,

Үйлeріңe ап кeлсін!

Қарыңдарың тoқ бoлсын,

Қайғыларың жoқ бoлсын!

Шүпірлeгeн үйіңдe

Балаларың көп бoлсын!

Жақсы сөз тиeк бoлсын,

Ықыласты ниeт бoлсын!

Дастарқаның мoл жайылып,

Үсті тoлы eт бoлсын!



Әңгімеде кездесетін мақал-мәтелдер:

«Eтік тігeр біз eмeспіз, eргe шығар қыз eмeспіз» дeйді.

«Биe құтырса құлын тастайды, кeлін құтырса, жүріс бастайды» дeп тe қoяды.

Бoлмаса, «Oтыра-oтыра eріншeк өлeр, жаманға жақсылық жасаймын дeп көңілшeк өлeр» дeйді.

– Қуана білмeгeнгe – құт, бағалай білмeгeнгe бақ қoнбас;

– Шығар ауыздың жайы жoқ, шайпау әйeлдің байы жoқ;

– Итті құдай қинасын иeсімeн,

Жаман қатын ұрысар түйeсімeн...





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 желтоқсан
915
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі