Күні:
15.02.2020
ж
Өткізген:
А.
Дунгешова
Тақырыбы:
Бағалау
критерийлері мен дескриптор құрастыру
Мақсаты:
Критериалды
бағалау туралы түсініктерін кеңейту.
Бағалау критерийлерін құруды үйрену.
Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану
тиімділігін зерделеу.
Күтілетін
нәтиже.
Мұғалімдер:
Бағалаудың
мағынасын ажырата алады;
Сабақта
ОүБ-ды ұйымдастыра алады;
Табыс
критерийлері бағалаудың негізгі
аспектісі екенін түсінеді;
Критериалды
бағалау арқылы оқушы білімін бағалаудың
тиімділігін ұғынады;
Дескриптор
құрудың жолдарын үйренеді;
Бағалаудың
критерийлерін құра алады.
Сабақта
қолданылатын материалдар:
А4
парағы, маркер, стикер, слайдтар,
интерактивті тақта, видеоролик
Коучинг
сессиясының өту жоспары
Коучинг
сессиясының өтілу кезеңдері
|
Коуч
пен коучингке қатысушылардың
іс-
әрекеті
|
Ұйымдастыру
Жайлы
атмосфера орнату
|
Қызығушылықты
ояту және психологиялық ахуал орнату
жаттығуы.
«Лирика» ойыны. Өлең жолдарын еске
түсіру арқылы сабаққа поэзиялық леп
беру, сөз өнерінің құдіретін түсінуге
жетелеу, сабаққа ынтасын ояту.
Мысалы,
«көзімнің қарасы, көңілімнің санасы,
бітпейді ішімде, ғашықтың жарасы.»
Мұғалімдер
дөңгеленіп тұрып, жаттығуды орындайды.
Дөңгеленіп тұру айдағы туған күндерінің
ретіне қарай болады(әділдік үшін).
Мысалы:
1,
2, 5, 18, 25 туғандары ретімен тұрса, ұнаған
адамының қасына тұрып алу болмайды.
|
Семинар
мақсатымен таныстыру
|
Критериалды
бағалау туралы түсініктерін кеңейту.
Бағалау критерийлерін құруды үйрену.
Оны оқу үдерісін жетілдіруде қолдану
тиімділігін зерделеу.
|
Білу
, түсіну
|
«
Дескриптор мен бағалау критерийлерін
құрастыру» туралы видеоролик көрсету.
Критерийлер-оқыту
міндеттерімен анықталады және
оқушылардың жұмыс барысында жасайтын,
соның нәтижесінде жақсы меңгеруге
тиіс әртүрлі іс-әрекеттерінің тізімін
құрайды;
Дескрипторлар-
оқушының
әр критерий бойынша (сатылы түрде)
нәтижеге жету деңгейін сипаттайды
және оны белгілі бір ұпайлармен
бағалайды: жетістік жоғары болған
сайын сол критерий бойынша ұпай да
жоғары болады;
Әрбір
сабақ барысында мұғалім қалыптастырушы
бағалауға арналған тапсырмалардың
дескрипторлары мен бағалау
критерийлерін құру қажет. Оқушы
дескрипторлар арқылы тапсырманы
орындап, бағалау критерийлеріне
қарай бағаланады;
Тапсырма
сабақ тақырыбына емес, оқу мақсатына
сәйкес беріледі;
Тапсырма
құрастыру үшін мұғалімге:
Оқу
бағдарламасымен, оқу жоспарымен
танысу, оқу мақсаттарына талдау
жасау;
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
негізінде бағалау критерийлерін
құрастыру;
Тапсырма
құрастыру кезінде бағалау критерийлерін
ойлау дағдыларының деңгейлеріне
бөлу;
Бағалау
критерийлері мен ойлау дағдылары
деңгейлеріне сәйкес тапсырмалар
құрастыру;
Әр
тапсырмаға оның орындалу кезеңдерін
сипаттайтын дескрипторлар құрастыру
ұсынылады.
|
Қолдану
|
1,2,3
сандары арқылы үш топқа бөліну.
ТЖ.
Тапсырма.
Өздеріңіз
қалаған пәннің оқу бағдарламасына
сәйкес тақырыбын, оқу мақсатын
қойып, бағалау критерийлерін құрып,
тапсырма ұйымдастырыңыздар және
оған дескриптор құрастырыңыздар.
Дескриптор:
Пән
бойынша оқу бағдарламасына сәйкес
тақырып таңдай алады;
Оқу
бағдарламасына сәйкес оқу мақсатын
қоя алады;
Оқу
мақсатына негізделген бағалау
критерийлерін құрастыра алады;
Оқу
мақсатына қарай тапсырма ұйымдастыра
алады;
Тапсырманың
орындалуын сипаттайтын дескриптор
құрастыра алады.
ҚБ.
«Екі жұлдыз, бір тілек»
Жұмыстарыңызды
бір-бірлеріңізбен ауыстырып,
тапсырмаларын орындау және осы
жұмыстарды орындау барысында не
түсіндіңіздер. Ой бөлісу.
|
Кері
байланыс жасату.
|
Оқушы
рефлексиясы. Жеке жұмыс. «Бес саусақ»әдісі
Сұрақтарды
оқы, жауап жаз.
1.Бүгінгі
сабақтағы ең құнды, мәселе қандай
болды?
2.Менің
топтағы, жұптағы жұмысым қалай болды?
3.Мен
бүгін қандай білім мен тәжірбие алдым?
4.Сабақ
маған ұнады ма? Неліктен?
5.Мен
өзімді сабақта қалай сезіндім?
2.Сұрақтардың
жауаптарын оқып, өз ойыңды қорытындыла,
бағала.
|
Рефлексия
|
|