жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Коучинг тақырыбы: «Оқытуды жоспарлауда оқыту үшін бағалау әдістемесін пайдалану»
Ю.Гагарин
атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік
мекемесінің І деңгей бағдарламасы
бойынша сертификатталған бастауыш
сынып мұғалімі Жасузакова
Зейнеб Мусабековна
Коучинг тақырыбы: «Оқытуды жоспарлауда оқыту үшін бағалау әдістемесін пайдалану»
Коучинг тақырыбы |
Оқытуды жоспарлауда оқыту үшін бағалау әдістемесін пайдалану |
Жалпы мақсаты |
«Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында түсіндіре отырып, нәтижеге қол жеткізуде топпен ынтымақтастықта жұмыс жасау. Мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне, топтық жұмысты енгізуіне, оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс жүргізілуіне ықпал ету. |
Күтілетін нәтиже |
- Мұғалімдердің формативті бағалауды қолдануы нәтижесінде оқушылар оқу үдерісіне тартылады. - Мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды біледі. - Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінеді , өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолданады. |
Табыс критерийлері Сіз қалай анықтадыңыз? |
Бірлескен оқу.Топпен жұмыс.Топтық бағалау.Топтық жұмысты қорғау. Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып оқушының сабаққа деген қызығушылықтары артады, оқушылар сабаққа ынталанады, сыныпта ынтымақтастық жағдай қалыптасады. Мұғалімдер сабақ үдерісінде формативті бағалау тәсілін пайдалана отырып, өзін-өзі бағалайды, бірін-бірі бағалайды, кері байланыс жасауды үйренеді.
|
Әдіс-тәсіл |
Топтық жұмыс, жеке жұмыс, кері байланыс, постер қорғау, рефлексия |
Негізгі идеялар |
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бағалауы болып табылады. Оқыту үшін бағалау – бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл жерде мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аудартылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартылуы қажет, мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, бұл үдеріске оқушылар да белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана білім ала алады. Білім алушылар өз білімін арттыру үшін бағалауды үйренуі қажет, сондықтан оқушыларға өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Аталған тұжырым оқыту мен оқу тәжірибесі үшін өте маңызды да, өзекті.
|
Ресурстар |
Коучинг жоспары, АКТ, бейнероликтер, стикер, флипчарт, МАН, маркер, таныстырылым |
Жалпы мақсат бойынша табысқа жету нәтижелері (бағалау жоспары, комментарий) |
Әріптестер тобымен «Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау» модулі жайында білді. Мұғалімдер оқу үдерісінде формативті бағалау тәсілін тиімді қолдануды білді. Мұғалімдер формативті бағалаудың рөлін түсінді , оқушылардың өзін-өзі және өзара бағалауды, кері байланыс жасауды тиімді қолдану дағдысын дамыта алады.
|
|
Коучингтің барысы |
||
Сабақтың кезеңдері |
Коучтің іс-әрекеті |
Мұғалімдердің іс-әрекеті |
Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық жағымды ахуал туғызу: «Бүгінгі күн тамаша!» тренингі. Қатысушыларды ортаға шықыру, шеңбер жасап тұру және жаз айының ауа райын бейнелеу арқылы арқаға массаж жасау |
Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және «Ауа райын» бейнелеу арқылы арқаларына массаж жасайды. |
Шеңбер бойлап тұруды суреттен көрсету |
|
Мұғалімдерді топтарға бөлу.
Ағаш тобы Гүл тобы
|
Мұғалімдер қағазға жазылған «ағаш» және «гүл» сөздер арқылы 2 топқа бөлінеді |
Қағазға жазылған «ағаш» және «гүл» сөздері |
Ой қозғау. /жеке жұмыс/ |
Миға шабуыл: Сурет арқылы тақырыбымыз қай модуль жайлы екенін табу:
|
Мұғалімдер суреттің қай модулге тиісті екенін табады. Бұл бағалау түрлері жайлы түсініктеме береді. |
слайд
|
Топтық жұмыс
«Идея туралы ойлар» әдісі |
1.Қазіргі таңда біз оқушыларымыздан нені күтеміз, олардың қандай болғанын қалаймыз? 2.Баға, бағалау дегеніміз не? 3.Бағалаудың қызметі. 4.Бағалаудың қандай түрлері бар? |
Сұраққа жауап алған кезде, бұл идея туралы өзгелердің ойларын сұрау жолымен ойлау логикасын ашыңыз. «Бағалау» туралы қалғандары не ойлайды?
|
|
І тапсырма:
«Жұптасып-ойлан-бөліс» әдісі |
1.Үлестіме тарату: «Бағалауда қолданылатын тәсілдер» 2.«Ағаш»тобы топтастыру стратегиясымен қорғайды; 3.«Гүл» тобы кластер әдісімен қорғайды; |
Мұғалімдер үлестірмемен жеке танысып шығды, өз топтарында талқылайды.Көрші топқа барып ой бөліседі. Мұғалімдер топтық жұмысты қорғайды. |
Тірек сызба Кластер |
ІІ тапсырма:
Критериалсыз бағалау |
1.Критериалсыз бағалаудың тиімсіздігін дәлелдеу үшін «гүл» салдыру; 2.Дәстүрлі бағытпен мұғалімдерді бағалау; 3.Бағаланған әр мұғалімнің сезімі жайлы ашық әңгіме; |
Әрбір топ мүшесі өз ойындағы гүлдің суретін салады. |
Ақ парақ Түсті қалам (маркелер) |
ІІІ тапсырма:
Критериалды бағалау |
1.«Критериалды бағалау» туралы мәлімет беру .Кестемен таныстыру; (рубрика,критерий,дескрип-тор) 2.Берілген критерий бойынша ағаштың макетін жасау. |
1.«Критериалды бағалау» туралы мәліметті топта талқылайды. Кестедегі критерилер бойынша ағаштың макетін жасайды.;
|
Таныстырылым
Түсті картон қағаздар, Түсті қаламдар (маркелер) |
Қорытынды Рубрика Критерий Дескриптор бойынша бағалау
|
|
Мұғалімдер рубрикато,критерий бойынша бір-бірін және өзін-өзі бағалайды |
Кесте |
Топтық бағалау |
Топтар өзара бірін-бірі топтық жұмысты «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалау |
Топтар өзара «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалайды. |
«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі |
Кері байланыс |
-Сіз бүгінгі коучинг-сессиядан не алдыңыз? -Қандай әдіс-тәсілдер қолданылды? -Қолданылған әдістерді сіз сабақта қалай және қай бөлімдерде қолданар едіңіз? |
Мұғалімдер «Не үйрендім?», «Не қиын болды?», «Қалай қолданамын?» сұрақтары бойынша кері байланыс ұсынады. |
Кері байланыс парақтары |
Психологиялық жағымды ахуал туғызу:
«Бүгінгі күн тамаша!»
Бағалауда қолданылатын тәсілдер
«Ағаш» тобы берілген критерийлер бойынша ағаштың макетін жасау үстінде

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген