Материалдар / Көрнекі модельдеу-мектеп жасына дейінгі баланың үйлесімді сөйлеу тілін дамыту құралы

Көрнекі модельдеу-мектеп жасына дейінгі баланың үйлесімді сөйлеу тілін дамыту құралы

Материал туралы қысқаша түсінік
Көрнекі модельдеу әдісі арқылы балалардың сөйлеу тілін дамытып, сөздік қолын молайтып, қайта айтып беру қабілеттерін арттыруға болады.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ТАЛАС АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ

«МИРАС» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ МКҚК















Тақырыбы:

«Көрнекі модельдеу – мектеп жасына дейінгі баланың үйлесімді сөйлеу тілін дамыту құралы»











Логопед: Г.Б.Махашева









Қаратау қаласы - 2025 жыл

Бүгінгі таңда бейнелі, синонимдерге бай және сипаттауларымен болатын мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеуі – өте сирек кездеседі. Балалардың сөйлеуінде көптеген мәселелер бар: сөз байлығы жеткіліксіз, әдеби сөздерді қолданбау пікір білдіре алмау, қысқа жауап беру, сөйлеу мәдениеті дағдысының болмауы, нашар дикция т.б.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге т.б. байланысты. Модельдеу кез-келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді.

Модельдеу әдісін – баланың тілін дамытуға, сөздік қорын молайту, күнделікті өмірмен тығыз байланыстыру, баланың тілінің таза, көру, есту, тыңдау, қайталау, жаттау қабілеттері жетілу үшін қолданған ұтымды.

Бұл әдіс-тәсілдер жүйесі, табиғаттың құбылыстары жайлы, қоршаған орта жайлы әңгімені есте сақтау және жаңғырту. Кез келген әдіс-тәсілдер сияқты көрнекілік модельдеу әдісі де жеңілден-ауырға қарай болады. Жұмысты қарапайым мнемошаршыдан бастаған жөн. Содан кейін – мнемошаршылар, ал содан соң, мнемосызбамен жұмысты жүргізу керек.

«Көрнекілік-сызбалар» - бұл ертегілердегі кейіпкерлердің графикалық бейнелері, басқа да іс - әрекеттер. Суретті дайындағанда аса көркем салу керек емес, басты мәселе кез-келген ұстаздың өзіне сай символикалық бейнені сала білуі. Шығарма баланың жас ерекшелігіне сай болуы керек. Бала сонда тез ұғады, ертегі желісін жылдам айтып береді. Сызба үлгісі көркем шығарманы жаттағанда қолданылады. Іс-әрекеттің бұл түрі баланың тек қана зейінін дамытып қана қоймай, көру, есту, зерттеу зейінін де дамытады. Бала көз алдындағы суретті елестетеді де, содан соң есіне түсіреді.

Мектепалды балаларының тілін дамытуда атқарылатын жұмыстар:

  • Балаларды қазақ тілінде ауызша сөйлеуге үйрету.

  • Грамматикалық тұрғыда дұрыс сөйлеуге баулу.

  • Сөзді дыбысталуы жағынан дұрыс айтуға, сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.

  • Байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру.

  • Сабақ барысында балалардың тілін дамытуда әр сабақта жаңа сөздерді тек, жай жаттау емес, сол сөздердің мағынасын сапалы ұғындырып, сөз ішінде дұрыс дағдыландыруға үйрету.

Біздің ойымызша көрнекілік модельдеу, қазіргі кездегі балалардың сөйлеу қабілетін дамытудың ерекше әдісі.

Модельдеуге үйретуді мақсатты түрде мектеп жасына дейінгі жаста бастау керек, Л.С. Выготский, Ф.А. Сохиннің айтуы бойынша – мектепке дейінгі жас-тұлғаның қарқынды даму кезеңі. Даму барысында бала, туған тілінің және сөйлеуді негіздерін игеріп, оның сөйлеу белсенділігі артады.

Сондықтан мектепке дейінгі теориялық-практикалық негіздерге, білім беру облысында мемлекеттік саясатқа ие бола тұра берілген тақырыптың өзектілігін түсіне тұра,байланысты сөйлеуді дамыту жұмысын мектеп жасына дейінгі модельдеуді қолдану арқылы бастау керек деп шешілді.

Көрнекілік модельдеу тәсілдерін жүйелі қолдану монологикалық пікірлердің тиімділігін арттырады, яғни қайталап айтып беру (әңгімелеу), тәрбиешінің ойыншық, сурет туралы үлгісі бойынша, әңгіме құрастыру. Педагогты үлгі тұта отырып, балалар тапсырманы үлгі бойынша ғана емес, сонымен қатар шығармашылық элементерін білдіреді.

Ұсынылған жұмыс тәсілдері мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілетін дамыту үшін, балалар, ата-аналар және педагогтардың бірлестігіне жаңа жол ашылды.





Әр-түрлі пікірлер білдірудің әр түріне байланысты жұмысы үшін көрнекілік моделдеуді қолдану тәсілдері мен әдістері


Көрнекілік моделдеу тәсілдері әр келкі пікір білдіру түрлерінің барлығында қолданылады: қайта айту, сурет бойынша әңгіме құрастыру, сипаттап әңгімелеу, шығармашылық сөйлеу әрекетінде. Моделдеу тәсілін қолдану барысында балалар ақпараттың графикалық әдісімен, яғни моделімен танысады. Балалармен жұмыс істеу тәжірибесі нәтижесінде, балалардың берілген әрекет түріне қызығушылығын арттыратын және мектеп жасына дейінгі балалардың байланысты сөйлеуін дамытатын көрнекілік модельдеу әдісінің тиімді тәсілдерін бөліп алуға мүмкіндік берді.


Шығармашылық туындыларды орынбасушы-символдар көмегімен айтып беру


Мектеп жасына дейінгі балалар шығармашылық туындыларға өте сезімтал келеді, олар ауыз халық шығармашылықтарын, үлкен емес әңгімелерді, көңіл қойып тыңдап, мазмұнын айтуға тырысады.

Бірақ оларға естіген мәтіннің негізгі бөлімдерін бөліп алу, оларды өзара байланыстыру одан кейін айтып беру әлі қиын болады. Сондықтан балаларды шығармашылық туындылардың мазмұнын байланысты айтып беру үшін, біз өз жұмысымызда айтып берудің бірізділігі бар суретті-сызбанұсқалық жоспарларды қолданамыз. Таныс ертегілерді айтып беру барысының бастапқы кезеңінде балалар ертегі кейіпкерлері бар тірек суреттерін қолданады, кейін олар орынбасушы символдармен (силуэтті бейне немесе геометриялық фигуралар) алмастырылады. Орынбасушылармен ойнауды, жақсы таныс ертегілерден бастаған дұрыс, себебі таныс кейіпкерлердің тұрақты стеориптері (түлкі тоқсары, аю үлкен және қоңыр.т.б) моделге жеңіл ауыстырылады.

Мысалы: «Бауырсақ» ертегісінің айтылуы, алдымен балалар тірек суреттерінің көмегімен айтып береді. Кейін кейіпкерлерді модельдер бойынша есте сақтаймыз.

Көру жоспарының болуы балалардың айтып беруін анық, байланысты және бірізді етеді. Әр бала айтып беру үрдісіне қатысуға тырысады, егер айтпаса, мәтінен жолдарды айтып, суреттен сәйкестендіріп, сызба нұсқаны оқиды. Балалар кейіпкерлер үшін сезім білдіруді, олардың әрекеттері мен қылықтарын бағалауды үйренеді.




Тақпақтарды қызықты алгоротимдердің көмегімен жаттау


Жаттау үшін бағдарлама ұсынған тақпақтардың көлемі, қиындық деңгейі өте әр-түрлі. Кейбір тақпақтарды балалар тез есте сақтайды, ал кейбір тақпақтарды жаттау үшін бірнеше рет қайталау қажет. Ол балаларды тез шаршатады. Сол үшін тақпақ мазмұнын есте сақтау тиімділігін арттыру үшін, біз көрнекілік моделдеу әдісін – қызықты алгоритмдерді қолданамыз. Жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, алгоротмдер келесі психологиялық үрдістерді дамытуға көмектеседі: ес, зейін, қажет ақпаратты айтуға көмектеседі. Көрсетілген сурет балаларды пікір білдіруге машықтандырады, тәрбиеші тақпақ жолдарын жалпылайды және балалар оны қайталап, қиындықсыз есте сақтайды.

Алгоритмдерді ұйымдастырушылық оқу әрекетінде, өзіндік ойнау әрекеттеріндерінде және балалармен жеке жұмыс жасау барысында қолдануға болады. Күні бойы алгоритмдер көрінетін жерде тұрады, балалар өздері жақындап және тақпақтарды оқиды.



Мнемотехника көмегімен айтып үйрену үшін балаларды дайындау


Әр келкі сөйлеу диолог қойнауында сөйлесіп қатынасудың негізгі формасы ретінде қалыптасады. Диолог – балалардың байланысты сөйлеуінің алғашқы сатысы. Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасау кезінде сөйлеу дағдыларын дамыту үшін аса көңіл қойылу қажет.

Тәжірбие көрсеткендей балаларды айтып беруге жақсы үйретудің тиімді екі тапсырмасы қарастырылады: 1) затты (ойыншық) мақсатты бағытталған қарауға үйрету; 2) сюжетті суретті бағытталған қарауға үйрету. Дидактикалық материал ретінде өз жұмыстарыңызда көрнекілік модельдеу-мнемотехниканы қолдану. Балаларға кестедегі қарапайым сызба-нұсқалар, объектілерді және олардың қасиеттерін, сапасын: көлемі, түсі, формасы, құрастырушы бөліктерін байқап, оның қолданылуын, не үшін ұнайтынын (ұнамайтыны) түсінуге көмектеседі. Бақылау қортындыларын жалпылап, қысқаша әңгіме құрастырамыз. Мысалы: ойыншықты, поезды қарастыру барасында балаларға оның негізгі бөлшектерін бөліп қарастыру үшін мнемокестені көрсетеміз:

DrawObject6 DrawObject5 DrawObject4 DrawObject3 DrawObject2 DrawObject1

DrawObject9 DrawObject10 DrawObject8 DrawObject11 DrawObject7

DrawObject16 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject15 DrawObject14 DrawObject13 DrawObject12

DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23 DrawObject22 DrawObject21 DrawObject20


DrawObject26

Бақылау қортындысын қысқаша әңгімемен жалпылаймыз: «Анам маған әдемі поезд сыйлады. Поездың кабинасы, доңғалақтары және вагондары,түтін шығаратын мұржасы бар.Ол темір жолда жүреді. Маған менің поездім өте ұнайды. Сөздерді, фразаларды, кейде әңгімені толық қайталайтын балалардың белсенді қатысуымен бірге, әңгімені қайталаймыз.

Мнемокестелерде мәтіннің бөлшекті мазмұны көрсетіледі және балаларға сипаттаушы әңгімелер құрастыру жеңіл.

Мектеп жасына дейінгі балаларға түрлі-түсті мнемокестелерді беру міндетті, өйткені балалардың есінде жеке образдар қалады: шырша жасыл, қызыл жидек. Кейін күрделендіру немесе өзгерту, графикалық түрде көрсету қажет.

Жұмыста берілген тәсілдер мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу қабілеттерін, танымдық белсенділігінарттырады, үлкендермен сөйлеу арқылы қатынасуға қызуғылық тудырады, балаларға оқу үрдісін қызықты, дамытушы етуге мүмкіндік береді.




Мектеп жасына дейінгі балаларда байланысты сөйлесуді дамытуда көрнекілік моделдерді қолдану бойынша жұмыс кезеңдері


1.Шығарманың мазмұнын тыңдау, үстел үстіндегі театрда сюжет ойнау, шығармаға иллюстрация жасау.

2.Педагогтың сюжетті немесе ертегідегі кейіпкерлерді затқа алмастыру – орынбасушы: мысалы, егер ертегіде үй немесе үйшік болса, оларды геометриялық фигураларға ауыстыруға болады.

3.Балалардың берілген шығармаға дайын моделдердің бір ізділігін байқауы: педагог балалармен бірге мәтінге арналған иллюстрацияларды қарап,дайын моделдерден бір ізді етіп, қалай әңгіме құрастыруға болатындығын көрсетеді.

4. Бірізді дайын моделдер және мәтін қатынасы бойынша педагог пен баланың бірлескен жұмысы: үлкендердің көмегімен балалар моделдердің керек элементтерін таңдап, оларды бір ізді етіп, біртұтас модельді тізбекке орналастыруды үйренеді.

5. Баланың өзіндік орынбасушы-заттарды таңдауы: өз таңдауын негіздеп, шығарма кейіпкерлеріне орынбасушылар таңдайды.


Бала танымында есті дамытуда мнемотехника әдісінің

психологиялық сипаты


Мнемотехника - тіл дамытуда тиімді есте сақтау, оны дұрыс жеткізе білудегі әдіс пен тәсілдер жүйесі. Қазіргі кезде мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда мнемотехниканы қолдану өзекті болып тұр. Бұл мақсатты іске асыру үшін баланың тілін мақсатты нәтижелі өтуге қолданатын тәсіл.

Мнемотехника - оңай жолдың қиынына қарай құрылады. Мнемокесте қарапайымнан басталып, күрделене түседі.

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті .

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу.

Схема - мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады. 

Мнемокестені қолдану 3 кезеңнен тұрады:

 - Кестені қарап, онда не бейнеленгенін бақылау.
 - Мәліметтерді кодтандыру, белгі /символды/бір бейнемен сәйкестендіру.
 - Қолдандырылғаннан кейін әңгіме немесе ертегіні әңгімелеуге көшеді.
Бұл суреттерді салу үшін суретші қабілетін білу керек емес: әрбір тәрбиеші символдық бейнелеуді жасай алады.

Әңгіме мазмұны көбінде бірдей болатын. Айырмашылығы тек сөйлем санында немесе толықтығында. Бірінші әңгімелер тек қана сөз тіркестерден тұратын: бастауыш-баяндауыш болып. /мысық жатыр,басқасы ұйықтап жатыр/,қайталау сөздерден /сосын, кейін/, сөйлем арасындағы ұзақ үзілістерден.

Бастысы - бала өзі әңгіме құрамайды, алдындағы әңгімені қайталайды. Жалығып отырған балаларға жиі ескерту беріп отырдым. Ол тек 30-40 секундқа жететін. 4-5 баланы ғана сұрап үлгеретінмін, қалғандары немқұрайлы тыңдаушы болатын. Айтарым, бұданда қызықсыз сабақ менде болмаған. Бірақ , осындай сабақ жүргізілуі және оң нәтиже беруі тиіс. Өйткені, бала мектепте сурет бойынша әңгімелей алу керек. Сурет бойынша әңгіме құру үшін сөз байлығын кеңейту керек. Жұмысты бірінші мнемоквадраттан құраймыз ,сосын мнеможолға көшеміз , мнемокестеде не бейнелеуге болады? Негізі, мнемокесте - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерлерінің немесе табиғат құбылысының суреті,болмаса өзіне белгілі заттың бейнесі.

Кіші және орта балабақша жасындағы балаларға түрлі-түсті мнемокесте беру керек, өйткені балалардың есінде тек бөлшек бейнелер ғана есте қалады: шырша-жасыл, жидек- қызыл. Кейіннен суретті кішкене қиындатып немесе басқа суретпен ауыстырылады.

Мысалы: түлкі -  сары геометриялық пішіннен тұрады. (үшбұрыш, шеңбер) аю - үлкен қоңыр шеңбер, т.б.

«Күз» тақырыбына бейнелеген суреттер:


Ересектер тобының балаларына схеманы бір түсті етіп жасаған дұрыс, өйткені зейінің символикалық бейненің түсіне бөлмеу үшін.

Дайын модельдік схемалар барлық кезде мазмұнына сай болмайды, сондықтан оны балалармен толтырып отырамыз. 

Балалармен бірге "Қыс", "Жаз", "Күз", "Көктем" блогтары бойынша мнемокесте жасадық. 

Осы схемалар монолог құрудағы көрнекілік жоспар болып табылады.

Әңгіме барысын,

Әңгіменің айтылу кезеңін. Әңгіменің лексико-грамматикалық толықтауын құруға көмектеседі.
Модель жасау тәсілін қолдану- есте сақтау процессін және мазмұнын ұғынуға көмектеседі. Бұл салада көру, есту анализаторлары жұмыс істейді. Балалар суретті тез еске түсіріп, сонынан сөздерін еске түсіреді.Мнемокесте қолданылған дамыту сабақтардың нәтижесінде, балалар әңгіме, ертегі, тақпақтарды оңай құрастырып, жаттап алады.

Мнемотехника тиімділігін сабақ барысында көрсетейін:

Тақырып: Көктемгі күнге саяхат. Мақсаты:

1. Созылмалы түрде «ү» дыбысын айту.
2. Көктем мезгілінің ерекшеліктерімен таныстыруды жалғастыру.
3. Тіл байлығын дамыту.
4. Бояу түстері туралы білімін бекіту.

Дидактикалық құралдар: мнемокесте «Көктем», үстел- кеме жіберуге. Кемелер-оригами тәсілімен.

Сабақ барысы:

Тәрбиеші: Балалар, бүгін біз көктемгі күнге саяхатқа барамыз. Тез жиналып, вагондарға отырыңдар.

Уақыт болды, пойыз жылжыды!

Балаларды бір-біріне тіркестіріп жүргізе,«чух-чух-чух,ү-ү-ү,ш-ш-ш» дыбыстауын қадағалаймын.





















Қорытындылай келгенде, модельдеу технологиясымен жұмыс баланың қызығушылығын оятады. Бұл оқыту процесін түрлендіруге, тұрақты қызығушылыққа жетуге, баланың потенциалды мүмкіндіктерін максималды іске асыруға мүмкіндік туғызады. Мектепке дейінгі жастағы балалармен жұмыс істейтін тәрбиешілерге пиктограмма, мнемотехника элементтерін оқу қызметтеріне енгізу маңызды болып келеді. Бұл балалардың тілі мен ойын дамытып, сөздерді есте сақтауды қамтамасыз етеді. Мнемокестелердің шартты белгілері арқылы ой белсенділігін, байқағыштығын, салыстыра білу қабілетін дамытады. Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Әр баланың табиғи қабілетін ескере отырып, балаға көмекші әрі сүйемелдеуші болып, әрдайым жанында достық қарым-қатынаста болсақ, оқыту мазмұнын жаңғыртуға, әрі тиімді әдіс-тәсілдерді кеңірек қолдануға еркін жол ашады.


























Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Мектепке дейінгі мекемеге арналған бағдарлама «Зерек бала»

-2010 ж


  1. Димитрова Т.В. «Сто фантазий в голове» -1996 ж.


  1. Плдрезова Н.Н. «Моделирование как средство развитие сязной речи дошкольников» - журнал «Воспитатель ДОУ» №2 – 2009 ж.


  1. Алексеева М.М.,Яшина В.И. Методика развития речи и обучения родному языку дошкольников. – М., 1997


  1. Арушанова А.Г. «Речь и речевое» общение дошкольника» 2002 ж.


  1. Бондаренко А.К. Словесные игры в детском саду.Пособия для воспитателей ддет.сада. – М., 1977 ж.


  1. Выготский Л.С. Воображение и творчество в детском возрасте. 1930 ж.


  1. Жукова Р.А. «Развитие речи детей младшего дошкольного возраста» 2007 ж.


  1. Большова Т.В. «Учимся по сказке» журнал №6 «Дошкольное воспитание» - 1997 ж.
















31 Наурыз 2025
107
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі