Материалдар / КТЖ 10 сынып әдебиет ҚГБ 68 сағат
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

КТЖ 10 сынып әдебиет ҚГБ 68 сағат

Материал туралы қысқаша түсінік
КТЖ 10 сынып әдебиет ҚГБ 68 сағат 199 бұйрықпен жасалған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қазан 2023
500
0 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Түсінік хат 2023-2024 оқу жылы

Жалпы орта білім беру деңгейіндегі мектептер «қалай білім алу керектігін білетін», дербес, ынталы, қызығушылығы жоғары, сенімді, жауапты, ой-өрісі дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады.

Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда:

•​оқушылардың жеке пікірін тыңдай білу, бұған дейін алған білімдері мен қалыптасқан түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

•​мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра және дамыта оқыту;

•​проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

•​оқушылардың білім алуына «Оқыту үшін бағалау» арқылы қолдау көрсету;

•​оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген белсенді оқытуға бейімдеу;

•​оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

•​оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Қазақ әдебиеті пәнінде қолданылатын педагогикалық әдіс – тәсілдер:

-​Ауқымды контекст бойынша топтық зерттеу жұмысын жүргізу және белгілі бір мәселе бойынша автор көзқарасын талдау;

-​Жанрларды түрлендіру (драманы хикаятқа немесе хикаят тарауларын драмалық шығармаға айналдыру) және оның әсерін бағалау;

-​Рөлдік ойындар арқылы автордан сұхбат алып, сұрақтар қою (мүмкін болса, авторлармен, фильмді түсірушілермен кездесулер ұйымдастыру);

-​Оқушылардың сөйлеу және сыни тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған пікірталас, ми шабуылы, дебат, т.б. стратегияларды қолдану;

-​Оқушының бүгінгі қоғамға лайық жеке тұлғалық қасиеттерін, оның рухани жан дүниесін байытатын қазақ тілінің этно-мәдени лексикасын, даналық сөздерін меңгерту, ана тіліндегі қатысымдық сөз әдебіне баулу, жағдаяттық қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда ізгілендіру технологиясын қолдану.

-​Оқу үдерісінде түрлі жағдаяттар, рөлдік ойындар, «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз-конференциялар, «КТК» (көңілділер, тапқырлар клубы) және т.б. арқылы монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасау.

-​Оқу үдерісінде түрлі үн, бейнетаспаларды, медиаматериалдарды, бейнероликтерді, интернет материалдарын, электронды оқулықтарды, компьютер мен лингафондық аппараттарды, белсенді оқыту әдістері мен пәнаралық байланыс сабақтастығын кеңінен қолдану.

«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ

Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет сезімін қалыптастыру. Түрлі мәдениеттер мен көзқарастарға құрмет сезімі жеке тұлғалық, тұлғааралық және мәдениетаралық құзыреттіліктердің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқушыларға тиісті мінез-құлық ережелерін үйрету көпмәдениетті қоғамның әлеуметтік және кәсіби өміріне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу бағдарламасында мыналар қамтылған:

-​басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім–күйге, идеяларға толеранттылық көрсете білу қасиеті;

-​оқушының көптілді, көпмәдениетті қоғамда өзін еркін сезінуі;

-​түрлі көзқарастарды талдай отырып, өзгенің пікірімен салыстыру арқылы өз ойын ашық жеткізу дағдысы;

-​ұлттық мәдениетке, Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің салт-дәстүріне және әдет-ғұрпына құрметпен қарауға, сыйлай білуге үйрету;

-​Қазақстан халықтарының келісімі мен ұлтаралық бірлігін сақтауды қолдау дағдыларын қалыптастыру;



«ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ» ПӘНІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТҰҒЫРЫ

Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі инновациялық дамыта оқыту моделіне жатады. Бұл оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын, тәні мен жанын, рухани қырларын біртұтас гармониялық жүйеде қалыптастыруды көздейді. Сондықтан тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтың алатын орны аса маңызды болып табылады.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінің білім алушылар мен педагогтердің қарым-қатынастарын табысты етіп ұйымдастырудың өзіндік ұстанымдары бар. Ол ұстанымдар мынадай:

•​Іс-әрекет ұстанымы;

•​Білім берудің тұлғалық-жанама сипатты ұстанымы;

•​Белсенділік ұстанымы;

•​Жүйелілік ұстанымы;

•​Тұтастық ұстанымы;

•​Дербестік ұстанымы;

•​Диалогтік ұстанымы;

•​Іс-әрекеттің мазмұны мен тәсілдерінің вариативтілігі ұстанымы;

•​Саралай оқыту және даралай оқыту ұстанымдары.

Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтар ұйымдастыруда мына қағидаттарға сүйену керек:

1)​тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша сабақтарда оқушының мектепке келмей тұрғанда-ақ қалыптаса бастайтын субъектілік өмірлік тәжірибесі бар тұлға ретіндегі жеке басының дербестігінің, жеке басы құндылығының, өзіндік болмысының басымдығы;

2)​білім беру үдерісі – өзара байланысты болып келген екі құраушының, білім беруші мен білім алушының бірлігі;

3)​ білім беру үдерісін жобалауда білім алу барысын оқушының оқыту мазмұнында берілетін әлеуметтік маңызы бар нормативтерді қайта өзгерте отырып меңгеруін алдыңғы орынға қою басымдығы;

4)​білім беру үдерісін құрастыруда және жүзеге асыруда әрбір оқушының тәжірибесін анықтаудың маңызы зор, сонымен қатар, оның әлеуметтенуін, оқу барысында қалыптасып жатқан тәсілдерді бақылау; түрлі мазмұндағы тәжірибені алмасуға бағытталған мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы; білім беру үдерісіне қатысушылардың барлығына ұжымдық түрде бөлініскен іс-әрекеттің түрін арнайы ұйымдастыру;

5)​білім беру үдерісінде оқыту үдерісінің ішкі мазмұнынан туындайтын ерекше бір «кездесу» болады. Ол қоғамдық-тарихи тәжірибе мен оқушының білім алу барысында жүзеге асыратын жеке басы тәжірибесінің кездесуі болып табылады.

6)​тәжірибенің екі түрінің өзара әрекеттесуі олардың тұрақты келісім жолымен жүруі керек, сол арқылы оқушының таным субъектісі ретінде жинаған тәжірибесі енді оның жеке өміріне пайдаланылуы керек;

7)​ оқушының жеке тұлға ретінде даму барысы оның нормативтік іс-әрекетті игеру жолымен ғана емес, оқушының субъектілік тәжірибесінің өз басының әрі қарай дамуына қуат беретін маңызды бастау ретінде танылу жолымен де жүруіне байланысты;

8)​білім алудың маңызды нәтижесі қажетті білім мен білікті игеру негізінде танымдық қабілеттердің қалыптасуы болып табылады.

Осы айтылғандардың барлығы тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтардың өзіндік ерекшелігін танытады. Тұлғалық бағдарлы оқыту моделі бойынша ұйымдастырылып өткізілетін сабақтар оқушылардың дүниенің мәнін өзінің көзқарасы тұрғысынан игеруі, ол көзқарастың мазмұны оның субъектілік тәжірибесінде жинақталған жеке тұлғалық мәністерден, құндылықтардан, қатынастардан тұрады. Оқушының осындай тәжірибесінің мазмұны сабақтарда мүмкіндігінше барынша ашылуы, барынша пайдаланылуы керек, қол жеткенше ғылым мазмұнға толығуы, ал керек болған жағдайда, білім беру үдерісінде өзгертіліп отырылуы керек.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтар. Сабақ – білім беру үдерісіндегі басты құраушы элемент. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың функциясы мен ұйымдастыру түрі өзгереді.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақ білімдік ақпарат беру мен білімді тексеру сияқты дәстүрлі кезеңдерден ғана тұрмайды. Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесінде сабақтардың ұстанатын басты бағдары – оқушы берілген білім мазмұнына деген өзінің көзқарасын, қатынасын білдіре алу тәжірибесі анықталады, қалыптастырылады, дамытылады.

Сөз жоқ, мұндай деңгейге жету үшін, яғни, оқушы өзінің жеке басының тәжірибесімен жұмыс жасауға дағдылануы үшін арнайы жаттықтыру талап етіледі. Мұғалім ол үшін тек пән мазмұнын ғана жеткізуші ретінде емес, әсіресе, сабақта берілген білім мазмұны бойынша оқушылар талдаулар жасауға дейін көтерілу жолын анықтаушы, белгілеуші ретінде танылады.

Сабақта полилог–сұхбат әдісін кең қолдана отырып, мұғалім оқушыларға өздері меңгеруі тиіс ғылым-білімді іздеу мен сұрыптау жұмыстарын жаппай және тең дәрежеде ұйымдастырып жүргізеді. Осындай жағдайда ұйымдастырылған сабақ қана оқушы үшін жеке тұлғалық тұрғыдан маңызды болып саналады.

Тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың, барлық сабақтардағыдай, білімдік, дамытушылық және тәрбиелік мақсаттары болады. Бірақ осыған қоса, тұлғалық бағдарлы оқыту жүйесіндегі сабақтың оқушының танымдық әрекетін туындату үшін қажетті жағдаяттар туғызуы аса үлкен орын алады. Оқушының танымдық әрекетін туындатуда оңтайлылығы анықталған мынадай педагогикалық жолдар бар:

•​оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беретін оқу әрекетін ұйымдастырудың түрліше формалары мен әдістерін қолдану;

•​сыныптағы әрбір оқушының тақырып бойынша білім мазмұнына өз көзқарасын танытуға деген қызығушылығын, құлшынысы мен шабытын оятатын жағдай туғызу;

•​оқушыларды өз ойын айтуға әрдайым ынталандырып отыру, тапсырмаларды орындауда қателесуден, қате жауаптар алудан қорықпауға дағдыландыру т.б. Жылдық жүктеме - 68 сағат, аптасына - 2 сағат




Қазақ әдебиеті - 10 сынып /қоғамдық-гуманитарлық бағыт/, а/с-2 сағат,ж/с-68 сағат

Оқулық авторы:Г.Орда,С.Дәрібаев,АСатылова

Алматы«Мектеп»баспасы-2019



Р/С


Бөлім


Тақырыптар



Оқу мақсаты

Сағат саны


Мерзімі


Ескерту

І тоқсан (16 сағат )


1-бөлім:

Өлең – сөздің патшасы

Абайдың өмірі, шығармашылығы.

«Сегіз аяқ» өлеңі

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну

1




«Сегіз аяқ» өлеңі

Қазақ поэзиясындағы жаңа түр

10.1.2.1 әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу;


1




«Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы» өлеңі

10.1.3.1 көркем шығармадағы кейіпкерлер жүйесін жинақтау мен даралау;

1




«Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» өлеңі

10.1.4.1. көркем шығармалардан алған үзінділерді ғаламдық тақырыптағы өзекті мәселелермен байланыстыру;

1




«Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі

10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

1




«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі

10.2.1.1 әдеби шығарманың композициясын уақыт пен кеңістік тұрғысынан талдау;

1




«Болыс болдым, мінеки» өлеңі

10.2.2.1 шығармадағы авторлық идеяның өмір шындығымен байланысын айқындау

1




Лай суға май бітпес қой өткенге» өлеңі


10.2.3.1 шығармадағы көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарының қызметін талдау

1




Абайдың қарасөздері.

Он жетінші қарасөзі

10.2.4.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелерге талдау жасау арқылы өзіндік пікірін қосып, шығармашылық жұмыс (эссе, әңгіме, өлең, әдеби және еркін тақырыптарға шығарма) жазу;

1




Он жетінші қарасөзі


10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту

1




Отыз екінші қарасөзі

10.3.1.1 шығарманы мазмұндас туындылардың үлгілерімен салыстырып, тарихи және көркемдік құндылығын бағалау;

1




Отыз үшінші қарасөзі


10.3.2.1 көркем шығармадағы көтерілген мәселелердің жаңашылдығына сыни тұрғыдан баға беру;

1




Ескендір поэмасы.

БЖБ № 1

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;

1




Шығарманың негізгі тақырыбы мен идеясы.

10.3.4.1 шығарманы идеялық жағынан мазмұндас туындылармен салыстыра отырып, әдеби сын жазу

1




Шығармадағы кейіпкерлер жүйесі. Аристотель бейнесі

10.2.5.1 әлем және қазақ әдебиетіндегі құндылықтардың үндесуін талдап, өзіндік ой қорыту

1




Ашкөздік пен қанағат,

Тоқсандық жиынтық бағалау

10.3.3.1 шығарманың идеясын жалпыадамзаттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу;




1
















ІІ тоқсан (16 сағат)


2-бөлім:

Прозадағы көркем ой


Жүсіпбек Аймауытұлының өмірі, шығармашылығы

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

1



«Ақбілек» романының сюжеті

10.1.1.1 әдеби шығарманың сюжеттік-композициялық құрылысын талдау арқылы идеялық мазмұнын терең түсіну;

1




«Ақбілек» романының ерекшелігі неде?

10.1.5.1 шығармадағы ұлттық құндылықтардың әлемдік тақырыптармен үндестігін ашу

2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!