жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көшпелілер баспанасының ерекшелігі неде?
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 5.2А «Ежелгі көшпелілер өмірі» Күні: Сынып: 5 |
Мектеп:Тобыл орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар: Қатыспағандар: |
|||||||||
|
Сабақ:Қазақстан тарихы |
Тақырыбы:Көшпелілер баспасының ерекшелігі неде (1 сағат) |
|||||||||
|
Осы сабаққа негізделген оқу мақсаттары: |
5.2.2.3Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін сипаттау |
|||||||||
|
Сабақ мақсаттары: |
Барлығы:Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін, соның ішінде баспана салуды, сипаттайды. |
|||||||||
|
Басым бөлігі:Ежелгі тайпалардың баспана салу ерекшеліктерін және түрлерін өзара ажыратады. |
||||||||||
|
Кейбіреулері:Ежелгі тайпалардың баспана салу ерекшеліктері мен олардың даму үдерісі жайлы қорытындылар жасайды. |
||||||||||
|
Ойлау деңгейлері |
Білу, түсіну |
|||||||||
|
Бағалау критерийлері: |
1.Ежелгі тайпалардың қолданбалы өнер ерекшеліктерін, соның ішінде баспана салуды, сипаттайды.. 2. Ежелгі тайпалардың баспана салу ерекшеліктерін және түрлерін өзара ажыратады. 3.Ежелгі тайпалардың баспана салу ерекшеліктері мен олардың даму үдерісі жайлы қорытындылар жасайды. |
|||||||||
|
Тілдік мақсат: |
Оқушылар орындай алады: |
|||||||||
|
Айтылым: Көшпелілердің баспанасының ерекшелігі неде?Бүгінгі күнге дейін сақталған баспананы ата, т.б. сұрақтарға ауызша жауап береді. Тыңдалым: Қосымша деректер пайдалана отырып, бір-біріне түсіндіру барысында тыңдайды. Оқылым: оқулықпен жұмыс істейді, мәтінді оқиды. Жазылым: венн-диаграммасын толтырады, дәптер ішінде тест орындайды |
||||||||||
|
Пәндік лексика және терминдер Киіз үй, көшпелі тайпалар, андрондықтар, отырықшы тайпалар |
||||||||||
|
Диалогқа/жазылымға қажетті сөз тіркестер Сықырлауық, түндік, кереге, уық, доғалай |
||||||||||
|
Құндылықтарға баулу |
Көшпелілердің баспана салу ерекшеліктерін ажырата отырып,оның қолөнер мәдениетінің бір түрі ретінде тарихтың,мәдениеттің және тілдің біртұтастығына баулу |
|||||||||
|
Пәнаралық байланыс |
бейнелеу өнері, информатика, еңбекке баулу |
|||||||||
|
Алдыңғы білім |
Көшпелілердің шаруашылығы,баспанасы, тұрмыс-тіршілігі, мәдениеті туралы біледі. |
|||||||||
|
Сабақ барысы |
||||||||||
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||
|
Басы 10 минут
|
Ұйымдастыру шаралары: (сәлемдесу) 1.Психологиялық ахуал. Көңіл-күйлерің қалай? Сабақ бастамас бұрын сергіту сәтін жасаймыз.(1-2 минуттық сергіту эпизодтары) Жақсы көңіл-күймен сабағымызды бастаймыз. 2. Уәждеу, қызығушылықты ояту. «Дорба» әдісі. Шағын матадан жасалған дорбаға бұршақ салынады. Оны мұғалім сұрақ жолдап, оқушылардың біріне қарай бағыттайды. Дорбаны қағып алған оқушы сұраққа жауап береді. Қызығушылықты оятуға дорбаны жауап бере алмасаң, басқа оқушыға сұрақпен бірге лақтыруға болатыны үлкен әсер етеді. -Көшпелі мал шаруашылығы қашан пайда болды? -«Тебіндік жайылым» деген не? -Алтай мен Алатау өңірінде қандай шаруашылық жақсы дамыды? 3.Тақырыпты ашу. М. Мына суреттерде не бейнеленген?
(баспана түрлері). М. Қалай ойлайсыңдар, бұл кімдердің баспаналары? М. Ендеше бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Көшпелілердің баспанасының ерекшелігі неде? Ойларыңша, біз алдымызға бүгін қандай мақсаттар қоюға тиіспіз? Неге сіздер осылай ойлайсыздар? Оқушылар өз ойларын айтады. Мұғалім қорытындылап, ауызша қолдау жасайды. |
Интербелсенді тақта, Интерактивті тақта суреттер |
||||||||
|
Сабақтың ортасы 27минут |
Қалыптастырушы бағалау. Жалпы сабақ барысы «Білемін, білгім келеді, білдім» әдісі арқылы өтеді. Берілген кестеге ең әуелі нені біледі, соны толтырады.
Кестенің «Білгім келеді» бөліміне тақырыптың білмейтін, тың сұрақтарын жазады. «Білдім» бөліміне сабақ барысында алынған мағлұматтарды жазып отырады. 3 топқа бөлінеді. Археолог, этнограф, тарихшы ғалымдар немен айналысатыны анықталады. Оқушылар қалаулары бойынша топқа бірігеді. Т/Ж 1 тапсырма. «Көрме - Галерея» әдісі Тақтаға ежелгі көшпелілердің баспаналарының бірнеше түрлері ілініп тұрады. Оқушылар көшпелілербаспанасының суреттерімен танысады да, топтарында талқылап, мұнда кімдер тұруы мүмкін деп болжамдар жасайды.
Әр топтан 1 ғалымнан шығып, олар өз болжамдарын ортаға салады. Топтар басқа топтардың пікірлерін талқылайды да келісетін топ пікірін таңдайды, мұндай таңдауларын олар дәделдеуге тиіс. Т. 2 тапсырма. Ми шабуылы. 1. Қай суреттер көшпелі тайпалардікі, қайсы – отырықшы? 2. Кемінде 3 дәлел келтіріп, пікірлеріңді қорғаңдар. Кері байланыс: мұғалімнің қолдауы, қол шапалақ
Ж.Т.3 тапсырма.«Киіз үйдің құрылымын білесің бе?» ойыны. Киіз үйдің құрылымын еске түсіріп, параққа бөліктерін атап суретте. Бір-біреуін тексереді. Кімде дұрыс. Ауызша бөліктері атайды.
Кері байланыс: отшашу
Ж. 4 тапсырма. Венн диаграммасы.
Оқушыларсуреттер арқылы киіз үй мен андрондықтардың баспанасы ерекшеліктерінсалыстырып, арасындағы айырмашылықтары мен үқсастықтарын анықтайды. Киіз үйдің Ортақ Андрондық баспанасының ерекшелігі қасиеті ерекшелігі
кері байланыс: «Светофор» әдісі арқылы жасалады.
|
АКТ, оқулық, плакат, маркер, қарындаш тар
|
||||||||
|
Сабақтың соңы 8минут |
Рефлексия. БББ әдісі, кестені қорытындылайды.
Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісі бойынша аяқтаймын.
Үй тапсырмасы: «Киіз үй – көшпелілердің әлем мәдениетіне қосқан үлесі»эссе жазып келу |
кесте |
||||||||
шағым қалдыра аласыз









Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген