жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Көше тәртібін білесің бе?"
Қостанай ауданы затобол кенті әкімдігінің аппараты ММ «Гүлдер»
бөбекжай –бақшасы КМҚК
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметі тақырыбы:
«Көше тәртібін білесің бе?»
Ортаңғы «Жұлдыз» тобы
Тәрбиеші: Бохай Р
Затобол кенті 2018ж
Білім беру саласы: «Әлеумет- қоршаған орта» «Шығармашылық-сурет салу» Тақырыбы: «Көше тәртібін білесің бе?»
Мақсаты: Балаларға көше тәртібі туралы айтып үйрету. Көшедегі бағдаршамның көмегі қай кезде не үшін керектігі туралы білімдерін кеңейту. Қоғамдық орындарда кішкентай баланың ата-анасынан алыстамаулары туралы түсіндіру. Көшедегі ағаштар мен гүлдерді жұлмау, қоршаған ортада өзін ұстау дағдыларын қалыптастыру.
Педагогикалық технологиялар: бағдаршам, аудио дыбыстар, венн диаграмма, жол белгілері, жол қауіпсіздігі туралы суреттер, теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету, мультфильм, жол макеті, әуендер.
Ресурстармен қамтамасыз ету: Суреттер,
Әдіс – тәсілдер: әңгімелеу, түсіндіру, ойын, ән, қайталау, көркем сөздер, сұрақ-жауап.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік - безопасность, бағдаршам - светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі – пешеходный переход, тыйым салатын белгілер – запрещающие знаки. Сөздік жұмыс: тыйым салынатын белгілер-
-
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
«Менің сүйікті Отаным!»
Шаттық шеңбері: (балалар бірге айтады)
Алтын сәуле арайлы.
Бақшамызға тарайды.
Қуанышпен шат күліп,
Қарсы алайық арайды.
Қайырлы таң қонақтар!
-Сәлеметсіздерме?
Негізгі бөлім
Біздің тобымыз: - «Жұлдыз»
Ұранымыз:
-Ережені білеміз,
Көшеде еркін жүреміз.
Біздің ұран осындай,
Сіздерге айтып береміз.
Біз бақшаға барамыз.
Оқу білім аламыз.
Тәрбиешінің айтқанын,
Есте сақтап аламыз
- Айтыңдаршы балалар, біз автобуспен қайда саяхат жасадық?
Көшеге саяхат жасадық
-Көліктер қайда жүреді? - Жолда.
-Көшедегі жолдар қандай болады екен? -Ұзын, қысқа, тар-кең
-Көшеде келе жатқан адамдарды кімдер дейді? -Жаяу жүргіншілер.
Қазір қай мезгіл? -Күз мезгілі.
Күздің қандай аттарын білесіңдер? - Қоңыр күз, маужыраған күз, алтын күз,берекелі күз, жемісті күз, салқын күз.қара күз.
Ендеше теледидарға қарайық. Слайд көрсетіледі
Өлең оқу:
Жапырақтар ұшады,
Айналады дөңгелеп.
Жапырақтар түседі,
Желмен бірге желбіреп.
Күзде дала жаурайды,
Көкте бұлттар ойнайды,
Бұтағынан үзіліп,
Жапырақтар саулайды.
Қане, күз мезгілінің ерекшелігін айтып жіберейікші.
Жапырақтар сарғайып, жел тұрады, жаңбыр жауады, күн суытады.
-Қандай дыбыстарды естідіңдер?
-Ш-ш-ш-ш—жапырақтардың шулағанын.
Тырс-тыр жаңбыр жауғанын, желдің гуілдегенін, у-у-у-у.
Күзді орысша не дейміз? - Осень
Слайд: «Сақта жолдың тәртібін» (жәй әуеннің дауысы естіліп тұрады).
Көшеге шыққаннан кейін, айналамызға абайлап, қарап жүрмесек болмайды. Себебі бағдаршамға бағынып жүру тәртібін қатаң сақтаған адам өз өмірінің қауіпсіздігін де қамтамасыз ете алады.
Сұрақ- жауап алу.
Үлкен жолда доп ойнауға, велосипедпен көшеде жүруге бола ма? Балалардың жауаптары.
-Келе жатқан көліктің алдынан өтуге бола ма?
Ой толғаныс: «Венн диаграмма»
Ортақ қасиетін салыстыру. Ескерту, тыйым салу, меңзеу (нұсқау) белгілерін орындарына атап қояды.
Балалар белгілерді дұрыс қойып, қызыға ойнады.
Билингвальды компонент: қауіпсіздік-безопастность, бағдаршам-светофор, жаяу жүргіншілер өтпесі-пешеходный переход, тыйым салатын белгілер-запрещающие знаки. Дұрыс,жақсы айтты.
Ерасыл:
Ерасыл деген баламын,
Мектепке енді барамын.
Жүруді де үйрендім,
Көшесінде қаланың.
Жол шетіне келгенде,
Тоқтай қалып мен демде.
Көз саламын арнайы
Белгісі бар жерлерге.
Жол белгісі суреттерімен балалар ортаға шығады.
-Мына белгі тамақтану орны бар деген белгі.
- Түсі көк шеңберде адам бейнеленген. (Жаяу жүргіншілер жолы). - - Мынау белгі автобус аялдайтын орын
- Қызыл шеңберде адам бейнеленіп, үстінен сызылған.
Бұл белгіде жаяу жүргіншілер қозғалысына тыйым салынады дегенді білдіреді.
- Бұл белгіде қызыл шеңбердің ішінде велосипед суреті бейнеленген. Велосипедпен қозғалысқа тыйым салынады .
Жұмбақ жасырылады:
Үш көзі бар қаз – қатар.
Кезек – кезек ашады.
Үшеуінен байқасам
Үш түрл і нұр шашады. Бағдаршам
Қызықтыру сәті: (әдемі көңілді әуенге бағдаршам келеді). Балалар амандасады.
Бағдаршам:
Менің атым бағдаршам,
Мекен жайым тұрақты.
Жақсы білем міндетімді,
Мүдірмеймін ешқашан.
Тәрбиеші: Қош келдің, бағдаршам!
Балалар, бағдаршам біздің өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз.
Айтыңдаршы, бағдаршамның көшедегі қызметі қандай? - Көшедегі жүру тәртібін сақтайды.
Бағдаршам ойын ойнатады: Ойын: «Сақ бол!»
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай
тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру).
Балалар ойынды қызыға ойнады.
(Әдемі әуенге жол сақшысы келеді)
Жұмбақ жасыру»
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырықпен
түзеткен.
Жол
сақшысы
Жол сақшысы:
Армысыңдар жас достарым! Балалар, мен сендерге жәй келген жоқпын, білімдеріңді көрейік деп келдім, Әкелген ойын, тапсырмаларым бар, сендерге мултьфильм әкелдім.
(Әуен естіледі)
Бұзық бала велосипедімен жол ережесін бұзады.
Жол сақшысы ысқырығымен сықырады.
-Балақай,сен неге жол ережесін бұзасың?
-Кешіріңіз, мен онысын білмедім.
(екі бала ортаға шығып)
Бағдаршамға қара. Біз саған қазір жол ережесін түсіндіреміз.
Бұзық бала: -Жарайды!
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда
Сабыр сақта, баспа алға!
-Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Жүре бергін жасқанба!
Балалар мына тақтадағы үлкен суреттерге мұқият қарайықшы.
Бұлар нені білдіреді?
- Бізге жолдан өтуге көмектеседі. Дұрыс айтасыңдар.
Бұлар «Көрсеткіш белгілер», яғни оларды «Жаяу жүргіншілер өтпесі» деп атайды.
Иә, балалар! Бұл белгілер біздің достарымыз, ал достарын ұмытуға болмайды.
-Қиылыста, жол шетінде, бұрышта.
Түрлі-түрлі белгілер бар тұратан.
Жүресің бе? Жүрмегенің дұрыс па?
Не істеу керек? Бұл белгіні неліктен «зебра» деп айтады? Кім біледі?
- Мен, мен білемін, өйткені ол ақ жолақ
Би: «Зебрамен» Ақерке мен Аяжан билейді.
-1, 2, 3, 4, 5 шықты зебра көшеге,
Қыдырады ол неге?
Сен бұлай шауып жүре берме,
Одан да жат мына жерге.
-Қауіпті ғой көше тым.
Қумай жолдың төтесін.
Жолақтарды іздеймін,
Жаяу адам өтетін.
--Асықпаймын аптығып.
Алдым мұны жақсы ұғып.
Күйсандықтың тіліндей,
Қатар – қатар ақ сызық.
- Ортасында тұра қап,
Оңға – солға бір қарап.
Жолдың арғы шетіне,
Жетіп алам жылдам – ақ
Жол сақшысы:
Жарайсыңдар, балалар! Сендер өте ақылды, білгір, сауатты жолаушылар болатындарыңа мен сенемін.
Мына мултьфильмді арнайы сендерге әкелдім.
Мултьфильм көрсетіледі.
Жол сақшысы.
Егер жол ережесін бұзсақ, тек қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зиянымызды келтіреміз. Сондықтан жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығармаңдар.
Ән: «Бағдаршам»
Бағдаршам мен жол сақшысы қоштасып шығып кетеді.
Сергіту сәті:
Бұзба көше тәртібін
Ұрынарсың апатқа.
Қызықты өтсін әр күнің,
Жақын болма шатаққа. Бірге, жақсы жасады.
«Көшедегі жағдаяттар» ойыны.
3 – 4 баланы ортаға шақырады, өзі «Бөтен адам» болып келеді. (Киімі қалпақ, көзілдірік)
Балаларға жақын келіп, оларды мақтап, телефон, кәмпит, ойыншық көрсетіп, басқа жаққа алып кететін сынай танытады.
Ойын аяқталған соң талқыланады. Дұрыс және қате іс-әрекеттер қорытындыланады.
Балалар, көшеде танымайтын, бөтен адаммен сөйлесуге, оның алдағанына көніп, қолынан заттарын алуға болмайды екен. Көшеде абай болыңдар?
Балалар, біз қазір сендермен екі орталыққа бөлініп, жұмыс жасаймыз. Балалар мұқият тыңдады.
Өнер орталығында ұжыммен, түрлі-түсті бояулармен суретті бояймыз.
Балаларғ түсіндіріледі. Балалар мұқият тыңдайды.
Жұмыс жасау реті: қылқаламның түгін суға малып аламыз, қажетті бояуды жағып алып ұқыпты, таза жұмыс жасауға кірісеміз. Бояп болған соң қылқаламды тұғырға қойып қоямыз.
Ал, үстел үсті ойындар орталығында жолдың макетіне тиісті жол белгілерін қоямыз.
Балалар мұқият тыңдады. Балаларға көмек көрсетіледі.
Рефлексиялық түзетушілік: Қорытынды сұрақтар қойылады.
«Сұрақ-жауап» ойыны.
- Бағдаршамның неше түсі бар? Үш: қызыл, сары, жасыл.
- Қай түс жанғанда машиналар жүреді? - жасыл
- Көлік күтетін жерді қалай атайды? - аялдама
- Көшеде жаяу жүрген адамдарды кімдер дейді? - жүргішілер
- Бағдаршамның «қызыл» көзі не дейді? «Тоқта!» - дейді.
- Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты не дейді? - Ақ жолақ немесе зебра жол.
- Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? - Көшенің ортасына келгенде оң жаққа қарайды.
- Жарайсыңдар балалар! Жақсы, дұрыс жауап бердіңдер.
Бүгінгі оқу іс – әрекетінде не жайында айтық? - Көше қауіпсіздігі, жол ережесі, белгілер жайында.
Бүгін бізге қонаққа кімдер келді? -Бағдаршам, жол сақшысы
Қандай ойындар ойнадық? - «Сақ бол!», белгілерді орнына қойдық...
Жарайсыңдар, жақсы қатыстыңдар. Мақтау , мадақтау.
Дұрыс жауап берген балалар жұлдызшаларға ие болады.
Жол тәртібін сақтап аман – есен жүрейік.
Балалар қонақтармен қоштасады
Қортынды:
Қандай жол қауіпсіздігін есте сақтаймыз?
Бағдаршамның қандай көмегі бар екен?
Қоғамдық жерлерде өз-өзімізді қалай ұстауымыз керек?
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген