жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
коучинг жоспары
Коучинг жоспaры
Күні |
|
||||||
Тaқырыбы: |
Оқушылардың креативті ойлауын дамытуға қалай ықпал жасаймыз?
|
||||||
Жaлпы мaқсaты: |
Оқытуда креативті ойлаудың сипаттамасын анықтау
|
||||||
Коучингтен күтілетін нәтиже |
|
||||||
Қолдaнылaтын мaтериaлдaры |
АКТ, А3 парақ, суреттер, стикер, маркер, түрлі-түсті парақтар, бағалау парақшалары, үлестірме қағаздар, смайликтер. |
||||||
Қолданылатын әдістері |
Топтық жұмыс, АКТ, Жеке жұмыс, сын тұрғысынан ойлауға үйрету әдістері SWOT талдауы |
||||||
Коучинг барысы |
|||||||
Уақыты, өткізу кезеңдері |
Коучтың іс-әрекеті |
Мұғaлімдердің іс-әрекеті |
|||||
Топқа бөлу 2 мин
|
«А», «О», «Ө», «Е» әріптері арқылы топқа бөлу. |
Әріптерді таңдау арқылы 4 топқа бөлінеді. 1-топ: А, 2-топ: О, 3-топ: Ө, 4-топ: Е. |
|||||
Психологиялық ахуал 5 мин
|
Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» өлеңінің әніне салып, әріптер бойынша 1 шумағын айтқызу. Топ мүшелерімен бірлесе отырып, мақал-мәтелдер арқылы топ ережесін құру. Бағалау критерийлерімен таныстыру, әр бөлім бойынша бағалау ескертіледі. Коучингтің әр бөлімі сайын осы сұрақтарға жауап жазу тапсырылады.
|
Абай Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» өлеңінің әніне салып, өз топтарының әрпі бойынша 1 шумағын айтады. Әр топ өз ережелерін құрады. (әріптеріне сәйкестеп) Критерийлерімен танысады, бөлімдер бойынша топтар бір-бірін сағат тілімен бағалайды. Әр бөлім бойынша сұрақтарға нақты жауап жазып отырады. |
|||||
«Миға шабуыл» 10 мин |
POWER POINT арқылы Мармозетка дегеніміз не? Бұл сөз сізге таныс па? Бұл кім? Бұл не? Сен оны қайдан көрдің? Түрткі сұрақтарын қойып тақырыпты ашуына ықпал жасаймыз. Мұғалімдердің жауабы тыңдалып, шешімді өзіміз айтамыз. Кохлберг зерттеуіне сәйкес, жауаптың дұрыс болуы емес, өз шешімін негіздеген пайымдары маңызды. 1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Сұрақтарға әркім өз жауаптарын айтады. Таба алмаған жағдайда келесі сұрақтар қойылып, соған жауап береді. |
|||||
Топтық жұмыс 15 мин |
«ЭКСПО -2017 – Болашақ энергиясы» қазіргі таңдағы өзекті тақырып. ЭКСПО-ға топ болып қандай үлесіңізді қосар едіңіздер? 1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Әр топ ЭКСПО-ға байланысты идеяларын постер, макет, сурет т.б. арқылы қорғайды. |
|||||
Сергіту сәті 3 мин |
Мұғалімдерге жаттығулар орындатады. 4 топтан 1 мұғалімнен шығарып тосын тапсырмалар беру. 1-тапсырма: Кез-келген тақпақ айту 2-тапсырма: Сол тақпақты әнге салып айту. 3-тапсырма: Сол тақпақты операға салып айту. 4-тапсырма: Сол тақпақты репп бағытында айту
1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Мұғалімдер өздері білетін тақпақты түрлі бағытта айтып шығады. Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады.
|
|||||
Шығармашылық жұмыс 7 мин |
4 топқа бір сурет беріледі. Сурет бойынша
1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Суретке негіздеп ертегі, аңыз әңгіме, өтірік өлең, өлең немесе жұмбақ құрастырып, түсіндіреді |
|||||
Жеке жұмыс 2 мин Логикалық тапсырма |
Үй сыртына сүйкенсе, өліп жатыр.
1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Әркім өз жауабын ортаға салады. |
|||||
Жұптық жұмыс 5 мин |
Әр топтан бір-бір жұптан шығарып, бір қолдарын айқастырып, түрлі-түсті қағаз, қайшы, желім, А4 парағын қолдану арқылы бір туынды жасап шығару тапсырылады. 1. Қандай қадам жасадыңыздар? 2. Өз бойларыңыздан қандай қабілет, қасиеттеріңізді анықтадыңыздар? |
Өз ойларынан әр жұп қажетті құралдарды пайдалана отырып, бір туынды жасап шығарып, қорғайды |
|||||
Қорытындылау 3 мин |
Берілген екі сұраққа әр бөлім жазған қасиеттерін жинақтап айтқызу.
Креативті ойлаудың сипаттамалары:
|
Әр бөлім бойынша жазған қасиеттерін оқып шығады.
Ұсынған қасиеттермен танысып, өз болжамдарымен салыстырады. |
|||||
Кері байланыс 5 мин |
SWOT талдауы
|
Кесте бойынша коучингті талдайды. |
|||||
Бағалау 3 мин |
Критерийлер арқылы бағалау |
Критерий арқылы бағалап, қай топтың басым түскенін анықтап, дарынды топ мүшелерін үлкен смайлик арқылы мадақтау. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген