Тақырып бойынша 31 материал табылды

Коучинг: Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсетуге мүмкіндік алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 14.12.2023ж

Өткізген мұғалім: Шоманова Назгүл Омаржановна


Тақырыбы

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдер

Жалпы мақсаты:

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға ықпал ететін тиімді тәсілдермен бөлісу.

Міндеттері:

-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар көрсету.

Оқу нәтижесі:

-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әр түрлі әдіс-тәсілдермен танысады.

-Алған тәсілдерін сабақ жоспарына қолданып, нәтижеге жетуге бағыт-бағдар алады.

Оқыту әдістері:

Жұптық, топтық жұмыс


Коуч пен мұғалімнің іс-әрекеті

Тапсырмалар

Коучтың іс – әрекеті

Мұғалімнің

іс – әрекеті

Топқа бөлу

2 мин

QAZMATH.net платформасы арқылы

3 топқа бөлу



QAZMATH.net

платформасы арқылы 3 топқа бөлінеді.

Ынтымақтас-тық атмосферасын қалыптастыру

5 мин

«Сағаттық достар»

(Сағаттың тілінде жазылған әр мұғалімге экранда көрсетілген іс – әрекет арқылы жақсы көңіл-күй сыйлау)

Жақсы көңіл-күй сыйлайды.

Ой қозғау


5 мин

«Адам бейнесін жасау»

(ақ парақ таратылады. Ақ парақтан қайшы, сызғыштың көмегінсіз адам бейнесін жасау)

Сұрақ:

  • Бұл тапсырманы жасау оңай болды ма?

  • Әрқайсыңызда адам бейнесі неге

әртүрлі шықты?


Түйін:

  • Адам бейнесін жасау деп нақты мақсат айтылды.

  • Әрбір адам өзінше жеке тұлға.

Әркімнің өз идеясы, пікірі бар. Әрқайсысыңыз адамды өз әдістеріңізбен шығардыңыздар. Ендеше нақты мақсат қоя отырып, оқушыларыңызға әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ойната ойландырып білім беріңіздер.

Ақ парақтан адам бейнесін жасайды.

Артық болмас білгенің

8 мин

TIMMS PISA PIRL

(топқа осы тақырыптар туралы ақпарат тасталады, топпен талқылап, тақырыпты қорғау)


TIMMS, PISA, PIRLS тақырып-тарын топ болып қорғайды.

Ақпарат

3 мин

Функционалдық сауаттылық – білім алушылардың академиялық білімдерін өмірде тиімді қолдануға үйрету.


Функционалдық сауаттылық туралы түсініктің өзгеруі


Бұрын Қазір

Оқу Креативті ойлау

Жазу Математикалық сауаттылық

Санау Оқу сауатылығы

Ғылыми жаратылыстану

Қаржылық сауаттылық

Жаһандық сауаттылық


Функционалдық тапсырманың басты талабы

1.Пәндік саладан тыс және пәндік білімнің көмегімен шешілетін міндет.

2. Әрбір тапсырмада оқушыға түсінікті және жақын өмірлік жағдаят сипатталады.

3. Тапсырмалар мәнмәтіні күнделікті өмірде туындайтын проблемалық жағдаяттарға жақын.

4. Тапсырмалар, сұрақтар қарапайым анық тілмен жазылған.

5. Қарапайым тілден пәндік сала тіліне аударуды қажет етеді.

6. Визуалдау қолданылады.


Функционалдық сауаттылық, оның басты талабы туралы түсінік қалыптасады

«Аялдама»

10 мин
















































Мәтін таратылады.

1,2 реттік санмен санайды. 2 санын айтқандар орта шеңбер, 1 санын айтқандар сыртқы шеңбер құрайды. Мұғалім қол шапалақтағанда ішкі шеңбер жүріп отырады. Ішкі шеңбер жүріп отырып оқыған мәтіндері бойынша сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер жауап береді. Екі шеңбер ауысады.


  • Топтар мәтін бойынша 2 ашық сұрақ және2 жабық сұрақ құрастыру.

  • Суреттер арқылы мәтін мазмұнының сюжеттін құрастыру.


«Кім ұшқыр?

FLIPPITY.net платформасымен тест жұмысын орындайды.


1.Мәтін мазмұнына сай тақырыпты көрсетіңіз

A) Миллион доллар

B) Хорваттық адам

C) Өртенген көлік

D) Жолы болғыш адам

E) Жеңіл жарақаттар

2 . «Өлу» сөзінің эвфемизімін көрсетіңіз

A) жан тәсілім етті

B) жаны рахатқа кенелді

C) бақидан қайтты

D) жаны жай тапты

E) жүрегі орнына түсті

3. Мәтін мазмұнына сай келетін мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Өлмегенге өлі балық

B) Көрмегенге көсеу таң

C) Салы суға кетті

D) Өрт- тілсіз жау

E) Байтал түгіл бас қайғы

4. Селак ұшыраған апаттардағы көлік түрлері қандай?

A) су көлігі- темір жол көлігі

B) қоғамдық көлік- су көлігі

C) жүк көлігі- су көлігі

D) әуе көлігі- су көлігі

E) әуе көлігі- темір жол көлігі


Сұрақ:

1. Осы тапсырма арқылы біз қандай нәтижеге жеттік?

2. Қай сауаттылыққа негізделген тапсырма болды деп ойлайсың?

Түйін:

Мәтіннен түсінбегендерін бір-біріне сұрақ қоя отырып мазмұнын түсінді. Балалар сыни ойлана отырып жабық сұрақ қоя білді. FLIPPITY платформасы арқылы өз білімдерін одан әрі толықтырды.








Мәтінмен танысады







Оқыған мәтін арқылы сұрағына жауап алып, білімін толықтырады









Топтар мәтін бойынша 2 ашық және 2 жабық сұрақ қояды. Оған жауап алады.





Суреттер арқылы мәтін мазмұнының сюжеттін құрастырады.









FLIPPITY платформасымен тест жұмысын орындап, сертификат алады.



Ширату

5 мин

«Су, ли,фа» ойыны

(Жұптасып саусақтары арқылы бір-біріне есеп жасырады. )

Жұптасады, саусақ арқылы көрсетеді, есептейді, ұпайларын санайды

«Ойлан, бірік, бөліс»

8 мин

-Қағаз беріледі.

- Сол қағазды музыка әуенімен жыртады.

-Жыртылған қағаздан кез келген жеуге жарамды тамақтарды жасау.


Тапсырма;

  • Ас мәзірін зертте.

  • Үш тағамнан тұратын түскі асқа тапсырыс жаса.

  • Тапсырыстың неше нұсқасын құрастыруға болады?

  • Ең қымбат және ең арзан тапсырыстың құнын есепте.

  • Арзан тапсырыс берсең қанша үнемдейтініңді анықта.

  • Пайдалы тағамдардан тұратын ас мәзірін құрастыр.

  • Ас мәзіріне жарнама жаса.


Сұрақ:

1. Осы тапсырма арқылы біз қандай нәтижеге жеттік?

2. Қай сауаттылыққа негізделген тапсырма болды деп ойлайсың?



Оқыған мәтін арқылы сұрағына жауап алып, білімін толықтырады.

Рефлекция

2 мин

Padlet.com платформасы арқылы коучингтен алған әсерлерін жазады.

Коучингтен алған әсерін жазады

Қорытынды

2 мин

«Жолыққан қандай жақсы» әнімен коучингті қорытындылау.


Әнді бірге шырқайды




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.10.2024
281
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12