15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есептер: № 1 коучинг жайында рефлексивті В 1.1 есеп
Акирбаева Бакыт Акирбаевна Мұғалім портфолиосы В 1.1
№5 топ ІІ деңгей
Алматы қаласы 29.05.2015 жыл
Коучинг сабақтары туралы рефлексивтік есептер
№ 1 коучинг жайында рефлексивті В 1.1 есеп
1-бөлім: Тақырыпты негіздеу.
Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру екінші (негізгі) деңгей курсының бағдарламасында мектептегі тәжірибе кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларының бірінші бағытына сәйкес мұғалімге әдістемелік тәсілдерді іс жүзіне асыру үшін бағдарламаның жеті модулі бойынша коуч ретінде әріптестер коучингілерін өткізуі керек. Сол себепті, өзім қызмет істеп жүрген «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мұғалімдер ұжымында әріптестерден коучингтер өткізу үшін сауалнама алдым. Сауалнамада әріптестерім «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» туралы көбірек білуді қажетсінетіндерін көрсетті.
№1 коучингті «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліне байланысты «Формативті (қалыптастырушы) бағалау туралы түсінік қалыптастыру, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану» тақырыбына өткіздім.
Алматы облысы Еңбекшіқазақ аудыны Есік қаласындағы «Абылай хан атындағы №4 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қазақ және орыс оқыту тілі бойынша жұмыс істейді. Ұжымда 103 мұғалім қызмет етеді. Олардың 82-сі жоғары, 4-еуі аяқталмаған жоғары, 23-і арнаулы орта білімді. Жоғары санатты ұстаздар-31, бірінші санатты-27, екінші санатты-25, санаты жоқ-25 мұғалім. Мектепте 2013-2014 оқу жылынан бастап «Жаңа формат» қоғамдастығы жұмыс істейді,оған бірінші, үшінші деңгей сертификаттары бар Г.Ақтамқулова, А.Торопова, С.Турикбаева, Г.Керімбай, Ж.Есимова, Н.Сәрсеналиева, З.Низамова, А.Досымханова сияқты ұстаздар мүше. Біздің мектепте коучинг- сессиялар жиі өткізіледі. Осы ұстаздардың ішінен менің коучингте өткізетін тақырыбымды қажет деп санаған бастауыш сынып мұғалімдері: Л.Түзелбекова, Н.Байкенова, Ж.Есимова, А.Муздыбаева, Г.Құдайбергенова, М.Нұрғожаева, И.Булантаева, Р.Измағамбетова, С.Бердибаева, Н.Сәрсеналиева, Л.Тункаева, А.Қадыр, А.Серікбайқызы, А.Тустикбаева, Г.Жақсыбаева қатысты. Әріптестердің арасында 3-деңгей бағдарламасы сертификаты бар ұстаздар: Ж.Есимова, Н.Сәрсеналиева, ал Л.Тункаева 2-деңгей, Р.Измағамбетова 3-деңгей бағдарламасының тыңдаушылары. Бұл ұстаздар жеті модуль аясында топтық жұмыстарды ұйымдастыру және диалогтік оқыту бойынша алдыңғы коучингтерде білімдерін көтеріп, ендігі кезекте «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліне қызығушылық танытып, менің өткізетін коучингімде осы мәселе төңірегінде түсіндіруімді өтінді. Маған әріптестерімнің бұл өтініштері бұл тақырып бойынша менің қызығушылығымды арттыра түсті.
2-бөлім: Коучинг сабағының сипаттамасы және оқытуды бағалау.
№1 коучингті «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модуліне байланысты «Формативті (қалыптастырушы) бағалау туралы түсінік қалыптастыру, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану» тақырыбына өткіздім.
Коучингтің мақсаты: «Мұғалімдерде формативті (қалыптастырушы) бағалау, бағалау критерийлері туралы түсінік қалыптастыру, өзін-өзі бағалау және топтық жұмысты бағалауды үйрету, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануға бағыттау».
Коучингтен күтілетін нәтиже мұғалімдердің формативті (қалыптастырушы) бағалау, бағалау критерийлері туралы түсінік қалыптастырып, өзін-өзі бағалау және топтық жұмысты бағалауды біліп, оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалануы болатын.
Мұғалімдердің көңіл-күйін көтеру мақсатымен, «Мен басқалар көзімен» тренингін өткіздім. Әр ұстаз қораптан алған оралған қағаз ішіндегі аты жазылған әріптесінің жақсы қасиеттерін санамалап айтып, оған жағымды баға беріп, психологиялық көңіл-күйлерін көтеріп , бір серпіліп қалды. Әрі қарай әріптестерді «3», «4», «5» цифрларына байланысты үш топқа бөлдім.
Мұғалімдер топқа бөлініп
отырғаннан кейін «Не себепті мен сіздерді «3», «4», «5»
сандары арқылы топтарға бөлдім?»
деп
ашық сұрақ қойдым. А.Тустикбаева «Бұл оқушыларға қойылатын бағалар
деп ойлаймын» деп жауап берді. Әріптестерді бағалауға байланысты
коучинг тақырыбы және мақсатымен
таныстырдым.

Білу кезеңінде «2» бағасы туралы, екімен оқитын оқушы туралы әріптестердің ойларын білу мақсатына «Ой шақыру» стратегиясы арқылы екімен оқитын оқушы бейнесін суреттен көрсете отырып, «Мына суретке мұқият қараңыздаршы, оқушының көңіл-күйі қандай?» , «Мектептен үйіне «екілік» бағасын алып қайтқан оқушының жүзінен нені аңғаруға болады?»,
«Әріптестер, қалай ойлайсыздар, бұл баланың өз бағасын жақсартуға деген ынтасы бар ма?» деген ашық сұрақтар қойдым. Әрі қарай , «Сіздің сабағыңызда оқушылар бағаны не үшін алады?», «Бағалаудың неше аспектісі бар?», «Сіз сабақта бағалаудың қандай түрін қолданасыз?», «Бағалаудың суммативті (жиынтық), формативті (қалыптастырушы) түрлері сізге таныс па?» деген ашық сұрақтарды қолданып, пікірлерін білдім.
Түсіну кезеңінде «Оқу үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша «Бағалау және қалыптастырушы және жиынтық бағалау», «Оқуды бағалау-жиынтық бағалау және оқу үшін бағалау-қалыптастырушы бағалау» мәнмәтінін топтардағы әр әріптеске таратып, оқып, мазмұнымен танысып, мазмұны бойынша өз түсініктерін топта талқылап, бірлескен мазмұнды сызба жасауға тапсырма бердім.
«Бағалау – оқу дәлелдері жоспарлы және жүйелі жинақталатын және де оқу сапасы туралы қорытынды қабылдау үшін қолданылатын кез келген қызметті сипаттайтын ұғым. Бұл ұғым бағалаудың екі аспектісін көздейді: оқуды бағалау (жиынтық бағалау) және оқу үшін бағалау (қалыптастырушы бағалау). Бағалаудың түрлі нысандары олардың оқуды жақсарту әлеуеті тұрғысынан сипатталған және бағаланған. Сондықтан да осы модуль оқу үшін бағалау, сондай-ақ оқуды критериалды бағалауды зерделеуге бағытталған.»(Мұғалімге арналған нұсқаулық,104-бет)

Топтарда әріптестер бағалау және бағалау түрлері бойынша мәнмәтінмен танысты.
«Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бұл бағалау жиынтық бағалау болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын (яғни, анықтайтын мәнге ие) шешім қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. Оқуды жақсарту мүмкін-
діктерін, сондай-ақ осы мүмкіндіктерді іске асыру әдістері мен түрлерін анықтауға бағытталған бағалау қалыптастырушы немесе оқу үшін бағалау болып табылады. .»(Мұғалімге арналған нұсқаулық,104-бет)
Әріптестер бір-бірімен ойларымен бөлісіп, мазмұнды сызба жасап, қорғап, өз ойларын баяндады.

Бірінші топ мүшелері өз мазмұнды сызбалары арқылы «Бағалау, қалыптастырушы және жиынтық бағалау түрлерінің арасындағы айырмашылық туралы», оқу сапасын жақсарту мүмкіндіктерін, оқу үдерісіндегі алынатын оң нәтижелерді салыстыра сипаттады. Ал екінші топ мүшелері өз мазмұнды сызбалары арқылы бағалаудың түрлері-қалыптастырушы және жиынтық бағалауды тиімді қолдана отырып, бастауыш сынып оқушыларын күнделікті сабақта ынтасын артырып, оқу сапасын жақсартып, баланың мүмкіндігін анықтауға болатынын айтты. Үшінші топ мүшелері өз мазмұнды сызбалары арқылы бағалаудың түрлері- оқуды бағалау және оқу үшін бағалаудың маңызын, оқу үшін бағалаудың оқушының білім алуын қолдайтынын, оқуды жақсартуға мүмкіндік беретінін, оқушының өз әлеуетін пайдалану мүмкіндіктерін анықтауға бағытталғандығын айтты. Әр топ келесі топ дайындаған мазмұнды сызба және ой-пікірлеріне баға берді. Топтар арасында өзара вербалды бағалау болды. Осы кезеңде әріптестер «Мұғалімнің өзін-өзі бағалау кестесін» және топ бақылаушылары «Топтағы жеке мұғалімді бағалау кестесін» толтырып, бағалау үлгілерімен танысты. Топтар арасындағы жинаған ұпай санын анықтап, қолдау таныттық.
«Оқу үшін бағалау және бағалау критерийлері» туралы презентациямен таныстырылым жасап, бағалау критерийлері туралы қысқаша түсінік бердім. Презентация оң әсерін берді. Оқу үдерісінде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға еместігін, оқушылардың да өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалау мүмкіндігін пайдалана алатындығын және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізсе, оқушылардың да белсенді қатысуы керектігін түсінді. Кез-келген білім алушы бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін алған біліміне және кері байланысқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. Топтық жұмыстар осы түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қамтамсыз етеді.
Қолдану кезеңінде әріптестерге гүл суретін салуға тапсырма беріп және сол сурет арқылы бағалау критерийлерін бірге жасап, критериалды бағалаудың жолын түсінулеріне көмектестім. Бастапқыда әр топ өздері салған суреттерін «өте жақсы» деп бағалаған еді, соңынан гүл суреттеріне байланысты бағалау критерийлерін анықтап, бірлесе отырып «Гүл суретін критериалды бағалау кестесін» құрдық.
Гүл суретін критериалды бағалау
|
Топтар Бағалау крите- рийлері |
1-топ
|
2-топ |
3-топ |
|
1.Суреттегі салынған гүл саны |
+++ |
+++++ |
+++ |
|
2. Қолданған бояу түстері саны |
++++ |
+++++ |
+++ |
|
3.Гүлдің ыдыста өсіп тұруы, тірі болуы |
+ |
|
|
|
4.Гүлдің қағаз бетінде толық салынуы |
+ |
+ |
+ |
|
5.Гүл атының жазылуы |
+ |
|
|
|
Қорытынды ұпай саны |
10 |
11 |
7 |
Критериалды бағалау кестесі бойынша бағалау кезінде бірінші топ – 10 ұпай, екінші топ-11ұпай, үшінші топ- 7 ұпай жинады. Әр топ өз суреттерін құрастырған бағалау критерийлері арқылы әділ, нақты бағалап, жинаған ұпай саны анықталғанда, критериалды бағалаудың маңызын түсініп, бағалау критерийлерін құрастырып, критериалды бағалауды үйренді.
Мұнан соң Астана қаласындағы Н.Назарбаев атындағы зияткерлік мектептің орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі әріптес-тренер Бояркин Олегтің «Оқу үшін бағалау, оқуды бағалау» бейнежазбасын көрсеттім. Мұғалімдер бейнежазбадан көп әсер алды. Олар өз пікірлерін білдіріп, өз ойларын айтты. Жас маман Салтанат Бердібаева оқушыға баға қоярда осындай қиындықтар болатынын, оқу үдерісінде бағалау критерийлерін пайдаланудың өте әділетті болатынын түсінгенін айтты. Осы жағдайдың өз бастарынан өткенін естеріне алып, одан шығар жолды бейнежазба арқылы түсінгендеріне қуанды. Бейнежазбаны пайдаланғаным өте тиімді боды.
Бірақ, 2-кесте-«Мұғалімнің өзін-өзі бағалау кестесін» толтыруда әріптестер мұндай бағалау кестесімен бұрын толық таныс болмағандықтан, оларға сәл түсініксіздеу болған сияқты болды. Себебі, кестелер әртүрлі толтырылды. Кейбір ұстаздар «+» таңбаларын қойды, ал кейбірі түсініктеме үшін жазып қойған «5», «4», «3», «2» цифрларын жазып, есептеу күрделеніп кетті.
3-бөлім: Бағдарламаның идеяларына қатысты мұғалімдерді оқытуды бағалау.
Бірінші коучинг сабағым туралы айтатын болсам, мақсатыма жеттім деуге болады. Әріптестер келесі коучингімнің қашан өтетініне қызығушылық танытты. Мұғалімдердің кері байланыс жасау мақсатында өткізген «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерлеріне коучинг жұмысына «өте жақсы», «жақсы» деген бағалар беріп және «сәттілік» тілеп, «рақмет» айтып, ризашылықтарын білдіріп жазған пікірлері осыған дәлел. Осы коучингке қатынасқан тәлім алушым-бастауыш сынып мұғалімі Г.Жақсыбаеваның 2«А» сыныбында өзін-өзі тану пәні бойынша «Атамекен табиғаты, анамдайсың!» деген тақырыпта өткізген сабағына қатыстым. Бұл сабақта мұғалім оқушылардың білімдерін бағалау үшін «Бас бармақ», «Бағдаршам», вербалды бағалау, «Фейерверк» (М.Гершон «Оүб құралдары») сияқты бағалау түрлерін өз іс-тәжірибесіне енгізіп, тиімді қолдана білді.
3«Б», 1«Б» сыныптары жеткешілері И.Булантаева, С.Бердибаевалар фортмативті бағалауды жүргізуде «Оүб құралдарын» менен кеңестер алып, сабақтарда пайдалана бастады.
Коуч ретінде жұмыстағы жалпы іс-әрекетімнің бағытының дұрыстығына көзімді жеткіздім.
Мен егер осы тақырыпқа болашақта коучинг өткізетін болсам, онда «Топтағы жеке мұғалімді бағалау» немесе «Мұғалімнің өзін-өзі бағалау» кестелерінің бір түрін ғана алу керектігін түсіндім. Тіпті бұл топтық жұмысты бағалау кестесін коучинг барысында әріпестердің өздеріне бірлесе отырып, бағалау критерийлерін анықтап, талдап құрғызып, бірлескен бағалау жүргізгенде өте түсінікті, әрі тиімді болар еді деп ойладым. Бұл әдіс әрі қарапайым, әрі қолжетімді болар еді. Мен жіберген кемшілігімді түсіндім, іс-тәжірибемде алдағы коучингті өткізуде осы мәселеге баса назар аударуым, ескеруім керектігін ойладым.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген