Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту маңызды мәселелердің бірі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларда әлемнің көп бейнелі жақтарын терең ғылыми таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогика мен психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту маңызды мәселелердің бірі.


Мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен оқудан тыс уақытындағы іс-әрекетінде белсенділік қабілетін дамыту өскелең буынға тәлім-тәрбие берудегі күрделі психологиялық әрекет болып табылады. Қабілеттің дамуы оқушылардың интеллектісін дамытумен байланысты екендігін негізге ала отырып, оқу үдерісін тиімді ұйымдастырудың, іс-әрекет субъектісінің сапалық ерекшеліктерінің, сабақ кезінде және сабақтан тыс оқу-тәрбие шаралары кездерінде диагностикалық тапсырмаларды ұтымды қолданудың мәні зор.

Қазіргі кезде мектептердегі білім мен тәрбие беру жүйесінен дағдарыс кезеңдерін көруге болады. Мұның мәні – мектеп өмірінде жаңаша талаптарға сай педагогикалық үдерісті басқаша ұйымдастыруға толық көшпеу. Бүгінгі күннің негізгі талабы – білімді адамды әлемнің бүтіндей ғылыми бейнесін қабылдай алатын, белсенділік таныммен тікелей қатынас жасай алатын, жаңаша ойлай алатын құзіретті тұлғаға айналдыру.

Оқушыларда әлемнің көп бейнелі жақтарын терең ғылыми таным негізінде қабылдай алу қабілетін дамыту қажет. Осының негізінде интеллектуалды, креативті ұрпақты тәрбиелеп оқыту педагогика мен психологияның маңызды мәселелерінің бірі деп білеміз.

Әрбір жеке адамның қабілетінің дамуының жоғары жетістігі тек сол адамның ғана жеке басының даму көрсеткішіне ғана емес, бұл қоғам дамуына да, өркендеуіне де едәуір әсер етеді.

Мектеп практикасында қазіргі уақытта педагогикалық мақсатқа сәйкес жаңалықтар көптеп енгізілуде. Ол жаңа технологиялық сабақтар. Бұл сабақтарды өткізу барлық мектептерде кездеседі, бірақ осы сабақтардың оқу - тәрбие саласындағы түрлі ұғымдарды қалыптастыру және дамытудағы орны, маңызы мен жүйесі теориялық тұрғыда негізделіп, толық зерттелмеген. Сол себепті осы сабақтарды әдістемелік жағынан жүйелі, дұрыс ұйымдастыру, нақтылы мақсатта өткізу жүйесі жекелеген пәндерде толық құрылмаған.

Әрбір оқу пәні оқушылардың белсенділігін арттыруға әсерін тигізуі керек. Белсенділікті біз адамның жете түсінудегі талпынысынан туындайтын белгілі зерттеушілік және қоғамдық пайдалы маңызы бар міндеттерді шешуге жетудегі әрекетшіліктің жоғары сапалы деңгейі деп анықтай аламыз.

Ғалымдардың пікірінше белсенділік, жаңа пікірлер тудыруға жеткізеді. Қазіргі кезде танымдық белсенділік аса маңызды, себебі авторитарлық шешім мезгілі өтті, вертикальдық ойлау, пікірлер мен міндеттер жоғарыдан берілу кезеңдері қалды, енді әркімнің еркін ойлауын, жеке шығармашылығын қажет ететін уақыт келді.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
301
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12