Тақырып бойынша 11 материал табылды

Күнбағыс өсімдігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ғылыми жоба. Оқушымен бірлесе отырып,ізденіп күнбағыс егіп,оның пайдасы мен зиянды жағын зерттеп жұмыс жасадық.Оқырман өзіне қажет жерін алады деп сенемін.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ғылыми жоба

Шымкент қаласы

54 жалпы орта мектеп

3-сынып оқушысы

Жантуре Ерасыл


Сынып жетекшісі: Жумабаева Т.И.




Бағыты: «Қоршаған орта»
Секция: «Дүниетану»
Тақырыбы:«Күнбағыс өсімдігі»





МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ
І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС - МӘДЕНИ ӨСІМДІК
1. 1. Күнбағыс түрлері
1. 2. Күнбағыс өсіру
ІІ ТАРАУ. КҮНБАҒЫС МАЙЫ
1. 1 Күнбағыс майының түрлері

2.Күнбағыс майының зияны мен пайдасы
3.Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ









Аңдатпа
Зерттеу жұмысының мақсаты: Күнбағыс өсімдігі майының зерттеу қасиеттерін анықтау.
Зерттеу жұмысының болжамы:
- Егер де күнбағыс майы өндірілмесе, өмірге, тағамға, емдікке не қолданар еді?
Зерттеу жұмысының кезеңдері:
Бірінші кезеңде біз күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады.
Екінші кезеңде жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағықанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді. Пайдасымен қатар адам денсаулығына зияны да бар. Жалпы ем болмаушылық кездескен жоқ. Негізі оны шамалы мөлшерде қолдану қажет, себебі, жоғары калориялы. Сатып алғанда қолдану мерзіміне назар аудару қажет. Шыны түбінде тұнба болса, оның ашығандығы байқалады. Пайдасы да төмендейді. Сонымен қатар мынадай кеңестер туындады:
• Салат әзірлегенде, көкөністерді май құймай тұрып тұздаған жөн. Себебі тұз майда ерімейді.
• Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жойылған. Толығырақ жұмыстың барысында танысасыздар.
Үшінші кезеңде тәжірибе жүргіздік. Тәжірибе барысында сұйық май, көлік майы мен боялған су табиғи жағдайда араласпайтындығын анықтадық.
Зерттеу әдістері:
- Әңгімелесу;
- Сауалнама алу;
- Тәжірибе.
Зерттеу жұмысының нәтижесі, қорытындысы:
Қорытындылай келе, күнбағыс майының пайдасы мен зияны бар екен. Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестерді анықтадым. Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өнідіріс нормаларын сақтайды. Мұндай маркалы майлар халық арасында сұраныста. Ал тәжірибе барысында, заттектердің тығыздығының әр түрлілігіне көзім жетті. Өзім үшін «Заттектердің тығыздығы» деген жаңа ұғым аштым.











































КІРІСПЕ

І ТАРАУ. КҮНБАҒЫС - МӘДЕНИ ӨСІМДІК
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Күнбағыс - күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық мәдени өсімдік. Шыққан жері - Солтүстік Америка. Қазақстанда 2 түрі бар: жер алмұрты және бір жылдық күнбағыс. Еуропалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Еуропаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Күнбағыстың биікт. 2 м - дей, сабағы тік, жуан өзегі қуыс, сырты қалың түкті, кіндік тамыры тармақты, 2 - 3 м тереңдікке бойлайды. Үлкен жалпақ жапырағы сабақта кезектесіп орналасады. Гүл шоғыры көп гүлді себет. Оның сыртын бір немесе бірнеше қатарға орналасқан гүл жапырақтары6 қоршаған. Бұлар өсімдік гүлін сыртқы қолайсыз жағдайдан сақтайды. Себеттерінің диам. 10 - 60 см - ге дейін жетеді. Себеті күн көзі бойымен бұрылып отырады. Жемісі — тұқымша, онда 22 — 27% май болады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең тараған майлы дақыл. Әрине, ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі. Күнбағысты өсіру көктемде басталып, күзде аяқталады. Бұл үдеріс күнбағыстың тұқымы мен сорты және технология-сына қарай 100 - 150 күнге созылады. Ол өзінің бастапқы өніп - шығу кезеңінен бастап, гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді болып келетін өсімдік. Былайша айтқанда, біздің қатаң климатымызға бейімділігімен ерекшеленеді. Күнбағыстың тағы бір жағымды қасиеті ол қаржы шығындарын соншама қажет етпейді. Оның үстіне оны өсіру де өте қарапайым. Бірақ соған қарамастан, пайдасы мол, яғни жоғары рентабельді болып келеді. Сондықтан күнбағыс өсіру бизнесі өзін - өзі аз уақыт ішінде жедел ақтайтын бизнес түрі болып есептеледі. Кұнбағыс пістелері (дәндері) адам денсаулығы үшін өте пай-далы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсутегілер, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге де өте бай. Мәселен, оның құрамында магний, темір, мырыш, селенит өте көп кездеседі. Сондықтан дәрігерлер адамға йод жетіспеген жағдайда көкөніс дәндерін пайдалану жайында кеңес беріп жатады.
2. Күнбағысты өсіру тәсілдері мен технологиясы.
Жоғарыда күнбағысты өсіру көп қиындыққа түспейтіндігін айттық. Ол кез келген бақша топырағында жақсы өседі, алайда жеңіл және құнарлы топырақты ұнатады. Күнбағыс күнді сүйетіндіктен, оны өсіретін орынды күн жақсы түсетін жерден таңдау керек. Күнбағыс көктемде топыраққа тұқымын себу арқылы көбейеді, ал көпжылдық түрлері – көктемде немесе күзде түптерінің бөлінуі арқылы өседі. Тұқымды сәуір, мамыр айларында тікелей ашық топыраққа бір - бірінен 30 х 40 сантиметр қашықтықта, бір ұяшыққа 2 - 3 дәннен 2 - 5 см. тереңдікке сіңіре себеді. Тұқым +5С температурада өне бастайды. Күнбағыстың гүлдеуі көктесін пайда болғаннан кейін 75 - 80 күн өткен соң ғана басталады. Өсімдік ерекше күтімді қажет етпейді. Тұқым 3 - 4 жыл өнгіштікті сақтайды. Күнбағысты 3 - 4 жыл өтпей бұрынғы егілген орнына қайта өсіруге болмайды. Оған тағайындалған учаскені күзден бастап 20 сантиметрден кем болмайтындай етіп аудару керек.
Күнбағыстың күтімі өте қара­пайым: қатарлар арасы арам­шөп өсімдіктерінен еркін, ал топырағы борпылдақ болуы керек. Күнбағысты уақтылы егу оны қыркүйек айының басында жинауға мүмкіндік береді. Осы уақытта көбінесе қажетті ылғал деңгейіндегі жоғары сапалы пісте алуды қамтамасыз ететін қолайлы ауа райы болады.
Өнімді жинауға шамамен бір жарым ай уақыт кетеді. Күн­бағысты басын өткір пышақпен қесу арқылы қолмен жинайды. Өте ылғалды пістелерді 8 - 10 күн бойы сабағының түбіріне кесілген себеттерді кигізу арқылы кептіреді. Егістіктен жиналған күнбағыстар қырманға – қоймадағы арнайы орынға жеткізіледі, ол тек екі қа­бырғаға орналастырылады, өйткені қойманың алдыңғы жағындағы қабырғаның болмауы, қажетті ауа алмасуын қамтамасыз етеді. Бірден кептіру жақсы жел­детіліп тұратын қараңғы қой­маларда жүзеге асады. Кептірілетін орындағы температура 40 - 50°С болуы тиіс. Матадан жасалған қаптарда 2 жылға дейін сақтайды.

ІІ ТАРАУ. КҮНБАҒЫС МАЙЫ
1. 1. Күнбағыс майының түрлері

Европалықтар тұңғыш рет күнбағысты Американы ашқан кезде Мексиканың кең байтақ жазықтарынан көрген. Олар күнбағысты Европаға бұдан төрт жүз жыл бұрын алып келді. Оны «күн гүлі» деп атады. Ал Россияда күнбағыс осыдан 3 жүз жыл бұрын пайда болды. Алғашында оны бақтарға сән үшін өсірген. Ол кезде күнбағыстың ұсақ себеттері – гүл шоқтары көп болған.
Бірақ көп ұзамай күнбағыс ұрықтарының, яғни дәндерінің жеуге жарамды тәттілігін байқап, оны бақшаларда да өсіретін болған. 1830ж. Воронеж губерниясының Алексеевка слабодасынан шыққан басыбайлы шаруа Бокарев күнбағыс дәнінен сығып май алуға болатынын табады. Қазір күнбағыс – біздегі ең кең таралған майлы дақыл. Біздің еліміз Мексикадан келген «күн гүлінің» екінші отанына айналды.
Күнбағыс далалық қара топырақты өңірге - Молдавиядан Алтайға дейін егіледі. Әрине ол өзінің жабайы арғы тегіне аздап қана ұқсайды. Мәдени күнбағыстың себеті ірі. Онда 7 мыңға тарта дән болады. Сонымен бірге мәдени күнбағыстың сабағы 4 метрге дейін жетіп, оның жуандығы білектей болып өседі.
Үй тұрмысында ол дәнін шағып жейтін шекілдеуік болып қалып отыр. Бірақ күнбағыстың беретін басты нәрсесі - оның жақсы майы. Күнбағыс дәнінен май сығып алғаннан кейін одан күнжара қалады. Күнжараны жылқы, сиыр, қойлар жейді. Сабағын турап, булап шошқаға береді. Себетін кептіреді де ұнтақтайды, ол да – жақсы мал азығы. Күнбағыстың кейбір сорттарын сүрлем үшін егеді. Бұл жағдайда оның дәні піспей тұрып көктей орады.
Күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Күнбағыс дәнінен сұйық күнбағыс майы алынады. Өсімдік майының 90%- ы осы өсімдіктің дәнінен алынады, сыққаннан кейінгі дәніне қант қосып, сығымдап, тамаққа қолданылатын тәтті тағам жасалынады. Сары желегін медицинада пайдаланады. Күлінен сахар алады, онда 30 — 36% калий тотығы бар. Күнбағыс күнжарасында — құнарлы мал азығы, онда 38%- дан астам ақуыздық зат, 20 — 22% көмірсу және 6%- дай май бар. Күнбағысты бұршақ өсімдіктерге қосып сүрлемдік дақыл ретінде өсіреді. 100 кг көктей орылған күнбағыс құрамында 18 азық өлшемі, 1, 4 кг сіңімді протеин бар. Көктей шабылған күнбағыс га - нан 400 — 500 ц балауса азық алынады. Қазақстанның солтүстік, шығыс аудандарында ерте және тез пісетін саратовтық 10; 169, шортандылық — 41, қостанайлық — 91, т. б. сорттары аудандастырылған. Осы сорттардың 1 га - нан 10 — 12 ц күнбағыс майы алынады. Күнбағыстың негізгі зиянкестері: сым - құрт, күнбағыс қан көбелегі, т. б.; аурулары: боз шірік, сұңғыла, т. б. Жалпы ақпарат. Күнбағыс – күрделі гүлдесін тұқымдасына жататын өсімдік. Оның шамамен 90‑ға тарта біржылдық және көпжылдық түрлері кездеседі. Үлкен гүлшоғырлары бар күнбағыстың ашық сәулелі жапырақшалары бір қарағаннан - ақ күнді еске түсіреді. Бұдан бөлек, бұл өсімдік басын үнемі күнге қаратып, шығыстан батысқа дейінгі күн ізімен оның соңынан еретін ерекше қабілетке ие.
Өндіріс циклі көктемде басталып, күзде аяқталады және сорты мен технологиясына қарай бар жоғы 100 - 150 күнге созылады. Бұл бастапқы өніп - шығу кезеңінен гүл жару кезеңіне дейін суыққа, құрғақшылыққа төзімді, дәлірек айтқанда біздің климатымызға бейім өсімдік болып табылады. Сондықтан, күнбағыс өсіру – аса қарапайым, қаржы салымын аз мөлшерде қажет ететін, жоғары рентабельді, өзін - өзі аз уақыт ішінде ақтайтын ақша табудың түрі. Күнбағыстың пістелері (дәндері) өте пайдалы. Олардың құрамында май, құнды өсімдік ақуыздары, көмірсулар, өзек, лецитин бар. Түрлі микроэлементтерге бай, сондықтан да магний, темір, мырыш, селенит, йод жетіспеушілігі кезінде көкөніс дәндерінің пайдасы тиеді.



2..Күнбағыс майының түрлері

Күнделікті тағам даярлағанда қолданатын күнбағыс майы жайлы не білеміз? Оның түрлері, пайдасы, зияны қандай? Майды қалай дұрыс таңдау керек? Сұрақтарға жауапты бірге іздейік.

Күнбағыс майының көп түрі арасынан дұрысын таңдау үшін, олардың қасиеттерін білу керек.

Шикі май немесе бірінші сығылған май  ең сапалы әрі пайдалы түрі. Бұл май өңдеудің ең жұмсақ түрінен өтеді, сол себепті құрамына барлық дәрумендер мен пайдалы заттарды сақтап қалады. Мұндай май хош иісті, өзіне тән дәмі болады. Шикі майды көбінесе салаттарға қосады. Жалпы мұндай май жоғары температураларға шыдай алмайды, оны қуыру үшін қолдануға болмайды. 90 градустан асқан кезде май өзінің пайдалы қасиеттерін жоғалтып, тіпті канцерогенді болып кетуі мүмкін.

Рафинацияланбаған май да пайдалы майлардың бірі екендігі белгілі. Рафинацияланбаған май белгілі бір өңдеу сатыларынан өтеді. Оның тұнбасын түсіріп, түрлі сүзгілерден өткізеді. Бірақ бұндай майда бастапқы шикізаттың бөлшектері қалып қоюы мүмкін, сол себепті кішкентай балаларға (3 жасқа дейін) оны бермеген жөн.

Рафинацияланған май мөлдір және иіссіз келеді. Өндірісте оны толықтай тазартады, сол себепті оның құрамында нашар қосылыстар да, табиғи пайдалы заттар да аз қалады. Бұл майды қуырып қолдануға болады: ол көбіктенбейді, тұнба мен жағымсыз иіс бермейді.

Әрине ас үйіңізде бір шикі не рафинацияланбаған және бір рафинацияланған май болғаны дұрыс. Бірін салаттарға қоссаңыз, екіншісіне тамақ әзірлеуге болады. 

3. Күнбағыс майының пайдасы мен зияны

Жалпы көптеген қолжетімді майлардың арасында күнбағыс майы ең пайдалы түрлердің бірі деп айтуға болады. Соя, жүгері майлары пайдасы жағынан күнбағыс майының артында тұр. Оның құрамындағы қанықпаған майлы қышқылдар, майда ерігіш А, В, Е және F дәрумендер мен минералдар бар. Күнбағыс майы адамға күнделікті қажет, бірақ ағзаның өзі шығармайтын пайдалы заттарды береді.

F дәрумені теріміздің жағдайын жақсартып, қан тамырларының беріктігін арттырады, гормондар синтезін реттеп, иммунитетті жақсартады. Қан айналымын дұрыстап, атеросклерозға қарсы тұрып, ағзадан артық холестеринді шығарады.

Е дәрумені есті жақсартып, қартаюға қарсы күреседі. Майлардың қабылдануын дұрыстап, жүйке жүйесін де жақсартады. Бұл дәрумен қауіпті Альцгеймер ауруының алдын алып, қант диабетіне де қарсы тұра алады.

А дәрумені көздің саулығы мен тырнақ, шаш, тіс пен сүйек беріктігіне жауап береді. Жақсы антиоксидант болып табылатын бұл дәрумен онкологиялық аурулармен күресуде көмектеседі.

D дәрумені кішкентай балалардың дұрыс өсуіне өте қажетті дәрумен. Ол сүйектердің берік болуына, зат алмасудың дұрыс жүруіне, асқорыту жүйесінің жұмысына да әсер ете алады.

Салаттарды майонезбен емес, маймен араластырсаңыз, көкөністердегі бета-каротин А дәруменіне айналады.

Шикі не рафинацияланбаған май бөтелкесінің астында тұнба көрсеңіз, шошымаңыз. Бұл денсаулық үшін өте пайдалы фосфолипидтер болып табылады. Олар ағзаға сыртқы әсерлермен күресуге күш береді.

Осы қасиеттердің бәрі қарапайым ғана күнбағыс майының құрамында бар екен.

Мына жағдайларда күнбағыс өсімдігін қорықпай қолдануға болады:

Артроз
Артроз асқынып, тізе буындары қатты ауырса, күнбағыс майын пайдаланған жөн. Ол үшін балдыр ұнтағының бір бөлігін күнбағыс майымен жақсылап араластырып, дайын болған соң ауырған жерге жағыңыз. Содан кейін үстін жылы матамен орау керек. Бұл әдісті ауырсынуды басатын дәрі орнына қолдануға болады.

Тамағыңыз ауырса
Алоэ шырыны мен күнбағыс майын бірдей көлемде алып араластырыңыз. Дайын қоспамен тамағыңызды шайыңыз. Ал егер тонзиллит, ларингит секілді күрделі тамақ ауруларына тап болсаңыз, онда тазартылмаған күнбағыс майын сарымсақ сөлімен араластырып, ингаляция жасаңыз. 
Жөтел:Жөтеліңіз тоқтамаса, мұсатырлы спирт пен күнбағыс майын 2:1 қатынасындай етіп араластырып, дайын қоспамен көкірегіңізді сүртіңіз.

Мастит
Кішігірім ыдысқа лалагүл мен күнбағыс майын салып, жақсылап араластырыңыз, шамамен 10 минут су жылытқышқа қойып қайнатыңыз. Суыған соң тұнбаны алып, кеудеге жеңіл массаж жасаңыз.

Аяқтағы қанайналым бұзылса
Мұндай жағдайда лавр жапырақтарынан майлы тұнба дайындау қажет. Ол үшін 2/3 стақан ұнтақталған лавр жапырағына бір стақан күнбағыс майын қосып, қараңғы жерде 6 күн ұстаңыз. Содан соң жылы ванна дайындап, аяғыңызды осы майлы тұнбамен сүртіңіз.

Табанда ойылған сызаттар пайда болса
Күнбағыс майын су жылытқышқа салып қайнатыңыз. Қайнатып алған соң суығанын күтіңіз. Дайын болғаннан кейін осы майдың көмегімен табандағы, өкшедегі ойылған сызаттардан арыласыз.

-       Қан қысымы көбейген кезде: 30 грамм кепкен күнбағыс жапырағы мен 30 грамм сай сағызды суға қайнатып ішкен жөн.

-         Омыртқа ауырғанда: 30 грамм күнбағыс тамырын қайнатып, қызыл шекер қосып ішеді.

-        Туберкулез ауруы кезінде: 30 грамм күнбағыс тамырына су құйып, бір қайнатады да, күніне үш рет ішіп емделу керек.

-          Асқазанда ас сіңбесе: күнбағыс тамырын, аскөк, арпаны тең мөлшерде алып, суға қайнатып ішіңіз.

-        Көк жөтел кезінде: күнбағыс сабағының өзегін жаншып, оған қайнаған су құйып бұқтырады да, аздап қант қосып ішеді.

-         Қуыққа және бүйрекке тас байланғанда: күнбағыс сабағының өзегінен (сабағының ішіндегі ақ етінен) 90 грамм алып, 100 грамм суға қайнатып, күніне бір реттен бір апта бойы ішеді.

-      Тіс ауруы кезінде: тамырын суға қайнатып, суымен ауыз шаяды. Сонда тістің қақсағаны, тіс етінің қабынғаны басылады.

Міне, күнбағыс майының пайдалы тұстары осындай. Егер жоғарыда аталған ауруларға шалдықсаңыз, бұл майдың көп көмегі тиеді.

4. Май таңдау мен қолдануға қатысты кеңестер:

  • Салат әзірлегенде, көкөністерді май құймай тұрып тұздаған жөн. Себебі тұз майда ерімейді.

  • Рафинацияланбаған май сатып алғанда, оның ашық, мөлдір түрлерін іздеңіз. Рафинацияланған майдың да ақшыл, мөлдір түрлерін таңдаған дұрыс: күңгірт түрлеріндегі каротиноидтар температура әсерінен бұзылады.

  • Дүкенде сөренің ең бергі жағында тұрған майды алмаңыз, оның құрамында жарық әсерінен пайдалы заттар жойылған.

  • Шыны күңгірт бөтелкелерінде сақталынатын май түрлері сапалы болады.

  • Әрине сақталу мерзімі өткен майды қолданушы болмаңыз.

  • Сақталу мерзімі 4 айдан көп майларды алмаңыз. Оның құрамына бұзылуына қарсы, бірақ ағзамызға зиян заттар қосылған.

  • Рафинацияланған май күңгірт, тұнбалы болмайды.

  • Ал рафинацияланбаған май керісінше мөлдір емес, тұнбалы болады. Оның сақталу мерзімі 2 айдан артық бола алмайды.

  • Арзан бағаларды іздегенше, сапалы, жақсы өнім ұсынатын үлкен өндірушілердің тауарын алғаныңыз жөн. Олар өнідіріс нормаларын сақтайды. 

Келесіде қолдан жасалған күнбағыс майын таңдау мен оны дұрыс сақтау ережелерімен, сондай-ақ оны косметикалық дауаларда қалай қолдануға болатындығымен таныстыратын боламыз.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.12.2017
1257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12