Материалдар / Коучинг семинар: Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Коучинг семинар: Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік
Осы материал жаңартылған бағдарлама бойынша жүргізілетін сыныптарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қаңтар 2019
1231
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Семинар барысындағы коучинг сабағының қысқа мерзімді жоспары

Күні: 04.01.2019 ж.

Өткізген:Ж.С.Сулейменова.

Өтетін орны: ЖЖОББМ

Коучинг  тақырыбы:Қалыптастырушы бағалаудың түрлерін сабақта қалай тиімді қолдануға болады

Мақсаты:Коучинг қатысушыларымен «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау) яғни, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін сабақтан бейне көрініс және бірлескен жұмыс арқылы қарастыру.

Оқыту нәтижесі:Коуч сессия қатысушылары қалыптастырушы бағалаудың (формативті бағалау) күнделікті сабақта пайдалану арқылы  оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелеу

Сілтемелер:Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, слайдтар, ғаламтор материалдары.

Негізгі идеялар:Қалыптастырушы бағалау, жиынтық бағалау, критериалды бағалау, критерий, дискрептор

Қолданылатын материалдар:Интерактивті тақта, компьютер, бейнематериалдар, постер, маркер, слайдтар

Өту формасы, технологиясы,  әдістері:Топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, бағалау парақтары,

Коучингкезеңдері

Коучтың  іс-әрекеті: Психологиялық жағымды ахуал туғызу: «Жүректен-жүрекке» танысу, әркім өз есімін айтып, бүгінгі іс-шараға сәттілік тілейді.

І. Сабақтан көрініс – «сабақтың басындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша СулейменоваЖ.С талқылайды.

ІІ. Сабақтан көрініс – «сабақ ортасындағы бағалау» көрсетіледі және осы бағалау бойынша КанжигалиноваГ.Ж баяндайды.

Талқылау

Тақырыпты ашу.Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?Сұрақтарға жауап беріп, талқылайды.

Түсіну

Топпен жұмыс. Сабақтың соңы яғни сабақты бекітуді қалай бағалайсыз, қалыптастырушы бағалаудың қандай түрлерін қолданасыз деген тапсырма ұсынылады.Топ болып тапсырманы орындайды, қорғайды.Топтық бағалау. Екі жұлдық, бір тілек арқылы топтар бір-бірлерін бағалайды.

Сергіту сәті.Көңілді әуенмен билеу. 

Талдау:Бағалау сіздерге түсінікті болды ма? Қандай бағалауды қолдандық?Бағалау туралы презентация көрсету.Пікірлерін айтады, талдайды.(Әр мұғалім өз ойларын ортаға салып, пікір - талас жасады)

Жинақтау:Кері байланыс : Стикерлерге ұсыныс, тілектерін жазып, смайлк суретіне жапсырады

Қорытынды:

 Қалыптастырушы бағалау  кері байланыс арқылы оқудың нәтижелі болуына ықпалын тигізеді. Сонымен қатар, ол оқушыға білім мен түсінуді жақсартуға, білім алуға түрткі болуға, өзін-өзі бағалау қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі. Қалыптастырушы бағалау күнделікті сынып жұмысы үрдісінде ағымдағы білімі мен қабілеттерді меңгеру денгейін анықтауға арналған. Бұл мұғалімдер мен оқушыларға оңтайлы жұмыс істеуіне қолайлы. Оқушыларды қорытынды бағалауға дайындау мақсатында ағымдық жұмыстардың тапсырмалары,  мазмұны, құрылымы мен формасы қалыптастырушы бағалауға бағытталады. Тоқсандық баға қойғанда тек қорытынды бақылау жұмысының нәтижесі  ғана емес, қалыптастырушы жұмыс та ескеріледі. Орта мектепте қолданылмайтын критерий мен рубрикалар тоқсандық баға қоюда есептелінбейді.Үй жұмысы да қалыптастырушы жұмыс ретінде қолданылуы мүмкін.Қалыптастыру бағалауды әр тапсырмадан кейін бағалау қажет

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!