жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көшедегі көліктер

Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметі:Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Көшедегі көліктер»
Өтілетін топтың атауы:
«Балдаурен» ІІ кішілер тобы (3-4 жас )


Тәрбиеші: Тлебалдина М:Б
2018-2019 оқу жылы
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Өтетін топтың аты: «Балдәурен» (3-4 жас) ІІ кіші тобы
Күні: 05.02.2019 ж
Уақыты: 09.40-10.00
Бала саны: 15
Оқу қызметінің ұзақтығы: 15-20 минут
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»
Тақырыбы: «Көшедегі көліктер» (сурет бойынша әңгіме) /жаңа сабақ/
Мақсаты:
1) Балаларға көліктер туралы түсінік беру. Көліктің түрлерімен таныстырып, ерекшеліктеріне қарай топтастырып, (жерде, суда, аспанда) ажырата білуге үйрету.
2) Күнделікті өмірде көретін көлік түрлерінің адамға қажеттілігі мен зиянды жақтарымен таныстыру. Көліктің сыртқы түріне қарап және бөлшектерін (кабина, рөл, дөңгелек, терезе, есік) ажырату.Байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сұраққа толық жауап беруге үйрету. Оқу қызметіне қызығушылықтарын арттыру.
3) Көлік жүргізушілерінің еңбегін бағалап, құрметтеуге және де көлікте тәртіп, тазалық ережелерін сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: таныстыру, түсіндіру, жұмбақ жасыру, көрсету, сұрақ жауап, тапсырмалар орындау
Көрнекіліктер: Көлік түрлерінің суреті, үлестірмелі құралдар, ноудбук, теледидар,
Билингвальды компонент: көлік-транспорт, жер көлігі- наземный транспорт,әуе көлігі-воздушный транспорт , су көлігі-водный транспорт.
Қоян рөлінде тәрбиеші:
Пәнаралық байланыс: «Таным» білім беру саласы, қоршаған ортамен таныстыру,құрастыру, «Коммуникация » білім беру саласы, ағылшын, «Таным» білім беру саласы, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.
|
Әрекеттердің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
|
Мотивациялық-қозғаушылық 3 мин
Жұмбақ жасыру
Негізгі бөлім 17 мин Хаттағы тапсырмаларды орындау
Дыбыстық жаттығулар жасату Билингвальды компонент: Сергіту сәті Тосын сәт: Мақсаты: Балалардың қызығушылықтарын арттыру.
Көліктер туралы білімдерін бекіту. |
Шаттық шеңбері
Сәлем саған алтын күн! Сәлеметсіздер ме, қонақтар! Здраствуйте! Хелоу! -Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын. Әуеде де, жерде де. Темір тұлпар зулайды. Алысты жақын етер, Барар жерге тез жеткізер. Айтыңдаршы, балалар, бұл не екен? (Машина) Қанаты бар, жаны жоқ , Табаны бар, аяғы жоқ . Өзі ұшады аспанда.
(Ұшақ) Жүрген жері сілкінеді. (Пойыз) Ұшпайды ол аспанда, Жүрмейді екен, жолмен де. Сумен жүзеді тек қана, Жел оған көмектеседі. (Қайық) -Балалар барлығын бір сөзбен көліктер деп атайды. Қайталап айтайықшы кө-лік-тер. Егер біреу ғана болса көлік деп айтамыз Қайталап айтайықшы кө-лік. Қазіргі заманда көлік түрлері өте көп.Көліктер әуе, су және жер көліктері болып үшке бөлінеді. -Балалар экранға назар аударыңдаршы. Су көліктері: кеме,қайық ,қайық түрлері өте көп. Су көліктерінің қандай пайдасы бар деп ойлайсындар? - Олар су үстінде адамдарды тасиды және жүктерді тасымалдайды Жердегі көліктер: жеңіл көлік түрлері, қоғамдық көліктер. Машинаның қандай пайдасы бар? Машинамен біз баратын жерімізге жылдам жетеміз. Бұл көлікті жеңіл көлік дейді. Машина қандай дыбыс шығарады? «Ыың –ың-ың» дегенде дыбысымыз төмен шығады. Автобустың қандай пайдасы бар? -Автобуспен адамдарды тасиды. Автобуспен де баратын жерімізге жылдам жетеміз, автобусқа көп адам отырады. - Ал енді, автобус қандай дыбыс шығарады? -Автобус «В-в-в-в» деген дыбыс шығарады. Мұнда дауысымыздың ырғағы орташа шығады. -Пойыздың қандай пайдасы бар? - Пойыз темір жол арқылы өте ұзақ жерлерге адамдарды тасып жүктерді жеткізеді. «Пш –пш» деп дыбыс шығарады Әуе көліктеріне: Ұшақ, тікұшақ т.б - Ұшақтын қандай пайдасы бар? -Ұшақпен өте ұзақ жерлерге жылдам ұшып жетеміз. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында. Көліктердің барлығының ортақ бөлшектері : дөңгелектері, мотор, әйнектері, кабиналары, басқаратын рөлі болады және олардың жүргізушілері болады. Көлікті жүргізетін адамды жүргізуші деп атайды.Қайталап айтайықшы жүр-гі-зу-ші Көлік-транспорт, жер көлігі- наземный транспорт,әуе көлігі-воздушный транспорт , су көлігі-водный транспорт. Балалар, көліктердің адамға тигізетін пайдасы өте көп, алайда олардың зиянды жағы да бар. Машина жүрген кезде одан түтін шығады, ол түтін өте улы түтін ауаны ластайды, тағы бір себебі көлікпен үнемі жүретін адамдардың қимыл - қозғалыстары азаяды,жақын жерге таза ауада жаяу жүрген денсаулыққа пайдалы.Көлікте отырғанда ішіне қоқыс тастауға болмайды. Орнымыздан тұрамыз, Қанатымызды жаямыз. Ұшақ болып ұшамыз, Суда жүйткіп жүземіз. Кемелерді түземіз Жол тәртібін сақтап, Машинамен жүреміз. Телефон шырылдайды.Телефонмен сөйлесіп, балаларға қоянның қиын жағдайға тап болғанын, оған көмек керек екенін айту. -Балалар қоян сендерге ойын ойнатпақшы болып келе жатып,орманның ішінен адасып кетіпті. - Балалар қоянға көмектесеміз бе? -Қоянды өзіміз тауып алайық па? - Ол үшін алдымен барлығымыз сиятын көлікті таңдап алуымыз керек.Балаларға слайдтан жеңіл көлік түрлерін көрсету.Бізге қай көлік қажет? Автобусты қалай жүргіземіз,ол үшін бізге кім қажет? Жүргізуші таңдап алу. Автобус «В-в-в-в» деген дыбыс шығарады. -Балалар біз темір жолға келдік.Темір жолда автобус жүре ме? -Темір жолдан өту үшін қандай көлікке отыруымыз керек? -Дұрыс айтасыңдар,балалар. «Пш –пш» деп дыбыс шығарады
- Балалар біз
үлкен көлге келдік, көлден қалай
өтеміз? Ол үшін қай көлікке
отырамыз? Шығармашылық жұмыс: Тапсырма: Геометриялық пішіндерден су көлігін құрастыру. -Балалар тапсырманы өте жақсы орындадыңдар,жарайсыңдар. - Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, оның шешуі алдымыздағы үлкен таудан өтуге көмектеседі. Құстан аумайды Көкте заулайды.(ұшақ) Балалар жұмбақтың шешуін дұрыс таптыңдар. -Ұшақпен өте ұзақ жерлерге жылдам ұшып жетеміз. - Балалар алдымыздағы үлкен таудан ұшаққа отырып өттік. - Ал балалар, біз қайда келдік? -Орманнан нені тауып алуымыз керек? -Балалар біз қоянды таптық. -Қоян:Сәлеметсіңдерме балалар?
Қоян: Балалар
маған көмектесу үшін алыс жол жүріп келдіңдер, сендерге алғысымды
білдіремін!
Ойын: Ұшты -
ұшты.Шарты: Ұшатын заттарды айтқанда қолдарын жоғары
көтереді. Қоян: Балалар өте ақылды және қайрымды балалар екенсіңдер, енді менің кетуім керек, көжектерім күтіп қалған шығар,сендерге көп рахмет.Сендерге арналған сыйлықтарым бар,оқу қызметі аяқталған соң аласыңдар.Сау болыңдар. Балалар сендерге оқу қызметі ұнады ма? -Сендерге қандай көлік түрлері ұнайды? -Көлік түрлерін ажырата аламыз ба? -Барлық көлік түрлерінің қандай ортақ бөлшектері болады екен? -Көліктің қандай пайдасы бар? -Зияны бар ма? -Сендердің ойыншық машиналарың бар ма? -Жақсы балалар, сендер осы ойыншықтарыңды ұқыпты
ұстап үйреніңдер, сындырмаңдар, достарыңмен бөлісіп
ойнаңдар. |
Шеңбер бойымен тұрып, қимыл-қозғалысты көрсете үш тілде амандасады. Балалар жұмбақтардың жауабын айтады
|




Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген