Материалдар / Кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Кəсіби құзыреттіліктерді қалыптастыру ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2023
280
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

КƏСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

«Нəтижеге бағдарланған білім беру жүйесі» ұғымының Қазақстан Республикасындағы білім саласына енуіне байланысты «білім», «білік», «дағды», «білімділік», «дайындық» сияқты ұғымдары автоматты түрде «құзырет», «құзыреттілік» ұғымдарымен алмастырылып, қазіргі уақытта практиктердің кеңінен қолданылып жүрген үйреншікті сөзіне айналып кетті. Сондықтан «құзыреттілік» пен «кəсіби құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасап, олардың мəнін ашып көрейік.

«Құзыреттілік» ұғымының кең таралымына қарамастан, бұл ұғымның мəні терең ғылыми талдауларды жəне оны негіздеуді талап етеді. Сондықтан да талдау ең алдымен, қолданыстағы ұғымның не екендігіне жауап іздеуден басталады. «Құзырет» пен «құзыреттілік» түсініктерін анықтауда салыстырмалы түрде талдау жасалған, оларды көптеген ресейлік жəне шетел зерттеулерінен жəне тағы басқалардың еңбектерінен көруге болады.

Қазіргі уақытта жеке тұлғаның психологиялық, теориялық жəне практикалық дайындық сұрақтары, педагог бойындағы кəсіби қасиеттер мен қабілеттердің қалыптасуы, оның беделі мен кəсіби шеберлігі, педагогикалық ойлауы, ғылыми еңбекті ұйымдастыру мен біліктілікті жоғарылату мəселелері бойынша кең түрде əдебиеттер қоры құрылған. Бұл зерттеу жұмыстары педагогтардың кəсіби дайындық мəселесін өңдеуге неғұрлым салмақты үлесін қосты, сонымен бірге қоғамдық жəне педагогикалық тəжірибенің маңызды қажеттіліктері арасындағы қайшылықты шешу мүмкіндігін береді.

Бүгінгі күнде «құзыреттілік» түсінігі тек қана негізгі педагогикалық категориялардың бірі ретінде ғана емес, сонымен бірге пəнаралық зерттеудің, яғни, «педагогтың кəсіби құзыреттілігі» түсінігінің мəнін анықтау мəселесі психологтардың, педагогтардың, маман-практиктердің жəне т.б. арасындағы дау мен қайшылықтардың объектісі болып табылады.

Жаңа психологиялық-педагогикалық əдебиеттерді талдау қазіргі уақытта «құзыреттілік» түсінігінің мəнін анықтау процесінде, оның құрылысы мен мазмұнын толықтыруда бірліктің жоқтығын белгілеуге мүмкіндік береді. Көп жағдайда бұл түсінік біліктілік пен кəсіпқойлықтың жоғары деңгейін көрсету үшін қолданылады. Егер де құзыреттілікті кəсіпқойлық жүйесіндегі орнын анықтауға тырыссақ, онда ол мамандықты меңгерудің неғұрлым жоғары деңгейін көрсететін орындағыштық пен жетілгендік арасында; көптеген авторлармен белгілі бір іс-əрекетті орындауға дайындық ретінде жеке тұлғаның «тұлғаның ішкі дайындығы», өзгеше «алдын ала дайындық» жағдайы мен шеберлігі арасында болады. Педагогтың кəсіби құзыреттілігі туралы барлық түсініктерді оқу барысында оның бірқатар маңызды өзгерістерге ұшырағандығын анықтауға болады: мұғалім жеке тұлғасының педагогикалық бағыттылығын қалыптастыру негізін өңдеуден бастап сонымен қатар жеке тұлғаның толығымен жəне оның бойындағы кəсіби маңызды қасиеттердің                  дамуы .                   

Ғылымдағы кəсіби құзыреттілік мəселесін зерттеуге деген қызығушылық бір өшіп немесе бір жаңа күшпен қайта жандана түседі. Құзыреттілікті теориялық қамту жəне оларды тəжірибе жүзінде қалыптастыру сияқты сұрақтарға зерттеушілердің назарын аудару əдетте экономикамызда, мəдениет пен білім беру саласында болып жатқан дағдарыстық жағдайларға сай келеді. Осы кезеңдері зерттеушілер жеке тұлға құрылысындағы ерекше компоненттерді шығаруға көп көңіл аударды. Бұл компоненттер жеке тұлғаға əлеуметтік өзгерістерге бейімделуге, білімін толықтыру үшін ішкі ресурстарды табу, кəсіби іскерліктерін қазіргі жағдайға сəйкес өзгертуге, жаңартуға мүмкіндік беруі тиіс.

Ғалымдар көбінесе кəсіби құзыреттіліктің жеке жақтарын оқуға көп көңіл бөледі. Мысалы əлеуметтік-педагогикалық, ғылыми-педагогикалық, əдістемелік жəне құзыреттіліктің басқа да түрлеріне

Compete — негізгі латын термині, ол «білу», «істей білу» жəне «табысқа жету» дегенді білдіреді. Бұл мағыналар жалпы түрдегі құзыреттіліктің мəнін ашады. Кəсіби құзыреттілік категориясын əрі қарай өңдеу үшін, берілген мағыналарды нақтылап, ашып қарастыру қажет жəне оларды жалпы логикалық бір жүйеге біріктіру керек.

Білу кəсіби функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті объективті дұрыс жəне нақты білімді ғана емес, сонымен бірге білім мен іскерлікті қолдануға бағыттап, объективті маңызды болып саналатын құндылықтарды білдіреді.

Істей білу педагогикалық үрдісті жүзеге асыруда операциялы түріндегі əдістерді орындауды ғана емес, сонымен қатар субъект болатын адамның негізгі іскерлігі, өзінің ішкі, рухани тəжірибесінде қалай болса, тура солай сыртқы кəсіби (педагогикалық) болмысында да өз бетінше жəне саналы түрде өз тағдырын өзі анықтай білуі.

Педагогикалық құзыреттіліктің негізгі элементтері ретінде: оқытылатын пəннің аумағындағы арнайы құзыреттілік, оқушылардың білімі, іскерлігі мен дағдысының қалыптасу əдістерінің аймағындағы əдістемелік құзыреттілік; оқыту аймағындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілік; оқушылардың қабілеттері, бағыт-бағдары мен себептері аймағындағы дифференциалды-психологиялық жəне аутопсихологиялық құзыретті- ліктерді қарастырады.

Арнайы құзыреттілік оқыту жүргізілетін белгілі бір мамандық немесе оқытылатын пəн бойынша терең білімдерді, біліктілік пен өндірістік іс-əрекет тəжірибесін; нақты бір өндіріспен байланысты техникалық шығармашылық есептерді шешу əдістерін білуді қарастырады.

Əдістемелік құзыреттілік оқытудың алуан түрлі əдістерін меңгеруі, дидактикалық əдістер мен тəсілдерді білуі жəне оқыту үрдісінде оларды қолдана білу іскерлігі, оқыту үрдісінде білім мен іскерлікті меңгерудің психологиялық механизмдерін білуді қарастырады.

Психологиялық-педагогикалық құзыреттілік педагогикалық диагностиканы меңгеруді, оқушылармен педагогикалық мақсатқа сəйкес қатынасты құра білу іскерлігі, педагогикалық диагностика нəтижелерінің негізінде жеке жұмыстарды жүзеге асыруды жобалайды; сонымен қатар жас ерекшелік психологиясын білуі, педагогикалық жəне жеке тұлғалар арасындағы қатынас; оқытылатын пəнге немесе оқушылардың таңдаған мамандығына тұрақты қызығушылықтарын туғыза білу жəне оларды əрі қарай дамыту іскерлігі жатады.

Дифференциалды-психологиялық құзыреттілік  оқушыларға нұсқау жəне бағыт-бағдар беру, олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсете білу іскерлігі, адамдардың эмоционалды жағдайын анықтай білуі; оқушылармен, ұжыммен жəне басқарушылармен сауатты қарым-қатынасты құра білу іскерлігі жатады.

Аутопсихологиялық құзыреттілік өз əрекетіндегі өз қабілеттерінің деңгейін саналы түрде меңгеру іскерлігін; кəсіби өздігінен жетілу əдістері туралы білуді; өзінде жəне өзінің жұмысында жіберген кемшіліктердің себептерін көре білу іскерлігін; өздігінен жетілуге ұмтылуды жобалайды [2].

Жоғарыда аталған құзыреттіліктердің барлығы, біздің пікірімізше, болашақ маманның кəсіби құзыреттілігін қалыптастырудың негізі бола алады. Себебі арнайы құзыреттілік бойынша студенттердің пəн бойынша білімі, білігі қалыптасады; əдістемелік құзыреттілік процесінде дидактикалық əдіс-тəсілдерді меңгереді; психологиялық-педагогикалық құзыреттілік негізінде қарым-қатынас мəдениетін игеріп, мамандыққа деген қызығушылықтары артады; дифференциалды- психологиялық құзыреттілік — студенттердің жеке тұлғалық ерекшеліктерін көрсетіп, оларға бағыт- бағдар беруіне ықпал етеді; ал аутопсихологиялық құзыреттілік өздігінен білім алу нəтижесінде студенттердің кəсіби өзіндік жетілуіне, дамуына мүмкіндік береді.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!