400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг "Критериалды бағалау- сапалы білім негізі"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдер мен ата- аналар критериалды бағалау туралы түсінік алды. Берілген тапсырмалартақырыпқа сай жасалған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бекітемін:_____________А. К. Саткалиева Келісемін _________М. С. Марданова

Тақырыбы:

Критериалды бағалау - сапалы білім негізі

Мақсаты:

  • Мұғалімдер критериалды бағалау туралы түсінік алып, «рубрикатор», «критерийлер» мен «дескрипторлар» түсініктерімен таныстыру.

  • Критериалды бағалау жүйесі арқылы оқушының белсенділігін арттыру, оқу үрдісіне жарыса, бәсекелесе білім алуға қол жеткізу.

Оқыту нәтижесі:

Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

     Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Түйінді идея:

«Бағалау» - (латын сөзінен шыққан "жақын отыру" дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын -ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қолданатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.

Әдіс-тәсілдер:

«Гүл күлтелері» арқылы топтастыру, «Құбыр» тренинг арқылы психологиялық ахуал туғызу, топтық жұмыс «Бес бармақ» әдісімен бағалау.

Дереккөздер:

Флипчарт, постер, презентация,интерактивті тақта, стикерлер, үлестірмелі қағаздар, маркерлер

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Психологиялық ахуал тудыру , топтастыру - 5 мин

" Құбыр" тренинг арқылы психологиялық жағдай жасап, ұстаздардың көңіл-күйлерін көтеріп, ынтымақтастыққа шақыру , топтастыру.

Оқушы білімінің сапасын арттыруда жұмыс жасайтын үштік одақ оқушы, мұғалім, ата- ана тобына бөлемін.

1-топ.Оқушы тобы

2-топ.Мұғалім тобы

3-топ.Ата-ана тобы

  • Мұғалімдер қолдарына ақ қағаз алып , оның ішіне доп салып оны қағаздан түсіріп алмай бір- біріне жалғайды. топтарға бөлінеді.


  • Ой шақыру-3 мин

" Ортадағы қаламсап "әдісі арқылы қатысушыларға сұрақтар қойыларыды.

1-топ.Оқушы тобы

– Сабақ беру үрдісінде бағалау қажет пе?

2-топ.Мұғалім тобы

– Сіздер сабақта оқушы білімін қалай бағалайсыздар?

3-топ.Ата-ана тобы

– Оқушыға жайлылық орнатып, өз біліміне деген сенімін нығайтатын бағалау түрін атай аласыз ба?

Сұрақтарға жауап беру, пікіралмасу, тақырыпқа шығу.




Негізгі бөлім.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгінгі коучинг-сабақта біз сіздермен қазіргі заманда білім саласындағы нағыз саясатқа айналған проблеманың бірі – бағалау мәселесіне тоқталамыз. Өйткені оқушының білімін бағалау – оның оқуға деген ынтасының мүлдем жоғалуына немесе қызығушылығының оянуына бірден - бір себеп. Мұғалімнің басты міндеті – оқушының өзіне деген, өз күшіне деген сенімінің жоғалуына жол бермеу.

.

Шығармашылық тапсырма-15 мин. Әрбір отбасы өзінің үлкен үйі болғанын армандайды, қалайды. Топ мүшелеріне А4 қағазына үйдің суретін салуды ұсынамын. Салынған суреттер бойынша қатысушылар топпен бірін - бірі бағалайды. Неге дәл осы бағаны қойғанын түсіндіреді. Содан кейін мен өзім төмендеу баға қойып шығамын, (Мұғалімдердің арасында өзіне қойылған бағамен келіспеушілік тууы мүмкін – менің көздеген мақсатым да осы: баға мәселесіне байланысты мұғалімдер арасында қақтығыс тудыру). Айтыңыздаршы, мен осы жерде қандай қателік жібердім? (Бағалау критерийін ұсынбадым, сондықтан бағаға келіспеушілік туындады). Енді қатысушыларға араға суретіне байланысты бағалау критерийін ұсынамын. Өз суреттеріңізді мына критерий бойыншатағы да бағалап көріңіздер:

  1. Үйдің іргетасы бар -1 ұпай

  2. Шатыры биік - 1 ұпай

  3. Екі қабатты -1 ұпай

  4. Терезе , есіктері бар - 1 ұпай

  5. Бір жақ қабырғасы әйнек -1 ұпай

  6. Үйдің сырты қапталған -1 ұпай

  7. Шарбақпен қоршалған-1 ұпай

Енді критерийлерді бергенге дейінгі және бергеннен кейінгі бағалауды салыстырыңыздар. Айырмашылық бар ма? (Біреулері үйдің іргетасы немесе шарбағын ұмытып кетуі мүмкін). Критерий бойынша қойылған бағамен келісесіз бе? Суретті салу барысындағы өз қателіктеріңізді көрдіңіз бе? Жоғарыдағыдай баға мәселесіне байланыс түсініспеушілік туды ма? -- Неліктен не деп ойлайсыз?

- Бұл бір суретке пайдаланылған екі түрлі бағалаудан қандай қорытынды шығардыңыз? Нені түсіндіңіз?

Жалпы осы тақырып бойынша презентация көрсетіліп, «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады.

Мұғалімдер үй суретін салып, бір-бірін бағалайды. Бағаларына түсініктеме береді .



















Бағалаудың екі түрін салыстырады, өздеріне қорытынды шығарады.








Сергіту сәті: "Арқаға жазылған комплиментттер"

Әр мұғалімнің арқасына түйрегішпен А4 форматын дағы қағаз бекітіледі. Мұғалімдер сынып ішін аралап жүріп, бір - бірінің арқаларын дағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін - бірін мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір- біріне жазыл-ған комплименттерін оқып береді.

Топтық жұмыс. қорғау – 10 мин.

1. Үш топқа қазақ тілі пәні бойынша бөлім А1, А2 және тоқсандық тапсырма беріп орындатамын және араларынан жаңартылған білім мазмұны бойынша өткен мұғалімге тапсырманы орындалуын тексертемін. Слайд арқылы жиынтық бағалаудың парағындағы ойлау дағдылары, бағалау критерийлер, дескриптор, рубрика, модерациямен және электронды журналмен таныстырып өтемін.



Слайд бойынша бағалау жөнінде толық мағұлмат беру

Қорытынды-5 мин. Әр топқа тапсырма беріледі:

  1. топ: Критериалды бағалауды пайдалану оқушыларға не береді?

  2. топ: Критериалды бағалаудан мұғалім не ұтады?

  3. топ: Критериалды бағалаудың ата-аналарға пайдасы бар ма?

Постерді қорғау жұмыстары аяқталған соң, қорытынды қорытынды.


Постер, маркерлерді пайдаланып өз ойларын постерге түсіріп қорғайды

Топтар бірін- бірі толықтырады, ой бөліседі.

Р ефлексия-3 мин. «Бес саусақ» әдісі

Әр мұғалімге кері байланыс береді .



































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
6 қараша
862
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі