Көшбасшы мұғалім – дамыту жұмыстарының негізі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшбасшы мұғалім – дамыту жұмыстарының негізі

Материал туралы қысқаша түсінік
Дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу білігі мен білімі жарасқан, жаңашыл , көшбасшы мұғалімінің еншісіне тиері анық. Ал, көшбасшы мұғалім қандай болу керек?
Материалдың қысқаша нұсқасы

Көшбасшы мұғалім – дамыту жұмыстарының негізі

Құрмашова Әйгерім Батырбекқызы

Шиелі ауданы, «№40 А.Қыраубаева атындағы орта мектебі» КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



«Білім алудың тамыры ащы, бірақ жемісі тәтті»

Аристотель


Мектеп – парасат пен кемелдікке бастайтын қақпа. Мектеп – ертең мен бүгінді жалғайтын білім ошағы, сәулелі болашаққа апарар кеме. Ал, мектептің жүрегі – мұғалім екені баршаға мәлім. Расында, мұғалім барлық мамандық иесін тәрбиелейтін, оқытып үйрететін абзал жандар. «Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы» деп қалай дәл тауып айтқан десеңізші. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырақ болары анық.

Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз қай кезде де қоғамның тірегі. Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.

Дамудың ең биік көкжиегінен көрінгісі келген кез келген мемлекет ең алдымен, білім беру саласын дұрыс жолға қойып, сапасын көтеруді мақсат етеді. Ендеше, осындай бәсекеге қабілетті, рухы биік ұрпақ тәрбиелеу білігі мен білімі жарасқан, жаңашыл , көшбасшы мұғалімінің еншісіне тиері анық.

Ал, көшбасшы мұғалім қандай болу керек?

Көшбасшы мұғалім - жол таба білетін, өзгелерге жол көрсете алатын, өзіне жүктелген міндетті сезіне біліп, ауыртпақшылыққа төзіп, ұжыммен ынтымақтастықта жұмыс жасай алатын, үнемі ізденіс үстінде жүретін, білімді, жаңашылдыққа жаны құмар, ең бастысы, өз мамандығыны сүйетін адам деп түсінемін.

Мен, 100 жылдық тарихы бар, ғасыр жасаған ғажайып мектепте жұмыс жасаймын. Балалықтың бал дәміт татып жүрген кезімнен-ақ, қолыма қалам алып, ұстаз болуды армандадым. Алғашқы ұстазым Абасилова Салтанат пен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мұстафаев Ғани ағайым мені арманымның орындалуына жетеледі. Мен үшін осы ұстаздар нағыз ұстаздың ұстазы, көшбасшысы секілді. Әр сабағы бір-біріне ұқсамайтын және әр сабақ басын қанатты сөзбен бастайтыны әлі есімде...

Қазір әлем жылдам өзгеріп жатқандықтан болашақпен бірге, жаңашыл болуға ұмтылуым қажет деген ой үнемі жадымда тұрады. Өйткені бүгінгі таңда өзгеріссіз қалу, көштың соңында қалғанмен бірдей деп есептеймін.

Жаһандану заманында ұлт­­тық бәсекеге қабілетті болудың көр­сет­кіші – білім деңгейімен өлше­неді. Сондықтан, әлемдік білім кеңістігіне кірігіп, білім беру жү­йе­сін халықаралық биікке көтеру кезек күттірмейтін өзекті мәселе. Заман көшінен қалмай, түрлі курстарды оқу арқылы білімді әлі де жетілдіріп келемін. Көшбасшы мұғалім мектепті дамыту жұмыстарына белсене араласып қоймай, туындаған мәселелерді шеше біле алатындығын нәтижеге бағытталған жұмыстарынан көруге болады.

Мен де мектепті дамыту жұмыстарына тамшыдай болса да өз үлесімді қосудамын. «Жас келсе, іске»,- демекші үнемі ізденіс үстінде жүріп, жүйелі жұмыстар атқаруымның арқасында қазіргі таңда мектеп директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келемін. Мақсатым – талантты әрі дарынды оқушыларды анықтап, олимпиада жеңімпаздарын даярлау және ғылымға бет бұрған балаға жол сілтеп, бағыт-бағдар беру.

Тек білім алушыллармен ғана жұмыс жасап қоймай, әріптестеріммен  детәжірибе бөлісе отырып, оларды серіктестікке тартып, әр атқарған жұмысымыз бен қолданған әдіс-тәсілдеріміз жайлы рефлексия жасаймын, әріптестерімнің сабақтарына қатысып, олармен іс-тәжірибе алмасып,  зерттеу жүргізу мақсатында үнемі ізденемін.

Өткен оқу жылында жоспарға сәйкес, біршама жұмыстар атқардық. Мектеп түлектері 100% мемлекеттік грант иегері атанып, жұмысымды жандандыруыма шабыт сыйлады. Мектептің 100 жылдығына орай аудандық іс-шаралар ұйымдастырып, «Жүз жылдағы жаңару» атты кітап құрастырдым. Мектепте өткен аудандық семинарларда өзімді көшбасшы ретінде көрсетіп, іс – тәжірибеммен бөлістім.бірнеше оқушымыз аудандық ғылыми жоба байқауының жеңімпазы атанды. Осы оқу жылында да жұмыстар өз жалғасын тауып, тынбай еңбек етіп келемін.

Өзім қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болғандықтан, сабақта оқушылардың ауызша сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту, оқушының бойында өз ойын еркін айта алатын, көшбасшылық сияқты қабілеттерін айқындау мақсатында сабақтарымда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданамын. Нәтижеге жету үшін ұстаз сабағында түрлі әдіс-тәсілдерді көбірек қолдануы тиіс және әр қолданылған әдістің нәтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын жасап тұруы қажет деген ойдамын. Себебі, ХХІ ғасыр талап етіп отырған дағдыларды оқушы бойына тиімді қалыптастыра алу үшін, алдымен  мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруі керек екеніне мектептегі тәжірибе кезінде көзім жетті. Яғни оқушыларды оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді.

Ойымды америкалық білім қайраткері Ф.Г. Кумбстың «Дағдарыспен күресу үшін әрбір білім жүйесіне ақшаға сатып алуға болмайтын көптеген нәрселер-идеялар, батылдық, табандылық, ізденіс пен өзгерістерге ұмтылуда сыни тұрғыда өзін-өзі бағалауға қабілеттілік қажет» деген сөзін басшылыққа алып, барлық әріптестерімді ұлттық құндылықтарымызды сақтай отырып, әлемдік деңгейде бәсекеге түсе алатын, өз бетімен білім алу мүмкіндігі мол ұрпақ тәрбиелеу үшін бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет деп білемін.

Көшбасшы мұғалім – ел болашағының негізін қалайтынын ұмытпайық!


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2025
94
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі