Күлтегін жыры

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күлтегін жыры

Материал туралы қысқаша түсінік
Ежелгі дәуір әдебиеті туралы білімді тереңірек ұғындыруды, Халық тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық бейнесін танытуды мақсат етеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: Елеусінова Р.Т.

Әдебиет 9 «а» сынып 21.11.17 ж



Тақырыбы:  «Күлтегін» жыры.
Мақсаты: 

  1. Ежелгі  дәуір әдебиеті туралы  білімді  тереңірек  ұғындыру. Халық  тәуелсіздігі үшін күрескен Күлтегіннің батырлық  бейнесін  таныту;

  2. Жыр үзінділерімен жұмыс жасай отырып, оқушылардың сөздік қорын молайту, ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру және ауызша сөйлеу тілдерін дамыту;

  3. Адамгершілікке, үлкенді құрметтеуге және  ұлттық мұраны қастерлеуге тәрбиелеу

Түрі:  жаңа  білімді  меңгерту    

Әдісі:  алдын ала оқыту, зерттеу, баяндау, топтастыру, салыстыру (СТО стратегиясы), ақпараттық-коммуникативтік технология
Көрнекілігі :  электронды  слаидтар, электронды  оқулық, видеоматериал

Пәнаралық  байланыс: география,  тарих.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Дайындықтарын тексеру.



ІІ. Қызығушылықты  ояту. «Барлық істің басшысы – білім мен ұғым».

«Тірек  символдар»  стратегиясы

             Қобыз, тастағы  жазу,  батыр  бейнесі  арқылы  әңгіме  құрау.

Құралған  әңгіме  арқылы  жаңа  тақырыпқа  кіру.



ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

А) Өткен сабақты қорытындылау.

Күлтегін қандай халықтарға ортақ асыл мұра?

Ежелгі дәуір ақындары, ойшылдары, ғұламалары

Ежелгі дәуір әдебиетіне жататын жырлар

Ә) Сәйкестендіру әдісі. «Ежелгі дәуір мұралары»

Күлтегін жырлары (ҮІІ ғ.) Оғыз жыршылары

Қорқыт ата кітабы (ҮІІІ ғ.) Ежелгі Шығыс әдебиеті жыршылары

Оғыз – нама (ІХ ғ.) Қожа Ахмет Иассауи

Диуани – Хикмет (ХІ) Қорқыт

Құдатғу білік (ХІІ ғ.) Тоныкөк

Кодекс – куманикус (ХІІІ ғ.) Жүсіп Баласағұн

«Күлтегін»  жыры жайында электронды  оқулықтан  тыңдату.

Б) Оза оқыту технологиясы. Дайындап келген қосымша материалды зерттеу (әр топ өздері тапқан материалдарын талқылайды)

  1. Орхон – Енисей ескерткіші қашан және қайда табылған? Оларды кім тапты?

  2. Орхон – Енисей жазба ескерткіштерін оқудың ең алғаш “кілтін” тауып, сырын ашқан кім? Кімдер аударды?

  3. Күлтегін ескерткішінің көшірмесін кімдер, қай жерде жасытып Қазақстанға алып келді? Бүгінгі күні ескерткіш көшірмесі еліміздің қай қаласында орналасқан?

ІҮ.Мағынаны  тану. Сабақ эпиграфымен жұмыс.

Болмасын  деп  байлығы  басқаға  азық,

Кеткен  бабам  тарихын  тасқа  жазып.



Ежелгі  түркілер  үшін айтулы  кезең 545 жыл болды. Осы  жылы  Ұлы  түркі  қағанаты  өмірге  келген  еді.Сөйтіп  түркілер   өздерінің 

тұңғыш  мемлекетін  құрады. Бумын  қаған  түркі  тайпаларының  басын  қосып,  әлемге  әйгілі  түркі  қағанатының  негізін  құрады.



Ү. Жаңа сабақ. Видео көрсету «Күлтегін ескерткіші»

Жыр жолдарымен жұмыс. ЖИГСО-1 стратегиясы.Оқып, мазмұнын түсіну, композициялық құрылысын жазу



1 -топ.

Биікте Көк тәңірі,

Төменде қара жер жаралғанда,

Екеуінің арасында адам баласы жаралған.

Адам баласы үстіне ататегім

Бумын қаған, Істемі қаған отырған.

Отырып, түркі халқының ел-жұртын

Қалыптастырған, иелік еткен.

Төрт бұрыштың бәрі дұшпан екен.

Сарбаздармен аттанып,

Төрт бұрыштағы халықты

Көп алған, бәрін бейбіт еткен.

Бастыны еңкейткен,

Тізеліні бүктірген.

Ілгері – Қадырқан қойнауына дейін,

Кері – Темір қақпаға дейін жайлаған.

Екі аралықта жүрген иесіз көк Түріктерді

Осылай қоныстандырған екен.



2 -топ.

Соңындағы інісі ағасындай болмады,

Ұлдары әкесіндей болмады.

Біліксіз қағандар таққа отырған екен,

Әміршілері де біліксіз екен,

Жалтақ болған екен.

Бектердің, халқының ымырасыздығынан,

Тауғаш халқының тепкісіне көнгендігінен,

Арбауына сенгендігінен,

Інілі-ағалы дауласқандығынан,

Бек пен халықтың өзара жауласқандығынан,

Түркі халқы елдігін жойды,

Қағандығынан айырылд

3 -топ

Әкеміз, ағамыз құрған халықтың

Аты, даңқы өшпесін деп,

Түркі халқы үшін

Түнде ұйықтамадым,

Күндіз отырмадым,

Інім Күлтегінмен бірге,

Екі шадпен бірге

Өліп тіріліп, жерді ұлғайттым

Біріккен халықты от-су қылмадым

(Өзара тату еттім)

Өлімші халықты тірілттім.

Жалаңаш халықты - тонды қылдым,

Кедей халықты бай қылдым.

Аз халықты көп қылдым,

Тату елге жақсылық қылдым.

Төрт бұрыштағы халықты тату еттім

Бәрі маған бағынды

ҮІ. Кестемен жұмыс жасау.

1 топ. Күлтегін жауласқан елдер мен батырлар



Елдер атаулары

Батырлар аттары

Оғыз, Құқай, Татабы, Табғаш, Соғды, Аз, Оңтұтық, Ізгіл Едіз

Тадық чур, Ышбар Ямтар, Иегін Сілікбек




2 топ.

Тақырыбы

Идеясы

Қандай мәселе көтерілді?

Қандай үлгі-өнеге береді?

Түркі халқының бірлігі, ерлігі

Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету

Тарихта болған оқиғалар. Түрік қағанатының орнауы, жарты әлемді өзіне қаратып алуы. Білге қаған мен Күлтегіннің ерліктері.

Ағайындылар арасында ауызбіршілік болуы керек, тәуелсіздік үшін күрес

қазақтың ерлік пен елдігін үлгі етеді



3 топ.

Қойылатын мәселелер

Өлеңдегі мәселені ашатын жолдар

Халықтың жағдайы

Іші ассыз, сырты тонсыз

Бейшара, мүсәпір халыққа отырдым

Білге қаған мен Күлтегіннің іс-әрекеті

Түркі халқы үшін күндіз отырмадым.

Інім Күлтегінмен бірге өліп-тіріліп жерді ұлғайттым. Көп қолмен 12 жорық жасадық.

Қандай нәтижеге жетті?

Өлімші халықты тірілттім. Жалаңаш халықты тонды, кедей халықты бай қылдым, төрт бұрыштағы халықты бейбіт қылдым. Тату қылдым.

4-топ Күлтегін бейнесін талдау

Shape1 Shape2

Shape5 Shape6 Shape3 Shape4 салдары

Shape14 Shape7 Shape8 Shape9 Shape10 Shape11 Shape13 Shape12





Тақырыбы себебі қорытынды

3. Қүлтегін бейнесіне жан-жақты талдау жасау.
Күлтегін - атқа мықты,бекем бекзада деген сөз.
Күлтегін тұлпарлары - Алып шалшы ақ айғыр, Азманақ, Қарагер, Башғы боз ат
Күлтегін өмірінің жырда әртүрлі жас белесімен айқын сипатталуын теріп жазып көру.
...інім Күлтегін жеті жаста қалды...-7жас;
...Он жаста...інім Күлтегін ер атанды...-10 жас;
...Он алты жасқа келгенде. ...ел-жұртын сонша молайтты...-16 жас;
Жиырма бір жасында Чача Сеңүнмен айқастық...-21 жас;
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде...-26 жас;
Күлтегіннің жиырма жеті жасында. ..-27 жас;
Күлтегін сол соғыста отыз жаста еді...-30жас;
Күлтегін отыз бір жаста еді...-31жас;
Күлтегін өлгенде қырық жеті жаста еді...-47 жас;

ҮІ. Қорытынды. “Соңғы сөзді мен айтайын”


а) Венн диаграммасы : Түркі қағанаты мен Қазақстанды салыстыру

ә) «Мәңгілік ел» эссе жазу

б) «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды. ВИДЕО

ҮІІ. Бағалау.

ҮІІІ. Үйге тапсырма беру.

Жырды хрестоматиядан толық оқу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.12.2017
1500
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі