400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерден шығу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Әріптестеріме оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерден шығу жолдарын көрсету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 21.11.19 жыл

Коуч: Ашикбекова Кулшат Мукыжановна

Коучингтің тақырыбы:

Оқушылардың өз бетімен білім алудағы кедергілерден шығу жолдары

Жалпы мақсаты:

  • Оқушылардың өз бетімен оқуда туындауы мүмкін кедергілерді анықтау.

  • Тәжірибені өзгерту арқылы оқытудағы кедергілерді қалай азайтуға болатынын қарастыру.

Оқытуда күтілетін нәтижелер

  • Оқушылардың өз бетімен білім алудағы қандай негізгі кедергілер бар және оларды қалай жеңуге болатындығын біледі.

  • Мұғалімдер оқушыларға қалай оқу керектігін үйренуге көмек бере алады.

  • Топтық жұмыстың тиімділігін түсінеді.

Дереккөздер



  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІ деңгей

  • L2W1D3_S1-2 сабақ жоспарынан үлгісі

  • Көбелек сабағы (Презентация)

  • Топтар.flv (Бейнежазба)

  • putting jacket done.wmv

Ресурстар

Стикерлер, қаламдар, қағаз А1, А3.

Түйінді идеялар:

  • Жастар қарқынды өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп қана қоймай, бәсекеге қабілетті бола алуы үшін мектептерге өз оқушыларына өзге кәсіби дағдылар мен білім беру қажет.

  • Оқытуды жоспарлауда Конфуциидің «Маған айт, мен сол жерде ұмытамын; Маған көрсет, мүмкін есте сақтармын; Маған әрекет ету мүмкіндігін бер, мен үйренемін» деген сөзін үнемі есте ұстау.

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:

Жаттығулар

Жаттығудың мазмұны

Жұмыс әдісі

Уақыт

Сергіту сәті

«Шыңжыр» ойынын өткізу. Мұғалімдер түрлі түсті қағазға өздерінің 4 жақсы қасиеттерін және 1 әлсіз жақтарын жазады. Оларды шыңжырға біріктіреді.

Ойынның мақсаты: мұғалімдерді ортақ мақсаттары бір, шыңжыр сияқты ажырамас, бірге екенін көрсету.

Ұжымдық

7 мин

Топқа бөлу

Мұғалімдерді «Мозайка» әдісі арқылы жұптастыру. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу

Топқа  бөлу үшін түрлі түсті открыткаларды пайдалану. Әрбір топ ұқсас бөліктерді ретке келтіру арқылы топтасады.





3 мин

Топтардың ережесін дайындау

Жұптардың ереже дайындауы. Ережені қорғауы.

Топтық жұмыс

10 мин

Тұжырымдамалық карта

«Бүгінгі мектеп оқушысы» тақырыбында постер дайындап, қорғау.

Түсіндіме сұрақтар:

  • Сыныптағы оқушыларыңыз қандай?

  • Оқушының бойында қандай жақсы қасиеттер бар деп есептейсіз?

  • Сіздің оқушыға көңіліңіз толмайтын кездеріңіз бола ма?

Жетектеуші сұрақтар:

  • Мектеп оқушысының бойындағы кемшіліктердің орын алу себебі неде деп ойлайсыз?



Кесімді сұрақтар:

  • Оқушылардың жоғарғы жетістікке жетуіне кедергі жасайтын факторларды сызба арқылы көрсетіңіздер.

Жұптық жұмыс

20 мин

Көбелек сабағы

Көбелек сабағы көрсетіледі. Топтар осы сабақ бойынша ой пікірлерін білдіреді.

Түсіндірме сұрақтар:

  • Көбелек бейнесінде кімді көруге болады?

  • Көбелектің сәтсіздікке ұшырауына кім кінәлі?

Жетектеуші сұрағы:

  1. Көбелек сабағында қандай кедергі көрініс тапқан?

  2. Осы кедергіні қалай жеңуге болады?

Презентация көру

Пікір білдіру

10 мин

Өзін-өзі реттеу

putting jacket done.wmv видеофильмін тамашалау. Топтар осы видеофилмді тамашалау арқылы пікірлерімен бөліседі.

Кесімді сұрақ:

Мұғалім ретінде оқушылардың өз бетінше білім алу жұмыстарын қалай ұйымдастырар едіңіз?

Видеофильм

5 мин

«Жасырылған затты тап» тренингі

Мұғалімдер – оқушы ролінде.

Тапсырма – жасырылған конфетті табу.

Тренинг барысы: Кері байланысқа негізделген тренингте сыртқа бір адамды шығарып конфетті жасырамыз. Конфетті табуға нұсқаулар беріледі:

  1. Нақты нұсқау

  2. Шатастыру

  3. Талпынысын басу

  4. Ешнәрсе айтпау

  5. Әрекет ету мүмкіндігін бермеу.

Осы тренингтен түйген ойларын топтарға талқылату.

Тренинг

15 мин

Ой қозғау

Бефельдің оқу пирамидасы таратылып беріледі. Осы бойынша ой тұжырымдайды.

Кесімді сұрақ:

  • Оқушының ақпаратты есте сақтауының жоғарғы пайызына қол жеткізуді сабақта қалай жүзеге асырар едіңіз?

Үлестірмелік материал



Талқылау

5 мин

Топтарды ұйымдастыру жолдары

Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы видеоматериал көрсетіп, түйген ойларын сұрау.

Видеоматериал Талқылау



2 мин

10 мин

Кері байланыс

«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы кері байланыс ұсынды.



3 мин

Оқуға арналған тапсырмалар:

  • Мұғалімнің ІІ деңгейге арналған нұсқаулығы. Қалай оқу керектігін үйрену. (68-бет)

  • Асхат Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері Оқу құралы.

  • Өз тәжірибеңізге топтық жұмысты, оқушының өз бетінше білім алуына ықпал ететін тапсырмалар енгізіңіз.








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
438
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі