жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Көшбасшы - 2018"
«КӨШБАСШЫ – 2018»
Арасан ауылының Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінде қаңтар айының 19 –шы жұлдызында аудандық, облыстық, Республикалық көлемде спорт, өнер, ғылыми жобалар, оқулар бойынша үнемі жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарды иеленіп жүрген оқушыларды «КӨШБАСШЫ – 2018» премиясымен мараппаттау кеші өтті. Осындай салтанатты іс – шараны ұйымдастырған мектеп директорының тәрбие – ісі жөніндегі орынбасары Акашева Асель Сейдахметқызы. Айтулы іс – шараның мақсаты: Аудан, облыс, Республика көлемінде барған жарыстардың, байқаулардың нәтижесі бойынша БІЛІМ, ӨНЕР, СПОРТ, СУРЕТ, ОҚУЛАР бойынша жүлде алған оқушылардың нәтижелі жұмыстарын бағалау, оқушының бойындағы дарындылықты дәріптеу, дарынды оқушыларды марапаттау арқылы өзге оқушылардың қызығушылығын ояту және дамыту. Аталған іс – шараға демеушілік көрсеткен Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің 2001 жылғы түлектері Алматы облысының бас дыбыс режиссері Смағұлов Жандос Оралұлы, ВТВ банкінің қызметкері Оразалы Ержан Қанағатұлы, Халық банкінің өңірлік директоры Ерболатов Руслан Ерболатұлы және Жетісу мемлекеттік университетінің экономика пәнінің оқытушысы Айткулова Сағадат Ноянқызы, Арасан ауылдық округінің әкімшілігі және мекемелер, ата – аналар да өз үлестерін қосты. Салтанатты кештің шымылдығын қазақтың әсем биімен «Томирис» би тобы әсерлі ашып берді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» - деп айтқандай марапаттау кешінің алғашқы премиясы Білім саласы бойынша «Көшбасшы – 2018» премиясы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған Қанипа Бітібаева атындағы Республикалық қазақ тілі мен әдібиеті пән олимпиада жүлдегерінің ІІ дәрежелі дипломының иегері, 2017 – 2018 оқу жылындағы аудандық пән олимпиадасына қатысып, орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІ орын жүлдегері, аудандық жарыстардың жеңімпазы, мектепішілік «Абай» оқуларының жүлделі ІІІ орын иегері, «Өзін – өзі басқару» ұйымының Білім министрі, үздік оқушы атағына иегер, 10-сынып оқушысы Мукашева Камила «Көшбасшы – 2018» премиясымен марапатталды. Көшбасшы – 2018» премиясымен Мукашева Камилаға Арасан округінің әкімі Р.А. Ғалымжанова және Б. Сырттанов атындағы орта мектептің педагог ұйымдастырушысы Г.С.Байатаева табыстады. Кезекті премия бүлдіршіндер, мектеп оқушылары және жасөспірімдер арасында Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған облыстық «Сарын» өнер байқауының ІІ орын жүлдегері, Қазақстан Республикасының Кіші ғылым Академиясының Алматы облысы бойынша ХХVІІ облыстық ғылыми тәжірибелік конференциясына өз баяндамасын ұсынып, ІІІ орын иегері, көптеген аудандық байқаулардың қатысушысы және жеңімпазы, «Өзін – өзі басқару» ұйымының мәдениет министрі, 10 – сынып оқушысы Ербек Алина Көшбасшы – 2018» премиясымен марапатталды. Көшбасшы – 2018» премиясын Ербек Алинаға Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектептің директоры А. Ж. Мәлтекбасов және Халық банкінің өңірлік директоры Р. Е.Ерболатов табыстады.
3–ші премияны Алматы облысының әкімдігі, Алматы
облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Мемлекеттік тілдің
маңызы мен мәртебесін арттыру, этнос өкілдерін ынталандыру
мақсатында өткізілген «Тіл – парасат» облыстық байқауында Бас
жүлденің иегері, Алматы облыстық «Достық үйі – Қоғамдық келісім»
орталығының директорының Алғыс хат иегері, Алматы облысының
әкімдігі, Алматы облысының тілдерді дамыту басқармасының 100000
теңге (жүз мың) сертификат иегері, Ақсу аудандық жарыстардың
жеңімпазы мен белсенді қатысушысы, мектепішілік байқаулардың
жеңімпазы, үздік оқушы атағына иегер, «Өзін – өзі басқару» ұйымының
өнер министрі, 9 «Ә» сынып оқушысы Михеева Александра «Көшбасшы –
2018» премиясымен марапатталды. Көшбасшы – 2018» премиясын Михеева
Адександраға Жетісу мемлекеттік университетінің экономика пәнінің
оқытушысы Айткулова Сағадат Ноянқызы мен қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі И.Ғ.Мұқашев табыстады. «өзінің суретшілік
өнерімен, білімділігімен және төменде аталған жетістіктерімен
«Зият» Ғылыми – әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Бояулар
құпиясы» атты қашықтықтан өткізілген Республикалық балалар
байқауының І орын иегері, аудандық «Абай – Шәкәрім» оқуларының
«Өлеңге әркімнің – ақ бар таласы» номинациясы бойынша ІІІ орын
иегері, мектепішілік «Күзгі көрініс» байқауында І орынды жеңіп
алған, мектепішілік «Мектеп аруы – 2018» байқауының І орын иегері,
«Алтын ұрпақ» білім беру орталығы ұйымдастырымен өткізілген
Республикалық «Абай – сарқылмас қазына» атты шығармашылық
байқауының ІІ орын жеңімпазы, «Талғам» клубының жетекшісі 9 «Ә»
сынып оқушысы Боранхан Ақжан «Көшбасшы – 2018» премиясына ие болды.
Көшбасшы – 2018» премиясын Боранхан Ақжанға ВТВ банкінің қызметкері
Е.Қ. Оразалы, Мәдениет үйінің директоры С. О. Смагулов және
мектепішілік Кәсіподақ ұйымының төрағасы А.Е.Ахметжанов табыстады.
Кезекті «Көшбасшы – 2018» премиясы «Балдәурен дарыны – 2018»
Республикалық зерттеу жұмыстары мен әлеуметтік зерттеу жобалар
байқауында «Туған жерге тағзым» бағытының ІІІ орын жүлдегері,
Облыстық ғыдыми жобалар конкурсында орыс тілі секциясы бойынша ІІІ
орынға ие болған жеңімпаз, Ақсу аудандық «дарын» ғылыми жоба
жарысында орыс тілі секциясы бойынша І орынның иегері, «Өзін – өзі
басқару» ұйымының Қорғаныс министрі 9 «а» сынып оқушысы Тұрсын
Таңат еншіледі. «Көшбасшы – 2018» премиясын Тұрсын Таңатқа Арасан
округінің имамы А.Қ.Құлбеков және Қамқоршылық кеңестің төрайымы
Ү.К.Жүнісова табыстады. Қазіргі таңда елбасымыз Н.Ә.Назарбаев білім
мен спортқа көп көңіл бөліп, қолдау білдіруде. Дүниежүзілік
олимпиадаға және әлемдік спорт жарыстарына Қазақстан мемлекетінен
көптеген спортшылар қатысып, еліміздің көк туын желбіретіп,
абыройымызды асқақтатуда. Біздің де мектебімізде облыстық,
республикалық көлемде бокстан жүлделі І, ІІ, ІІІ орынға ие болып
жүрген оқушыларымыз бар. «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға,
ақырын жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» - деп Хәкім Абай
Атамыз жырлағандай мектепте бокс секциясына қатысушы оқушыларды бар
ынта- жігерімен тәрбиелеп жүрген жаттықтырушы С. А. Саргелеков
шәкірттерімен облыстық, республикалық турнирлердің І, ІІ, ІІІ орын
жүлдегерлерін қанжығаларына сан мәрте байлаған. Жақында қоржындарын
Қазақстан республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағымен
толықтырды. Осы аталған жүлгерлердің бірі 8 «а» сыныптың оқушысы
Досымбек Ернардың спорт жолындағы жетістіктері орасан зор. Атап
айтар болсақ; Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері,
кикбокстан Әлем кубогының иегері, Европаның екі дүркін чемпионы
Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлының жүлдесіне арналған бокстан
жасөспірімдер арасындағы Республикалық турниринде 60 кг салмақ
дәрежесінде ІІ орын иегері, 2004 – 2005 жылғы туылған кіші
жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионатында І орын
иегері, жасөспірімдер арасында шығыс аймақтық Қазақстан
Республикасының біріншілігінде ІІ орынның иегері, Степногорск
қаласы әкімінің жүлделеріне арналған жасөспірімдер арасындағы
бокстан дәстүрлі Республикалық турнирдің І орын иегері, КСРО спорт
шеберлері ағайынды Қияз, Нияз Тілеукеновтерді ееске алуға арналған
Талдықорған қаласының ІІІ ашық турнирінің ІІІ орынның жүлдегері,
Талдықорған қаласының ашық чемпионатында ІІІ орынның иегері, Алматы
облысының чемпионатының ІІ орын иегері, «Халық Қаһарманы» Бақытжан
Ертаевтың және ауған соғысы ардагерлеріне арналған жүлделеріне
арналған Республикалық туринирдің І орын иегері және осы турнирдің
«Үздік боксшы» атағының иегері, Бокстан Қазақстан Республикасының
спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болған, мектеп президенті
«Көшбасшы – 2018» премиясымен марапатталды. Досымбек Ернарға
«Көшбасшы – 2018» премиясын Алматы облысының бас дыбыс режиссері
Ж.О.Смағұлов және дене тәрбиесінің мұғалімі М.А.Мұқашев
тасбыстады. 
Мектебімізде бұрын – соңды болмаған алғашқы «Көшбасшы – 2018» премиясын марапаттау кешінің тағы бір марапатталушысы 8 «а» сынып оқушысы Төлепберген Мерейдің де бағындырған белестері аз емес. Мерей – Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері, кикбокстан Әлем кубогының иегері, Европаның екі дүркін чемпионы Қайыпжанов Елмұрат Мұқашұлының жүлдесіне арналған бокстан жасөспірімдер арасындағы Республикалық турниринде 52 кг салмақ дәрежесінде І орын иегері, 2004 – 2005 жылғы туылған кіші жасөспірімдер арасында Алматы облысының чемпионатында ІІІ орын иегері, Жасөспірімдер арасында шығыс аймақтық Қазақстан Республикасының біріншілігінде ІІІ орынның иегері, Бокстан Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер атағына ие болған, «Өзін – өзі басқару» ұйымының спорт министрі «Көшбасшы – 2018» премиясымен марапатталды. Төлепберген Мерейге «Көшбасшы – 2018» премиясын мектебіміздің ардагер ұстазы, дене тьәрбиесінің мұғалімі А.Қ. Шарипбаев және жалпы ата – ана комитетінің төрайымы М.Ұ.Қасымбекова табыстады. Мектебіміздің мәртебесін аудан, облыс, республика көлемінде асқақтатып жүрген 7 оқушымыз осылайша «Көшбасшы – 2018» премиясымен марапатталып, бағалы сыйлықтарға ие болды. Салтанатты кешке әсерлі көңіл – күй тарту еткен Алматы облысының бас дыбыс режиссері С.О.Смағұловтың шашбауын көтеріп келген кәсіби әншілер болды. Өздерінің дарындылығымен, талантымен залда отырған көрерменнің қошеметіне ие болды. Алматы облысының бас дыбыс режиссері Ж.О.Смағұлов оқушы кезінде Арасан халық театрының әртісі, Республикалық «Халық театрлар» байқауының лауреаты, Арасан ауылының мәдениет үйінің директоры болған Жұмағали Жапарғалиұлы Ақсубаевтан музыкалық сауатын ашқан болатын. «Ұстаздан шәкір озар» - демекші қазіргі таңда Ж.О.Смағұлов Алматы облысының бас дыбыс режиссері, қоғамдық жұмыстардың белсенді қатысушысы, елім деп соққан жүрегі бар, жас буын тәлім алар үлгілі азаматтардың бірі. Себебі, осы кештің соңында туған жері Арасанға арнап, «Арасан» атты ән шығарып, сиясы кеппеген бұл әннің тұсауын осы салтанатты іс – шарада кесті. Арасан халқы бір марқайып, С.О.Смағұловқа алғыстарын жаудырды. Айтулы іс – шараға демеуші болған Б.Сырттанов атындағы орта мектептің түлектері «Туған жерге туыңды тік» акциясы бойынша тұрмысы төмен үш отбасыға азық – түлік таратты және «Көшбасшы – 2018» премиясына ие болған Тұрсын Таңат пен Төлепберген Мерейге 11 күндік демалыс лагеріне жолдама сыйлады. Міне, Барлыбек Сырттанов атындағы орта мектебінде еш жерде бола бермейтін, үлгілі оқушыларын дәріптейтін «Көшбасшы – 2018» премиясын марапаттау кешін дүбірлі той ғып өткізді. Салтанатты іс – шараны ұйымдастырған мектеп директорының С.А.Акашева және осы іс – шараға қолдау білдірген мектеп директоры, Арасан округінің әкімдігі, ата – аналар және 2001 жылғы түлектер. Әрқашан осындай жетістіктеріміз мол болып, жүлде қорымыз толыға берсін!
Р.Ж.Ақсубаева
Ақсу ауданы
Б. Сырттанов атындағы орта мектептің мұғалімі
«Нұр Отан» партиясының бастауыш ұйымының белсенді мүшесі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген