Жаттығулар:
|
Психологиялық
ахуал (5 мин)
Кіріспе:
«Блум
таксономиясы» деген теорияны құрушы
автордың (америкалық психолог Бенджамин
Блум, 1913 – 1999 жылдар) өмірбаянынан
қысқаша мәлімет беру.
Блум
таксономиясының білімді игеруге
арналған алты қадамы туралы түсінік
беру (суретін көрсету арқылы).
Негізгі
бөлім:
«Білу,
түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,
бағалау» деген оқушының білім алудағы
әрекетіне қойылатын критерийлердің
әрқайсысына тоқталып, осындай алты
нәтижеге төменнен бастап кезек-кезек
жеткен оқушы ғана тақырыпты толық
түсініп, алған білімін тәжірибеде
қолдана алатындығын түсіндіру.
Осы
қадамдардың әрқайсысында оқушы қандай
әрекет жасауы керек? (слайдтағы таблица
бойынша түсіндіру) (5 мин)
Топтағы
әріптестеріме арнап, Блум таксономиясы
бойынша құрастырылған тапсырмалар
үлгісін ұсыну: ҚАНТ,ТҰЗ,СУ(Блум
таксономиясының алты қадамымен
байланыстыра отырып постер қорғау)
(10 мин)
Білу:
Сын есімнің анықтамасын береді. Қандай
сұрақтарға жауап беретінін айтады.
Сын есімнің түрлерін ажыратады.
Түсіну:
Берілген сөйлемдерден сын есімдерді
тауып, қандай сұрақтарға жауап беретінін
айтады, түрін ажыратады.
Қолдану:
Мәтіннен сын есімдерді табады. Берілген
сын есімдерді пайдаланып сөйлемдер
құрастырады.
Талдау:
Сын есімді зат есіммен салыстырып,
айырмашылықтарын анықтайды. Біздің
тілімізде сын есімнің алатын орнын,
оны не үшін пайдаланатынымыз жайлы
өз ойын айтады.
Жинақтау:
«Көгілдір көктем келді» тақырыбына
эссе жазады. Эсседе сын есімдерді
пайдаланады.
Бағалау:
Ұлы Абайдың «Күз», «Жаз», «Қыс»
өлеңдерінен сын есімдерді тауып,
олардың ақын поэтикасындағы алатын
орнын дәлелдейді.
Берілген
үлгіні негіз ете отырып, әріптестер
топтарға бөлініп, менің көмегімсіз
өздері пәнді және тақырыпты таңдап,
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
құрастырады. Әр топ өз жұмыстарын
қорғайды. Топтар бірін-бірі бағалап,
талдайды, қорытынды шығарады.
«Сұрақтың
да сұрауы бар»: Блум таксономиясын
оқушыларға сұрақ қойғанда да қалай
пайдалануға болатынын практика
жүзінде түсіндіру (тақтада берілген
суреттерді пайдаланып, мұғалімдерден
сұрақтардың әр түрін пайдаланып,
жауап алу).
Енді
мұғалімдерге суреттерберіп, сол
суреттер арқылы өздеріне сұрақ
түрлеріне мысалдар келтіруін сұрау.
Қорытынды:
Кері
байланыс. Өтілген сабақтан алған
әсерлерін, не үйренгендерін білу
үшін мұғалімдерге бағалау парақтарын
ұсынып, ой-пікірлерін, ұсыныстарын
жазуды өтіну.
|