400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Креативтілік – заманауи педагогтің қажетті дағдысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы қазірге заманға сай ұстаз креативті болғаны өте маңызды. Қазіргі заманауи педагогтардың бір ерекшелігі – олар креативті, заман талабына сай дамыған. Ол оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алатыны сөзсіз. себебі олар өздерінің креативтілігінің арқасында оқушылармен ете жақын араласа алады, әрі ол балалардың қызығушылығын арттыра отырып бере алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Креативтілік – заманауи педагогтің қажетті дағдысы» (Эссе)  


Педагог – оқушылардың алдағы өмірінің жарқын болуына тікелей байланысты тұлға. Әр білім алушы өзінің алдындағы тұлғаға қарап өседі, дамиды, жеке бір тұлға болып қалыптасады. Ол үйіндегі ата-анасы, отбасы мүшелері болады және де ең маңыздысы мұғалімі ықтимал болып табылады. Өйткені мұғалім білім берумен қатар, тәрбие беруге де ықпал етеді. Сондай жауапкершілікті жүктеп алып жүрген мұғалім әрине жан-жақты дамып отыруы тиіс. Үнемі ізденіс процесінде жүруі қажет.

         Қазіргі заманауи педагогтардың бір ерекшелігі – олар креативті, заман талабына сай дамыған. Ол оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар бере алатыны сөзсіз. себебі олар өздерінің креативтілігінің арқасында оқушылармен ете жақын араласа алады, әрі ол балалардың қызығушылығын арттыра отырып бере алады. 

         Заманауи педагог ең алдымен:

  • жоғары білімді;

  • белсенді;

  • ойлау қабілеті жоғары;

  • ұйымдастырушылық қабілеті дамыған;

  • психологиялық-педагогикалық қабілеті жақсы дамыған;

  • креативті болғаны абзал. 

Соның ішінде мұғалімнің креативті болғаны педагогтың  дағдыларының ішіндегі ең қажеттілерінің бірі. Педагог креативті болса  оқушыларға замануи дамуды, берілген тапсырманың оңай шешімін табуды,  басқа ортада өзін еркін ұстауды, адамдармен жан-жақты тез тіл табысуды үйретеді. Қазіргі кезде білім берудің неше түрлі стратегиялары бар, педагог солардың барлығын қолдана отырып, білім алушыларға тапсырманы оңай әрі тез тез түсініп алуына ықтимал жасайды.  Сабақты ойын түрінде, топ топпен жарыстырып қызықты өткізсе әр оқушының білім алуға құштарлығы артып, әр пәнді түсініп оқып, жақсы қалыптасып кетері сөзсіз.

          Сондықтан да қорытындылай келе айтатын болсақ, оқушыға білім тек баға үшін ғана емес, болашағы үшін қажет екенін ұғындырып, соны дәлелдеп, әрі қарай тек жақсы білім алуына ықпал етіп, оның алдында үлгі боларлық  тұлға-педагог болуға ұмтылу қажет. Ол үшін әрине педагог өзі жақсы жеткілікті дамыған, білімі жоғары, оқушылармен жақсы тіл табыса алатын белсенді, шығармашыл болуы қажет. Сонда ғана болашағы жарқын, еліміздің дамуына үлкен үлес қоса алатын, белсенді, креативті, жарқын тұлғалар көбейеді.






Дайындаған: Маратова Эльмира Маратқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.10.2024
309
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі