жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Күн және оның активтілігі
Тақырыбы: Күн және оның активтілігі
Мақсаты: оқушыларды күн және оның активтілігімен таныстыру. Дыбыс шығару аппараттарының жұмысы жөніндегі білімдерін тереңдету.
Көрнекіліктер: «Құстардың дауыс аппараттары»
Барысы: Ұйымдастыру
Жаңа материалмен жұмыс
«Күн белсенділігі» оның бетіндегі қара дақтардың санына байланысты анықталады. 1749 жылдан бастап күн дақтарына бақылау жүргізіліп, ай сайын «күн белседілігінің санын» анықталып кестеге толтырылады (1 кестені қара). Бақылаулар нәтижесінде күннің белсенділігінің өзгеру заңдылығы байқалды, қазір ол заңдылық «күннің 11 жылдық циклы» атымен белгілі. 2012-14 жылдары «күн белсенділігінің» ең шарықтау шегіне жететін көрінеді. Кесте 1-Күн дақтарына 2005 жылдың тоғыз айында жүргізілген бақылаулар.
Әлемде екі ұйым: Бельгияның Sunspot Index Data Center және АҚШ-тың National Oceanic and Atmospheric Administration орталығы күннің белсенділігіне байқау жүргізед Күн көзі магниттік қуатының белсенділігі орта есеппен 8-16 жылда, яғни 11 жылда бір рет артады. Астрономиялық цикл бойынша «80 жылда бір рет» деп көрсетілген. Бұл циклды ғалымдар «Маундердің өлшем бірлігі» атайды. Эдвард Маундер – Күн көзі бетіндегі дақтарды зерттеуші ағылшын астронавты. Ашқан жаңалығы үшін астрономиялық өлшем бірлігіне есімі берілген. Циклдың орташа мерзімі – ХVІІ ғасырдың орта шенінен ХVІІІ ғасырдың басына дейінгі аралықты қамтиды. Еуропа құрлығы мен Солтүстік Америкада болған (1645-1715 ж.ж. аралығында). Кіші мұз дәуірі – осы пікіріміздің дәлелі.
Күн дақтары — фотосфералардың салыстырмалы суық учас-келері, олардың температурасы қоршаған кеңістіктегіден шамамен 1500° төмен және олармен салыстырғанда қарайып көрінеді. Күн дақтары пайда болғанға дейін оның орнында күшті магнит өрісі орнайды, ол газ конвекциясын баяулатып, сол арқылы энергияны фотосфераға төменнен өткізеді. Дақтар топ-тобымен пайда болады және олар бірнеше сағаттан бірнеше айға дейін өмір сүреді. Орташа дақтың көлденеңінің мөлшері і 7000—15000 км жетеді. Дақтар тобында аса ірі екеуі ерекше, біреуі топтың шығыс, екіншісі батыс шетінде орналасқан. Олар бір-біріне қарама-қарсы полярлығымен белгіленеді. Ал бүкіл биполярлық группа конвективтік зонаның зор ұясын түзеді. Дақтар пайда болатын зона күн экваторының екі жағында 5-тен 45° ендіктерге орналасқан. Ал басқа ендіктерде олар сирек пайда болады. Дақ топтары барлық уақытта жарығырақ тал-шықтылар түзілісімен —фотосфералық факельдермен қоршалған. Олардй магнит өрісінщ қуаты дақтарға қарағанда төмен,
Күннің оталуы — міндетті түрде Жерге әсер етеді, бірақ оны әр уақытта байқауға болмайды, өйткені ол ең алдымен Жердің магнитті өрісінің әсеріне байланысты болады
Күн белсенділігіне байланысты түзіліс хромосфера затының “бұлттары” — протуберанецтер, олар күн тажында ондаған мың километрге, ал кейбір жағдайларда одан да едәуір жоғары кө-теріледі. Олар арқылы хромосфера мен таж аралығында зат алмасу болады. Протуберанецтер формасы, мөлшері және өмір сүруінің ұзақтығы (минуттан айға дейін) жағынан әр түрлі. Протуберанецтерді оталудан сырттай айыру қиын, олардың кейбіреуі оталумен байланысты да болады,Күннің активтілігі әлсін-әлсін өзгеріп отырады. Оны ең алдымен күн дақтары санының өзгеруінен байқаған, тіпті өзгерудің орташа периоды 11 жылға тең (кейін бұл дәлелденді де) екендігі анықталды. Бұл күн активтілігі құбылыстарының бүкіл комплексі үшін: факелдер мен флоккулдардың таралуы, оталудың жиілігі, протуберанецтердің саны, тажының формасы — дұрыс болып шықты. Қүн активтілігінің максимумдарының аралық интервалы 7-ден 17 жылға дейінгі, ал минимумдар аралық 9-дан 14 жылға дейін ауытқитын болғандықтан периодтықтанкөрі II жылдық цикл жөнінде айтқанымыз дұрыс. Күн активтілігінің 11 жылдықтан басқа 5 жылдық, 22 жылдық (магнитті) және 80-90 жылдық (ғасырлык.) циклдары ең дұрысы деп саналады. Сондай-ақ ұзақтығы бірнеше жүз жылға (8—40) созылатын “ұзын” цикл болатындығы да болжанады. Күн активтілігінің периодтары туралы мәееле толық шешілді деп айтуға болмайды.Ғалымдар күн активтілігі циклдік өзгеруінің себептері күннің магнитті өрісінің өзгеруімен байланысты деп санайды, бірақ бұл жөнінде бірыңғай пікір жоқ. Біреулері өте бәсең және “шатысқан” Күннің жалпы магнитті өрісі тереңдегі процестерден пайда болды десе, басқалары Күн атмосферасында тұратын бірқатар магнитті облыстардың жинақталуы нәтижесінде жалпы магнит өрісі пайда болады деп есептейді. Қалай болғанда да Күнде болып жатқан процеетерде магнит өрісінің ролі анық.Жер Күннің әсерін үнемі сезініп отырады, ол осы күннен ғана энергия қабылдайды. Күнде болып жатқандардың барлығы Жерге бағытталған күн энергиясының толқыңдары арқылы беріледі. Күн активтілігінің: циклдігі географиялық қабықтағы құбылыстардың циклін тудырады. Күннің жер процестеріне, және ең алдымен өмірмен байланысты процестерге әсері жақсы болуымен қатар, бұл жағдайда, әсіресе күн оталуының қауыртты әсері де болуы мүмкін.Күнді зерттеу үшін, оның активтілігінде болып жатқан өзгерістерге бақылау орнату мақсатымен стандартты программа бойынша үнемі бақылау ұйымдастырылды. Күнге қызмет жасаудың өзіне 100 жылдай уақыт өтті.
Жалпы, күннің бетіндегі дақтар пайда болғанын біздің дәуірімізге дейінгі 4-ғасырда өмір сүрген қытай астрономы Гань Дэ өз жазбаларына алғаш түсірген болатын. Содан бері ғалымдар күннен көзін "алмауда". Қазіргі ғалымдардың айтуынша, күн бетіндегі қара дақтар әртүрлі көлемде, әрі ол уақыт өткен сайын үлкейіп бара жатқан көрінеді.Бұған дейін осы мәселемен айналысқан орыс ғалымдары Александр Чижевский мен Лев Гумилев "Күннің бетіндегі дақтың жер бетіне әсері өте зор" деген тұжырым жасаған. Себебі дақтардың кесірінен магниттік дауыл пайда болып, ол жер бетіне жеткен кезде түрлі оғаш оқиғаларға бастау болады-мыс. Адамдардың жаппай бас ауруы, қан қысымының көтерілуі, я болмаса төмендеуі сондай-ақ түрлі агрессиялық әрекеттер бәрі магнитттік дауылдың зардабы екен.Бұл – ақиқат. Мұнымен медицина ғылымы да келіседі. Жалпы, магниттік дауылға байланысты Александр Чижевский көп зерттеулер жасаған. Оның есебі бойынша магниттік дауыл кезінде жер бетінде ірі соғыс, қақтығыс бел алады екен. Мәселен, бірінші Дүниежүзілік соғыс, Азамат соғысы, Екінші дүниежүзілік соғыс басталар алдында жер беті қатты магниттік дауылдың шырмауында қалған көрінеді.
Жалпы, Күн бетіндегі дақтардың көбеюі жер бетінде қанды жанжалдардың санының артуына жол ашады екен. Соңғы жиырма жылда дақтардың ұлғаюы, адамзатты үлкен әбігерге салуда. Жер бетінде "ыстық нүктелер" артты. Мәселен, Югославия, Ауғанстан, Шешенстан, Ирак, Сирия, Ливия, Мысыр, т.б. Бұл аталған жерлердің бәрінде қанды қасаптар орын алды.
Күн белсенділігі және оның аламдағы негізгі жарық және энергия көздері – жұлдыздар. Ал Жердегі тіршілікке қажетті жарық пен жылуды беріп, барлық өсімдіктер мен жануарлар әлемінің өмір сүруін қамтамасыз ететін, бізге ең жақын жұлдыз – Күн. Ол Күн жүйесіндегі барлық денелерге сәуле шығару арқылы күшті әсер етеді, ал ондағы кейбір өзгерістер болса Жер бетінде сан алуан түрлі өзгерістерді тудырады.17 Әр 24-25 жылда дақтардың саны 5-тен басталып 165-ке дейін көбеіп немесе азайып отырады. Ең максимал дақтың саны 2228-2229 жылдары 226-ға дейін көбейеді.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген