Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 30 материал табылды

Күй атасы.Етістік туралы білгенімізді еске түсіреміз 3-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беретін бастауыш сынып мұғалімдеріне көмегі тиеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: қазақ тілі

Мектеп: : Жарқайың ауданы, Жанында интернаты бар А. Үкібаев атындағы орта мектебі


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: : оқылым

Ортақ тақырып: «Атақты тұлғалар»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байдилдина Алтын Мырзахметовна

Сынып: 3

Қатысқандар:-22

Қатыспағандар саны:-

Сабақтың тақырыбы

Күй атасы. Етістік туралы білгенімізді еске түсіреміз.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақ мақсаттары




Барлық оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіру.

Көптеген оқушылар:

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру, жауап беру.

Кейбір оқушылар:

Мәтіннің тақырыбын болжау.

Бағалау критерийлері

1. Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіреді.

2. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады, жауап береді.

3. Мәтіннің тақырыбын болжайды.

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты лексика мен терминологиясы:


Диалог пен жазуға пайдалы сөз тіркестері: үздік туындылар, ірі тұлға, күй атасы

Сұрақтар:

  • Неге Құрманғазыны «күй атасы» деп атайды? ,

  • Құрманғазыны неге қайталанбас өнер иесі дейді?»

Құндылықтарды дарыту

Қадірлеу, құрметтеу


Пәнаралық байланыстар


Әдебиеттік оқу ,музыка

Алдыңғы меңгерілген білім

Етістікті еске түсіреміз


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин













2мин










(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі

1. Ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру: «Ертеңгілік шеңбер»

Қайырлы күн, көздерім

Ояндыңдар ма? (қабағын сипайды)

Қайырлы күн, құлақтарым

Ояндыңдар ма? (құлағын сипайды)

Қайырлы күн, қолдарым

Ояндыңдар ма? (шапалақтайды)

Қайырлы күн, аяқтарым

Ояндыңдар ма? (жерді тарсылдату)

Қайырлы күн, мұғалім

Мен ояндым! (күлімдеп, қол соғады)

Сыныпты топқа бөлу: Абай ауылы, Шоқан ауылы, Ыбырай ауылы

2.Үй тапсырмасын тексеру

(Ұ) «Сұрақты қағып ал» тәсілі

1. Атақты тұлғалардан кімдерді білесіздер?

2. Қандай күйшілерді білесіздер?

3.Етістік туралы не білеміз?

4.Топ атауларың туралы не білесіздер?

Дескриптор:

- атақты тұлғаларды атайды.

- етістіктің ережесін айтады.

- етістіктің түрлерін еске түсіреді.

Кері байланыс: ауызша мадақтау




Слайд










Қима қағаздар



доп

Сабақтың ортасы


5 мин
































15мин






























3мин








10мин

















Аудио жазбадан күй тыңдату

(Ж) «Ашық-жабық» сұрақтар

не тыңдадыңыздар?

-Күйді кім орындайды?

-Қандай күйшілерді білесіздер? Сабақтың мақсатымен таныстыру

(Т) 1-топ

Берілген сұрақтарға жауап беру

-Динаның ұстазы кім?

-Құрманғазы кім?

-Құманғазы нені қорғады?

2-топ Бос орынға керекті етістікті жаз:

Сауыншы сиыр .....

Малшы мал .....

Жазушы .....

3 топ Сурет бойынша мәтіннің тақырыбын болжай отыра етістікті еске түсіреміз.












Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап береді.

-Сөйлемдегі етістіктерді толықтырады.

-Суретке қарап мәтіннің тақырыбын болжайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» тәсілі

Оқулықпен жұмыс

Күй атасы.

Қазақ халқының классик сазгері Құрманғазы есімі көп ұлтты халықтар арасына кеңінен тараған. Ұлы күйші қазақтың аспапты музыкасын өркендетуге, оның дамуына шексіз үлес қосты. Сазгердің үздік туындылары көршілес халықтар арасында да танымал. Сондықтан оны «Күй атасы» деп атайды.

Қайталанбас өнер иесі, ірі тұлға, күйші Құрманғазы - қазақ елінің мақтанышы.


(Ұ,Ө) «Күй атасы» мәтінін оқу. Оқылған мәтін мен жасалған болжамның сәйкестігін тексеру.

(Жұп) Мәтіннен етістіктерді табу,сұрақ қою

(Жұп) Мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру.

(МК,Ж) «Карточкадағы терминдер» әдісі Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге назар аудару, оларға сұрақ қою.

  • көп ұлтты-қандай?

  • ұлы -қандай?

  • үздік - қандай?

  • Ірі- - қандай?


Дескриптор:

-Жасалған болжамды сәйкестендіреді

- Етістіктерді табады.

-МК сөздіктерді түсіндіреді, сұрақ қояды.

-Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

Кері байланыс:

«Бағдаршам» (қызыл-түсінбедім, сары-орташа, жасыл-бәрі түсінікті.)

Сергіту сәті

«Ауылға саяхат»

«Абай ауылы» (Абайдың бір әнін орындайды)

«Шоқан ауылы» (Шоқан туралы айту)

«Ыбырай ауылы» (Ыбырайдың бір өлеңін оқу)

Дәптермен жұмыс

(Т) 1топ Көп нүктенің орнына тиісті етістікті қойып жаз.

Күйші күй ... . Жыршы жыр ... . Ақын өлең ... . Мұғалім балаларды ... . Дәрігер ауыруларды ... .

2 топ

Сұрақтардың дұрыс жауабын теріп жаз: жарды,суарады, жарады, барды, суарды, барады.

Не істеді? Не істейді?

------------ ---------------

------------ ---------------

3 топ

Көп нүктенің орнына дара етістікті тауып жаз

..... – келе жатыр,келе бастады.

..... – тарта алады,тартып жатыр, тартып жүр.

..... - тоқи алады, тоқып отыр, тоқи бастады.

..... – барып кел, бара кел.

Күрделі етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жаз.

Дескриптор:

-керекті сөздерді жазады

-сөздерді сұрақтарына қарай бөліп жазады

-күрделі етістіктерден сөйлем құрайды


Кері байланыс:

Смайликті белгілейді





Құрманғазының күйлері, құлаққап

Портреті, ноутбук, планшет






Үлестірме қағаздар







Бейне сурет










Оқулық


Слайд




Т.Жаубасова. Қазақтың күйшілері. - Алматы: Аруна LTD ЖШС, 2003










қалам, қағаз











слайд




планшет






дәптер,қалам, қарындаш







сюжетті суреттер







Дәптер, қалам, қарындаш



смайлик


Сабақтың соңы


3мин















Рефлексия: «Екі жұлдыз бір тілек»

-не ұнады?

-не қиын болды?

-алдағы сабақта не білгің келеді?



Үйге тапсырма: Құрманғазының таңдаған күйін тыңдау және өз әсеріңді жазып келу.

Слайд

түрлі –түсті стикрлер




Күнделік ,қалам



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.01.2019
669
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12