400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

коучинг сабақ жоспары: Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг сабағында кері байланыстың маңыздылығы және кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығын талдау қарастырылған. Кері байланыс жүргізу әдістері де қамтылған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Коучинг сабақ жоспары

Мектеп: №39 Л. Жолдасов ЖОББМ КММ

Күні: 14.11.2019 ж.

Мұғалімнің аты -жөні: Алипова Жанар Каблановна


Коучинг тақырыбы:

Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері

Мақсаты

Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығын түсіну, сындарлы кері байланысты ұйымдастырудың техникаларын үйрену

Міндеттері

  • Кері байланыс туралы кеңінен түсіндіру;

  • Рефлексия жасау туралы түсіндіру;

  • Кері байланыс пен рефлексияны салыстыра талдау жүргізу;

  • Тиімді әдіс-тәсілдермен таныстыру;

Күтілетін нәтиже

Қатысушы:

Кері байланыс пен рефлексияның маңыздыылығын түсінеді, түрлерімен танысады, өз тәжірибесіне ықпалдастыра қолданады..

Дереккөздер



Жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Қатысушылар

Сабақ басы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу


Бір-бірімен амандасады

2. Жағымды ахуал қалыптастыру

«Комплименттер буырқасыны» тренингі

Қатысушылар бір-біріне комплимент айтады.

3.Топқа бөлу

«Ойлан тап» әдісі арқылы қатысушыларды өздеріне берілген кеспе қағаздар арқылы екі топқа бөлу.

Қатысушы кеспе қағаз арқылы өз тобына жайғасады

Оқытушы.

Сабақтың мақсаттары мен міндеттері, күтілетін нәтиже және құрылымын таныстырып өтеді.

Миға шабуыл

  1. Рефлексия- дегеніміз не?

  2. Кері байланыс дегеніміз не?



Көңіл аударып тыңдайды.

Сабақ ортасы

Таныстырылым

«Сабақ беру үдерісіндегі

кері байланыстың

маңыздылығы және түрлері»

тақырыбында таныстырылым жасау

Көңіл бөліп тыңдайды

Теңдессіз мұғалім болудың 4 қағидасы:

  1. Оқушыларды өзіңмен тең көру;

  2. Пәннің картинасын көру;

  3. Оқушыны тыңдау, сезіну, бағалау

4. Үздіксіз ізденісте болу;

Андрагогика- ересектерді оқыту;

Педагогика-балаларды оқыту;

Екеуінің ұқсастығы

Мақтағанды бала да, мұғалім де ұнатады;

Бағалағанды-бала да , мұғалім де ұнатады.

Топтық тапсырма

1-топ Сабақта кері байланыс жүргізу

2-топ Рефлексияны жүргізу жолдары


Қалыптастырушы бағалау

«321” әдісі

3 – маңызды ақпарат;

2- ұсыныс;

1-сұрақ;


Топ мүшелері бір -

бірінің жұмысына кері байланыс береді.

7. Сергіту сәті. «Сағат тілі»

Қатысушыларға «Сағат тілі» әдісі арқылы сергіту сәтін ұйымдастыру.

Қатысушылар мұғалімнің ұйымдастыруы бойынша жұмыс жасайды.

Сабақ соңы

9. Кері байланыс

«Екі жұлдыз, бір тілек»

Қатысушылар сабақтан алған әсерлерін күлше қағаздарына жазып, сандықшаға салады.

Қорытынды

«Көш жүре түзелер» демекші тәжірибе барысында тынымсыз іздене отырып кері байланыс пен рефлексия жасау жолдарын толық меңгеруіміз қажет»




Рефлексия

Әріптестеріме кәсіби қолдау көрсету мақсатында «Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығы және түрлері» тақырыбында коучинг сабағын өттім. Коучинг мақсаты: Сабақ беру үдерісіндегі кері байланыстың маңыздылығын түсіну, сындарлы кері байланысты ұйымдастырудың техникаларын үйрену.

Коучингке қатысушылар арасында жағымды ахуал орнату мақсатында «Комплименттер буырқасыны» әдісін таңдап алдым.

Әріптестерімнің тақырыпқа қатысты білетіндерін тыңдау үшін кері байланыс пен рефлексия туралы бірнеше сұрақ қойдым. Олар екеуіне бірдей анықтама бергенінен айырмашылығын ажырата алмайтынын ұқтым.

Қтысушыларға презентация арқылы кері байланыс пен рефлексия туралы түсіндірдім.

Алған білімдерін тексеру мақсатында топтық жұмыс ұйымдастырдым.

1-топ Сабақта кері байланыс жүргізу

2-топ Рефлексияны жүргізу жолдары тақырыбында постер әзірлеп, қорғады.

Топтық жұмыстан соң топаралық бағалау жүргізілді.

Сабақ соңында кері байланыс жүргіздім. Қатысушы әріптестерім бүгінгі сабақтың өте тиімді болғанын, кері байланыс пен рефлексияның айырмашылығын және қалай жүргізу керектігі туралы көптеген ақпараттар алғанын жазыпты. Алдағы уақытта осындай сабақтар көп болса екен, деп ұсынс жазып қалдырыпты.

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
18 қараша
969
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі