Коучинг сабақ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Коучинг сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы


Коучинг – сабақтың жоспары


Тақырыбы:

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудағы топтық жұмыстың ықпалы

Мақсаты:

Мұғалімдердің іс-әрекетін бақылай отырып,оқушыларды белсенділікке ынталандыру және қарым- қатынасқа бөлеу арқылы топтық, жұптық жұмыстарына қызығушылықтарын ояту

Күтілетін нәтиже

топтық жұмыста оқушылардың ынталары мен қызығушылықтарын тудыра отырып, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдаланады 
ортада жайлы әрекеттестік орнатамын ,әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасаймын; 

Қолданатын модульдер мен әдіс- тәсілдер

Сыни тұрғыдан ойлау, АКТ, диалогтық оқыту.

Пайдаланған әдебиеттер

Ман

Жұмыс кезеңдері

уақыты

Коучтың әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі

3мин

Сандарды үстелдеріне таратып қоямын

Қатысушылар берілген сандар арқылы топтарға бөлініп отырады

Психологиялық жағымды көңіл-күй орнату

5мин

Тәттілердің артына бір – бірімізге тәттілеп тұрып көңіл күй, тілектерімізді білдірейік.


Үстелдеріңізге дәмділеріңіздің суреттерін қойдым. Тілектерімізді жазамыз

(ән)

Топқа бөлу

3 мин

Сандар туралы санамақтарымызды еске түсіреміз

Санамақтарды айтады

1,2,3 сандарымен бөлінеміз

Ой шақыру

10 мин

Топтық ереже дегеніміз не? Қалай құрамыз? Ойларымызды жазамыз

өзімнің топтық ережемді ілемін


топтық ереже құрады .

Бірлесе отырып, қағазға ойларын жазып, топтық ережелерін құрады және оны қорғайды да тақтаға іліп қояды


Топтық жұмыс

8 мин

«ойлан- жұптас- бөліс

Тапсырма: екі топқа «күзгі табиғатты» қалай түсінесіңдер?


Постерлер, түрлі – түсті маркерлер, күзгі табиғаттың суреттерін салып,әр топ салған суреттерін тақтаға іліп қою арқылы «галерея шарлауға» кіріседі. Бір- бірін бармақтар арқылы бағалау

Миға шабуыл

10 мин

Болашақ мектептің үлгісін жасаймыз.

болашақ мектептің үлгісін елестетпей тұрып,

бір- бірімізге сұрақ қоя отырып үлгісін шығарамыз(топтық жұмыс)

Ой түйіндеу

8 мин

Менің үлгім мына критерийлер бойынша

Үлгісі көлемді ........

Ең биік үлгі.......

Ғылыми тұрғыдан жасалған үлгі....... болсын

«елші жіберу» әдісі постерге болашақ мектептің суретін салады, қорғайды.

Екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағалайды

Рефлексия

5 мин


Екі жұлдыз, бір тілек, бір ұсыныс

өздерінің түстерін бояйды.






































Коучинг сабақ арқылы әріптестердің тәжірибесіне өзгеріс енгізу туралы рефлексиялық есеп.

Біздің өңірімізде Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыры- луымен өткізіліп жатқан деңгейлік курстардың пайдасы зор. Өйткені, осы курстардан  тәлім алған әріптестерімнің  мектепке келіп өткізген коучингте-рінің арқасында менде өзімнің іс-тәжірибеме қажетті мәліметтерді алдым. Сондықтанда менің де жоспарлаған коучингтерім әріптестеріме пайдалы болады деп ойлаймын. Біздің мектебімізде коучингтер тәжірибе алмасу, семинарлар, ата-ана жиналысы өткізуге тиімді болар еді. Мектепте өткізілген коучингтердің менің өткізілген коучингтен айырмашылығы айтарлықтай бар. Өйткені біздің коучингтердің  тақырыптарына байланысты мақсаттары мен жоспарлары да әртүрлі. Мен коучинг тақырыбын таңдауда көп ойландым. Жеті модульды ықпалдастыра отырып, жаңа тәсілдерді әріптестеріме түсін- діріп, іскерлік, ерік – жігерді жетілдіру және әріптестерінің кәсіптік дамуына әсер ету үшін коучинг пен тәлімгерлік іс - әрекет қатынасқа көңіл бөлуіміз керек. Коучинг үдерісінде әріптестермен белсенді өзара ынтымақтаса әрекет-тесу жұмыстары жүрді. Пайдаланған рeсурстар мeн жaбдықтaр тапсырма парақтары, мaркeрлер, стикeрлeр және бейнежазба болды. Коучинг басталмас бұрын сергіту сәтін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа, жұпқа бөлдім. Ұйым-дастыру, пікір – талас, рефлексивтік диалогты кеңейту аясында, әріптестер өздерінің іс- тәжірибелерін , жоғары деңгейде дамыта отырып, игерген тәжірибелерін жетілдіреді. Коучинг сабақтары- мектептің педагогикалық қызметкерлерінің білімін дамытуға, білім сапасын арттыруға әсер ететін бірден – бір әдіс. «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы » бағдарламасын басшылыққа ала отырып, әріптестерімнің дамуына қолдау білдіріп, жаңа технологиялық, әдіс – тәсілдерді енгізіп, жаңаша ойлар пайда болады – деген ойдамын. Негізгі коучинг басылымдығы жеті модуль туралы жалпы түсінік беру,оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін қолдана отырып мектепте білім сапасын көтеру. Қазіргі заман талабына сай «Мұғалімдер оқушыларды XXI ғасырға қалай дайындау керек?» деген мәселе туындап тұр. Білімді ұстаз болу үшін бір орында тұрып қалуға болмайтынын түсініп, деңгейлік курсты оқуым керек екенімді түсіндім. Ал біз мұғалімдер іс тәжірибемізді, білікті-ліктерімізді, дағдыларымызды арттыруымызда курстарға қатысуымыз өзіміз үшін пайдалы. Балаларға өздерінің сыни көзқарастарын қалыптастыруда, ойларын жинақтау мен зерттеулерін дамытамын. Оқушыларды сыни тұрғы-дан ойландыра алу әрбір мұғалімнің қолында. Мен өз әріптестерімнің қажеттіліктеріне сай коучингтің тақырыбын «Оқушылардың сабаққа қызы-ғушылығын арттырудағы топтық жұмыстың ықпалы» арқылы жоспарлауды көздедім. Бұл коучингтен күтілетін нәтижем, қызығушылықтарын оята білу. Сабақты жоспарлау сияқты коучингтіде жоспарлауымыз керек. Жоспарлау-дың әдіс-тәсілдерін білдім, сабақтың мақсат пен міндеттерін нақты белгі-ледім. Мерсер (2005) құрдастар тобындағы өзара қарым- қатынас оқуда маңызды рөл атқарады деген. Ұстаздар жұпта не топтарда жұмыс істегенде, бір- бірінің пікірлерін тыңдай отыра, бір түйінді идея шығарады. Ұстаздар үшін маңыздылығы тапсырмалар берген кездегі «ойлан- жұптас- бөліс» әдістері тиімді екен. Әріптестер бірлестігінің мұғалімдері оқушылардың қазақ тілінде еркін сөйлеу мен жазу дағдыларының талаптары туралы ой қозғаймын. Менің мақсатым осы бағдарлама бойынша әріптестерімнің келешекке деген көзқарасын дамыту, ынталандыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру, әдіс- тәсілдер енгізіп, жеті модуль бойынша бағыттап көмек беріп, өз іс- тәжірибеммен бөлісемін. Курста өткен тәжірибеммен бөлісе отырып, өзімнің әріптестеріме коучинг сабағымды негіздей отырып, әріптестерімнің көзқарастарын қалыптастыра отырып жеті модульге назарларын аударамын. Сыни тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдердің оқушыларға деген көзқараста-рын оң жағынан қарауға көздейді. Жан-жақты өзгерістер, жаңа талап, жаңа өзгерістер барлық адамзатты ойландырмай қоймайды. Әлем күннен – күнге өзгеріске еніп, даму үстінде .Қатысушылар өз тәжірибесінде рефлексия жасау арқылы өздеріне не кедергі болды соны анықтайды. Диалогтық оқытудағы тиімді сұрақтардың маңыздылығын түсінеді. Сыни- тұрғыдан ойлау арқылы мұғалімдердің шығармашылықтары артады. «Ойлан-жұптас- бөліс» әдісі арқылы мұғалімдердің іс- тәжірибесінде топтық жұмысқа жақсы жанасады. Топтық жұмыстың түрлері өте көп екен. Соның ішіндегі әдістердің бәрі ке-рек . Ерекше көңіл бөлетін олар – дарынды және талантты оқушыларды зерттеу керек екендіктерін айттым. Коуч әр уақытта бағыт- бағдар беріп, қолдау көрсетіп, ынталандыра отырып табысқа жетуіңе көмек береді. Коучинг сабақ іс- тәжірибелер мен әдістер мұғалімдердің көзқарастарын өзгертіп, білім сапасына оң әсерін тигізеді. Берілген тапсырмалар бойынша пікір алмасып, талқылап, оларға кері байланыс жасалады, кластерлер құрып, істеген жұмыстарын қорғап, оларды «Басбармақ», «бес саусақ», «Бағдар-шам», «екі жұлдыз, бір тілек» әдістері арқылы рефлексия жасай отыра бағаланылады. Оқыту мен оқу үдерісін арттыруда дереккөздер мен АКТ тиімді қолданылады. Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң  қaлaуымыз бeн қызығyшылығымыз қaжет. Коучингте алған әсерлері туралы: Екі жұлдыз, бір тілек, бір ұсыныс ретінде рефлeксия aлдым. Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне жеткенше тырыстым деп ойлаймын.

 

Коучинг-сабақ үдерісіне түсініктеме

  Бетпе – бет келе отыра, «Мектептегі тәжірибе» кезеңінде өз әріптестеріме коуч ретінде коучинг өткізу қажет болады деп санадым. Сондықтан да коучинг тақырыбын анықтау мақсатында әріптестеріммен ақылдаса келе, «Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудағы топтық жұмыстың ықпалы» тақырыбы  әріптестеріме ұнағанын байқадым. Олар топтық және жұптық жұмысты қалай өткіземіз деп ойланып еді, қазір де мұғалімдер топпен, жұппен жұмыс жасаудан өз тәжірибелеріне алдағы уақытта қолдарына алады деп ойлаймын. Коучинг сабағымың жоспарын жасап онда мынандай мәселелерді қамтуға тырыстым:

  • Коучинг тақырыбын жеті модульге енгізу арқылы жоспарлау

  • Коучингтің мақсатын, күтілетін нәтижесіне жетуіне ат салысу

  • Сабаққа қатысатын әріптестермен бірлесе жұмыс жүргізу

  • Коучинг кезіңде орындалатын тапсырмалар мұғалімдерге тиімді тұстары

Мақсатым мұғалiмдердiң АКТ-дағы  мүмкіндіктерi тyрaлы бiлiмін кeңeйте отырып жәнe oқыту. Осы мақсаттың нәтижесіне жету үшiн келесі әдiс -тәсiлдерді қолдана отырып: oқыту мен oқудағы жaңа тәсiлдер, cыни тұрғыдaн oйлaуға үйрeтy, АКТ-ны қoлдaну тек компьютерді интернетке қосу, oқу үрдiсiн бaқылay, тoппeн, жұппен  жұмысты  қолдандым. Коучингті бастамас бұрын ұйымдастыру кезеңін өткізгеннен кейін, әрі қарай топқа бөлдім. Cодан соң «Психологиялық ахуал» атты  бір – бірімізге жақсы көңіл күй тілей отыра, санамақтар арқылы топқа бөлінді. Бұл жерде әріптестерім белсенділіктерін танытты. Ой шақыру жүргізуге  «топтық ережені құру» арқылы қатысушылардың ойларына байланысты пікірлерін тыңдадым. Содан соң әрбір жұпқа тапсырма беру арқылы осы коучингтен алған білімдерін көрдім. Тек өкінішке орай сабақтарына қатысуға мүмкіндік тумады және де мұғалімдер сабақтарына қатысуымды құптамады. Миға шабуыл ретінде «Күзгі табиғатты суреттеу» атты көрме ұйымдастыру арқылы бірінің жұмыстарына қoрытынды жасады. Eкі тoп өздeрiнiң түйгeн oй қoрытындылaрымeн бөлiстi. Ой түйіндеу арқылы әріптестеріме «Біздің болашақ мектебіміз қандай болмақ?» деген ойға өздерінің ойларын тұжырымдай отырып, мынадай шешімге келді: Бaрлық нәрce өзіміздің қoлымыздa. Тeк өзімiздiң  қaлaуымыз бeн қызығyшылы -

ғымыз қaжет. . Коучингте алған әсерлері туралы: Екі жұлдыз, бір тілек, бір ұсыныс ретінде рефлeксия aлдым. Бұл менің алғашқы коучингім болғандықтан әрине қиындықтар туып жатты, бірақ өткізілген коучингімнің мақсаты өз нәтижесіне шамалап жетті деп ойлаймын.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
20.12.2018
728
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі