400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг "Интербелсенді тәсілдер"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы






Сессияның тақырыбы:

«Интербелсенді тәсілдерді ойын түрінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін дамыту» мұғалімдер коучингісі

Уақыты:

26 тамыз 2019 жыл

Жалпы мақсаты:

Мұғалімдердің интербелсенді оқытудың түрлі нысандарын түсінуі, іс-тәжірибеде тиімді қолдану тәсілдері, интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелерін білу, әркімнің оқу сапасын жақсарта алатынын түсіндіру.

Түйінді идеялар:

Өмір талабына сай білімі бар, шығармашылықпен жұмыс жасайтын, өзін-өзі дамытып жетілдіре алатын азамат тәрбиелеу.

Оқу нәтижелері:

Өз сабақтарында интербелсенді оқытуға бағытталған оқыту технологияларын тиімді пайдалану.

Іс-әрекет жоспары:

Көтеріңкі көңіл күй орнату.


«Сен қайдасың?» тренинг өткізу.

·        Сәлем достым (қол беріп амандасу)

·        Сен қалайсың? (иықтарын қағады)

·        Қайда болдың? (құлақтарын тартады)

·        Мен сені сағындым (қолдарын жүрекке қояды)

·        Сен келдің (қолдарын жаяды)

·        Жақсы болды (қатты құшақтайды)

С.К.: -Құрметті әріптестер! Сіздерді келе жатқан білім күнімен құттықтай отырып, осы оқу жылында жұмыстарыңызға жеміс, бастарыңызға бақыт, темірдей мықты денсаулық тілейміз. Жас ұрпақ - ел болашағы екендігі барлығымызға аян, сондықтан да құрметті әріптестер осы қажырлы еңбек жолдарыңыз үзілмей абыройға тола берсін!!! Видео «Ұстазым» (бірге ән айтамыз)



Ж.Н.: -Біздің көбіміз яғни барлығымыз биікте ғажайып болғымыз келеді. Ожеговтың сөздігінде «ғажайып» сөзіне анықтама бар- бұл

« барлық жақсы қасиеттердің қамтылған, ең жоғарғы дәрежедегі қасиет». Енді осы қасиетті өз бойымыздан іздеп көрелік, ғажайып болмаса да, бойымызда таң қаларлық мінез болуы мүмкін.Жұмысымызды бастамас бұрын, танысып алайық, әрбір мұғалім атын жазып, әрбір әріпіне байланысты өз бойындағы жақсы қасиеті мен жағымды сапаларын жазады.Бәрі жазып болған соң, кезектесіп оқиды.

С.К.: Мысалы:Жанар Ж-жайдары, а-ақылды, н-нәзік, а-ашық, р-ризашыл дегендей.

Ж.Н.: Сәүле С-сабырлы, ә-әдемі, у-үлкендерді сыйлайтын, л-ләзатты, е-еңбекқор адам

Ұстаздарға сөйлемдер жазылған парақшалар беріледі.

  • Абай Құнанбаевтың туғанына – 170 жыл.

  • Ұлы Отан Соғысы Жеңісінің 70 жылдығы.

  • Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл

  • Қазақ хандығының құрылғанына 550 жылдығы.

  • Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жыл.

  1. Мағынасына қарай топтасып, бес топ бес сөйлем құрайды.


Өз ойларын айту ,топқа бөліну
Топтарына ат қою
Топтарының ережесін шығару
Іліп қою

  1. «Интербелсенді оқыту Не? Неге? және Қалай?» туралы зерттеулерге шолу таныстырылымы

  2. «Миға шабуыл», топтарға мәтін таратып, постер құрату және қорғау.



Ж.Н.: -Айтқан сын - пікірлеріңізге көп рахмет. Енді қазір біз аукцион өткіземіз.

Аукцион алдында әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар.
Эксперттөрағасы:
Мүшелері:

Аукцион ережесі бойынша, әр топ саудаға қатыса алады. Сауда жүргізіледі. Интербелсенді тәсілдер беріледі, олардың бағасы ұпаймен есептеледі. Бастапқы баға – 30 ұпай. Қай топ жоғары баға береді, сол топ интербелсенді әдіске ие болады. Егер топ аукционда әдіс-тәсілдерге ие болмаса онда бұл топ өз әдісін презентацияға салады.


Интербелсенді тәсілдер:

  1. «Түсін мені» ойыны


  1. «Пирамида»


  1. «Дирижер» ойыны


  1. «Қар кесегі» ойыны

  2. «Тазалық» ойыны

  3. «Төрт сөйлем» ойыны

  4. «Ақылдың алты қақпағы» ойыны

  1. Кері байланыс. Смайликтер тұсына сессия туралы өз пікірлерін жазып ілу.

Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл:

Мұғалімердің «Интербелсенді оқуды ұйымтастырудың тиімді әдіс-тәсілдері» деген тапсырманы орындау үшін топтық жұмыс істеп, постер дайындау, қорғау.

Топтардың бір-бірін бағалауы

Қосымша оқу:

«Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері» (А.Әлімов)

Әдістің ерекшелігі:

Оқушылардың өз бетімен жауапты табу дағдыларын қалыптастыру, педагогикалық өзара ықпалдастық әрекетіне қатысушылардың мінез-құлық және қызмет үлгілерін өзгерту және жақсарту.

Әдістің жетістігі:

Мұғалім мен оқушыны жұмылдыратын ортақ мақсаттың болуы; оған жетуге ұмтылу;

Оқу процесіне қатысушылардың бірлескен оқу еңбегінің жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, олардың қызмет нәтижесі үшін ортақ жауапкершілігі;

Оқу міндеттерін шешудегі оқушылар мен ересектер қарым-қатынасының белсенді-жағымды сипаты; бір-біріне деген сенім, оқудағы қиындықтарда өзара көмек көрсету;

Оқушылардың бір-бірімен өзара ықпалдастығы, олардың іскерлік қатынасы және ортақ еңбектің нәтижесіне деген ұжымдық жауапкершілігі.

Күтілетін нәтиже

Оқудағы қиындықтарды анықтап, жетістікке жеткендігін көрсететін кері байланыс, уәж, болжау және сұрыптау, стандарттарды бақылау және орындау іс-әрекеттері жүзеге асады.

Мұғалімдерде болуға тиісті нәрселер

Рефлексия парақтары

Ғаламтормен байланыс;

Постер дайындауға керекті заттар (стикер, маркер, фливчарт т.б.)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 мамыр
348
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі