Тақырып бойынша 11 материал табылды

Көшпенділердің музыка өнері. 7-сынып. ҚМЖ. Сабақ жоспары. Арман ПВ

Материал туралы қысқаша түсінік
7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату; 7.4.1.1- жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқамерзімді жоспар

Бөлім:

2-бөлім: Көшпенділер мәдениеті.

Педагогтің аты-жөні:


Күні:

.09.24 ж.

Сыныбы:6

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Көшпенділердің музыка өнері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.2.3.1 хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату;

7.4.1.1- жалғаулар мен шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазу;

Сабақтың мақсаты:

хроника құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажыратады;

шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту


Сәлемдесу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушыларды түгелдейді, оқу құралдарын тексереді.

Үй тапсырмасы сұралады.

Мұғаліммен амандасады, оқу құралдарын дайындайды.

«Ақ тілек » (тренинг). Шардың ішіне түрлі тақырыпқа байланысты тілектер жазылады. Қатысушы оқушылар өзіне ұнаған шарды таңдап алып, оны жарады. Шар ішіндегі тілекті оқиды. Қорытынды: Тренинг соңында әр қатысушы өз ойын білдіреді. Осы өз ойларын жеткізуде қатысушылардың сол сәттегі көңіл-күйін танып, алдағы сабаққа қалыпты жай қалыптастырылады.



Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл-күйін көтереді, бауырмалдығын оятады


Оқулық, жұмыс дәптерлері


Жаңа сабақ

Ойқозғау.











1-тапсырма

Тыңдалым



2-тапсырма.

Сынып













3-тапсырма

Оқылым

Топтық жұмыс


Мал жұтайды, өнер жұтамайды

Абай Құнанбайұлының ғибратты сөзінің мағынасын тарқатып айтыңдар

Қызығушылықты ояту, сабаққа болжам жасау.

Оқушылар үстел үстінен өзіне ұнаған ұлттық аспап суретін алады. Содан соң сынып қабырғаларынан сол суреттің анықтамасын іздейді. Сыныпқа таңдаған аспабын түсіндіреді. Балалар сабақ тақырыбын болжайды. (суреттер, анықтамалар жоспардың төменгі бөлігінде)

Күләш Ахметованың «Халық әні» өлеңіг тыңдаңдар. Автор көзқарасы мен көтерілген мәселені талдаңдар.


Тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. Музыканың халқымыздың тарихындағы орны қандай?

  2. Қ алай ойлайсың, ұшы-қиыры жоқ боз далада туған музыканың басқа халықтың музыкасынан айырмасы бар ма?

  3. Халқымыз ән мен күйді қалай ардақтаған, әншілер мен күйшілерді қалай құрметтеген?


Мәтінді оқы. Стилін, тақырыбын, құрылымын, ьілдік ерекшелігін тыңдалым мәтінімен салыстыр.

Тыңдалым мәтіні

Оқылым мәтіні

Тақырыбы:

Стилі:

Тілдік амал-тәсілдері

Тақырыбы:

Стилі:

Тілдік амал-тәсілдері



Дескриптор:

-мәтіннің негізгі ойын анықтайды;

-сұрақтарға жауап береді.


ҚБ. «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Дәл таптың!» сөздері арқылы ынталандыру.






















Дескриптор:

- мәтіндердің тақырыбы, жанрлық ерекшелігі мен құрылымы жағынан салыстыра талдайды;


Оқулық 43-бет




«Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен ынталандыру.



Сабақтың ортасы

.


ӘТН
















5-тапсырма.

Жазылым

Жұптық жұмыс






6-тапсырма.

Жеке жұмыс











Оқушылар «Шылау туралы түсінік» ережесін оқып, мысалдар келтіреді, бір-біріне сұрақтар қояды.

Шылауларды үндестік заңы бойынша дұрыс қойып, көшіріп жаз.

Жігітке жеті өнер (да, де, та, те) аз

Алмақтың (да, де, та, те) салмағы бар.

Қуанған (да, де, та, те) бір, қорыққан (да, де, та, те) бір.

Бас кеспек болса (да, де, та, те), тіл кеспек жоқ.

Өнерді үйрен (да, де, та, те) жирен.


Бірыңғай мүшелерді шылаулар арқылы байланыстырып жаз.

Жас балалар шебердің қолынан шыққан аңның, құстың, балықтың, үй жануарының бейнесіндегі саз балшықтан жасал,ған үрмелі аспаптарды тартып, үйренген. Олардың әуезге, әнге деген шеберлігі ойын-сауықта шыңдалып отырған. Еесйе келе дабыл, дауылпаз, шыңдауыл секілді аспаптарды меңгерген. Елдің бірлігін, халықтың мұң-мұқтажын, өз ьруныңы жеңіс-жетістігін жырға қосқан.



«Қолпаштау» әдісі


Дескриптор:

- шылаулардың ерекшелігін ескере отырып, үндестік заңына сәйкес орфографиялық нормаға сай жазады;


ҚБ. «Фигуралар» әдісі арқылы бағалау.

Оқушыларды жауаптарын түрлі фигуралармен бағалау.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК




Сергіту сәті

Сергіту сәті. «Орныңды тап»

Оқушылардың қолына қазақ әріптері беріледі, жүргізуші сөзді атаған соң оқушылар сөздегі орындарын тауып тұра қалу керек.




Сабақты бекіту

7- тапсырма.

Жазылым

Жеке жұмыс

Шығармашылық жұмыс






Мақал-мәтелді толықтырып, «Қазақ музыка өнері» тақырыбында шағын мақала жаз.

Оқулық

Үй тапсырмасы

8-тапсырма.

Музыкалық аспаптардың бірінің шығау тарихы туралы ақпарат жинап, оның әуені туралы көркем әдебиет стилінде мәтін жаз


Оқулық

Сабақ соңындағы рефлексия

Рефлексия

«Бөлмедегі заттар» әдісі


Сабаққа рефлексия жасау үшін әр оқушы бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр оқушы бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.











С уреттер:



Shape1





Shape2 Сынып қабырғасындағы анықтамалар:

Домбыра  қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен.
Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған.

Қобыз - таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап. Кобыз ен коне аспаптардын бірі.
Жетіген – ескі жеті ішекті дыбысты аспап, түрі гуслиді немесе жатқан араны еске салады.

Желбуаз – үрмелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспаптың бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас.

Ұран – жауынгерлердің қолданған, үрмелі музыкалық аспабы. Ертеде үрмелі аспаптарда ойнауға арналған саңылаулары болмаған, сол себепті ұран тек дабыл дыбыстарын беруге арналған.

Даңғыра — қазақтың көне ұрмалы-сылдырмақты, қатты дыбысты музыкалық аспап. Бұл бір жағы терімен қапталған, ішкі жағынан темір алқалар, сақиналар мен сылдырмалар ілінген дөңгелек шығыршық. 


Уілдек - ауызбен үрлеп ойнайтын қазақтың қыштан жасалған аспабы.
Сылдырмақ – сілкімелі музыкалық аспап. Бұл аспап тұтасымен қола, мыс, жез секілді металдар мен шырша, емен, үйеңкі сияқты ағаштардан жасалады.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
25.00.2024
1130
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12