400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Бөлім:

5.2. Ежелгі көшпелілер өмірі


Педагогтің аты-жөні

Еликбаева У.Е

Күні:


Сынып: 5 А

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы

Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.2 көшпелі мал шаруашылығы мен егіншіліктің қалыптасуын түсіндіру;

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар үшін:

Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Көпшілік оқушылар үшін:

Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады

Бағалау критерийлері




Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады

Дағдылар:

түсіну, білімін қолдану, зерттеушілік дағдылар

Тілдік мақсаттар


  • Көшпелі мал шаруашылығының қалыптасуы


Құндылықтарға баулу

Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі, еңбегіне, тарихи ескерткіштеріне құрметпен қарау

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру

Кезеңі

Қызығушылықты ояту

8 мин.

Қызығушылықты ояту кезеңі. Бастапқы стимул.

(Б) Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру

Оқушылар қорапшадан өздеріне ұнайтын түске сай маркерлер алады.


«Аялы алақан»


Тақырыптық суреттер


Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ

30 мин

Қолдану

Көшпелілердің өсірген түліктері

Қола дәуірінің ортаңғы, соңғы кездерінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар шаруашылығында қой түлігі сан жағынан басым болды. Сақ дәуірінде жерімізде осы күнгі құйрықты қазақы қой сияқты қой тұқымы тараған екен.

Ерте темір дәуірі заманында кәдімгі қойлармен қатар биязы жүнді қой, ешкі де өсірілген екен. Алтайдан, Жетісудан табылған ерте темір дәуіріне жататын киіздер осындай биязы жүннен басылған.

Ерте заманнан-ақ көшпелілерде қойдан кейінгі саны жағынан екінші түлік — жылқы. Жылқы мөлшермен б. з. д. 2-мыңжылдықтан бастап мінуге, жүк артуға, жегуге үйретілген. Арпаөзен, Қойбағар, Берікбай, Хантаудағы тасқа салынған суреттерде жеңіл күймелерге, ауыр арбаларға жегілген аттар бейнеленген.

Сақ дәуірінде Қазақстан жерінде басы үлкен, аяғы қысқалау, тұрқы ұзын, түгі қалың жылқы тұқымы кең таралған. Бұл жылқылар тебіндеп жайылуға үйренген қазақтың қазіргі жабы жылқысы тұқымына жақын. Сонымен қатар сол заманның ақсүйектері, қолбасшы батырлары жерленген үлкен қорымдардан (Пазырық, Берел) тұрқы биік аттардың да сүйегі табылған. Сақ дәуірінде жабы сияқты төзімді, жекпе-жекке, үлкен ұрыстарға мінетін қазанаттармен қатар осы екі тұқымның араласуынан шыққан тұрқы орташа жылқы тұқымдары да болған. Олардың сүйектері Шығыс Қазақстан жеріндегі Кіші Красноярка қонысынан, Орталық Қазақстандағы Тасмола зиратынан табылған. Бұл деректер сақтардың жылқының әр түрлі тұқымдарын өздері сүрыптап шығара алғандығының белгісі.

Сақ дәуірінде қалыптаса бастаған осы жылқылардың тұқымы ғұн, сармат, үйсін дәуірінде, одан соң көне түркілер заманында кең таралып, өз жалғасын тапты.

Ұзақ жорықтарға төзімді, аса күй талғамайтын осындай жылқыларды қыпшақтар да өсірген. Қыпшақ жерін аралаған ибн Баттута деген араб саяхатшысының пікірінше, Үнді жерінде жорыққа мінуге арналған қыпшақ жылқыларына сұраныс өте күшті болған.

Қазақстан жерінде қола дәуірінен бері ірі қара мал өсірілген. Қола, ерте темір дәуірі ескерткіштерінен табылған сиыр сүйектері де ірі, орташа, ұсақ сиыр тұқымдарының болғандығын көрсетеді.

Талдау Зерттеу сұрағы: Көшпелі мал шаруашылығы неліктен шаруашылықтың негізгі түріне айналды?

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:

  1. Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады

Оқушылар «БББ» стратегиясы толтырады









Топтық жұмыста оқушылар зерттеу жұмыстарын жүргізеді







Алғашқы адамдардың шаруашылығы мен түрмысын анықтайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады





«Ең үздік жауап»









«Алақан-жұдырық»







ҚБ «Мен саған, сен маған»









Сабақтың соңы

Қорытынды

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.


Кері байланыс

Жалғастырыңыз:

Маған ... қызықты болды

Бұл ... қиындық туғызды

Осы ... мені ойландырды

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды



А4, конспект


Үй тапсырмасы

  1. «Көшпелі мал шаруашылығы неліктен Қазақстанның ежелгі тұрғындары шаруашылығының негізгі түріне айналды» тақырыбына эссе жазу





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
4 қаңтар
250
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі