жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Күй атасы-Құрманғазы
8 – сынып
Сабақ тақырыбы |
Күй атасы |
|
Білімділік:
Дамытушылық:
Тәрбиелік: |
Тілдесім әрекетінің негізінде оқушыларды қазақ күй өнері жайлы ақпарат беруге үйрету. Лексикалық тақырып аясында тұйық етістікті меңгерту. Тілдік коммуникация барысында тілдік үлгілерді қолдану арқылы оқушы лардың сөздік қорын молайту. Қазақ тіліндегі тілдесім әрекетіне құрылған мәтіндер негізінде оқушыларды достық қарым-қатынас құра білуге тәрбиелеу |
|
Сілтеме: |
Оқу бағдарламасы, «Қазақ тілі» оқулығы |
|
Жетістік критерийлері: |
Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): тақырыптың аясында қарапайым сөйлемдер құрау арқылы домбыра үйірмесі жайлы айтады, қазақ күйінің өткені, бүгіні, ертеңі жайлы ақпарат береді. Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ұлттық саз аспаптарын атайды, қазақ күйін сипаттайды. Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): тақырып аясында өз бетімен мәтін құрайды, қарапайым үлгілер арқылы тілдеседі |
|
Негізгі түсініктер: |
Икемділік, тиек, екіішекті, жетіген, сазсырнай, шаңқобыз, дауылпаз, қобыз, әлемді мойындату, дәріптеу |
|
Сабақта қолданылатын материалдар: |
Құрманғазының «Адай» күйінің үн таспасы, «Ұлытау» тобының музыкалық шығармалары, ұлттық саз аспаптары, А4 парағы, маркерлер, плакат, тақырыпқа қатысты альбомдар, буклеттер, қоржын, смайликтер |
|
Оқыту әдістері: |
Әңгімелеу, сипаттау, түсіндіру, сұрақ- жауап, «Көңіл-күйді анықтау» тренингі, «Ой шақыру» әдісі, ассоциаграмма, жағдаяттық тапсырма, «Қоржын» дидактикалық ойындары, рөлдік ойын, «Жеке әңгіме» техникасы, сергіту жаттығуы |
|
Дереккөздері: |
Әдістемелік құрал, дидактикалық материалдар, сөздік |
|
Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: |
||
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу |
Сабақ басында мұғалім «Көңіл-күйді анықтау» тренингін өткізу мақсатында оқушыларға А4 парағы мен маркерлер таратады |
Оқушылар параққа маркермен өзінің көңіл-күйін сипаттайтын смайлик-сурет (күліп немесе езу тартып тұрған, қабағы түюлі, бейтарап т.б.) салады |
Өткен сабақты тексеру |
Өткен сабақтың тапсырмасын тексереді. Кемшіліктерді анықтайды, түзетеді, бағалайды |
Тапсырманы айтады, тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді |
І. Қызығушылықты ояту |
Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатады. Тақтадан қазақ күй өнеріне қатысты дайындаған слайдтарын көрсетеді. Сипаттап берулерін сұрайды |
Күйді тыңдайды, слайдтарды сипаттайды |
ІІ. Мағынаны тану |
1. Сөздікпен жұмыс. А) Мұғалім интерактивті тақтадан оқушыларды тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасынайтады. Оларды оқиды, оқушыларға қайталатады |
Тыңдалым. Оқылым. Жаңа сөздерді тыңдайды, бірге қайталайды. Айтылым. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға жаттығады |
|
2. Мәтіналды жұмыс. А) Жазылым. Дұрыс жазуға, жаңа ақпаратты қабылдауға машықтандыру үшін 1-тапсырманы орындатады |
Жазылым. Сөйлемдерді толықтырып жазады, сұрақтарға жауап береді |
Ә) Оқылым. Айтылым. Жазылым. 2-тапсырманы орындатады |
Оқылым. Айтылым. Жазылым. Қазақ халқының ұлттық саз аспаптарымен танысады, тұйық етістіктерді дұрыс тұлғада қойып жазады |
|
Б) Айтылым. Тілдесім. 3-тапсырманы орындатады |
Айтылым. Тілдесім. Досын домбыраның құрылысымен таныстырады, «Ұлытау» тобының мүшесі Е. Әлімбетов туралы жазылған сұхбатты оқиды |
|
3. Грамматика. Тұйық етістікті меңгертеді. |
Тұйық етістікті меңгереді. |
|
4. Мәтінмен жұмыс. А) Тыңдалым. Оқылым. Мәнерлеп, дұрыс оқуға, жаңа ақпараттықа былдауға машықтандыру үшін 4-тапсырманы орындатады |
Тыңдалым. Оқылым. Жазылым. Тыңдайды, мәтінді дұрыс оқуға машықтанады, сұрақтарға жауап береді |
|
Ә) Айтылым. Жазылым. Айтылым. Оқушыны сауатты жазуға дағдыландыру үшін 5-тапсырманы орындатады |
Айтылым. Жазылым. Айтылым. Мәтінге тақырып қояды, жоспар құрып жазады, «Ұлытау» тобы туралы хабарлама жасайды |
|
Б) Жазылым. Айтылым. Жазылым. Айтылым. Оқулықтағы 6, 7-тапсырмаларды орындатады |
Жазылым. Айтылым. Жазылым. Айтылым. Етістіктерді көшіріп жазады, тұйық етістікті тәуелдейді, сөйлем құрайды, мәтіндегі етістіктерді тұйық етістікке айналдырады, сөйлемдер құрайды |
|
5. Мәтінсоңы жұмыс. А) Айтылым. Оқылым. Оқулықтағы 9-тапсырманы орындатады |
Айтылым. Оқылым. Мәтін құрап айтады, диалогті рөлге бөліп оқиды
|
|
Ә) Жазылым. Оқылым. Тілдесім. Оқулықтағы 10-тапсырманы орындатады |
Жазылым. Оқылым. Тілдесім. Етіс-тіктерді тұйық етістік тұлғасында береді, өлеңді оқиды, диалог құрады |
|
Б) «Сырсандықтағы» сөздер |
«Сырсандыққа» салынған сөздердің мағынасын талдайды, есте сақтайды |
|
6. Сергіту сәті. Рөлдік ойынды ұйымдастырады |
Ойынның шарттарын орындайды |
|
ІІІ. Ойтолғаныс |
«Қоржын» ойынын ұйымдастырады |
Қоржыннан тақырыпқа қатысты сөз алады, сипаттайды |
IV. Бекіту |
Айтылым. Оқулықтағы 11,12 -тапсырманы орындатады |
Оқылым. Айтылым. Тілдесім. Етістіктерді тұйық етістік тұлғасында береді, өлеңді оқиды, диалог құрайды, досымен тілдеседі |
V. Бағалау |
Формативті бағалау. Мұғалім оқушылардың бағаланы бойынша өз ойын айтып, қорытынды бағаны өзі қояды |
«Жеке әңгіме» техникасы бойынша бағаланады |
VI. Үйге тапсырма |
Оқулықтағы 8-тапсырманы орындау |
|
VII. Рефлексия |
Мұғалім түрлі смайликтер таратып береді |
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтерді көрсету арқылы білдіреді |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген