400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг: "Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер жас мамандар мектебінде"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді жолдарын қарастыру, жас мамандарға ерекшеліктерін көрсету арқылы қолдануды көрсету. Жас мамандар тиімді әдіс-тәсілдерді өз сабақтарында қолдану ерекшелікеріне қарай талдау жасайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг


Мұғалім

Коуч-Хуанган А.

Тақырыбы

Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер жас мамандар мектебінде


Сілтеме

Нұсқаулық МАН, АКТ, ресурстар, әдістемелік құралдар

Мақсаты

Сабақ үрдісіндегі  жаңа әдіс-тәсілдердің  оқытудағы маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау, белсенді оқыту стратегиялары бойынша тәжірибе алмасу. Оқытудағы жаңа әдіс- тәсілдер туралы  жаднама тарату.

Оқу нәтижесі

Оқу үрдісінде әңгімелесудің маңыздылығын түсінеді;

Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады;

Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді;

Оқушыларға  қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған құзіретті оқушы

даярлайтынын  сезінеді.

Түйінді идеялары

Жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолдануда мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік. Оны сабақта қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады. Балалардың білімі мен идеясын анықтауға бағытталған шынайы әрекет оларды оқыту үдерісіне тартуға көмектеседі.

Барысы:

    1.Қызығушылықты ояту.

-Топқа бөлу

- Тренинг «Жақсы сөз»

    2.Ой қозғау. Оқыту мен оқудағы әдістердің тиімділігі  неде?

    3. «Жеті модуль» ерекшелігі

    4. Жаңа әдіс-тәсілдер іс жүзінде, ҚМЖ құрастыру (постер)

    5.Сергіту сәті

    6. «Жағдаяттарды шешу жолдары»

    7.Рефлексия        

Жұмыс мазмұны

Коуч мұғалімнің іс- әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Ресурстар

Тренинг

3 мин

-Топқа бөлу

-Тренинг «Жақсы сөз» Коучингке қатысушылар топ бойынша шеңбер құрады. Топ ішіндегі бір адамды жұмбақтау арқылы сол туралы жақсы пікір айтады, келесі топ мүшелері сол жұмбақталған адамды табу керек.

Коучинг сессия мақсатымен таныстырады.

Еліміздің қалалар атауы жазылған қиындылар бойынша топқа бөлінеді

Үлестірмелі қағаздар

Ой қозғау стратегиясы

10 мин

Оқыту мен оқудағы әдістердің  тиімділігі неде? Белсенді оқытуда қандай әдістерді   білеміз?

Мұғалімдерге парақшалар таратылады.

Олар топтастыру  арқылы әдістер туралы жазады

Белсенді оқыту стратегиялары тақырыптары жазылған парақшалар

Ойын

«Жадыны дамытуға арналған ойын»

Әр топтан бір адам шығып, берілген суреттерді көріп алып, тобына сол заттың атын атамай жеткізу керек, топ қандай зат екенін табу қажет.

Топтан бір адам шығып, тапсырманы орындайды, топ мүшелері айтқан затты табады.


Дәйексөз

1 мин

Мишель Монтен :« Мұғалім оқушының құлағына воронкаға су құйғандай айқайлайды,ал оқушының жауапкершілігі тек қана айтқанды қайталау. Мен мұғалімнің осы қателегін жөндегенін қалар едім»

Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерінің тиімділігін ұғыну

 

Презентация

6 мин

«Жеті модуль» бойынша таныстырылым жасау. Сабақ барысында жеті модульдің әдіс-тәсілдерін қалай тиімді қолдануға болатынын жайлы.

«Жеті модуль» әдіс-тәсілдерімен танысады

Слайдтар

Ой толғаныс

Презентация

10 мин

Жаднама қағаздарын таратады. ҚМЖ құрастыру

Осы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы «Жаңашыл сабақ» үлгісін презе-тациялайды

Ресурс қағаздары

Постер қорғау

«Жағдаят-тарды шешу жолдары»

5 мин

- Мұғалім өз мамандығын , сабағын жақсы біледі. Оның оқушылар алдына қояр талабы қатаң. Жаңа тақырыпты уақытында меңгеріп, әрқашан дайын болуын талап етеді.

Алайда, сыныпта әртүрлі деңгейдегі оқушылар бар. Олардың бірі мұғалім талабын орындап жатса, екіншісі толық меңгере алмай жатады, үшіншісі мүлдем үлгермей қалады.

Сөйтіп, сыныптың осы пәннен білім сапасы төмендейді.

-Бір адам күнде жұмысқа барар кезде 9- қабаттан төменге лифтімен түседі екен де, жұмыстан қайтарда 5- қабатқа дейін лифтімен барады да, ары қарай жаяу көтеріледі екен, неге?

Топта ақылдасу, әңгімелесу, жағдаяттармен танысу, оны шешу жолдарын қарастырады

 

Қорытынды

Рефлексия

Стикерге коучинг өту барысы туралы ойларын жазады






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
19.04.2018
2052
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі