жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көше тәртібін бұзбайық!
Ересектер тобына ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Таным.Қатынас.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті:Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: «Көше тәртібін бұзбайық!».
Мақсаты:Балаларға жол ережесі,жол белгілері туралы білім беруді жалғастыру.Жол белгілерінің қауіпсіздік сақтаудағы маңызды ақпарат екенін саналарына жеткізу.
Көшедегі тәртіп ережесін қатаң сақтауға,жолда зейінді болу дағдыларын бойларына сіңіру.Қоршаған ортаға мән бере қарауға,байқағыштыққа,тәртіпке баулу.Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар:бағдаршам,жол белгілері суреттері, жолақ жол,велесипед пен машиналар.
Сөздік жұмыс:жаяу жол.
Билингвальды компонент:жаяу жүргінші жолы-пешеход, бағдаршам-светофор,жаяужол-тротуар.
|
Әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс әрекеті |
Балалардың іс әрекеті |
|
Мотивациялық қозғаушы |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады. Ашық болсын аспанымыз Шуақты болсын күніміз Тату тәтті біз достармыз Тәртіпті болып жүреміз. |
Балалар шеңбер бойына тұрып,қимылмен орындайды. |
|
Ұйымдастырушылық ізденістік |
Тәрбиеші өлең оқиды. Бұзба көше тәртібін, Ұрынарсың апатқа. Ұқыпты болсаң әр күнің, Жақын болма шатаққа. Өлеңде не туралы айтылған? Көшеге шыққанда неге мән беру керек? Бағдаршамда неше түс бар? Жаяу жургіншілер қандай жолмен жүреді? Тақпақтарға кезек берейік. Сайқымазақ келеді. Сәлеметсіңдерме балалар! Тәрбиеші:Сәлеметсіңбе сайқымазақ. Балалар сендер неге жиналып тұрсыңдар?Мен осында ойнауға келемін. Тәрбиеші:Сайқымазақ бұл ойнайтын жер емес,солай ма балалар? Тәрбиеші:Балалар көше тәртібін білеміз ба?Жолдан қалай өту керек? Тәрбиеші:Жол бойында асыр салып доп ойнап велесипед тебуге болама? Сайқымазақ:Сендер өте ақылды екенсіңдер,ал бағдаршамның көздері неге түрлі түсті? Тәрбиеші:бағдаршам туралы бізге балаларымыз айтып береді. Ойын:Бағдаршам Қызыл түсте тыныш тұрасыңдар, Сары түсте қол шапалақтау. Жасыл түсте орындарыңда жугіру. Сайқымазақ:балалар мен сендермен бірге,жолда жүру ережелерін үйрендім,енді мен ойын алаңына барып ойнаймын. Сау болыңдар, балалар! Дидактикалық ойын: Жол белгілерін ажыратайық. Ойын шарты:жол белгілері суреттері көрсетіліп,оларды ажыратып айту. «Жолдан өту»ойыны. Ойын шарты:жаяу жургіншілер мен жургізушілер жолда жүру ережелерін көрсете білу.Бағдаршамға қарап көлік қозғалысы мен адамдар жүрісін көрсету. Балалар тақпақтары: Жұмбақ жасырады: Қырдан қырға жалғасады, Барған сайын алға асады. Оңға да бұрады, Солға да бұрады. Жол тәртібін, Реттеп тұрады. |
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды. Көшедегі тәртіп туралы.Жол белгілеріне мән беру керек. Үш түсі бар. Жаяу жолмен. Рахман: Жалғайтын достастырып бар елменен, Жолдардан тұрады ғой әлем деген. Бүгінгі бізге келген қонақтарға, Ойынымыз басталсын сәлемменен. Нұрхан: Мен көшеге шыққанда, Бағдаршамға қараймын. Қоймаған ғой бекерге, Жәрдемшісі ол талайдың. Іңкәр: Шуақты өміріміз күндей күліп, Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. Арманға сапар тарту мүмкін емес, Жол жүру ережесін білмей тұрып. Айару: Жолда жүру әліппесін, Білген тжөн бессаусақтай. Сонда ғана жүре аласың, Сен өзіңді сау сақтай. Сәлеметсің бе сайқымазақ! Балалар жауаптары. Иә,білеміз Мансур: алдымен көшөнің сол жағына қараймыз,егер машина болмаса,ортаға дейін барып,оң жағына қараймыз,содан әрі жолдан өтеміз. Жоқ болмайды. Бақтықожа: Ей,жолаушы,зула аман, Көшеңменен таңдаған. Бұрылыста жалма жан, Жөндеп қара ал маған. Мынау тұрған бағдаршам, Кезек кезек жанған шам. Жөн сілтейтін бағдаршам, Жөндеп қарап ал маған. Сары шамым жанғанда, Аялдауға қамдан да. Қызыл шамым жанғанда, Аялдап көз сал маңға. Жасыл шамым жанғанда, Алаңдамай бас алға. Еркебұлан: Ашса кезек үш көзін, Айтты деп ұқ сөзін. «Тоқта!», «Сақтан!», «Жол ашық!», Жүрме жолға таласып. Қызыл көзін ашқанда, Бір қадам да баспа алға. Сары көзін ашқанда, Қарап қалма аспанға. Жасыл көзін ашқанда, Өте бергін жасқанба! Балалар ойынды қызығушылықпен ойнайды. Сау болыңыз, сайқымазақ. Балалар жауаптары: Арнайы автотұрақ, Жаяу жүргіншілер жолы. Қауіпті бұрылыс, Темір жол өтпелі бар . Балалар жолда жүру ережелерінен көріністер көрсетеді. Велесипедпен жолдан өту,жаяу жүргіншілер жолынан өту. Кәусар: Көшеде біз сақ болайық, Қамықпасын ата ана. Жолда да сен бол лайық, Жақсы бала атына. Софиианұр: Арманға алда күткен асығармыз, Біз қалай толқып атпай басылармыз. Жол жүру ережесін жақсы біліп, Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз. Жанболат: Жол тәртібін білеміз, Сол жағынан жүреміз. Қарсы келе жатқан көп, Машинаны көреміз. Ұлағат: Ештеңе жоқ алаңдар, Өте берер адамадр. Жол шетіне тұратын, Жол белгіге қараңдар. Жауабы:жол. Жауабы:бағдаршам. |
|
Рефлексиялық түзетушілік |
Сұрақ жауап арқылы алған білімдерін қортындылайды. Бағдаршам не үшін қажет? Жол тәртібін бақылайтын адам кім? Жаяу адамдар қандай жолмен жүреді? Жолда доп ойнау неге қауіпті? Жаз мезгілі мен қыс мезгіліндегі жолдың айырмашылығы неде? Балалармен бірге: Қай көше қалаға барсаңыз да, Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да. Жол жүру ережесі заңды тәртіп, Ол ортақ, Үлкен кіші баршаңызға! |
Жол полициясы. Жаяужол Доп домалап кетеді,оны аламын деп бала көліктің астына түсуі мүмкін. Жазда жол құрғақ болады,ал қыста қар жауғандықтан тайғақ болады. Балалар қортындылып бірге айтады. |
Күтілетін нәтиже:
Орындайды:жол ережесін сақтау үшін үнемі жол белгілеріне назар аударып жүруді;
Түсінеді:көшеде,қоғамдық көліктерде тәртіп сақтау керектігін;
Қолданады:қоршаған орта өзін дұрыс ұстау дағдыларын.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген