жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг: "Оқылым дағдысында тиімді қолданылатын әдіс- тәсілдер"
Жауапты |
№23 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Кабылбекова Жанна Курманкалиевна |
|
Сабақ тақырыбы |
Оқылым дағдысында тиімді қолданылатын әдіс- тәсілдер |
|
Шеберлік сыныбының мақсаты |
Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағыттау. |
|
Уақыт |
30 минут |
|
Коучинг барысы |
||
Кіріспе бөлімі |
||
2 минут |
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін – тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын». Альберт Эйнштейн
Сәлемдесу, топқа гүлдер арқылы біріктіру.
Жартасқа жаңа гүл өсер.
Өзінше ол да күресер» деп, ақиық ақын М.Мақатаевтың «Гүл» өлеңін оқи отырып, сіздерді гүлдің түстері арқылы шағын топтарға (3 топқа) бірігулеріңізді сұраймын. (шағын топтарға бірігеді). Байқасаңыздар, сіздер кірген сәтте мен өлең оқыдым.
Мақсатымыз: Оқылым стратегияларын тиімді қолдану арқылы оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға бағыттау. Коучинг өткізудің мақсатымен таныстырады.
|
|
Негізгі бөлім |
||
10 минут
8 минут
5 минут
10минут
|
Ой шақыру. Іс-әрекеттің басты саласы – оқу сауаттылығы. Оқу сауаттылығы–жеке тұлғаның қоғамдық өмірге қатысып, өзінің білімі мен мүмкіндігін дамыту үшін мақсатқа жетуде мәтінді түсіну, қолдану, ойлану, байланыстыру қабілеті
Оқылым
–
(Әр топ талқылайды, ортаға шығып сөйледі. Егер алдыңғы топ айтса, айтылмағанды толықтырыңыздар. Уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді). Оқылымның мақсаты:
Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу; Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау; Көз жүгіртіп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымын жылдам жалпылай көз жүгіртіп оқу; Зерттеп оқу: мәтіннің мазмұны мен құрылымдық бөліктерін шолып оқуға қарағанда күрделі оқу түрі. Зерттеп оқу оқушыдан назарын шоғырландырып оқуды талап етеді. Оқылым мәтінінің астарлы ойын, автор көзқарасын, мәтіндегі көтерілген мәселені, факті мен көзқарасты зерделеп ажырату зерттеп оқудың ерекшелігі болып табылады.
3. Оқылымның ішкі дағдылары (subskills): * Мазмұнын түсіну үшін оқу немесе көз жүгіртіп оқу (skimming) – мәтіндегі жалпы идеяны түсіну үшін тез оқып шығу. Нақты ақпараттарды табу үшін оқу (Scanning) – мәтін ішіндегі ақпараттарды тауып алу үшін оқу, яғни ол үшін тұтас мәтінді түсініп оқу, мазмұнын білу маңызды емес. Мысалы, мәтіннен қажетті пайыздық көрсеткіштерді тауып алу. Детальді түрде оқу - әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу. Мысалы, келісімшарттағы талаптарды немесе нұсқауларды түсіну үшін сөзбе –сөз оқимыз. Сөз мағынасын контексттен ажырату - мәтін ішіндегі таныс емес сөздің мағынасын болжау үшін, оның айналасындағы сөздер мен сөйлемге назар аудару немесе сөздіктерді қолдану. Мәтін құрылымын түсіну – Мәтін құрылымының ұйымдастырылуын түсіну. Мысалы: кіріспе бөлім, негізгі бөлім, қорытынды бөлім.
4. Оқылымға байланысты стратегиялар - Сіздерге мәтін және оқылым стратегиялары жазылған парақшаларды таратып беремін. Сіздерге тапсырма: мәтінмен жұмыс барысында үлестірілген стратегиялардың қайсысын пайдаландыңыз, қай стратегия тиімді болды? Соны да анықтаңыздар.(3 топқа үш мәтін беріледі) 1-мәтін Нұсқау: Мәтінді мұқият оқып, мәтінге берілген тапсырмаларға дұрыс жауап беріңіз. Жоспар құрыңыз.
Бір нәрсеге, не өнерге талпыну үшін адамға алдымен табандылық қажет, Өнер біткеннің бәріне жаратылысынан бейім адамның болуы шындыққа жанаспайды. Өлең өнері сөзбен, ал живопись (жанды жазу) өнері бояуымен құлпырады. Музыканың негізгі мақсаты - адамның эстетикалық қажетін қанағанттандыру. Бұл поэзияға да ортақ қасиет, өйткені тіл мен музыка тілі бір- бірінен етене қатысқан кезде музыканың әсерлілігі арта түседі. Бұл ғылым, яғни музыка өзінің байсалдылығынан айырылған адамды тузеуге, қызба адамды қалпына түсіруге, адамды ылғи да бір қалыпта ұстап тұруға құдіреті жетеді
1.
Мәтін мазмұнына қандай нақыл сөз
сәйкес келеді?
2.
Мәтін бойынша музыканың әсерлілігі
қай кезде арта түседІ?
2-мәтін Нұсқау: Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар берілген,және мәтін мазмұнына сай әрекетті,мақал- мәтелді табыңыз. Әйгілі
жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ
тілі, орыс тілі - шабытымның үш қайнар
бұлағы», - деген екен. Бүгінгі күні
бірнеше тілді қатар игерген адамдар
саны күн санап артуда деп әбден айтуға
болады. Ондаған тілдерді қатар үйренуге
қабілетті адамдарды «Полиглот» деп
атайды. 1.
«Полиглот» деп кімдерді айтамыз?
2.Бірінші
кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз
болатын басты әрекет 3.Қандай
мақал-мәтел берілген мәтіннің мазмұнын
ашып тұр? 3-мәтін Нұсқау: Мәтінді мұқият оқып, тірек сөздерді теріп жазыңыз, және мәтіннің негізгі ойы ашылатындай жауапты дұрыс табыңыз, мәтіннің ретін анықтаңыз, мәтін бөлімі бойынша жұмыс жасаңыз.
I.
Аршат Оразовты біраздан бері білемін.
Өзімен-өзі жүретін қара торы, тұйық,
нұр жүзді, жас жігітті бір көргенде
бұйығы ма деп қаласың. Сөйтсек, ол
бойында үлкен сыр жатқан жігіт болып
шықты. Кезінде біраз елдің құлағына
ілінген Актөбе облысынан шыққан
вундеркинд бала осы екен. Оның кейінгі
тағдыры қалай болғанын өзінен сұрап
көрелік. Оқудың алды. Ендеше, сіз оқудың алдында не істедіңіз? - Оқып отырып не істедіңіз? -
Оқығаннан кейін ше? Оқып отырғанда мен... Мәтіннің түрін анықтай аламын (тарих, жаңалық және т.б.); Мәтінді жылдам оқып, негізгі идеясын түсіне аламын; Мәтін кім үшін жазылғанын түсіне аламын (нысаналы аудитория); Автордың мақсатын анықтай аламын (сендіру, хабардар ету, суреттеу); Егер мәтіннің жеке бір бөліктерін түсінбесем, үрейленбеймін, бұл қалыпты жағдай; Таныс сөз бен сөз тіркестерін таба аламын; Атаулар мен аттарға, тыныс белгілерінің қолданылуына көңіл бөлемін; Таныс емес сөздерді елемей қалдыра аламын; Грамматикалық құрылымдардың (шақ, сөздердің орны) байланысын орната аламын; Логиканы пайдалана аламын.
Оқығаннан кейін мен... Нәтижені талдап, ненің сәтті шыққанын анықтай аламын; Оларды cөйлегенде, жазуда пайдалану үшін қажетті сздер мен сөз тіркестерін теріп жаза аламын; Пайдаланылған стратегияларды талдай аламын; Анағұрлым тиімді стратегияларды сыныппен талдай аламын.
Оқылымға арналған тапсырмалар: 1. Біз қандай стратегияларды пайдаланамыз? Тапсырмалар беріледі. Орындап болғаннан кейін, оқушылар пайдаланған стратегиялардың қайсысы тиімді болғанын анықтау мақсатында жоғарыда айтылған стратегиялармен салыстырады, сынайды. 2. Топта оқу Сабаққа дайындалудың алдында мұғалім көлемі үлкен мәтінді алып, параграфтарға бөледі де әр топқа бір-бір параграфтан береді. Оқушылар өз мәтіндерінің негізгі мағынасын беру керек. Талқылаған кезде мейлінше тиімді қорытынды шығарады 3. Мұғалімнің үлгісі “Дауыстап айтылатын ой” стратегиясы Аталған стратегияны пайдалана отырып, мұғалім оның мәтінмен қалай жұмыс істейтінін (өзінің ойлау логикасын) көрсетеді. Мәтінді проектор арқылы шығарған кезде оқушыларға мәтінмен жұмыс істеу стратегиясын түсіндіру қажет. Өзіңіздің болжамды іс-әрекеттеріңізге түсініктеме бере отырып, дауыстап сұрақ қойыңыз: “Мен ең алдымен не істер едім? Мұғалімдер берілген мәтіндерді бағыт-бағдар ретінде таратылған стратегиялармен байланыстыра отырып, талқылайды, постер қорғайды. Топтар сөйлейді, қорғайды, анықтайды, салыстырады.
Достар, қазір сергіту сәті, байқасаңыздар, қайта-қайта оқылым болып жатыр, бәріміз бірге қағаздағы әннің сөзін оқимыз, ән шырқаймыз әрі билейміз. (Туысқандар" әнінің сөзі жазылған парақшалар таратылады, музыка ойнайды).
Жаңа лексикалық бірліктерді оқуға бағытталған стратегиялар:
2. “Оқы-қара-жап-айт-жаз-тексер” техникасы: - Оқыңыз . - Оны жауып тастаңыз. - Оны ауызша айтып шығыңыз. - Оны есте сақтауыңыз бойынша жазып шығыңыз. - Жазғаныңызды тексеріңіз. - Егер қате жіберсеңіз, жоғарыда жазылған тізім бойынша қайталаңыз. - Жаңа сөздердің тізімін жасаңыз, бос уақытыңызда қайталап отырыңыз. - Жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыз.
ұсынылған нұсқалардың ішінен дұрысын таңдау; мәтін мазмұнына сай/сай емес тұжырымдарды анықтау - ақпараттың мәтін мазмұнына қатысты шын/жалғандығын белгілеу 2.
“Іс-әрекеттік оқу” - оқылымда сұрақтар да маңызды рөл атқаратындықтан, ендеше сұрақтар туралы да айтып өтсек : Сұрақтар туралы Дұрыс
қойылған сұрақтар оқылған білімді
қолдануға, бағалауға ықпалдайды. Сұрақ түрлері: Қадағалау сұрақтары: Біз нені көре аламыз? Шешім қабылдауға арналған сұрақтар: Осы көлік түрін кімнің және қандай мақсаттар үшін пайдалануы мүмкін? Фантастикалық (теориялық) сұрақтар (өткен және келешек туралы): Мысалы: Менің өмірімде ... немесе алдағы 100 жыл ішінде не өзгеруі мүмкін? Сараптамалық сұрақтар: Фотосурет қашан түсірілген немесе картина қашан салынған және неліктен? Айрықша сұрақтар: Осы фотосуреттің типі қандай? Жорамал жасау жөніндегі сұрақтар: |
|
Соңы 5 минут |
-
Сонымен,
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш
нәрсе үйретпеймін- тек қана олардың
оқуы үшін жағдай жаратамын» - деп,
атақты ойшыл, Нобель сыйлығының иегері,
қоғам қайраткері Альберт Эйнштейн
айтқандай, оқушыларымыздың тиімді
оқуы үшін барлық жағдайды жасайық. Мен бүгін сіздермен жақынырақ танысқаныма, сіздердің алдарыңызда тұрғаным үшін де қуаныштымын. «Кері байланыс» парақшаларын толтырып берсеңіздер екен. Кез келген пікір мен үшін маңызды. Кері байланыс «Мен түйген ой» Қорытындылау. |
|
Пайдала-нылған әдістемелік құралдар: |
Мұғалімге
арналған нұсқаулық |
|
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген