"Күй мұрасы домбыра" әдеби-шығармашылық сыныптан тыс іс-шара

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Күй мұрасы домбыра" әдеби-шығармашылық сыныптан тыс іс-шара

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихын зерттеп, рухани азық беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №10 жалпы білім беретін мектебі» КММ











Shape1

«Күй мұрасы-домбыра» атты әдеби-шығармашылық сыныптан тыс іс-шара

















Өтетін күні: 26.01.2024 жыл

Кабинет:№3

Мұғалімі: Абишева А.К















Қостанай қаласы

«Күй мұрасы-домбыра» әдеби-шығармашылық сыныптан тыс іс-шара

Мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының күйшілерін таныстыру, олардың күйлерін тыңдап, шығу тарихын зерттеп, рухани азық беру.
Ашылуы: «Ер тұран, Алаш аманаты» күйлері орындалады.
Жүргізуші:
Екі ішектің бірін қатты,
Бірін сәл - пәл кем бұра.
Нағыз қазақ, қазақ емес,
Нағыз қазақ – Домбыра.
Армысыздар құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, жәнеде оқушылар!

  • Бүгінгі мектебімізде «Киелі домбыра» үйірмесінің оқушыларымен ұйымдастырылып отырған «Күй мұрасы-домбыра» - атты күй сазды кешімізге қош келдіңіздер!

Шанағыңда бабамның,

Үні қалған домбыра.

Тал тарихы салтыңның,

Сыры қалған домбыра - деп айтып жырлап кеткен бабамыздың қасиетті де, киелі домбырамыз. Мол тарихқа толы күйлеріміз жайында болмақ бүгінгі кездесу кешіміз.

  • Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы. Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар.Қазақ ежелден қуаныш пен қайғыны, жақсылық пен жамандықты қара домбыраның үнімен жеткізген. Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі "Нағыз қазақ – қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра" деп жырлаған ішекті аспап.

  • Ендігі назарларыңызды экранға аударсаңыздар

  • Бейне көрсетілім - Домбыра жайлы деректер

Жүргізуші: Ендігі назарларыңызды біздің жас домбырашылар «Шабыт» тобына берсек. Жас болсада қалалық, республикалық, байқауларына қатысып жүлделі орындарды иеленіп келеді. Екі-үш жылдың ішінде көптеген халық күйлерді, сонымен қатар қазақ композиторларының күйлерін үйретіп, күй тартудың қыр-сырын меңгеріп, домбырамыздың үнімен дүйім жұртты таңғалдырып, үлкен сахналарда да орындап өз өнерлерінде көрсетуде. Ендеше қазіргі тыңдайтын күйлеріңіз Халық күйі Тепен көк.

  • Халық Күйі: «Тепен көк»

  • Домбыра аспабын таныстыру: Ельнұр мен Дилара



ІІ- Жүргізуші: Алдарыңызда мектебіміздің мақтанышы, дарынды да талантты домбырашылары Қалалық ,Республикалық, Халықаралық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары, тек қаламызда ған емес басқа да қалаларға барып өз өнерлерін көрсетіп, көптеген жеңістерге жетіп, өздерінің домбыраға деген сүйіспеншіліктерінің жоғарғы деңгейіне жеткізіп келе жатқан, осы домбыра үйірмесінде 7-8 жыл қатарынан қатысып. қол үзбей келе жатқан «Жас толқын» домбырашылар тобын шақырайық.

  • Қайырғали Әбішев «Той бастар»

  • Атақты күйшілерді таныстыру: Еркелік, Айлана, Балжан

ІІ- Жүргізуші:

Бұл аспап-ата көзі, баба мұра,

Қазақ үшін теңі бар ма, бағалы да,

Тербеліп кетсе шектер, теріп перне,

Теңіз күйлер төгіледі шанағында.

Алдарыңызда «Жас толқын» домбырашылар тобын шақырайық. Дина анамыздың керемет шоқтығы биік бір туындысы «Науысқы» күй болса. Сол күйді біздің талантты домбырашыларымыздың орындауында тамашалайық.

  • Дина Нүрпейісованің күйі «Науысқы»

  • «Бәйге» сайысы

Біз ұлы халықпыз, сол халықтың қанымен келген әуен мен сазы бар. Ол ән мен күй. Бірі тілдің шеберлігімен жетілсе, екіншісі көңілдің күй толқынымен құлаққа сіңді, жүрекке бойлайды, тамырды қозғайды. Баланың бойына халықтың рухани байлығын, дүниетанымын сіңіру домбырадан басталады. Ендеше ортаға жас талантты қалалық, республикалық байқауларының бірнеше дүркін жеңімпаздары, Домбыра дастан ансамбілін шақырайық. Орындайтын шығармалары Құрманғазы атамыздың "Балбырауын"күйі.


  • Құрманғазы «Балбырауын»

Жүргізуші: Осыменен біздің «Күй мұрасы домбыра» атты әдеби-шығармашылық кешіміз өз мәресіне жетті. Күй мұрамыз сарқылмай, тарихымызды жалғастыра берсін демекпіз. Назар салып тыңдағандарыңызға рахмет.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.04.2024
359
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі