Ковалентті байланыс қасиеттері. 10-СЫНЫП ,Химия,ҚМЖ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ковалентті байланыс қасиеттері. 10-СЫНЫП ,Химия,ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
10-СЫНЫП ,Химия,ҚМЖ. Ковалентті байланыс қасиеттері
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітілді _________

Химия пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Бөлім:

10.1 C Химиялық байланыс

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:10

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ковалентті байланыс қасиеттері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.1.4.1 донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша ковалентті байланыстың түзілуін түсіндіру;

10.1.4.2 қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Ковалентті байланыстың түзілуін анықтайды.

Көпшілік оқушылар үшін:

Донор-акцепторлы және алмасу механизмі бойынша сипаттайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Қос және үш еселі байланыстың түзілуін түсіндіреді

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

І.Ұйымдастыру кезеңі:

а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.





Оқушылармен сәлемдесу

Оқушыларды түгендеу

Оқушылармен ынтымақтастың атмосферасын құру. Шаттық шеңберін құру. Гүл арқылы бір-біріне сәттілік тілеу.


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Гүл

Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Өткен сабақты естеріне түсіру

Жаңбыр тамшылары” әдісі арқылы үй тапсырмасын сұрау:

Сұрақтар:

1.Жеке атомдарды күрделі жүйелерге біріктіретін электрстатикалық әрекеттесу(химиялық байланыс)

2. Атомдардың жұптаспаған валенттік электрондарының ортақ жұбы арқылы түзілетін байланыс(ковалентті байланыс)

3."Валенттік электрондар бірге" деген мағынаны беретін сөз(ковалентті)

4.Коваленттік байланыс теориясын ұсынған ғалым(Гилберт Льюис)

5. Коваленттік байланыс түзілуінің механизмдері(алмасу және донорлы-акцепторлы )

6. Атомдардағы дара электрондардың ортақ жұбы түзілгенде жүзеге асатын механизм(Алмасу механизмі)

7. Байланыс түзілгенде атомдардың біреуі донор, екіншісі акцептор рөлін атқаратын механизм (Донорлы-акцепторлы механизм)

8. Донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілетін қосылыстар(Аммоний ионы мен метиламмоний ионы, аксоний ионы)

9. Аммоний ионының құрылысы(Аммоний ионында 4 N-H байланыс бар, оның үшеуі алмасу механизмімен, ал біреуі донорлы-акцепторлы механизм бойынша түзілген)

10. Электртерістіліктері бірдей атомдардың арасында түзілген химиялық байланыс(Ковалентті полюссіз)

11. Электртерістіліктің мәндерінде айырмашылық аз болатын атомдардың арасында түзілген химиялық байланыс(Ковалентті полюсті)

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Бұлт және тамшы суреттері



Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу 31 мин.

Презентация көмегімен тақырытпты түсіндіреді.Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1. Ковалентті байланыстың түзілуін анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

























Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.




















1-Тапсырма

Төмендегі қосылыстардағы сигма және пи - байланыстардың санын анықтаңыз:

А)

I. HC=CH

II. H2C=CH2

III. H3C-CH3

IV. H2C=C=CH2


2-Тапсырма

Тиісті сөздерді орнына қойып, сөйлемдерді аяқтаңыз:

S - орбитальдары, р- орбитальдарының, оттек, сутек, 900 , үлкенірек, дұрыс

Су молекуласында сутек пен оттек атомдары арасында сутектің  ................ мен оттектің ............... түзу бойымен бүркесуі нәтижесінде ............... түзіледі.

............ формула Н2О бір ...... атомы мен екі .........атомынан тұратын бір су молекуласының құрамын көрсетеді. Н – О – Н моделінің байланыс бұрышы 104,5°-қа, ал жақтарының ұзындығы 0,096 нм-ге тең.

H – O – H моделіндегі байланыс бұрышы ....... Бұл бұрыш су молекуласының негізгі байланыс бұрышынан........ Бұл модель су молекуласының пішінін ..................сипаттайды.


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды



















ДК экраны

10-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.









Тапсырма парақтары














Wordwall сайты арқылы сұрақ тапсырмаларды орындатады

3-Тапсырма

Сұрақтар:

1.Коваленттік байланыстың маңызды сипаттамалары(энергиясы,ұзындығы,бағытталуы,қанығуы,полюстенуі)

2.Химиялық байланыстың энергиясы дегеніміз не?(байланыс түзілгенде бөлінетін энергия)

3.Байланыстың ұзындығы қалай анықталады?(ядролардың арақашықтығымен анықталады)

4.Ковалентті байланыстың қанығуы дегеніміз не?(атомдардың коваленттік байланыстың шекті бір санын түзу қабілеті)

5.Ортақ электрон жұбы саны бойынша қандай байланыстар болады?(дара, екі, үш еселі байланыстар)

6.Байланыстың еселігі немен анықталады? (берілген атомдар арасында түзілген ортақ электрон жұптарының санына тең)

7.Электрондық орбитальдардың бүркесу әдісі бойынша коваленттің байланыс нешеге бөлінеді?( сигма және пи байланыс)

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Дұрыс анықтамаларды табады.


ДК экраны

Wordwall сайты:

Wordwall сайты:

https://wordwall.net/ru/resource/24211249

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

image4.png



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
29.11.2024
179
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі