Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Костюм ауыстыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлық сауаттылық 3 сынып. Тақырыбы: Костюм ауыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары ________Р.А.Жұбатқанова




Бөлімі:

2-бөлім. «Ойын құру

Педагогтің аты-жөні:

Баттал Гулназ Еркинкызы

Күні:

08.12.2022

Сыныбы: 3 А

Қатысушылар саны: 13 Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Костюм ауыстыру

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы үшін:

Программалау ойын алаңында бірнеше костюмдермен жұмыс істеуді үйренеді.

Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

1- 3 мин.

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

І. Қызығушылықты ояту. «Wifi» әдісі

Мұғалім оқушылармен шаттық шеңберін құрып, «Wifi» карточкасын бір-біріне тарату арқылы жылы лебіз, тілек білдіреді.

Топтастыру

Оқушылар партаның үстінде тұрған үлестірме қағаздарды біртіндеп алып, сол үлестірме қағаздарға фонарьдың жарығын түсіру арқылы қай топта екенін біледі. «Фонарик» әдісі бойынша екі топқа бірігеді.

1-топ: Спрайттар

2-топ: Скриптер

Екі топқа бөлінген соң, топтарының аты бойынша спрайт дегеніміз не? скритілер дегеніміз не? Жауап береді.

Екі топқа сөмке беріледі. Сабақтың соңында «Информатикалық бағалау» әдісі бойынша қай топ көп диск жинайды, сол топ жеңімпаз болады.

Үй тапсырмасы

7 мин

Мұғалім «Сиқырлы барабан» ойыны арқылы 2 топқа кезекпен өтілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Ойынды интерактивті тақтадан көрсетеді. Әр топтан кезектесіп оқушылар сұрақтарды оқиды және топпен ойласып жауап береді.


1. Кейіпкер (спрайт) дегеніміз не? Ж: жобада көрініске қатысатын, белгілі бір іс-әрекеттерді орындайтын объект.

2. Программалау ортасында жобаны орындау кезінде бірнеше спрайтты қатар қолдануға болады ма?

Ж: иә

3. Сөзсіз музыка қосылады. Әуенді табу керек.

Ж: әнұран

4. Жобаға кірістірілген спрайт туралы ақпарат алу үшін, қандай батырманы басу керек?

Ж: спрайттағы info батырмасын

5.info батырмасының терезесінен спрайтты не істеуге болады?

Ж: спрайттың атауын өзгертуге, сахнадағы орнын анықтауға, бұруға, жасыруға немесе көрсетуге болады.

6. Қара жәшік. 2022 жыл елімізде қандай жыл деп жарияланды?

Ж: Балалар жылы

7.1 минутта неше секунд бар? Ж: 60с

8. Скретч-те қандай дайын кітапхана бар?

Ж: Кейіпкерлер мен көріністер

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне қарай «Информатикалық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.




Интерактивті

тақта




Жаңа сабақ


Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін суреттер көрсетіледі, сол суреттерге мұқият қарап сабақтың тақырыбын табу керек. Мұғалім сабақтың мақсатын түсіндіреді. «Костюм ауыстыру» тақырып бойынша түсіндіреді және «Скретч» бағдарламасында «Киіз үй» жобасының жасалу жолын көрсетеді.

Тақтадағы көрсетілген суреттен жаңа сабақтың тақырыптың атын ұжымдық үлгіде табады. Мұғалімді мұқият тыңдайды.

49 -беттегі кестені дәптерге сызады.

Қалыптастырушы бағалау

Мұғалім оқушылардың сұрақтарға жауап беруіне қарай және дәптерге кестені сызғанына байланысты топты «Информатикалық бағалау» әдісі арқылы диск таратумен бағалайды.

Интерактивті тақта


Оқулық


Жұмыс дәптер


Дикстер

Сабақтың ортасы

(28 мин)

Топтық жұмыс

1-тапсырма

2 топқа да киіз үйдің құрылысы беріледі. Суреттерді дұрыс ретпен орналастырып тақтаға жапсыру керек.

Дескриптор

Оқушылар берілген суреттерді алгоритм бойынша орналастырады.

«Информатикалық бағалау» әдісі арқылы диск таратумен бағалайды.

Дисктер

Үлестірме суреттер


Жеке жұмыс

2-тапсырма

Компьютерде скретч бағдарламасында «Киіз үй» жобасын жасайды.

Дескриптор

«Киіз үй» жобасын скретч бағдарламасы арқылы жасап үйренеді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылардың тапсырманы орындағанына байланысты «Информатикалық бағалау» әдісі диск тарату арқылы бағаланады.

Интерактивті

тақта

Оқулық


Компьютер


Дисктер

Shape1

Сергіту сәті: «Флешмоб» мұғалімнің жасаған қимылын қайталау керек. Орындарына отырғаннан кейін, кішігірім сыйлық беріледі.

Сабақтың соңы

7 мин.

Сабақты бекіту.

Рефлексия.


Бекіту.

Жұптық жұмыс

А4 парағында блоктар беріледі. Блоктардың атауын жұптасып жазу керек.

Сабақ соңында әр топтың дискілерін санап, қай топ көп ұпай жинағанын білеміз.

Рефлексия

«Фотоаппарат» әдісі бүгінгі сабақтың өтілуіне қарай фотоаппараттағы смайликтерді жылжытып өздерінің көңіл күйін білдіреді.

Қалыптастырушы бағалау

Оқушылар бір-бірін тапсырманы орындағанына байланысты «Информатикалық бағалау» әдісі арқылы, яғни бір-біріне диск тарату арқылы бағалайды.




Үй тапсырмасы

51 беттегі Жобаның скритптісіне талдау жаса.















































08.12.2022ж.күні «Жаңаша оқыту - жетістік көзі» онкүндігінде цифрлық сауаттылық пәнінің мұғалімі Баттал Гулназдың 3 «А» сыныбымен

«Костюм ауыстыру» тақырыбында өткізген ашық сабағының


АНЫҚТАМАСЫ

Сабақтың мақсаты: 3.4.2.4 . программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру.

Сабақтың басталуы: Оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрып, «Wifi» карточкасын бір-біріне тарату арқылы жылы лебіз, тілек білдіріп психологиялық ахуал туғызу. Оқушылар «Фонарик» әдісі арқылы партаның үстіндегі үлестірме қағаздарға фонарьдың жарығын түсіру арқылы 2 топқа бөлінді. 1-топ: Спрайттар, 2-топ: Скриптер. Екі топқа сөмке берілді. Сабақтың соңында «Информатикалық бағалау» әдісі бойынша қай топ көп диск жинайды, сол топ жеңімпаз болатыны туралы айтылды. Үй тапсырмасын «Сиқырлы барабан» әдісі арқылы 2 топқа кезекпен сұрақ қойылды. 2 топта белсенді жауап берді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін суреттер берілді сол суреттерге қарап сабақтың тақырыбын дұрыс табу керек болды. Жаңа тақырып бойынша «Киіз үй» жобасының жасалу жолы көрсетілді.

Сабақтың ортасы: 1-тапсырма топпен жұмыс болды. 2 топқа да киіз үйдің құрылысы берілді. Суреттерді дұрыс ретпен орналастырып тақтаға жапсыру керек болды. 2 топта тез орындады. «Информатикалық бағалау» әдісі арқылы 2 топта бірдей бағаланды. Содан соң жеке жұмыс болды. Компьютерде скретч бағдарламасында «Киіз үй» жобасын жасады. Сергіту сәтінде мұғалімнің іс-қимылын қайталап «Флешмоб» биледі. Орындарына отырғаннан кейін, кішігірім сыйлық берілді. Жұптық жұмыс

А4 парағында блоктар берілді. Блоктардың атауын жұптасып жазу керек болған. Барлығы ұйымдасқан түрде тапсырманы жақсы орындап шықты. Сабақ соңында әр топтың дискілерін санап, қай топ көп ұпай жинағанын білдік. Спрайттар тобында 1 ұпайға алда болды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.05.2023
1051
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12