Көтеріңкі көңіл-күй
Мақсаты:
1. Көңіл-күй әлемнің тереңдігі жайында балалардың білімдерін кеңейту.
2. Өзгелердің көңіл-күйлерін түсіне білуге үйрету.
3. Әртүрлі эмоциялар түрлерін ажырата білулерін дамыту.
4. Сурет арқылы өз эмоцияларын көрсете білуге дағдыландыру.
Барысы:
Балалар, мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Сендердің көңіл-күйлерің қалай? (Балалардың жауатары тыңдалады)
Балалар шеңберде бір-бірінің қолдарынан ұстап тұрады.
Психолог (жай дауыспен): Біз – үлкен бір жақсы аңбыз. Қане, ол қалай тыныс алады, тыңдайықшы!
Балалар өздерінің және көршілерінің қалай тыныс алып жатқанын тыңдайды.
Психолог: Ал, енді бәріміз бірге тыңдаймыз! Терең тыныс алып – бір қадам алға, тынысты шығарып – бір қадам артқа жүреміз. Аңдар тек қана тыныс алып қоймай, сонымен бірге оның үлкен мейрімді жүрегі де осылай соғады екен. (Балалар қолдарын жүректеріне қойып, тыңдап көреді).
Психолог: Мен сендерге бір әңгіме оқып бергім келіп тұр.
Анасы жұмысқа кеткенде, ұлы мысығымен үйде қалады. Бала шие тосабын өте қатты жегісі келеді. Сосын бүкіл тосапты қалай жеп қойғанын сезбей де қалады. Анасы үйге келіп, ұлынан «Тосапты кім жеді?» - деп анасы таңқалады. Анасының қалай таң қалғанын көрсетіңдерші.(Балалар мимика арқылы таң қалу эмоциясын көрсетеді). Бала өз қылығы үшін қатты ұялды. Бала, қалай ұялды, кім көрсетеді? (Балалар мимика арқылы ұялу эмоциясын көрсетеді). Ендеше барлығымыз «Көңіл-күй лотосы» ойынын ойнайық.
«Көңіл-күй лотосы» ойыны.
Мақсаты: Өзгелердің көңіл-күйлерін түсіне білуді дамыту. өз көңіл-күйлерін көрсете білуге үйрету.
Үстел үстінде эмоция суреті бейнеленген үлесірмелер жатады. Балалар бір-біріне көрсетпей үлестірме алады, сосын әрқайсысы өз эмоциясын мимика, пантомимика арқылы көрсетеді. Ал қалған балалар оны табады.
Психолог: Балалар, сендерге ойын ұнады ма? Не себептен?
Сонымен, көңіл-күйлерің қандай?
Ал, көңіл-күйді қалай жақсы өзгертуге болады? (балалардың жауаптары тыңдалады)
«Сөйлемді жалғастыр» жаттығуы.
Балалар шеңбер бойымен бір-біріне допты беру арқылы мыны сөздерді жалғастырады;
«Мен қуанамын егерде, ............................»
«Мен ашуланамын егер, ...........................»
«Мен ренжимін егер, .................................»
«Мен мұңаямын егер, ................................»
«Мен жылаймын егер,................................»
«Мен қорқамын егер, .................................»
«Мен таң қаламын ......................................»
«Ия, жоқ» ойыны
Мақсаты: Импульсивті қимыл-әрекеттеріне бақылау жасай білуді дамыту.
Балалар, төмендегі сұрақтарға иә немесе жоқ сөзін қолданбай жауап береді.
Құстар ұшады ма?
Қазір қыс мезгілі ма?
Доп төртбұрышты ма?
Тұз тәтті ме?
Мысық құс па?
Тынышталу, босаңсу: «Музыка тыңдаған кезде мен не сеземін?»
Балалар қалай ойлайсыңдар, музыка арқылы ойыңдағының бәрін жеткізе алуға болады деген рас па? (Ұстаздардың жауаптары). Музыка жазатын адамдарды қалай атайды балалар, білесіңдер ме? (Ұстаздардың жауаптары). өз сырларын музыка арқылы жеткізу компазиторлардың қолынан керемет келеді. Ал сендердің қолдарыңнан келеме? Көрейік! (Музыкалық әуен ойнайды).
Балалар, ал енді сендер көздеріңді ақырын ғана жұмыңдар. Сондай әдемі әуен шырқалып жатыр. Айнала тып-тыныш, тек музыканың әсем үні естілуде.
Ал енді көз алдарыңа не елестетіп жатырсыңдар? (балалар қалаулары бойынша өз көргендері жайында әңгімелеп береді. (2 нұсқасы: суретін салады).
Қортындылау. Рефлекция
Психолог: Үстаздар, сабақ бүгін қалай өтті? Не себептен ұнады/ұнамады?
Не жайында әңгімелестік? Қандай ойындар ойнадық?
Эмоция (көңіл-күй) деген не?
Эмоцияның (көңіл-күйдің) қандай түрлерін білесіңдер?
Біз өз көңіл-күйімізді не арқылы, қалай жеткізе аламыз? Мысалы: (ашулансақ – қабағымызды түйеміз, қуансақ – жымиамыз т.с.с).
Рақмет балалар. Осымен біздің тренингіміз аяқталды. Сау болыңдар.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Көтеріңкі көңіл күй

шағым қалдыра аласыз